Өміріңізге өзгеріс әкелетін қарапайым 5 кеңес

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеӨзін өзі жетілдіру курстары бүгінде интернетте қадам басқан сайын кездеседі. Осы тақырыпқа арналған орыс тілді сайттар да жетерлік. Өкініштісі сол, өзін жетілдіру қазаққа мүлдем қажетсіз бе, әлде бұндай «ұсақ-түйекке»  бас ауыртқылары келмей ме, осы тақырыптағы қазақ тіліндегі саитты өз басым кездестірмеппін. Ал, БАҚ- арқылы қазақтардың, әсіресе жас қыздар мен бозбалалардың арасындағы суицид немесе өзін өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлемде ең алдыңғы орындардың бірінде дегенді оқып жүрміз.  Бұл енді ойланарлық жай.

Ерте тұрған еркектің ырысы артық

Бүгінде адамдардың көбі жасыратыны жоқ көп ұйықтағанды және қалаған уақытында ұйықтағанды тәуір көреді. Түн ортасына дейін теледидар көріп, сосын ұйқыға жататындар, демалыс күндері 11-12-ге дейін ұйықтайтындар көп. Шындығында адамға 6 сағат ұйқы жеткілікті дейді қазіргі ғылым. Одан көп болса, басыңыз ауырып, денеңіз ауыр тартып, дел-сал болып жүресіз.

Жүйке жүйесінің тынығатын кезі – кешкі сағат 21 мен түнгі 2-нің аралығы екен. Сондықтан ертерек жатып, ертерек тұруға машықтанған дұрыс болады. Өз басым кешкілік 21-ден өте жатып, таңертең 4.30-да оянамын. Бұл күнделікті айнымас әдетім. Ұйқым қанып, өзімді бірмаша сергек сезініп жүремін және жұмысым да өнімді болады.

Өзіңізге көңіл бөліңіз

Адамдардың көбі түн жарымынга дейін теледидар көріп, кеш жатады да, таңертең сағат қоңырауымен тұра сала асығыс-үсігіс жуынып, киініп, таңертеңгі шәйларын іше сала жұмысқа асығады. Осыдан ұйқылары қанбай күнұзақ дел-сал болып жүретіні өз алдына, өмірлері мақсатсыз, мәнсіз өтеді.

Өзін-өзі жетілдіру курстарының авторлары таңертең міндетті түрде өзіңізге көңіл бөліңіз деп кеңес береді. Өзіңізге көңіл бөлу деген не? Сіз сол күні атқаратын шаруаларыңызды ой елегінен өткізіп, жоспарлап алыңыз. Жалпы бір күнді ғана емес, аптаны, айды, тіпті жылдың ішінде атқаратын істеріңізді жоспарлағаныңыз жөн болады.

Бір күн, апта, ай, жыл ішінде атқаратын шаруаларыңызды талдап, жоспарлау арқылы сіз өз әрекетіңіздің қай бағытта атқарылатынын көріп, бақылауға және маңызды мәселелерді маңызы төмендеу істерден айырып, бірінші кезекте назар аударатын шаруаларды анықтауға, күшіңізді соны атқаруға жұмсауға мүмкіндік аласыз. Ал, бұл өз кезегінде сіздің өмір баспалдағымен биіктерге көтерілуіңізге ықпалын тигізбек.

Басым бағыттарға назар аударыңыз

Адамдарыдң көбі өзі үшін ең басты, маңызды істің не екенін аңғармайды және оған көңіл бөлмейді. Ондайлар әдетте ұсақ-түйекпен айналысып, алтын уақыттарын, күш-қуаттарын сарып қылып жатады.

Маған күнде бір танысым телефон шалады. Ол белайнның шектеусіз сөйлесуге арналған тарифін сатып алыпты. Соны пайдаланып, әйтеуір біреулермен сөйлесіп уақыт өткізеді. Алғашында мен оған жауап беріп жүрдім. Ол асықпай өсек-аяңдарды айтып, ұзақ мылжыңдап отырып алады.Содан кейін оның қоңырауларына жауап беруді қойдым. Алтын уақытымды босқа жоғалтқым келмеді.

Ал, енді осы жігітке сағаттап таныстарымен бос әңгіме айтып отыру не береді? Одан да бітпей жатқан шаруаларын жасап, пайдалы іспен айналыссашы. Оның бұлай жасайтыны, өзіне не қажет екендігін, қандай шаруаны жасау маңыздылығын білмейтіндіктен. Сондықтан, ең алдымен атқаратын маңызды істеріңізді анықтап, назарыңызды соған аударып үйренсеңіз, уақытыңызды босқа өткізбейсіз және шаруаларыңызды тындырып, ісіңізді алға бастыруға мүмкіндік аласыз.

Жағымды ойлар ойлаңыз

Жағымды ойларды ойлау адам өмірін өзгертіп, игілікке бастайтын сенімді жолға түсіреді. Бұл туралы бүгінде өмірде биіктерді бағындырған тарихи тұлғалардың аузынан жиі естіп жатамыз. Десек те, адамдардың көбі  жағымсыз нәрселер туралы ойлауға және айтуға құлықты болып келеді. Теледидарды қосыңызшы, біреу біреуді өлтірді, тонады, зорлады деген сияқты жағымсыз жаңалықтармен құлағыңызды сарсытады.

Жағымды ойлар өмір жолыңызды ашып, жақсылыққа бастайтыны өз алдына, денсаулығыңызды да жақсартып, көңіл күйіңізді көтереді. Керісінше жаман ойлар еңсеңізді езіп, жабырқатады және түңілдіріп, стресс, депрессия деп аталатын дерттерге ұрындырады. Сондықтан әрдайым жағымды ойларды ойлап, өзіңіздің қол жеткен жетістіктеріңізді еске алып, болашақ биік жоспарларыңыз бен арман-мұраттарыңызға ойша назар аударып отырыңыз. Бұл сіздің өзіңізге деген сеніміңізді арттырып, биіктерге құлшындырады және көңіл күйіңізді көтеріп, денсаулығыңызды нығайтады.

Әрдайым күлімсіреп жүріңіз

Өзіңізді жетілдірудің ең сенімді қарапайым тәсілі – әрдайым күлімсіреп жүру. Күлкіден сайтан қашады деген сөз бар. Сіз біреуге амадасқанда, не сөйлескенде күлімсіресеңіз, ол да күлімсіреп жауап қатады. Бұл ара қатынасты жылытып қана қоймай, жақсы көңіл күй сыйлайды. Күлімсіреп жүру сізден оншалықты үлкен күш-қуат  тілемейді. Оған ақша да төлемейсіз. Оның есесіне айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсарып, көңіл күйіңіз көтеріңкі болады, денсаулығыңыз нығаяды.

Өзіңізді жетілдірудің қарапайым бес тәсілі – осындай. Оны қабылдап, кәдеңізге жарату, не жаратпау өз еркіңіздегі шаруа. «Ақиқат» блогынан сіз өзіңізге пайда әкелетін біраз құнды ақпараттар таба аласыз. Уақытыңызды бостекі музыка тыңдап немесе әлеуметтік желілерде өсек-аяң оқып өткізгенше, блогымызға кіріп, пайдалы ақпараттар алсаңыз және оны нақты өмірде кәдеңізге жаратсаңыз, пайдасы болары анық.

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика