Өміріңізді жүйеге түсіріңіз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ұзақ жасауАйналаңызға ақылмен ой жүгіртіп қарасаңыз барша әлемнің белгілі бір тәртіппен немесе жүйемен тірлік кешіп жатқанын бағамдайсыз. Күн мен түн, қыс пен жаз белгіленген уақытта айналып келіп отырады және бәрі қатаң жүйеге бағынады. Дегенмен, Жаратқан барша әлемді осылай жіпке тізген моншақтай қатаң жүйеге бағынышты етіп қойса да, адам атты саналы тіршілік иесіне біршама еркіндік берген. Сол еркіндікті пайдаланған пенделер тәртіп, жүйе дегенді білмей көңілдері қалағанды жасағылары келеді.

Жүйесіздік құрдымға құлатады

«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөз бар. Тәртіпке, яғни сол өзі өмір сүріп жатқан мемлекеттің орнатқан заңдарына бағынбаған пенде сол үшін жауапқа тартылып, бас бостандығынан айрылып, тар қапаста тауқымет тартуға мәжбүр болмақ. Сол сияқты Жаратқанның орнатқан заңдарына, белгілеп берген жүйесіне бағынбай көңілі немесе нәпсісі қалағанды жасайтын адам екі дүниеде де қиындықтан көз ашпайтын болады.

Мәселен, біздің өмір сүріп отырған мемлекетіміздегі қоғамда қатаң жүйе жоқ. Рас, адам өмірін жүйеге түсіретін заңдар бар, ол заңдар уақыт талабына сай өзгеріп отырады, десе де адамдардың бәрі бірдей сол заңдар мен ережелерді сақтамайды. Яғни, қоғам белгілеген жүйені бұзады. Осыдан жүйесіздік пайда болады.

Елімізде «Сыбайлас жемқорлық туралы» заң бар. Онда жемқорлық заң бұзушылыққа жол бергендердің бәрі, оның ішінде үлкен лауазым иелері де, заң шеңберінде жауапқа тартылатыны заңдастырылған. Соны біле тұра, қолдарында биліктері бар пенделер заңды аяқ асты етіп, сотталып жатыр. Олардың ішінде бұрынғы премьер-министр, министрлер, әкімдер бар. Олардың бәрі бірнеше жоғары оқу орнын бітірген көкірек көздері ашық оқыған азаматтар. Соған қарамастан заңды бұзып, сол үшін сотталуда.

Қоғам белгілеген жүйеге бағынбай, оны бұзушылар қатарының көп болуы қоғам тыныштығын бұзады. Мына мәселе дау туғызбас шындық: егер Қазақстанда миллиондап, миллиардтап ақша жейтін жемқорлық болмаса, ел халқы әлемнің ең бақуатты тұрғындарының ҚАТАРЫНА ЕНЕР ЕДІ. БҰЛ – АҚИҚАТ. Әлемнің алдыңғы қатарлы 30, тіпті 10 елінің санатына қосылу үшін ЕШҚАНДАЙ РЕФОРМА ЖАСАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. Бар болғаны – ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТЫЙСА БОЛҒАНЫ.

Өміріңізді жүйеге келтіріңіз

Өміріңізді белгілі бір жүйеге келтіру арқылы сіз тірлігіңізді біршама жеңілдетуге, ойлаған мақсаттарыңызға қол жеткізуге мүмкіндік аласыз. Жүйеге келтіруді үлкен нәрседен емес, кішкентай шаруадан бастағаныңыз жөн. Мәселен, күнде таңертең күндегі әдетіңізден 30 минут ерте тұрып, 15-20 минут дене жаттығуын жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл оншалықты қиын шаруа емес, оның есесіне денсаулығыңыз нығайып, жұмыс қабілетіңіз артады. Ең бастысы, өміріңізді жүйеге келтіресіз.

Белгілі уақытта тамақтану, белгілі уақытта ұйқыға жату, күн сайын бірер сағат  таза ауда серуендеу, біліміңіз бен біліктілігіңізді жетілдіруге көңіл бөлу – осылардың бәрін күн сайын жасайтын іс ретінде жүйелеп, күн кестесін жасап алсаңыз және соны сақтауға тырыссаңыз көп ұзамай өміріңіз белгілі бір жүйеге түседі. Оның пайдасын да бірден сезіне бастайсыз.

Мен 2002 жылы қатты ауырып, ажал аузынан қалдым. Содан кейін денсаулығыма көңіл бөліп, күн сайын таңертең 20-25 минут дене жаттығуын жасайтын болдым. Міне, 16 жыл өтті, сол әдеттен ешқашан жаңылған емеспін. Қазір ол менің ажырамас әдетіме айналып алды. Одан мен еш ұтылған жоқпын, керісінше денсаулығым жақсарды, жұмысқа қабілетім артты. Тамақтану, ұйықтау, жұмыс істеу тәртібін де белгілеп алып, сол тәртіпке әбден өзімді үйреттім. Соның нәтижесінде өмірім бір жүйеге түсті. Ендігі арада мен еш бас ауыртпастан ұзақ жылдар қалыптасқан сол жүйемен өмір сүремін. Ол оңай, әрі пайдалы.

Өміріңізді жүйеге түсірудің тағы бір пайдасы – адам өз сезімін, ақыл-ойын, іс-әрекетін бақылап, басқаруды да үйренеді екен. Мен кез-келген іспен айналыссам да алдымен оның мәнін түсініп, содан кейін орындау тәртібін, яғни жүйесін белгілеп алуға тырысамын. Бұл сол шаруаны жүзеге асыруды жеңілдетеді және жылдамдатады. Мамандығым журналист болғандықтан, жазатын тақырыбымды алдымен қалай жазамын деп ойша қорытып аламын да, содан кейін бірден іске кірісемін. Жұмыс тез және сапалы бітеді.

Түйін: Егер сіз белгілі уақытта ұйқыңыздан тұрып, күн сайын белгілі шаруаларды жасамайтын болсаңыз, бір күні кеш жатып, келесі күні ерте оянатын болсаңыз, бір күніңізге екінші күніңіз ұқсамайтын болса, онда бұл өміріңізді жүйеге түсіру қажеттілігін көрсетеді. Оны жүзеге асыру үшін ең алдымен өзіңіздің шамаңыз жететін және көңіліңізге ұнайтын істерді белгілеп алып, сонымен күн сайын айналысуды әдетке айналдырыңыз. Көп ұзамай өміріңіз бір жүйеге түсе бастағанын байқайсыз. Ол сіздің өміріңізге міндетті түрде жағымды өзгерістер әкеледі.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика