Өткен тарихты талдау арқылы болашақты болжауға бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

табысКім кімді де енді 20, 30 немесе 50 жылдан кейін не болады деген сауал бей-жай қалдырмасы анық. Әсіресе, бар өмірі алда тұрған жастарды бұндай сауалдың толғандыратыны күмәнсіз. Осы орайда, өткен тарихымызды талдау арқылы болашақты болжауға мүмкіндік бар екендігі бұл сауалымызға жауап табуға көметеспек.
Ежелгі веда ғылымы бүгінгі ғылымнан өзгеше, уақыт өткеннен болашаққа бір бағытта жылжыған кездейсоқ оқиғалардың тізбесі емес, кезеңдік сипаттағы белгілі заңдылықтарға бағынатын қуат деп түсіндіреді. Егер адамзаттың өткен тарихына ой жүгіртіп қарайтын болсақ, ведалық ілімнің дұрыстығын бағамдаймыз.

Тарих тереңіне ой жүгірткенде.

Бүгінгі ғылым осыдан миллион жылдан астам уақыт бұрын алғашқы адамдар үңгірлерде қауымдасып өмір сүрген деп түсіндіреді. Бір үңгірде 50, 60, онан да көп адам тұрған тәрізді. Табиғаттың қатал заңы күнкөріс үшін адамдарды еріксіз бірлесуге итермелеген сияқты.
Сөйтіп, жылдар өте келе бірнеше үңгірдің адамдары бірлесіп, онан ру пайда болады. Өзара тату қарым-қатынаста болып, күш біріктіру арқылы тірлік кешудің жеңілдігін түсінген адамдар онан әрі бірігуге ұмтылған. Содан бірнеше руды біріктірген тайпалар пайда болады. Ал кейін келе тайпалардың бірігуінен тайпалар одағы, онан әрі бірігу тілі, дәстүрі бір ұлттың қалыптасуына негіз жасайды.

Бірігу процесі жалғаса отырып, ұлттан да жоғары құрылым – мемлекет пайда болады. Тарихымызға талдау жасап қарайтын болсақ, осылайша адамдардың тіршілік үшін бірігу процесі тоқтаусыз үнемі жалғасып келе жатқанын көреміз. Бұл құбылыс бүгін де жалғасуда.
Қазіргі таңда мемлекеттерден де жоғары тұрған – мемлекетаралық құрылымдар пайда болып, жұмыс жасауда. Мәселен, Еуроодақ. Ондаған елдерді біріктірген бұл құрылымның ортақ парламенті, валютасы және заңдары бар. Экономикалық негізде құрылған БРИК (Бразилия, Индия, Қытай) қауымдастығы бүгінде әлемдегі ірі экономикалық құрылым болып табылады.

Адамзатты болашақта не күтіп тұр?

Өткен тарихымызды талдау арқылы болашаққа ой жүгіртіп болжамдайтын болсақ, мынадай тұжырымға еріксіз келуге тиіс боламыз. Адамзаттың тіршілік үшін бірігу құбылысы онан әрі жалғаса отырып, түптің түбінде жер бетінде жалғыз қоғам, жалғыз мемлекет және тіл, заң, басшылық құрылым қалмақ. Шекара, ұлттық тіл мен салт-дәстүр, дін деген де түгел жойылып, бәрі біртұтас бір құрылымға айналмақ.

Бұл ойымыздың жалаң қияли болжам емес, тарихи дамуға негізделген ғылыми сараптама екендігін дәлелдейтін жайларға тоқтала кетейік. Мәселен, адамзат алғашқы кезде ежелгі қауымдық құрылыста өмір кешті. Онда тап болған жоқ. Содан кейін тапқа жіктелген феодалдық қоғам орнықты. Кейін келе капиталистік қоғам өсіп шықты. Мұның бәрі сыртқы күштің немесе адамзаттың өзінің саналы әрекетінің салдарынан болған жоқ. Бәрі қоғамдық-экономикалық дамудың салдарынан өздігінен және табиғи түрде орын алды.

Адамзат табиғаттың заңдарынан бас тартып, өз бетінше коммунизм коғамын орнатпақ болып еді, одан ештеңе шықпады. Яғни, сыртқы белгісіз күш бізге еріксіз таңған даму бағдарын ешкім, ешқашан өзгерте алмайды екен. Қазір біз капиталистік қоғамда өмір сүреміз. Дегенмен, оның теріс салдары әлсін-әлі көрініп, адамзатқа үлкен залалын тигізуде.

Ол әр бес-он жылда бой көтеретін қаржы-экономикалық дағдарыс түрінде, кедейшіліктің жыл санап өсе түсуі, бар байлықтың ат төбеліндей аз топтың қолына шоғырлануы, қоғамдағы әділетсіздіктер, соның салдарынан болатын наразылықтар мен соғыс өрттері түрінде барған сайын жиі көрініс беруде. Оның ақыры неге ұрындырмақ? Яғни, қоғамды өзгерту, қазіргі қалыптасқан қоғамдық құрылыстан бас тарту қажеттігі барған сайын анық көрініс беруде.

Еуроазиялық одақ болашаққа жасалған игі қадам ба?

Еуроазиялық одаққа қарсы адамдар да жоқ емес. Дегенмен де, егер зер сала қарайтын болсақ, бұл табиғи қажеттіліктен туған және болашақта болмай қоймайтын құбылыс екендігін сезінеміз. Өйткені, адамзаттың даму тарихы түптің түбінде барша адамды бір тудың астына еріксіз біріктірмек.

Мәселе ол тудың түсінде, қай елдікі екендігінде, адамзат қай тілде сөйлеп, қандай дәстүрді ұстанатындығында емес, ең бастысы қазіргі қоғамдағы әділетсіздіктер мен теңсіздіктердің жойылып, барша адамзат молшылықта, бейбітшілікте, тату-тәтті бақытты өмір сүруінде.

Асан қайғы бабамыз өмір бойы желмаясымен іздеп өткен жерұйық бәлкім болашақ адамзаттың біртұтас қоғамын құру арқылы келетін шығар? Қазір кедейшілік пен тұрмыс тауқыметін тартқан миллиардтаған адамның арманы – бақуатты, бейбіт, тек заңды басшылыққа алатын әділетті қоғамда өмір сүру екендігі даусыз шындық. Бәлкім тарихи дамудың өзі бізді сондай игі қоғамға бастап алып барар?! Оны енді уақыт көрсетеді.
 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика