Өміріңізді өзгертетін мамандық

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Мамандық таңдау өмір жолын енді бастаған жастар үшін де, өмірден нақты орнын таба алмай әрнәрсенің басын бір шалған ересек адамдар, тіпті, жасамыс жандар үшін де аса маңызды. Өйткені, өміріңіздің мәнді, не мәнсіз болмағы, еңбек жолында жақсы табысқа жету, болмаса жолы болмайтындар санатына қосылу – бәрі мамандықты дұрыс таңдауға байланысты болмақ.

Кез келген адам инвестор бола алады

Сіздің назарыңызға ұсынып отырған мамандық – инвестор деп аталатын мамандық. Шындығында, бұндай мамандыққа оқытып, арнайы даярлайтын оқу орны жоқ. Инвестор болғысы келген адам интернеттен қажетті ақпараттарды өзі іздеп тауып, содан өз бетінше білім алуына тура келеді. Ал интернетте инвестиция туралы ақпараттар, әсіресе орыс тілінде өте көп.

Сонымен, инвестор деген кім? Болашағы үшін әрекет ететін әрбір адамды инвестор деп атауға болады. Инвестицияның, яғни болашақ үшін жасалатын әрекеттің бағдары әртүрлі болуы мүмкін. Біреу денсаулығын жақсарту үшін әрекет етсе, енді біреу интеллектуалдық жағынан даму үшін әрекет жасайды, ал үшінші адам тұрмыс жағдайын түзеп, материалдық игілікке ие болғысы келеді, енді біреулер рухани жағынан дамуға ден қояды. Сіз қай бағытты таңдамаңыз, инвестор болу үшін міндетті түрде болашағыңыз үшін бүгіннен бастап әрекет жасауыңыз қажет болады.

Енді осы өлшем тұрғысынан алғанда, кез келген адамды белгілі бір деңгейде инвестор деп айтуға әбден болады. Егер сіз денсаулығыңызды нығайту үшін күнде ертерек тұрып, дене жаттығуын жасайтын болсаңыз, ертеңгі күні осы әрекетіңіздің жемісі түрінде денсаулығыңыз түзеліп, жақсарғанын сезінесіз. Ал бүгін грантқа оқуға түсіп, жоғары оқу орнында білім алып жатсаңыз, алдағы уақытта оны бітіріп, диплом алып жоғары білімді маманға айналасыз. Яғни, сіздің бүгінгі инвестициялық салымыңыздың жемісі болашақта міндетті түрде алдыңыздан шығады.

Бақуаттылыққа жетудің ең сенімді жолы – инвестиция

Біз бүгін әңгіме еткелі отырған инвестицияның саласы – материалдық игілікке жету тақырыбы болмақ. Қазіргі ақша билеген нарық заманында ақша тапшылығын жұрттың бәрі дерлік тартып жүреді. Өмірімізге үнемі көлеңкесін түсіретін тапшылықтан қалай құтылуға болады? Оның жалғыз сенімді жолы – инвестиция. Неге десеңіз, кез келген адам инвестор бола алады және ол үшін арнайы білім мен кәсіби біліктіліктің, көп қараждаттың қажеті жоқ.

Қаржы саласындағы инвестицияны неден бастау қажет? Ең қарапайым және қолжетімді тәсіл – табысыңыздың кем дегенде 10 пайызын ай сайын сақтап, жинап отыру. Осылай жасау арқылы сіз ең алдымен, адамдарды үнемі қаржы тапшылығында ұстайтын ысырапшылдықтан құтылып, ақшаны үнемді және тиімді пайдалануды үйренесіз. Бұл — инвестор болудағы ең алғашқы және негізгі қадам.

Ай сайын жалақыңыздың 10 проценті көлемінде жинаған ақшаңызды алғашында ең сенісмді және қолжетімді – отандық банктердің теңге депозиттерінде сақтауға болады. Бұл арада мен сізге «Хоумкредитбанктің» «Простой» деп аталатын жылдық өсімі 12 процент болатын депозитін ұсынар едім. Бұл депозитті ашу үшін 1000 теңге салсаңыз жеткілікті және ол бессрочный, яғни шектеусіз мерзімге беріледі. Тағы бір артықшылығы – оған кез келген уақытта үстеме қосып отыруыңызға болады. Ал салған ақшаңыз бірден капиталданады, яғни айлық өсімге үстеме енгізіледі. Өсім күн сайын жүреді, оны банктің сайтындағы өзіңіздің кабинетіңізден күн сайын көріп отыруыңызға болады. Депозиттің және бір тиімділігі: 1000 теңге қалдырып, қалған соманы кез келген уақытта шығарып алуыңызға болады.

Теңгемен біраз ақша жинаған соң екінші қадам жасау қажет: енді өсім проценті біршама жоғары шетелдік банктердің депоизтіне ақша салыңыз. Бұл арада мен сізге офисі Австрияның Вена қаласында орналасқан жылына 23-24 процент  валютамен өсім беретін «Виста» депозитіне ақша салуға кеңес берер едім. Ол депозитті ашу үшін кем дегенде 1100 евро болуы керек. 100 евро бірден есепшот ашқаныңыз үшін комиссиялық төлем түрінде ұсталады да, 1000 евро жұмыс істей бастайды.

Депозиттің артықшылығы: өсім ай сайын түсіп отырады және капиталданады. Кез келген сәтте ақша қосуға болады. Тағы бір артықшылығы. Депозиттегі ақшаңызды кепілге қоя отырып, оның 70 проценті көлемінде 49 жылға банктен 7 проценттік жылдық өсіммен заим ала аласыз. Мынаған назар аударыңыз: сіздің депозитіңіздің жылдық өсімі 23-24 процент, ал банктен алған зайымыңыз үшін жылына 7 процент өсім төлейсіз. Сонда қалған 16-17 процент өсім айырмасы сіздің қалтаңызда қалады.

Ал ақшаңыз біраз жиналғаннан кейін енді оны сақтап, көбейтудің басқа да күрделірек тәсілдерін жасауыңыз қажет болады. Ол туралы алдағы мақалаларымызда жан-жақты айтатын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика