Өмірде шындық бар ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

71Мына өмірді ғылыми тілмен «екіжүзді» деп атайды. Шынында, бұл жалғанда бәрі қарама-қарсы екі сыңар болып жаратылған. Жақсылық-жамандық, бақыт-бақытсыздық, шындық-жалғандық – осылай жалғаса береді. Ал бүгінде қоғамда белең алып кеткен жалғандықтың қарама-қарсы сыңары – шындық десек, сол шындық өмірде бар ма?

Шындық  — абстрактілі ұғым

Біреуге шындық болып көрінген нәрсенің, басқа адамға жалған болып қабылданатыны ешкімді таңырқатпайды. Осыған орай, әркімнің өз шындығы бар. Түрлі жағдайларға байланысты шындық та бұрмаланып, сыртқы кескін-кейпін өзгертіп жатады. Бұл – дүниеге түрлі түсті көзілдірікпен қаарған сияқты нәрсе. Қара көзілдірік кисеңіз, айналаның бәрі күңгіт тартып тұрмақ.

Таяуда Бразилияда өткен олимпиадада қазақстандық боксер Левит пен ресейлік Тищенко арасындағы кездесу  болды. Бір қарағанда қазақстандық спортшы жақсы өнер көрсетіп, қарсыласын жеңгендей болған. Бірақ төрешілер ресейлік боксшы жеңді деген тұжырым шығарды. Осыдан дау туындап, қазақстандық  жанкүйерлер наразылығын әлеуметтік желілерде айтып, жазып жатты.

Осы жайдан шындықты қалай анықтауға болады? Қазақстандық жанкүйерлер бюіздің спортшымыз жеңді деп өздерінше дәлел келтірсе, керісінше ресейлік бірқатар блогерлер өз спортшыларының ұпай санымен жеңгенін нақты дәлел келтіре баяндайды. Яғни, олар да өздерінің ұстанымын шындық деп санайды. Екі тараптыкі де шындық болса, онда екі шындық болуы мүмкін бе? Шындық жалғыз емес пе?

Ерлі-зайыптылардың ажырасу сотында болғаныңыз бар ма?  Екі тарап та өздерінікін жөн, яғни шындық деп, бір-біріне бой бермей жатады. Әрқайссы өзінше шындықты ұстанып отырған сияқты. Сонда шындық деген бір мерзімде екіге жарылып, екі шындыққа айнала ма?

Бүгінде әкім-қаралар шағымданып әлденені сұрап келген адамдарды жеңіл-желпі уәдемен алдап, шығарып салуды әдетке айналдырып алды.  Бұны олар жалғандық деп санамайды. Керісінше, халықты осылай тыныштандырып, соның арқасында экономиканы дамытуға мүмкіндік жасаймыз, ал өндіріс дамыса жұрттың сұрағанын тауып беруге мүмкіндік болады дейді.  Былай қарағанда, олардың бұл уәждері де дұрыс.  Бірақ, түрлі қиындықтарға тап болып, басшылардан әділдік іздеген қарапайым жұртшылықтың ұстанымдары да жөн. Екі тараптыкі де шындық  болса, онда жалғаны қайсы?

Әркімнің өз шындығы бар

Біз бала кезімізде оқыған тарих пәні қазір мүлдем өзгеріп кетті. Қазір бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан елдер өз тарихтарын өз қалауларынша жазып алды. Бұрын Шыңғыс хан деген қатыгез, адамзаттың жауы және ұлты монғол деп келсек, енді оның түркіден шыққандығын, заманына сай жақсы өзгерістер әкеліп, бытырап, бір-бірімен қырылысып жатқан шағын елдерді біріктіріп,  үлкен іргелі мемлекет құрғандығын айтып, жазып жатқандар бар. Тіпті, қазақтың екі ұлы талантты ақыны мен жазушысы Мұхтар Шаханов пен Мұхтар Мағауин осы мәселеге байланыс қарама-қарсы пікір ұстанып, айтысып жатыр. Қайссыныкі дұрыс? Шындық қай жағында? Белгісіз.

Сонымен, философия түсінігімен қарағанда шындық деген абстрактілі ұғым болып шығады. Әркімнің өз шындығы бар. Мұхтар Мағауин мен Мұхтар Шаханов өз шындықтарын жалған деп бас тарта алмайды. Сол сияқты әр адам өз ұстанымын шындық деп қабылдап, басқаларды жалған санайды. Сонда, әр адамның өз шындығы болса, онда шындық деген көп қырлы, көп сипатты нәрсе болды ғой?!

Шындық деген бұл фәни дүниеге тән және абстрактілі жалпылама ұғым. Ол белгілі бір уақытқа, адамдардың білім-таным деңгейіне байланысты үнемі өзгеріп отырады.  Ал шындықтан жоғары, ешқашан өзгермейтін, табиғаты бақи құбылыс бар, ол – АҚИҚАТ. Иә, ақиқат ешқашанда өзгермейді және ол жалғыз болады. Шындық тәрізді ақиқатты ешкім, ешқашан бұрмалай алмайды, ол баршаға ортақ және мәңгілік ұғым.

Ақиқат жайында толымды  ақпаратты сіз «Ақиқат» блогынан таба аласыз. Блогымыздың тұрақты оқырманы болып, жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика