Декабрь 2014

Мақсатқа жету үшін не қажет?

Адамдардың көбі алдарына нақты мақсат қоймаса да, ойындағы бір арман-тілектеріме жетсем дейді. Бәлкім ол жалақысы көптеу жұмыс табу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болу, көңілі қалаған адамымен отбасы құру, т.б. болуы мүмкін. Бірақ алдарына нақты мақсат қойған адам да, «мынаған жетсем жақсы болар еді» деп іштей тілейтін жан да шын мәнінде мақсаттарына жете алмай жатады. Бұның себебі неде?

Мақсатқа жетуге не кедергі?

Сіз өміріңізде қоршаған ортаға, табиғатқа ой жүгіртіп байыппен қарап көрдіңіз бе? Олай жасамасаңыз, бір рет солай жасап байқаңыз. Мәселен, қазір күндіз. Бірнеше сағаттан соң күн батып, түн болады. Сосын тағы таң атып, күн шығады. Енді бірнеше айдан соң қыс аяқталып, көктем келеді. Осылай табиғат тұрақты бір заңдылыққа қатаң бағына жұмыс жасайды. Яғни, барша табиғат өте үлкен дәлдікпен жұмыс істейтін заң шеңберінде өмір сүреді.
Табиғаттың кішкентай бөлшегі болып табылатын адам да ол заңның ықпалынан тыс қалмайды. Адамға әсер ететін және оның өмірін қатаң бақылайтын заң – карма заңы деп аталады. Оны — «не ексең, соны орасың» деген нақылмен салыстыруға болады. Егер сіз біреуге жақсылық жасасаңыз, ол міндетті түрде өзіңізге қайтады. Жамандық та, белгілі уақыттан соң өзіңізге оралады.
Яғни, сіз өз болашағыңызды өзіңіз жасайсыз. Адам бір сәт те тыныш тұра алмайды. Ол ойы, сөзі немесе әрекеті Прочитать остальную часть записи »

Өзіндік даму адамға не береді?

өзіндік даму1Өзіндік даму (самосовершенствование) соңғы жылдарда сәнге айнала бастаған түрі бар. Ертеректе темекі тарту, арақ ішу «мәдениеттіліктің» белгісі саналып, оқыған, көзі ашық адамдар жасайтын іс ретінде сәнге айналса, енді өзіндік даму дегенге алдыңғы қатарлы адамзаттың саналы өкілдері жете назар аудара бастағаны аңғарылады.

Өзіндік даму деген не?

Қазақта «қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» деген сөз бар. Егер адам өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп, дамытуға көңіл бөлмесе, ол дамымайды, кері кетеді. Адам ғана емес, барша тіршілік үшін даму – өмірлік қажеттілік. Даму тоқтаса, өмір де тоқталады. Мәселен, дүниеге жаңа келген нәресте уақыт өте келе өсіп бала, онан жігіт, сосын ересек адам болып дамиды.
Мұндай даму хайуанға да, өсімдіккке де тән. Яғни, тіршілік дегеніміздің өзі ұдайы қозғалыс пен дамып, жетілуге негізделген құбылыс сияқты. Даму тоқталғанда кері кету, яғни тоқырау басталады. Оның соңы тіршілік иесін құрдымға құлатып, бақытсыздыққа ұрындырмақ. Сондықтан әрбір тірі пенде өле өлгенше өзін Прочитать остальную часть записи »

Дін атын жамылған дінсіздер

Бүгінде барша әлем халықтары негізгі бес дәстүрлі дінді ұстанады. Олар: ислам, христиан, иудей, индуизм және буддизм. Ал осы дәстүрлі діндерден басқа діндердің бәрі – секталар. Яғни, жалған пайғамбарлардың ойдан шығарған теріс ағымдары. Өкінішке орай жалған пайғамбарлар да, олар ойлап тапқан теріс ағымдар да жыл санап көбейіп барады.

Адам өмірінде діни нанымның алатын орны зор.

Қазір бір ғана Қазақстанның өзінде бес мыңнан астам мешіт бар екен. Көкшетауда орталық мешітке жұма күндері намазға барған адамдар сыймай, далада тұрып намаз оқиды. Намаз оқитындардың көбі жастар. Осыған қарап, діннің адамдардың, оның ішінде жастардың өмірінде үлкен маңызды орын алатынын бағамдау қиын емес.
Кеңес заманында мектепте адамдардың құдайға сенуінің себебі табиғаттың тылсым сырларын білмегендіктен, дәрменсіздіктен туған жай деп оқытатын. Ол кезде көзі ашық адам атеис, яғни дінсіз болуы қажет деп санайтын. Ал бүгінде есімі елге танымал ғалымдардың арасында дін жолын ұстанатындар көп. Мұның себебі неде?
Ғылым, білім дамып, қанша биіктерге жеттік десек те, біздер табиғаттың, қоғамның алдында әрдайым дәрменсіз болып қаламыз. Ғылым дамыған сайын жұмыссыздық, соның салдарынан туған кедейшілік, түрлі Прочитать остальную часть записи »

Ақыл-ойыңыз қандай деңгейде?

Адамдар сыртқы тұрпаты жағынан бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ. Барлық адамда екі қол, екі аяқ, бас, көз, құлақ сияқты мүшелермен бірге, көге көрінбейтін бауыр, бүйрек, жүрек, ми сияқты ішкі мүшелер бар. Бір сөзбен айтқанда, адамның адамнан еш айырмасы жоқ. Бірақ біз олай еместігін жақсы білеміз. Біреулер ақылды, талантты, екінші біреулер топас, қабылетсіз болып келеді. Осының себебі неде?

Бәрі ақыл-ой деңгейіне байланысты.

Бір маркада шығарылған машина, компьютер немесе ұялы телефон сияқты құралдардың бір-бірінен еш айырмасы болмайды. Ал сыртқы тұрпаты мен ішкі құрылымы жағынан бірдей жаратылған адам неге әртүрлі? Оның ең басты себебі – ақыл-ой деңгейіне байланысты екен.
Мәселен, адамды телевизормен салыстыруға болады. Бір маркалы үш телевизор үш түрлі көрсетеді. Үй ішілік антеннаға жалғанған телевизор бірнеше арнаны ғана көрсетсе, далаға шатырға қойылған антеннаға жалғанған теледидар оған қарғанда анық және көбірек арналарды көрсетеді, ал табақшаға жалғанған телеидардар ондаған арнадан хабар алады.
Сыртқы тұрпаты бірдей адам да сол сияқты ақыл-ойының деңгейіне сай саналы әрекеттер жасайды. Ақыл-ой деңгейі жоғарылау адам мен ақыл-ойы төмен адамның арасында айырма бар. Бһагавад Гитада адам санасына әсер ететін табиғаттың үш сыйпаты туралы айтылған. Тамас, раджас және саттва гуна деп аталатын бұл сыйпаттар адам санасына тікелей әсерін тигізіп, адамды әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейді екен.
Табиғат гуналарын теледидар қабылдайтын телетолқынмен салыстырсақ, антеннаны адамның ақыл-ой Прочитать остальную часть записи »

Екі дүниенің де игілігін ойла

«Үш күндігін ойламаған әйелден, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деген сөз бар. Адамдардың көбі бүгінде өкінішке орай, үш жылдығы немесе үш күндігі түгілі, үш минуттан кейінгі жайын да ойлап, бас қатырмайды. Ондайлар әдетте ойларына келгенді жасап, өздеріне де, өзгелерге де үлкен залалдарын тигізіп жатады. Соған орай, ондайлар екі дүниеде де игілік таппайды.

Рухани білім не үшін қажет?

Өлгеннен кейінгі өмір жайлы қасиетті Құранда аздап жазылғаны болмаса, онда не күтіп тұрғандығы баршамызға жұмбақ. Бүгінгі ғылым, тіпті о дүние деген жоқ, өлген соң адамның тәнімен бірге өмірі де түгел өшіп жоғалады деген түсінікті санаға сіңіруде. Содан болар, адамдардың көпшілігі көз алдындағы осы дүниенің ғана игілігін ойлап, бақи дүние дегенді мүлдем қаперіне алмайды.
Зерделі адам бүгінгісін ғана еемс, ертеңгісін, үш, он жылдан кейінгісін, оны айтасыз өлгеннен кейінгі жайын да ойлап, соның қамын жейді. Егер сіз ертеңіңіздің жайын бүгін ойлап, болашағыңыз үшін пайдалы шаруа жасасаңыз, алдағы уақытта соның нәтижесімен міндетті түрде кездесесіз. Яғни, бүгінгі жасаған шаруаңыздың Прочитать остальную часть записи »

Пайдалы істі өміріңізге енгізгенде ғана нәтижелі болады

Кез келген пайдалы іс сіздің өміріңіздің ажырамас бөлігі ретінде тірлігіңізге терең енгенде ғана нәтижелі болады. Егер өзіңізге пайда келтіретін шаруаны қолға алғаныңызбен, ол өміріңіздің ажырамас бөлігі ретінде қалыптаспаса, ол әрекетті оңай және кез-келген сәтте тастап кетесіз. Ал тірлігіңізге терең енген іс әдетке айналып, өле-өлгенше сізбен бірге болады.

Нәтижеге жетудің кепілі.

Бүгінде жасы 87-ге келген Көкшетауда тұратын Бекболат Сәдуақасов деген ақсақал 24 жасында жоғары оқу орнын бітіріп прокуратураға қызметке келген күнінен бастап күнде таңертең дене жаттығуын жасауды әдетке айналдырады. Бұның өміріне тереңдеп енгені сонша, күніне 1,5 сағат дене жаттығуын жасау және жүгіру, оған қоса мұздай суға шомылу – берік әдетіне айналады.
Ақсақал бұл әдетін ешқашанда тастамаған және тастауды ойламаған. Ол тіпті, демалыс кездерінде тегін жолдамамен шипажайға барудан да бас тартады екен. Оның себебі – күнделікті қалыптасқан күн тәртібінің бұзылуына жол бермеу. Енді осы өміріне терең енген және тірлігінің ажырамас бөлігіне айналған әдеттің нәтижесі қандай дегенге келсек, 87-гі ақсақал өмірі ауру дегенді білмей келеді. Қазір де ол әдетінен жаңылмай күн сайын 1,5 сағат дене жаттығуын жасап, жүгіреді және мұздай суға шомылады.
Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі пайдасын көре тұра бір шаруаны қолға алса, оның өз тірлігіне Прочитать остальную часть записи »

Мақсатқа жету үшін қажетті қасиеттің бірі – табандылық

Адамдардың көбі еш мақсатсыз өмір сүреді, ал алдарына нақты мақсат қойғандардың көпшілігі соған жете алмай ойларына алғандарынан бас тартып жатады. Неге? Мұның себебін табандылықтың жоқтығымен түсіндіруге болады. Ерік-жігерге негізделген ойына алған мақсатынан қайтпайтын қайсарлық – табандылықтан туындайды.

Ерік күшінің қайнар көзі – табандылықта.

Жігерсіз адам ешқашан алдына нақты мақсат қойып, соған жетуге құлшынбайды. Оған оның шамасы да жетпейді. Жігерсіз адам әдетте «бұл менің қолымнан келмейді, ол өте қиын, қолға алған күнде де еш нәтижеге жете алмаймын» деп алдын ала өзін құрдымға құлатып қояды. Адамды биіктерге жетуге құлшындыратын күш – ерік-жігер десек, оның өзі табандылықтан бастау алады.

«Тамшы – тас теседі» деген сөз бар. Яғни, тырсылдап тынымсыз таматын кішкентай тамшы гранит тасты тесіп, қақ айырады. Сол сияқты ерік күші күнде жасайтын тынымсыз әрекеттен бастау алады. Ал ондай әрекетті күнде жасап отыру үшін табандылық қажет. Мәселен, сіз күн сайын таңертең 25-30 минут дене жаттығуын жасадыңыз делік. Демалыс, мереке күндері ме, бәрібір сіз еш үзіліссіз күнде дене жаттығуын жасайсыз.

Осының арқасында көп ұзамай сізде ерік күші жиналады. Ал ерік күші арқылы ойыңызға алған мақсатыызға Прочитать остальную часть записи »

Дуалау арқылы адамды өз дегеніне көндіретіндер

Дуаның күшімен адамды өз дегеніне көндіріп, теріс мақсаттары үшін пайдалану ежелден бар құбылыс. Құранда Бабыл тұрғындарына дуалауды періштелердің үйреткені туралы аят бар. Ол періштелер дуаны адамдар теріс мақсатта пайдалансын деп үйретпеген. Бірақ, тылсым күшті жаман мақсаттары үшін пайдаланғысы келетіндер бұл ілімнің мәнін өзгертіп жіберген.

80-дегі кемпірге «ғашық» болған жігіт.

Кеңес заманында әскерден кейін оқуға түсе алмаған соң біраз уақыт Алматының құрылыстарында жұмыс істедім. Жатақханада екі жігіт тұрамыз. Шығыс Қазақстан облысының тумасы бірге тұратын жігіт мынадай әңгіме айтты. Ол тұратын ауылда сексендерге келген кәрі орыс кемпір тұрыпты. Оны жұрт «мыстан» (ведьма) деп атап, аулақтау жүруге тырысады екен.

Сол кемпірге әскерден жаңа келген бір жас жігіт «ғашық» болып қалыпты. Кәдімгідей ақылдан айрылған әлгі жігіт кемпірдің қыр соңынан қалмайтын болған. Олардың «махаббатына» намыстанған жігіттің туыстары жігітті күштеп кемпірдің үйінен алып та кетіпті. Бірақ, не сиқыры барын кім білсін, әлгі тепсе темір үзетін өрімдей жігіт бет-аузы қырыс-тырыс, селкілдеген кемпірсіз тұра алмайтын күйге жеткен.

Кемпірді жігіттің туыстары айыптап, тіл тигізіп жаман сөздер де айтыпты. Соған ызаланған ол «мен емес, Прочитать остальную часть записи »

Дін дегеніміз не?

Ресми деректерге назар аударып қарайтын болсақ, әлем халықтарының 2,4 миллиарды христиан, 1,5 миллиарды ислам, 1 миллиардқа жуығы буддизм және 800 миллионнан астамы индуизм дінін ұстайды екен. Оған әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашырап жүрген жиырма миллиондай иудейді қосыңыз. Бұл – дәстүрлі діндерді ұстанушылар. Егер әлемде бүгінде 7 миллиардқа жуық адам бар десек, олардың 90 пайызға жуығы түрлі дәстүрлі дінді ұстанады.

Дін – адам мен Алланың арасындағы шарт.

Христиан дінінің қасиетті кітабы саналатын Інжіл – көне шарт, жаңа шарт деген екі бөлімнен тұрады. Шарт дегеніміз бүгінде жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасын реттейтін заңдық күші бар контракт екенін жұрттың бәрі біледі. Яғни, дін дегеніміз де адам мен Алланың арасындағы қатынасты реттейтін шарт тәрізді болса керек.

Ислам, христиан, буддизм, индуизм, иудейзм сияқты дәстүрлі діндердің бәрінде Жаратқан белгілеген сол дінді ұстанушылар атқаруы тиіс міндеттер мен тиымдар бар. Алла өзі тарапынан адамдарға осы дүниеде өмір сүру үшін қажетті игіліктерді береді және діни шарттарды дұрыс орындағаны үшін ол дүниеде жұмаққа енгізіп, бақи дүниенің игілігіне бөлейді.

Ал енді Жаратқанның дін арқылы белгілеген міндеттерін орындамай, тиым салынғандардан тиылмаған пенде фәни дүниеде қиындықтарға тап болады, өлгеннен кейін тозаққа түсіп және тауқымет тартады. Бұның Прочитать остальную часть записи »

Банктен несие алу керек пе?

несиеӨткенде «Хабар» телеарнасынан бір депутат пен ғалым экономистің «банктен несие алу керек пе, жоқ па» деген мәселеге байланысты пікірталасы болды. Біреуі несие алу керек десе, екіншісі оны түгелдей жоққа шығарды. Ал енді сіз қалай ойлайсыз, банктен несие алу қажет пе, жоқ па?

Жақсы және жаман несие деген не?

Әлемге аты танымал инвестор, «Бай әке мен кедей әке» бестселлерінің авторы Роберт Киосаки «жақсы несие, жаман несие» деген болады дейді. Біз үшін несиенің бәрі бір. Оның жақсысы, жаманы бола ма екен? Байыппен ой жүгіртіп қарасақ, несиенің де жақсы, жаманы болады екен.

Қазақстанда қазір жұмыс істейтін 9 миллион адам болса, солардың 6 миллионының несиесі бар. Несиені қайтара алмай сотты болып, үйінен, басқа да мүліктерінен айрылып жатқандар аз емес. Одан қалды, несиені қалай қайтарамын деп бастары қатып, жүйке аурына ұшырағандар, тіпті тығырықтан шығар жол таба алмай қиналып, өздеріне қол салғандар да бар.

Осыған қарап, банктен жағдайың болса ешқашан несие алмау керек деген ой түюге болар еді. Бірақ та, нарық қоғамында банк несиесі қаржы саясатының ажырамас бөлігі саналады. Яғни, экономиканың қарқынды дамып, елдің тұрмысының түзелуі – тікелей банк-несие саясатына байланысты.

Егер сіз несиені той жасау үшін алып, бір кештегі көңіл көтеруге милииондаған теңге жұмсап, сол қарызды он жыл бойы еселеп төлейтін болсаңыз, бұл «жаман несие». Ал егерде несиені бизнесіңізді ашу үшін Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика