Декабрь 2014

Вице министр он жылға сотталды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Мүсілім Өмірияев он жылға сотталды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуі тиіс. Оған қоса, мүлкі тәркіленбек. Жалақысы жоғары, жұмсақ, жайлы орынтақта отырған бұрынғы шенеунік үшін бұл жұмақтан тозаққа қуылғанмен бірдей болса керек.

Жемқорлық неге дендеп барады?

Биылғы жылдың өзінде жең ұшынан жалғасып, мемлекет қаржысын жымқырған үлкен қызмет тізгінін ұстаған 8 шенеунікке қатысты іс қозғалыпты. Олардың арасында бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов те бар. Әзірге үйқамаққа алынған экс-шенеунікке бірқатар қылмыстық істерге қатысы бар деген айып тағылуда. Қылмысы дәлелденсе, бұрынғы премьер-министр де жұмақтан қуылғандардың санатына қосылатын сияқты.
Қолдарында үлкен биліктері бар осы шенеуніктерге не жетпейді деген ойға қаласың. Жалақылары жоғары, материалдық барлық жағдайлар жасалған. Сонда оларға не жетпейді? Қанағат. Қазақ «қанағат қарын тойғызады» дейді. Бірақ нәпсі шіркін қанағатты білген бе. Ол әрқашан «әкел, тағы да әкел» деп аузын ашады да тұрады. Оның түпсіз өңешін толтыру мүмкін емес.
Ақмола облысында өз басым баспасөзде қызмет ете жүріп талай лауазымды адамдардың ақша үшін абырой-беделінен, қызметінен, оған қоса бас бостандықтарынан айрылғанын көрдім. Соның бәрін көріп, біліп жүрген Прочитать остальную часть записи »

Сәтсіздіктің бәрі жеңіліс емес

Өмір жолы тақтайдай тегіс болады деп түсіну — аңғалдық. Кейде үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген жайларға тап болып жатамыз. Яғни, өмір біз ойлағаннан гөрі, күрделі. Мақсат биігінен көрініп, ойға алғаны орындалып жататын жандарға бәріміз қызыға, шындығында қызғана қараймыз. Шын мәнінде, бізге өмір жолдары тақтайдай тегіс көрінетін «жолы болғыш» адамдар сәтсіздіктерінен сабақ алып, ойға алған мақсаттарында табандылық танытудың арқасында сондай биіктерге көтерілетінін көпшілік ескере бермейді.

Ертеңгі биіктерге шығаратын баспалдақ бүгін жасалады.

«Жолы болғыш» адамдардың өмір тәжірибесі көрсеткендей, олар өз болашақтарын өздері жасайды. Жұрт ойлайтындай кездейсоқ бақ құсының арқасында жеңіл табыстарға жету – бұл ертегіде ғана болатын ойдан шығарылған қиял. Шынайы өмірде бәрі өзіңіздің адал еңбек, маңдай теріңіздің нәтижесінде жасалады.
Егер сіз ертеңіңіз үшін бүгін пайдалы іс жасамасаңыз, онда ертеңгі күні кездейсоқ игілік күтіп тұрады деу жаңсақтық. Мәселен, сіз жұмысқа бармай бір ай үйіңізде жатып алдыңыз делік. Содан кейін сізге бастығыңыз сол күндер үшін жалақы төлей ме? Әрине, жоқ. Сол сияқты егер сіз болашағыңыз үшін пайдалы шаруалар жасамасаңыз, болашақта сізді ешқандай игілік күтпейді. Бұл – шындық.
Сондықтан ертеңгі болашағыңыз үшін пайдалы істер жасасаңыз, оны болашақта міндетті түрде табасыз. Мен жас шағымда жоғары білім алуды армандадым. Тоғыз рет жоғары оқу орнына құжат тапсырып, құлап қалдым. Прочитать остальную часть записи »

Болашақ бағдар

«Мен инвестормын» блогын бір жылдай жүргіздім. Мақсат төрт бағыт жөнінде – физикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық және рухани жағынан даму жайында әңгіме қозғау болатын. Бір жылдың ішінде үш жүзге тарта мақала жазылды. Оған қоса, бірнеше электронды кітаптар жазып, оқырманға ұсындым.

Мақсат орындалды.

Бір сөзбен айтқанда, мақсат орындалды деуге болады. Әрине, бұл бағытта әлі де көп жайларды жазуға болады. Ойым – блогты онан әрі жалғастыру еді. Дегенмен, күтпеген кедергі кездесті. Доменді Украйнаның минихост деген хостингінен алған болатынмын. Өкінішке орай, бұл байыпсыз, сенімсіз хостинг болып шықты. Бәлкім оған Украйнадағы болып жатқан саяси жағдайлардың әсері болған шығар. Әйтеуір осы хостингтің арқасында домен үшін ақы төлеп, мерзімін ұзартқаныма қарамастан, сайтымнан айрылып тындым.
Сайт ашылмай қалды. Хостингтің техникалық қолдау бөліміне жазған хаттарыма жауап ала алмадым. Тіпті, қазір қызметін пайдаланып жүрген бегет.ру хостингінің мамандары да жәрдемдесе алмады. Доменді басқа хостингке аудару үшін бұрынғы хостингтің рұқсаты қажет екен. Осылайша, бір жылғы жұмысым далаға Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика