Январь 2015

Форех арқылы ақша табуға бола ма?

форехФорех әлемдегі ең үлкен ақша айырбастау орны. Онда әлемнің 64 елінің валюталары еркін саудаға түседі. Корпорацияның күндік ақша айналымы 4 триллион АҚШ доллары көлемінде Бұл әлемдегі ақшаның ең айналымы көп мекеменің бірі болып саналады.
Форех корпорациясының ақша айналымының 97-98 пайызы интернет арқылы жүргізіледі екен. Яғни, бұл ғаламтор желісіне енгізілген алып ақша айналымы нарығы десе болады. Қыруар ақша айналыста болатын осы нарықтан әркім өз нәпақасын тауып қалуға тырысатыны анық. Ол үшін ғаламторға қосылған компьютеріңіз болса болғаны.

Ақшаны табу да, жоғалту да оңай.

Форех нарығына шығарылған 64 валюта сұраныс пен ұсыныстың ара салмағына байланысты бағасы үнемі құбылып отырады. Баға кейде көтерілсе, кейде құлдырайды. Осы жағдай миллиондаған адамның Форех арқылы күректеп табыс табуына жағдай жасайды. Ол үшін сіз Прочитать остальную часть записи »

Жан мен тән

Ақиқатты білу адамға не береді? Ең алдымен сіз өзіңізге шынайы бақыт және игілік әкелетін дұрыс жолды таңдайтын боласыз. Дұрыс жолға түскен адамның жетер жеріне жететіні анық. Ал ақиқатты білмеген жан теріс жолға түсіп, әу бастан адасады, сөйтіп игілікке де, бақытқа да ешқашан жете алмайды. Ақиқат дегеніміз не? Ол жан мен тән туралы толымды білім және түсінік.

Адамның ең үлкен қателігі

Адамның ең үлкен қателігі – өзін тәнмін деп санап, соған орай тіршілік ететіндігі. Адамның бар бақытсыздығы мен өмірде тататын азабы мен тауқыметінің бірден-бір қайнар көзі – осы қате түсінікте жатыр. Неге дейсіз бе? Оған көзіңізді жеткізу онша қиын емес.

Тәнге не қажет? Тән белгілі бір температурада өмір сүруді қалайды, оған киім, тамақ, ұйқы қажет. Осыны қамтамасыз ету үшін сізге үй, азық-түлік, жататын жайлы төсек пен сәнді жиһаз керек. Оның бәрін алу үшін жұмыс істеп, ақша табуға тиіс боласыз.

Тәннің қажеті мұнымен бітпейді. Тән үшін ең үлкен қажеттіліктердің бірі – жалпақ тілмен айтқанда Прочитать остальную часть записи »

Арманыңыз асқақ болсын

Армандау залалды емес (мечтать не вредно) деген сөз бар. Автобуста немесе көпшілік орындарда айналаңызға назарыызды салып байқасаңыз қалың ойға батқан жандарды көресіз. Олар не ойлайды? Өмірінде кездескен қиындықтарды, қол жеткен жетістіктерін, болашақта жүзеге асырғысы келген арман-мақсаттарын…
Егер адамдардың арман-мақсаттары түгел орындалатын болса, мына жалғанда бақытсыз, кедей, кейіпсіз пенде болмас еді. Өкінішке орай, біздің ойлаған арман-мақсаттарымыздың жүзден, тіптен мыңнан бірі де орындалмай жатады. Бұның себебі неде?

Өмір жолы сіз болжамдаған жоспарларыңыздан басқарақ.

Бүгінде болашаққа арнап нақты жоспар жасап, сол бойынша алға жылжу қажет, сонда жетістікке жетесіз дегенді алға тартқан түрлі тренингтер мен тәсілдер көбейіп кетті. Олардың сөзіне сенсек, көзімізді жұмып алып сол арман-мақсатымызға жеткендей сезінсек, сонда мақсатымыз оп-оңай орындала салады екен.

Шындығында өмір жолы біз ойлағаннан және жоспарлағаннан басқарақ, күрделірек. Мәселен, биік таудың етегінде тұрып, оған қалай шығудың жоспарын жасадыңыз делік. Қолыңызда тауға шығуға қажетті барлық құралдарыңыз және көмекшілеріңіз бар. Сіз таудың басына бес-алты Прочитать остальную часть записи »

Ақылдың күші

Ведалық ілімнің шыңы саналатын Бһагавад Гитада ақыл адамның ең жақын досы, әрі ең қатерлі дұшпаны деп айтылады. Өз ақылын тізгіндеп, оны дегеніне бағындырған адамға ақыл ең жақын дос болса, керісінше ақылын тізгіндей алмаған пенде үшін ол ең қатерлі дұшпан болып қалады. Ақылды тізгіндеп, оны өзіңнің досыңа айналдыру үшін ең алдымен ақыл дегеннің не екендігін және оның табиғатын түсініп алуымыз шарт.

Ақылдың азабы

Адамды табиғи эволюцияның жемісі ретінде түсіндіретін материалистік ғылым ақыл туралы ештеңе айтпайды. Тағы да Бһагавад Гитаны парақтап қарасақ, ақыл дегеннің Жаратқанның қуаты, кәдімгі компьютерлік стандартты бағдарламаға ұқсайтынын бағамдаймыз. Ақылдың екі түрлі қызметі бар: мынау маған ұнайды, мынау ұнамайды дейді ол. Сондықтан ақыл жақсы мен жаманды айыра алмайды.

Мәселен, ақыл айтады «темекі тартып, арақ ішкен ұнайды, темекі тартсаң ақыл-ойың сергиді, ал арақ көңіліңді көтеріп, қайғыңды ұмыттырады». Осылайша ақылдың тілін алған пенде басқа түгілі, білікті дәрігер мамандардың сөзін де құлағына қыстырмай, темекісін тартып, арағын ішумен Прочитать остальную часть записи »

Ақша ағымы

Байлыққа бастайтын ең сенімді және қолжетімді жол – инвестиция. Сіздің жалақыңыз қанша жоғары болғанымен, егер инвестиция жасауды үйреніп, жүзеге асырмасаңыз, онда тапқан ақшаңыздың бәрі құмға сіңген судай із-түзсіз жоғалады.
Мұны төлдемейтін түлікпен салыстыруға болады. Мәселен, бір кісінің бес сиыры бар делік, ал екінші кісінің бір сиыры бар. Бес сиыры бар адамның малы төлдемейді, осыған орай сиырлар қаратайғанда өнім беруін тоқтатады. Яғни, ол барлық малынан айрылады. Екінші жалғыз сиыры бар адамның сиыры жыл сайын бұзаулайды, соған орай оның мал басы да, оның өнімі де уақыт өткен сайын көбейе бермек.

Ақшаны инвестициялау неден басталады?

Ең алдымен сіз өз кіріс-шығысыңыз туралы бухгалтерлік есеп жүргізуді үйренуіңіз қажет. Ақша ағымыңызды бақылау және басқару оншалықты қиын шаруа емес. Оны сіз әдетке айналдырып алсаңыз, көп ұзамай нақты нәтижесі көріне бастары анық.

Қанша табыс табасыз, ол ақшаны қайда жұмсап жатырсыз, жұмсалғаннан кейін қолыңызда қанша ақша қалады? Жеке бухгалтерияңызда осының бәрі тайға таңба басқандай анық көрініс табуы тиіс. Ол үшін арнайы дәптер ашыңыз және үнемі жазып жүруді дағдыға айналдырыңыз.
Прочитать остальную часть записи »

Діни парызды Құранды тікелей басшылыққа алып жасаған дұрыс па?

Сұрақ: Бүгінде Құранның мән-мағнасы көптеген тілдерге аударылды. Осыған орай, Құранды басшылыққа алып, сондағы нұсқаулармен тікелей жүру қажет деп санайтын уаххабшылар сияқты діни ағымдар шықты. Бұл туралы не айтасыз?
Жауап: Арабтың тілі өте бай. Тіпті, бір сөздің 15-20 мағына беретін жайлары да кездеседі. Сондықтан да, Құранды тікелей қабылдап, оның мән-мағынасын дәл түсінеміз деу мүлдем қате. Қазіргі таңда Құранның исламтанушы ғалымдар 10-20 пайыздайын ғана түсіндіре алады. Ал қалған 80-90 пайызы бізге жұмбақ күйінде қалып отыр. Шын мәнінде Құранның мән-мазмұны шексіз терең.

Құранның мағынасы шексіз.

Оның ішкі және сыртқы мағынасы бар. Сыртқы мағынасына қарап түсіндіру толық түсінік болмайды. Мәселен, шкафтың алдынан қарасақ, ол жалпақ болып көрінеді, ал жанынан қарасақ, ол жіңішке сияқты көрінеді. Шкафқа дәл сипат беру үшін оны жан-жағынан, яғни алдынан да, бүйірінен, артынан, төбесі мен табанынан назар аударып, содан кейін барып сипаттауымыз қажет Прочитать остальную часть записи »

Медитация

медитация-1Құдайға құлшылық етудегі ең тиімді тәсіл – атқарған тағат ибадатыңызды зор ынтамен жасау және бар назарыңызды соған аудару болып табылады. Содан болар, барлық дәстүрлі діндерде медитацияға, яғни ақыл-ойды шоғырлауға ерекше көңіл бөледі. Медитация дәстүрлі діндердің бәрінде бар.

Ислам дінінде медитация Алланың қасиетті есімдерін қайталау – зікір айту түрінде көрінеді. Сопылық ағымды ұстанушылар пірге қол тапсырып, шәкірт атанғаннан кейін күніне 4-6 сағатқа дейін зікір айтып, бар ақыл-ойын соған шоғырлауға жаттығады. Христиан дінінде Жаратқанға жалбарыну түріндегі дұғаға, буддизм дінінде тыныс алуға, жүректің соғысына, ақылға, басқа да нысандарға, индуизм дінінде мантра түріндегі Жаратқанның есіміне ақыл-ой шоғырланады.

Ақыл-ойды шоғырлау, яғни медитация не үшін қажет?

Адам бір сәт те тыныш тұра алмайды, ол ой, сөз немесе әрекет түрінде үнемі қозғалыста болады. Сіздің ойыңыз көзіңіз ұйқыға кеткенше тынымсыз әр тарапқа бой ұрып, үнемі қозғалыста болады. Оны үздіксіз ағатын ағысы қатты өзенмен салыстыруға болады. Бір қарағанда өзен суы өзгеріссіз сияқты көрінгенмен, қазіргі сіздің тұсыңыздағы ағын су сәлден кейінгі судан мүлдем басқа. Ой да үнемі қозғалыста болып, бізді шартарапқа жетелеп әкетеді.

Медитация сол үздіксіз қозғалыста болып, бірі келіп, бірі кетіп жататын ой тізбесін саналы түрде Прочитать остальную часть записи »

Қор биржасы

Қор биржасы деген құнды қағаздар сататын мекеме деп ойлайтындар бар. Шындығында бұл дұрыс емес. Қор биржасы онда сатылатын қағаздарға еш иелік етпейді және бағасын белгілеуге де құқы жоқ. Бұл мыңдаған компаниялардың өз құнды қағаздарын сататын орын.
Қор биржасы құнды қағаздарды сату және сатып алу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасап, компаниялар мен клиенттерге қызмет көрсетеді. Биржа сұраныс пен ұсыныстың еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді болдырмауға күш салады.

Бағаның ауытқуы

Қор биржаларында құнды қағаз құны үнемі өзгеріп отырады, дегенмен күрт өзгеріс өте сирек болады. Ол көбіне құнды қағаз ұстаушылардың көңіл күйіне байланысты орын алады. Әрине, оған ең алдымен сыртқы жағдай әсер етпек. Бұл үшін биржаны кінәлаудың еш негізі жоқ.
Құнды қағаз нарығына қатысатындардың арасында «аюлар» мен «бұқалар» болады. Мұндай түсініктің берілуіне олардың саудада ұстанатын ұстанымы негіз болған. «Аюлар» бағаны Прочитать остальную часть записи »

Бақытты болудың құпиясы

Адамдарға мына өмірді сонша қызықты және тартымды етіп тұрған құдірет – бақыт екендігі күмәнсіз шындық. Бірақ та, бақытты әркім әрқилы түсінеді. Біреу үшін бақыт байлық, атақ-мансап болса, енді біреулер бақыт дегенді ішіп-жеу, ойнап-күлу, қызыққа белшеден батып тірлік кешу деп біледі.
Қалай болғанда да, әркім өз бақытын тауып, мына бес күнгі тірлікте қызық пен рахатқа батқысы келеді. Дегенмен, бұл екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Оның себебі неде?

Бақытқа бастар жол.

Адамдардың көбі бақыт деген кездейсоқ басқа қонатын бақ құсы сияқты нәрсе деп түйсінеді. Шындығында бақыт алдыңа нақты мақсат қойып, соған нық сеніммен және табандылықпен ұмтылу арқылы қол жеткізуге болатын игілік. Адамдардың басым көпшілігінің бақытты бола алмайтыны да ол туралы қате түсініктен десек, шындықтан алыс кетпейміз.

Үнді халқының ежелгі жыры «Махабхаратада» мынадай оқиға баяндалады. Ұлы ұстаз Дрона Каурава әулетінен шыққан 105 ханзадаға әскери жаттығу өнерін үйретеді. Ол садақ ату бойынша ханзадаларды сынау үшін көз ұшында бұлдырап көрінген ағаштың басына құстың мүсінін іліп Прочитать остальную часть записи »

Ашығудың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Бүгінде адамдардың, әсіресе әйелдердің басым көпшілігі артық салмақтан қиындық көруде. Артық салмақтан қалай арылу қажеттігі туралы кітаптар мен бейне-дыбыс сабақтар көбейіп кетті. Олардың арасында игі әсерін тигізетіндер де, көз алдау үшін жасалғандары да бар.
Артық салмақ адамның денсаулығына өте залалды. Одан арылудың негізгі жолдарының бірі – дұрыс тамақтана білу. Артық салмақтан арылуға және денсаулықты нығайтуға ашығудың да тигізетін әсері мол.

Асқазан — демалыссыз жұмыс істейтін құрылғы.

Қазақта ежелден келе жатқан бір жаман әдет бар – түнде тамаққа тойып алып жату. Тамақты қазақтар негізінен кешкілік мерзімде жатар орынға ішеді. Оның қандай залалы бар?
Біріншіден, тамақты қорытуға көмектесетін ішкі от элементі күн шығып тұрған кезде, әсіресе күн тас төбеге жеткен түс мерзімінде күшейе түседі дейді аюрведа ілімі. Соған орай, аюрведа бір күнде ішетін тамақтың 50-60 пайызын түсте ішу керек деп тұжырымдайды. Түсте ішкен тамақ күн Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика