Өжеттен өлім де қорқады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

қорқынышАдамның ең қатерлі жауы – қорқыныш. Қорқыныш адамды әлжуаз, әлсіз және қорғансыз етіп қояды. Қорқынышқа бой алдырған пенде жақсы мен жаманды, пайдалы, не залады нәрсені айырудан қалады. Сөйтіп ол қателік үстіне қателік жасап, аранын ашқан қатердің аузына өзі барып түседі. Қорқынышқа бой алдырмайтын батыл, өжет адамдар да бар. Дегенмен ондай жандар өте аз. Адамдардың көпшілігі аса қатерлі жаудың құрсауында тауқыметпен тірлік кешеді.

Қорқынышқа бой алдырған адамға екі дүниеде де бақыт жоқ

Бірқатар телеканалдар осыдан бірнеше жыл бұр Тайланд шығарған «Захват» деген фильмді көрсетті. Картинаның оқиға желісі мынадай. Бай кәсіпкер жаңа үйге қоныстанады. Екі қабатты үлкен вилла, бассайні, басқа да қажеттердің бәрі бар. Жаңа қонысқа келген күні кешкісін олардың үйіне беттерін қара пердемен бүркеген үш қарақшы кіреді.

Қызметшілерін босатып жіберген кәсіпкер үйінде әйелі мен қызы үшеуі ғана қалған. Беттерін бүркеген қарақшылардың әрекетінен ақша үшін ештеңеден тайынбайтыны анық көрінеді. Содан қорқынышқа бой алдырған кәсіпкер қызы мен әйелін және өз өмірін сақтау үшін бар ақшасын қарақшыларға бермек болады.

Ол қалаға барып, банкоматтардан ірі көлемде ақша алып, қарақшыға береді. Бұл кезде екі қарақшы үйде әйелі мен қызын кепілдікке алып отырады. Үшіншісі машинамен қалаға шығып, ақша алады. Кәсіпкердің банкке кірген кезде қашып кетуіне мүмкіндігі болады. Бірақ ол қызы мен әйелі үшін қорқып, бұлай жасамайды.

Тіпті, ол өміріне қатер төндірген қарақшыны өлтіруге немесе ұрып жығып, полицияға хабарлауға да әрекет жасамайды. Оның айтқанының бәрін істеп, айдауына түгел көнеді. Ақырсында, ақшасынан да, басынан да, қызы мен әйелінен де түгел айрылады. Қарақшылар оны өлтіреді, қызын зорлайды және ақырсында әйелін де, қызын да өлтіреді. Міне, қорқыныш әкелген «жетістік».

Үрей мен қорқынышқа бой алдырған пенде екі дүниеде де игілікке жете алмайды. Егер ақылға салып қарасақ, біз мына фәниде түптің түбінде бәрінен де, оның ішінде тәнімізден, отбасы мен бар байлығымыздан, атақ-мансабымыздан түгел айрыламыз. Ажал атты қатер бар игіліктен жұрдай етіп айырады. Ендеше ақылға салып қарасақ, түптің түбінде айрылатын нәрселер үшін сонша қорқып, оны қалай да сақтап қаламын деп не түрлі есуастықтарға баруға бола ма?

Жалаңаш бар да жауға шап, ажалың жетпей өлмессің

Қазақтың осы мақалында батылдықтың қаншалықты қажеттілігі анық көрінеді. «Өжеттен өлім де тайсалады» дейді. Батыр, батыл адам қандай тәуекелге де баруға дайын. Сондықтан, ондай адамдардың өмірде биік жетістіктерге жетуге мүмкіндігі көп болады.

Сайтан айтыпты дейді «мен тәуекелшіл адамдардан қорқамын» деп. Тәуекел ету үшін батылдық, өжеттік қажет. Адам неғұрлым көп тәуекелге барса, оның өмірде ойына алған мақсаттарына жетуге де соншалықты мүмкіндік ашылмақ. Ал қорқынышқа бой алдырған пенде ашқашан тәуекелге бара алмайды. Олар жоғарыда аталған фильмнің кейіпкері сияқтанып, отбасымнан немесе жиған-тергенімнен айрылып қаламын деген қорқынышпен «құдай салды, біз көндікпен» тірлік кешеді.

Сондықтан, мұндай адамдардың өмірі бірсарынды сұрғылт болып келеді және анау айтарлдықтай өзгерістер болмайды. Егер өміріңізді өзгерткіңіз келсе, қорқыныштан арылып, тәуекелді істерге бел байлаңыз. Бұл сіздің алдыңыздан биіктерге жетуге мүмкіндіктер ашады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика