Май 2015

Бақыт құсының баяны

өзіндік даму1Бақыт құсы басыңа қонса жолың ашылып, ойыңа алған бар арман-мақсатың орындалады деген түсінік ертегінің кейіпкерлеріне тән ұғым болса керек. Қазіргі заманда «бақыт құсы» бағдарламасы жұмыс істемейді. Ойыңа алған мақсатыңа жету үшін міндетті түрде тер төгіп, еңбектенуің, оған жеткізетін амал-тәсілдер мен білім-біліктілікті меңгеруің қажет.
Бірақ та, ғылым мен техника шарықтап дамыған қазіргі заманда да «бақыт құсы» туралы әфсәнаға сенетіндер бар. Осыған орай, адамның «жолын ашып, басына бақыт құсын қондыратын» өнерді үйретеміз дейтін «ұстаздар» да жер-жерден көптеп шығып жатыр.

Бақыт деген жан қинамай мақсатқа жету ме?

Өзін-өзі жетілдіру курстарының көптеген авторлары интернет арқылы өздерінің электронды кітаптарын, бейне-дыбыс курстарын тықпалап, осыны сатып алсаңыз ойыңызға алған мақсатыңызға жетудің кілтін қолыңызға ұстайсыз деп азғырады.
Ал базарда отырып бал ашатын көріпкелдер «жолыңызды ашамын, бойыңызға жабысқан Прочитать остальную часть записи »

Имандылықтың белгісі

мақсатИманды адамның ең басты қасиеті – Аллаға ұнайтын нәрселерді жасап, шариғатқа қайшы келетін әрекеттерден бас тартуы. Алла адамдардың өзіне де, өзгеге де пайда келтірмейтін істермен және залалды істермен айналысқандарын ұнатпайды. Сондықтан әр пенде пайдалы іспен айналысып, жағымсыз нәрселерден бойын аулақ ұстағаны абзал.

Имандылыққа бастар жол.

Кейбір адамдардың жаратылысында жамандық жасау бар. Ондай пенделер әдетте жамандық жасауға әрдайым бейім тұрады. Бірақ жаратылысы осындай деп жамандық жасау пендені ақтамайды, қайта күнәсіне күнә қосады.

Хазіреті Әлидің «адамдардың арасында бол, бірақ адамдарға жүк болма» деген сөзі бар. Прочитать остальную часть записи »

Ішкі ырғақтылықтарды қалпына келтіру

Ниши жүйесі бойынша тағы бір кешенді жаттығулар біздің ағзамызда жұмыс жасайтын табиғи қуаттардың ырғақтылығын қалпына келтіруге бағытталған. Тепе-теңдік пен ырғақтылық – бұл табиғаттың заңы. Онсыз адамның денсаулығы дұрыс болмайды.
Өкінішке орай, адамдардың өмірінде кездесетін түрлі жағдайлар олардың ағзаларының тепе-теңдігі мен ырғақтылығының бұзылуына соқтырып жатады. Ағзаларымыздағы нендей заттың тепе-теңдігі пен ырғақтылығы сақталуы тиіс?

Ырғақтылық не үшін қажет?

Ең алдымен, бұл ағзаларымыздағы қышқыл мен сілекей шіріштеріне қатысты.Содан кейін жүректен тәнімізге, одан қайта жүрекке оралатын қанның қозғалысын туғызатын тамырлардың қызметі ырғақтылықта болуы керек. Ағзаларымызға тағамдардың енуі мен қалдықтардың шығуы арасындағы ырғақтылық. Тәннің жылу мен суыққа реакциясы. Мидың сол және оң жақ Прочитать остальную часть записи »

Тілек – өмірдің қозғаушы күші

бақытАқыл-есі дұрыс әрбір адамда тілек болады. Тіпті, ақыл-есі әлі толыспаған сәбиде де тілек бар. Ол дауыстап жылап, қарнының ашқанын, тамақтанғысы келетінін сездіреді. Яғни, тілек тілейді. Сәби жылай бастаса-ақ анасы оған әлдененің жетіспейтіндігін сезіп, баланың тілегін қанағаттандыруға асығады.

Өкінішке орай, ересек адамдардың тілектерін қанағаттандыратын ешкім жоқ. Сондықтан ол өз тілегін өзі қанағаттанлдыруы тиіс болады. Бірақ, санамызда жалт етіп көрініп, жан дүниемізді баурап алатын қаптаған тілектердің бәрін қанағаттандыруға күшіміз де, мүмкіндігіміз де жетпейді. Тіпті, жүз тілегіміздің біреуі орындалып жатса, соған да шүкір дейтін жайымыз бар.

Тілектің орындалу, орындалмауы неге байланысты?

Тілек дегеніміз екінші ұғынықтылау сөзбен айтқанда — арман-мақсат. Яғни, біз әлденеге қол жеткізсек немесе әлдебір затқа ие болсақ деп армандаймыз. Сол мақсатымыз орындалса, өзімізді бақыттылау сезінетіндей көреміз. Бірақ тілектеріміздің көбі орындалмай жатады. Бұл өз Прочитать остальную часть записи »

Нәпсі шырмауында

Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейкиссалам нәпсіге қарсы күрес қиямет қайымға дейін созылады деген екен дейді. Бұдан нәпсіні ауыздықтаудың мұсылман баласы үшін қаншалықты маңызды екендігі анық көрінеді. Жалғыз ислам дінінде ғана емес, нәпсіні тыю мәселесі барлық дәстүрлі діндерде ең алдыңғы қатарға шығарылған. Адамды азғындыққа итермелейтін сайтанның басты қаруы да нәпсі болса керек.

Нәпсі адамды адастырады

Нәпсі тек ер адам мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы емес, атақ-даңққа, байлыққа, мансапқа шектен тыс ынтызарлық та нәпсіге жатады. Бхагавад Гитада оттың түтінсіз Прочитать остальную часть записи »

Инвестиция – ақшадан ақша жасау өнері

инвестицияАмериканың ұлы ойшылы Бенджамин Франклин «ақшаның көбеюшілік қасиет бар» дейді. Ақшаның осындай қасиетін жақсы білетін және соны нақты іс жүзінде пайдаланатын адам ақшасына ақша қосып, белгілі уақыттан кейін мол байлыққа міндетті түрде қолы жетпек.
Бұрын инвестиция, яғни ақшаны көбейтуге ықпал ететін нысандарға қаржы салу тек бай-бақуатты адамдардың ғана ісі саналса, қазір оған кез келген адам қатыса алады. Ал интернеттің дамуы ақшаны инвестициялауға кең жол ашып берді.

Құнды қағаз дегеніміз не?

Инвестицияның қарапайым жұртшылық арасында ең кең таралған түрі – банк депозиті, сақтандыру және зейнетақы қорлары болып табылады. Олардың бәрі де тәуекелі аз, қауіпсіз инвестиция болғанымен, түсім көрсеткіші онша жоғары емес. Инвестициямен шындап Прочитать остальную часть записи »

Дін жолында адаспаудың кепілі – шынайы ұстазға шәкірт болу

даналықБүгінде ислам дінінің қыр-сырын түгел меңгеріп болғандай сезінетін жандар, әсіресе жастар көбейіп кетті. Әлеуметтік желілерде араб тілінде термин сөздерді қосақтап сөйлейтін сондай «ғұламалар» дін ілімін түгел меңгерген ұстаздай сезініп жатады.
Шынайы білім ұстаздан шәкіртке берілетін сабақтастық желісі арқылы алынады және ол жүрек арқылы беріледі. Ілім үйрендім деп сайтанның соңына еріп жататындар жетерлік. Орта ғасырлардағы атақты ғұлама Хасан Басридің бір шәкіртінің бастан кешкені соған айғақ.

Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ.

Ислам тарихында әулиелігімен, дін ілімін жете меңгерген алымдығымен аты шыққан Хасан Басри өз заманында аса беделді ұстаз болған. Оның мәслихатында болып, әңгімесін тыңдауға, қол тапсырып, шәкірт болуға құлықтылар өте көп болатын.

Хасан Басридің бір шәкірті болды, аты Әбділдә еді. Ол ұстаздан тарихат ілімін үйреніп жүрді. Сол шәкірт бірнеше күн бойы ұстазға келмеді. Хасан Басри шәкіртінің жайын ойлап, алаңдай Прочитать остальную часть записи »

Адамдар денсаулықтың қадірін білмейді

шынығуПайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінде «Адамдар екі түрлі нәрсенің қадірін білмейді: денсаулық және бос уақыт» деп айтылған. Пайғамбарымыздың (с.а.с) заманында денсаулықтың қадірін білмеген пенде бүгінде де көп өзгере қойған жоқ. Жұрттың көбі денсаулықтарының жайын тек ауырғанда ғана ойлайды.

Ауырмайтын адам.

Өткенде моншада көптен бері көрінбей кеткен бір ақсақалды кездестірдім. Белі бүкшиіп, қатты жүдеп кетіпті. Парға бір кіргенге қатты қиналған ол демін баса алмай орындықта отырып қатты қалжырап қалғанын айтты. Көптен көрінбегені – ауырып қалған екен. Біреу одан «ақсақал Прочитать остальную часть записи »

Надандық құрсауында

АҚШ соты лаңкестік әрекет жасады деп айыпталған Ресей азаматы Жахар Царнаевты өлім жазасына кесті. Осылайша он екіде бір гүлі ашылмаған, бар өмірі алдында дейтін жастағы жігіттің өміріне балта шабылды. Бұған кім кінәлі?

Білімсіздің жүзі – көн-шарық.

Білім жарық нұр іспетті, ал надандық қараңғы түнек сияқты. Егер сіз қараңғыда қалсаңыз, оң-солыңызды айыра алмай, құрдымға құлауыңыз мүмкін. Ал қолында шамы бар адам көз алдын көретіндіктен, қатерден аман болады.

Қазақ «білімдінің жүзі – жарық, білімсіздің жүзі – көн-шарық» дейді. Адамның мына фәниде жақсы-жаман болмағы біліміне байланысты. Білімсіз адам жақсы мен жаманды айырмай, жақсы деп жаман Прочитать остальную часть записи »

Интернет арқылы ақша табуға бола ма?

интернет бизнесБүгінгі күні Қазақстанда интернет желісін пайдаланушылар саны 8 миллионнан асыпты. Қазір интернет қалада да, ауылда да кең қолданылады. Электронды үкімет бағдарламасы шеңберінде барлық мемлекеттік органдар өз саиттарын ашып, интернет желісін кең пайдаланатын болды. Жеке азаматтар қатарында да өз сайтын ашып алушылар саны жыл санап өсіп келеді.

Интернетті пайдаланушылар саны жыл санап еселеп артқанына қарамастан, бізде көп адамдар интернетті тек қызықты ақпараттар алуға қажетті құрал ретінде ғана санайды. Ал сол интернет арқылы қомақты табыс табуға болатындығын, тіпті интернет-бизнес деген жаңа кәсіпкерлік саласының қазір әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде кең дамып отырғандығын екінің бірі біле қоймайды.

Интернет арқылы табыс табудың сенімді жолы – сайт.

Ол үшін сіздің саитыңызды пайдаланушылар саны жоғары болуы қажет. Ал оқырмандарды тарту үшін сайтыңызда қызықты материалдар мен пайдалы ақпараттар көп болуы шарт.

Сайт ашу үшін не қажет? Өз сайтыңыз немесе блогыңызды ашу үшін оншалықты көп қаражат та, Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика