Март 2015

Әли-әл Муртада

Пайғамбарымыз (с.а.с) дүниеден өткеннен кейінгі аса қиын кезеңде жаңа құрылған мұсылман мемлекетінің тізгінін қолына алып, жаңа дін исламды жан-жақтан төнген түрлі қатерлерден сақтап қана қоймай, оны әлемге таратуға үлкен үлестерін қосқан төрт халифаның бірі – хазірет Әли атанған Әли ибн Әбу Тәліп ибн Әбдүл-Мүтталіп ибн Хашам ибн Әбди Манап ибн Құсайи еді. Ол хижра жыл санағынан жиырма жыл бұрын дүниеге келген Пайғамбарымыздың (с.а.с) ағасы Әбу Тәлібтің кенже ұлы болатын.

Пайғамбарымыздың (с.а.с) тәрбиесінде болуы.

Балалары көп болғандықтан, оларды асырау қиын болғандықтан туыстары Әбу Тәлібтің балаларын өз тәрбиелеріне алады. Әли осылайша Пайғамбарымыздың (с.а.с) тәрбиесінде өседі. Ол он жасқа толғанда бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с) бен жұбайы Хадиша анамыздың намаз оқып отырғанын көріп қайран қалып сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с) бұның жаңа дін Прочитать остальную часть записи »

Ақпарат пен білімнің айырмасы неде?

Белгілі интернет бизнесмен, «Миллионерше ойлау» жобасының авторы Алекс Яновский білім дегеніміз пайдалы ақпаратты қажетіңе жарату арқылы нақты нәтижеге қол жеткізу дегенді айтады. Егер сіз көптеген пайдалы ақпараттарды оқып, соны жадыңызда сақтап жүрсеңіз, бірақ оны іс жүзіне асырып, нақты нәтижеге жетпесеңіз, ол жәй ақпарат қана болып қалады.

Ақпаратты кәдеге асырғанда ғана ол білім болады.

Мәселен, сіз артық салмақтан қалай арылуға болатыны туралы кеңесті оқып, соны тәжірибе жүзінде пайдаланып көрдіңіз, сөйтіп көп ұзамай артық салмағыңыздан арылып, нақты нәтижеге қол жеткіздіңіз делік. Бұл – білім. Егер сіз әлгі ақпаратты оқып, тіпті сол кітапты сөреңіздің ең көрнекті жеріне қойып қойсаңыз, бірақ іс жүзіне пайдаланбасаңыз, ол ақпарат қалпында ғана Прочитать остальную часть записи »

Не ексең, соны орасың

Қасиетті Құранда «Егер кімде кім біреуге жақсылық жасаса, оған соншалықты жақсылық бар, жамандық жасаған адамға да соншалықты жамандық тиесілі. Алланың әрнәрсеге күші басым» деген аят бар. Мұның өзі «не ексең, соны орасың» деген халық нақылымен үндесіп жатқандай. Яғни, жақсылық жасасаң, Алла тарапынан жақсылыққа кенелесің, ал жамандық жасасаң, жазасын алып, тауқыметке тап боласың.

Карма иога.

Карма иога деген иоганың бір саласы бар. Онымен айналысатын адамдар кармасын, яғни іс-әрекетін жақсарту арқылы өмір жолдарын ашып, бұл дүниеде де, о дүниеде де игілік табу шараларын жасайды. Мұны мынадай мысал арқылы түсіндіруге болар еді. Егер сіз өзіңіз өмір Прочитать остальную часть записи »

Тәуекелсіз инвестиция

Кез-келген инвестиция белгілі дәрежеде тәуекелге баруды қажет етеді және сіз міндетті түрде белгілі сомада ақша салуға тиіс боласыз. Ал бір тиын да ақша салмай және еш тәуекелсіз ақша табуға бола ма? Шынын айтқанда мұның өзі бір қарағанда ақылға сиымсыз ертегі сияқты сезілері анық. Дегенмен, ғаламторда сондай жобалар да бар. Бірақ олардың көпшілігі қаржы пирамидасы түріндегі адамдарды алдап қалталарын қағатын алаяқтық жобалар. Дейтұрғанмен, бірлі-жарым адамдарға табыс табуға мүмкіндік беретін жобалар да ұшырасып қалады. Ондай жобаның бірі ретінде webtransfer-finance сервисін айтуға болады.

Ақша салмай ақша табатын жоба.

Мен бұл жобаға өткен жылдың жазында тіркелген едім. Шақырған адамның тегін 50 доллар береді дегені онша сендіре қоймаса да, нем кетіп барады деп тіркеле салғанмын. Қызығы сол, сервис маған шынымен 50 доллар займ берді. Соны он күнге кредитке беріп, үстінен проценттік өсім түрінде 3,75 доллар таптым. Бірақ іс онан әрі қозғалмай тұрып қалды. Өйткені, спонсорым Прочитать остальную часть записи »

Адамның өмірдегі орны ақыл-ой деңгейіне байланысты

Неге біреу ақылды, талантты, ал енді біреу топас, жалқау, дүмбілез? Біреулер ойларына алған мақсатына оңай жетіп, өмір баспалдағымен жедел көтеріліп жатады, ал біреулер қырсықтан көз аша алмай жұмыста да, отбасында да жолы болмай құрдымға құлайды.
Егер зер сала қарайтын болсақ, мақсатшыл, жолы болғыш, биіктерге қол жеткізген жандардың жолы болмайтын пенделерден үлкен айырмашылықтары барлығын бағамдаймыз. Ол қандай айырмашылық? Биік нәтижеге қол жеткен адамдардың бәрі өте белсенді және алдына қойған мақсаттарына үлкен құлшыныспен ұмтылады, көп оқып, ізденеді, еңбектенеді.
Ал жолы болмайтын жандар керісінше, бойкүйез, жалқау, күмәншіл, күдікшіл болады, нақты масқат қойып, соған жетуге талпынудың орнына аспаннан әлдене түсе қалатындай болашақтан белгісіз бақытты күтумен күн өткізеді.

Ақыл-ой деңгейі

Адамның биік мақсаттарға құлшынуы, соған жетіп, бай-бақуатты, ең бастысы бақытты өмір кешуі ақыл-ой деңгейінің қаншалықты биіктігімен өлшенеді. Мәселен, үй-күйі жоқ араққа салынған БОМЖ-дың бар арман-мақсаты бас жазатын жүз грамм арзанқол арақ пен тамақ, Прочитать остальную часть записи »

Ақша – Алланың қуаты

Ақша түрлі суреттер мен ою-өрнек салынған әдемі қағаз ғана емес, ол – қуат. Индустар ақшаны Лакшми, яғни, тәңірі Кришнаның мәңгілік серігі, құт-береке тәңіриясы деп атайды. Ақшаның қуат екенін айғақтайтын жайлар өте көп. Мәселен, ақша адамға сенімділік береді және үрей мен қорқыныштан арылтып, өзіңді біршама жайлы сезінуге игі ықпалын тигізеді. Керісінше, ақшаның жоқтығы адамды әлдекімдерге тәуелді етіп, ертеңгі күнім не болар екен деген уайымға берілуге, материалдық жағынан өзін өте қолайсыз сезінуге мәжбүрлейді.

Ақшаң болса қалтаңда…

Кеңес заманында жұрттың көбі «байлық — мұрат емес, кедейлік — ұят емес» деген қағидамен өмір сүрді. Ол кезде адамдардың көпшілігі бір дәрежеде, қоңырқай тірлік кешті. Бүгінде жағдай мүлдем өзгерді. Соған орай, ендігі кезде «байлық – мұрат», ал «кедейлік – ұят» болып Прочитать остальную часть записи »

Тамақтану мен демалу тәртібі

«Қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» деген сөз бар қазақта. Сол сияқты денсаулықты да күтіп, тәннің саулығына көңіл бөліп жүрмесе, ауру-сырқау белең алып, денеңді дерт жайлап алуы оп-оңай. Тіпті, темірден жасалған машинаны да күтіп ұстамаса, тез тозып сынып, істен шығатыны белгілі.
Өкінішітісі сол, адамдардың басым көпшілігі денсаулықтарын тек ауырған кезде ғана еске алып жатады. Ондайлардың денсаулықтарын сақтау үшін жасайтын жалғыз тәсілі – емханаға барып, дәрігер жазып берген бағасы удай қымбат дәрі-дәрмекті сатып алып ішу ғана.

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар. Ауырмаудың жалғыз амалы – салауатты өмір салтын ұстанып, тамақтану мен демалу тәртібін сақтау екендігі даусыз шындық. Ауруханада емделіп, дертінен құлан-таза айығып жатқан адамдарды көрдіңіз бе? Жоқ. Бүгінгі Прочитать остальную часть записи »

Ажалдың арғы жағында

Күн сайын бір танысымыз, не туысымыз қайтыс болып жатады. Осылайша біз ажал атты әрбір тірі пенде қашып құтыла алмайтын құбылыспен күн сайын тоқайласып тұрамыз. Өкініштісі сол, ажалмен күнде бетпе-бет келіп жатсақ та, өзімізге өлім ешқашан келмейтіндей, мәңгі жасайтындай сезініп, ол туралы қаперсіз күн кешеміз.

Ажал қалғымайды.

Көкшетаудың мешітінің наиб имамы маған ажал жайлы бір фильмді дискіге жазып берді. Түркия, не Иран елінің бе киносы екен. Ағайынды екі жігіттің үлкені намазын қаза жібермей, ораза ұстап, имандылықты серік етсе, кішісі шарап ішіп, карта ойнап бұзық жолға түседі. Ол ағасының айтқанын құлағына қыстырмай, осылайша күнәкарлықпен күндерін өткізіп жатады.

Бір күні түн ортасында «Хасан» деген үрейлі дауысты естиді. Диванда ұйықтап жатқан ол орнынан тұрғысы келгенмен, тұра алмайды. Балконнан ішке енген қара киімді қорқынышты Прочитать остальную часть записи »

Интернет бизнес

Бүгінде Қазақстанда 7 миллионнан астам адам интернет жүйесін пайдаланады екен. Интернетті пайдаланушылар саны елімізде күн санап артып келеді. Электронды үкімет бағдарламасына сай атқарушы билік өз жұмысын түгелдей интернетке көшірді. Билік интернетке көшіп жатқан соң бизнес өкілдері де ақырындап заманауи технологияны пайдалануға назар аударуда. Шындығында Батыс елдерінің кәсіпкерлері әлдеқашан өз бизнестерін интернетке көшірген.
Әлемнің алдыңғы қатарлы ірі компаниялары түгелдей жұмыстарын интернет жүйесі арқылы жүргізуге көшті. Олар өз өнімдерін интернет арқылы жарнамалап, сатады, тіпті адамдарды да интернет арқылы жалдап, жұмыс істетеді. Осыған орай, интернет-бизнес деген бизнестің жаңа түрі қалыптасты. Қазір тек интернет арқылы жұмыс істейтін компаниялар мен фирмалар көп. Олар қызметкерлерін түгел дерлік интернет арықыл жалдап алып, ақшаны да интернет желісі арқылы төлейді.

Интернет арқылы ақша табу

Біздің елімізде әзірге бизнестің бұл жаңа түрі әлі қалыптаса қойған жоқ. Интернет магазиндерден қалаған затын сатып алатындар елімізде жоқтың қасы. Шындығында мұндай дүкендерден сіз қалаған затыңызды таңдап-талғап және кәдімгі дүкендегіден әлдеқайда арзан бағаға сатып Прочитать остальную часть записи »

Бізге жағымды көрінгеннің бәрі жақсы емес

Жақсы мен жаманды айыра білу адамды өмірде кездесетін көп қиындықтар мен қателіктерден қорғайды. Өкінішке орай, көп адамдар жақсы мен жаманды айырмайды. Шындығында олардың жақсы деп жүргені жаман, керісінше жаман деп жүргенінің жақсылық әкелетінін зердесі бар адам ғана ұғынады.

Жақсы деген менене, жаман деген немене?

Бала кезімізде белгілі ақынның осындай тақырыппен жазған тақпағын оқығанымыз бар. Бірақ, шындығында жақсы мен жаман деп жүргеніміздің астарында басқаша сыр жататынын көбіміз біле қоймаймыз. Мәселен, бізге жақсы болып көрінген нәрсенің жамандығы, керісінше жаман көрінген нәрсенің жақсылығы болады.

Қандай адамның ауырысы келеді? Сіз сұрау салып көріңізші, ауруды жақсы деп санайтын Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика