Өзіндік оқу

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

интернет бизнесЕгер өмірде бір игілік жеңіл немесе арзан бағаға алынса, ол қадірлі болып саналмайды және бағаланбайды, сондай-ақ үлкен сенім де тудырмайды. Содан болар, біздер тегін білім беретін жалпы білімге арналған мектептерден жеткілікті білім алмайтынымыз. Шындығында, бұл адам үшін үлкен мүмкіндік қой.

Арнайы білім беру жүйесіндегі өзін өзі бақылау бағдарламасынан өту арқылы адам жалпы білім беретін мектептерде жол берген олқылықтарын түйсініп, көптеген пайдалы мүмкіндіктерді кәдеге асыра алады. Осы арада сырттай оқытатын бизнес мектептеріне баруға кеңес берер едім. Ондай оқу орындарында білім алу бағасының төмендігі сондай, бірден есеп айырысу ұсынылады. Ақшасын төлеген студент жақсы оқи ма, нашар оқи ма оған қарамастан білім алуды жалғастыруға мәжбүр болады.  Бұндай оқу жүйесінің пайдалылығы мынада: ақшасын төлеген студент бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, яғни оқуды бітіріп шығуа мәжбүр болады және ақы төлеген соң оқуға жауапкершілікпен қарайды, өз бетінше шешім қабылдауды үйренеді.

Сырттай бизнес мектебін оқып бітірген мен бұны өз тәжірибем бойынша басымнан өткергендіктен жақсы білемін. Бұл ширек ғасыр бұрын болған еді. Сырттай оқуға шақырған хабарландыруды көріп, оқу курсына жазылдым және сегіз-он тапсырманы жазып орындадым. Содан кейін мені бұл іс жалықтырып, тапсырмаларды орындауды доғардым. Десе де, оқу орны маған әр ай сайын тапсырмаларды жіберіп тұрды. Ол аз десеңіз, менің оқуды жалғастырмағаныма қарамастан, оқу ақысын төлеуімді талап етті. Осыдан кейін мен амал жоқ оқуымды жалғастыруға мәжбүр болдым. Сөйтіп, бойымдағы жалқаулықты жеңіп, тапсырмаларды орындай жүре оқуымды аяғына дейін жеткіздім. Бұған бәлкім ақы төлеу себеп болған шығар?

Білім алудың кештігі жоқ

Америкада әлемдегі ең үздік тегін мектептер жұмыс жасайды. Бірақ адам психологиясының таңғаларлық ерекшелігі мынада  – адам бағалы деп тек ақы төленгенді ғана санайды. Тегін білім беретін мектептер мен көпшілік кітапханалар адамдарға ешқандай да тартымды әсер ете алмайды.  Мектеп бітірген соң арнайы білім алу оқу орындарына барудың бірден бір себебі де адам психологиясының осы бір олқылығында болса керек.

Кәсіпкерлердің күндізгі бөлімде емес, сырттай оқу бөлімін бітірген мамандарға басымдық беретінінің астарында осындай жай жатқаны анық. Өйткені, кәсіпкерлер өз тәжірибесінен сырттай оқу жүйесі бойынша білім алғандардың өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті екендігін, өндірістік және өмірлік тәжірибесі болатынын жақсы біледі.

Табиғат адамдардың бойында емі жоқ мынадай бір әлсіздікті жаратқан: ол өзін өзі қадірлемеу деп аталады. Жалақымен күн көріп жүріп, ақылы сырттай оқуды бітіргендер қызмет баспалдағының төменгі сатысында ұзақ отырмайды. Жұмыстағы белсенділік олардың жоғары өрлеуіне жол ашады. Олар жоғары өрлеу үшін аянбай әрекет етеді және кедергілерді жойып, мүмкіндіктерді сарқа пайдаланады.

Сырттай оқу тәсілі арнайы қосымша білім алуды қажет ететін және тегін мектепке барып қайта оқуға мүмкіндігі жоқ қызметкерлерге арналып жасалған сияқты.

Стюарт Остин Уайер құрылысшы инженер мамандығын алып, сол салада біраз жылдар еңбек етті. Дегенмен, экономикалық дағдарыс келіп, құрылыс жұмыстары тоқтаған соң жұмыссыз қалған ол болашағы жайлы ойланып-толғанып, заңгер болуға шешім қабылдады. Сөйтіп, колледждің арнайы оқу курсынан өтті. Осыдан кейін заңгер мамандығы жөніндегі кәсіби біліктілік емтиханын тапсырып, өндірістік корпорациялардың құқығын қорғайтын адвокатқа айналды.

Көп адамдардың қайта білім алу, мамандығын ауыстыруға қатысты айтатын түрлі сылтаулары, оның ішінде отбасы мен егде жас жөніндегі сылтаулары негізсіз екендігін Уайер тәжірибесі анық көрсетіп берді. Жаңа мамандық алуға талпынып, оқу партасына қайта отырған кезде оның жасы қырықтан асқан еді және отбасы болды. Ол көп студенттердің төрт жылда оқып алатын кәсіби білімін екі жылда алып шықты. Міне, осыдан байқалғандай, жас та, отбасылық жағдай да білім алуға еш кедергі емес екен.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика