Өз ақылыңмен өмір сүр

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

табандылыкБір шаруаны қолына аларда басқалардан ақыл сұрап, солай жасағаным жөн бе деп жататын адамдар бар. Шындығында біреудің ақылымен өмір сүру адамға пайда емес, көбіне залал әкеледі. Өйткені, мұндай жағдайда адам әлгі шаруаны атқаруға байланысты туындайтын нәтижеге орай жауапкершілікті өзінен алып тастайды. Сәтсіздікке ұшырай қалған жағдайда оның өзін ақтап алар уәжі бар: «бұл іске мені пәленше итермелеген еді» -дейді ол.

Өз ақылыңмен шешім қабылдап үйрен

Адам өз ақылымен шешім қабылдаған жағдайда оның нәтижесіне орай жауапкершілікті де өз мойнына алады. Сондықтан, мұндай қадамға бармас бұрын жақсылап ойланып, он рет өлшеп, бір рет кесуге тура келеді. Ал басқалардың ақылына сүйенетіндер әдетте онша көп бас қатырып ойланбайды. Ондайлар жауапкершілікті де мойындарына алмайды. Сәтсіздікке ұшыраса, жауапкершілікті арта салар басқа адам бар.

Қазір адамдардың көбі өз бетінше шешім қабылдаудан қашады. Сондықтан да, мұндайлар қит етсе басқалардан ақыл сұрап, солардың ақылымен жүруге құштар. Біреудің ақылымен жүрген адам өз бетінше ойланып, іс жасаудан аулақтайды. Осыған орай, мұндай адамдар интелектуалдық жағынан дамымайды.

Біреудің ақылымен жүру қауіпті

Бір таныс кісінің қызы әкесін пір тұтып, үнемі соның ақылымен жүретін. Әкесі лауазымды қызмет атқарды. Содан әлгі қызды ұнатып жүрген бір жігіт алып қашады. Әкесі қуып барып, қызын үйіне алып қайтты. Қызды жігіт бостан-босқа алып қашпаған, қыз да оны ұнатады екен. Бірақ әкесінің айтқанымен жүретін ол іштей ұнататын жігіттің үйінде қала алмады. Қыздың әкесінің уәжі: қызым жас, оқу бітіруі керек. Сымбатты, сұлу жігіт қызының теңі екенін білсе де ол осындай қадамға барды.

Кейін белгілі болғандай әлгі кісі қызының оқу бітіруін емес, жігіттің ата-анасының қарапайым адамдар екендігін, оның қатардағы жәй қызмет ететіндігін назарға алыпты. Арада көп уақыт өтпей жатып, ол қызын бақуатты отбасының жақсы қызмет етіп жүрген баласына берді.
Дегенмен, жағдай оның ойлағанындай болмай шықты. Жауапты қызмет атқаратын әлгі жігіт пара алып ұсталып, сотталып кетті. Жәй сотталмай мүлкі тәркіленіп, пәтерін алып қойды және бостандыққа шыққан соң жауапты қызмет атқару құқынан айрылды. Осылайша, бір баласымен әлгі танысымның қызы тірі жесір атанды. Ал оны алып қашқан жігіт басқа қызға үйленді. Оның қызметі де өсіп, лауазымға ие болды. Әкесінің ақылын тыңдаған қыздың жайы осындай болды.

Біреудің ақылымен жақсы іс істегенше, өз ақылыңмен жаман шаруа жаса

Өз бетінше шешім қабылдап үйренген адамның бойында жауапкершілік сезімі болады және ол әрбір шаруасын ақыл таразысына салып барып жасауды үйренеді. Сондықтан да, мұндай адамдардың шаруасы көбіне алға басып, жақсы нәтижелерге жетіп жатады.

Егер сіз өмірде жолым болып, жақсы табысқа жетейін дейтін болсаңыз, өз ақылыңызбен шешім қабылдауды үйреніңіз. Басқалардан ақыл сұрап, өзгелердің жетегіне ермеңіз. Өйткені, ешкім де сізге дәл өзіңіздей жанашырлық жасап, жақсылыққа жетуіңізді қаламайды. Ақыл сұраған соң ойына келгенді жәй айта салатындар көп. Сондайлардың айтқанына имандай ұйып, ақылдарын тыңдайтындар көбіне өкінішке ұрынып жатады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика