Май 2015

Сенімі жоқ адам жапырағы жоқ қураған ағаш сияқты

Кеңес заманында атеистік көзқарас мемлекеттік басты идеология болып саналды. Сондықтан болар, жас та, кәрі де құдайсыздықты мақтаныш етіп, иманды адамдарға артта қалған надан деп шекеден қарайтын. Қазір бұл көзқарас біраз өзгергенімен, кеңестік атеистік түсінікті саналарына сіңірген жандар әлі де баршылық.

 Құдайға сенбеймін деу наданмын, ақымақпын дегенмен бірдей.

Таяуда әлеуметтік желілердің бірінде республиғаға танымал бір қалталы кәсіпкер атеис екендігін, құдайға мүлдем сенбейтіндігін зор мақтанышпен жазыпты. Осылайша ол өзінің құдайға сенетін иманды адамдардан артықшылығын, білімділігін көрсеткісі келген сыңайлы. Шындығында ол осы Прочитать остальную часть записи »

Байлыққа қалай қол жеткізуге болады?

табандылыкБай-бақуатты болу бүгінде көп адамдардың басты арманына айналғандығы шындық. Кеңес заманындағы «байлық – мұрат емес, кедейлік – ұят емес» деген түсінік қазір келмеске кетті. Әрине, ақшаға бәрін сатып ала алмайсың, дегенмен де, ақша саған қаржылық тәуелсіздік, ертегі күніңе деген сенім әкелетіні анық.

Ақша жәй қағаздан жасалған мемлекеттік белгі емес, ақша – ең алдымен Жаратқанның қуаты. Ақшаның қуат екенін айғақтайтын жайлар жетерлік. Мәселен, ақша немесе бағалы зат адамдардың санасына үлкен әсерін тигізеді. Ертеректе американдық «Маккена алтыны» деген фильм болған. Соның кейіпкерлері аяқ астында шашылып жатқан алтын алқапты көргенде ақыл-естерінен айрылып есірік күйге түседі. Бұның бәрі ақша немесе байлықтың адам санасына үлкен әсер ететін құдіретін айғақтайды.

Байлыққа қол жеткізу үшін не істеу қажет?

Күндіз-түні бел шешпей еңбек ету, қара нан мен қара сумен күн кешіп, бар ақшаңды жинау сияқты тәсілмен бақуаттылыққа қол жеткізу қиын және мүмкін де емес. Ең алдымен, ақшаның Жаратқанның қуаты екендігін ескеріп, оған құрмет сезімімен қарау қажет. Ақшаға табынбаңыз, бірақ оған деген Прочитать остальную часть записи »

Білім – бар байлықтың бастауы

өзін жетілдіруБілімді адам – не істеу қажеттігін білетін және біліп қана қоймай, соны нақты жүзеге асыратын адам. Жүзеге аспаған білім – жәй ақпарат болып қана қалады. «Секрет» фильмінің авторы және ақыл-ой сананың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, арман-мақсатқа жетудің тәсілдері туралы көптеген кітаптар жазған Джо Витале «Ждите чудес!» деген кітабында адамның ынта-ықыласын арттырып, ертеңге құлшындыратын және биік жетістіктерге бастайтын «ішкі ниет» туралы мынадай мысал әңгіме айтады.

Бақытқа бастар бағытты қалай табуға болады?

Жалғыз ұлымыз ержетіп, университетке түскен соң үйде күйеуіміз екеуміз ғана қалдық, -дейді мисс Кавано. –Содан жалғыздықтан зеріккен біздер Атланти Сити қаласына барып, ептеп бой жазбақ болдық. Көшеде үлкен плакатқа жазылған «Секрет» фильмі туралы жарнаманы көргенде, оған Прочитать остальную часть записи »

Ауырмаудың қолжетімді амалы

Пайғамбарымыз хадистерінде «адам екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық» дейді. Денсаулықтың қадірін көбіне біз ауырған кезде ғана біліп, түйсініп жатамыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың амалын алдын ала жасадың жөн екендігін өкінішке орай, екінің бірі түйсіне қоймайды.

2002 жылдың көктемінде мен өкпеме суық тигізіп алып, екі айдай ауруханада жатып шықтым. Алғашында тәбет те, ұйқы да болмай, қатты жүдеп келген мен, ауруханада жатып, денсаулықтың қадір-қасиетін анық аңғарғандай болдым. Содан кейін-ақ, ауырып емделгеннен гөрі, оның алдын алу дұрыс екендігін түйсіндім. Міне, сол кезден, яғни 2002 жылдың көктемінен бері күнде таңертеңгілік дене жаттығуын жасау берік әдетіме айналды.

Таңертеңгілік дене жаттығуының берері мол.

Соңғы төрт-бес жылдың көлемінде мүлдем ауырған емеспін және дәрі-дәрмек ішпеймін. Емханаға басымды сұқпаймын. Мұны мен  кездейсоқтық деп санамаймын. Бұл салауатты өмір салтын ұстанып, ұйқы, тамақтың кестесін сақтау арқылы келген нәтиже десем, артық айтқандық болмас.

Мен алғашында таңертең 15-20 минуттай дене жаттығуын жасап жүрдім. Бұл денсаулығымды Прочитать остальную часть записи »

Ара мен шыбынның баяны

Біз күн сайын ондаған, жүздеген ақпараттар алып жатамыз. Сезім мүшелеріміз арқылы естіген, көрген жайларымыздың бәрін есімізде сақтамасақ та, ол ақпараттар миымызда жазылып қалады. Түйсік (подсознание) деп аталатын миымыздың терең қабаттарында кітаптың беттері сияқты қабаттаса жазылып, сақталатын ол ақпараттар өлі жүк сияқты әрекетсіз жатады.

Бірақ та, біз ұйықтаған кезде немесе түрлі сезімдерге бой алдырған сәттерде әлгі түйсіктің терең қатпарларында жазылып қалған ақпараттар бас көтеріп, өзінің бар екендігін сездіреді. Жәй сездіріп қоймай, біздің санамызға, сол арқылы түрлі әрекеттерге баруымызға ықпалын тигізеді.

Жақсы ақпарат жан жадыратады.

Қазақта «жақсы сөз – жырым ырыс» деген мақал бар. Жанымызды жадырататын жақсы ақпараттарды үнемі қабылдап жүретін болсақ, түйсігіміз арқылы ол бізді жақсы істерге жұмылдырмақ. Керісінше, жаман жайларды естіп, тыңдауға құмар болсақ, түйісік арқылы Прочитать остальную часть записи »

Табысқа жетудің кілті – табандылық

Қытайдың ұлы ойшылы Лао Цзидың «мың рет құлағанның айыбы жоқ, бір рет тұра алмаған ұят» деген сөзі бар. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді халық даналығы. Яғни, қателеспейтін, кемшілікке бой алдырмайтын пенде болмайды. Зерделі адам сол қателіктерінен сабақ алып, алдағы уақытта ондайға жол бермеуге тырысса,  зердесіз пенде бір жасаған қателігін жүз жасап немесе тағдырдың бір соққысына бола жүнжіп, арман-мақсаттарынан бас тартып жатады.

Сәтсіздіктен сабақ ал.

Белгілі американдық инвестор Роберт Киосаки үш жылдың ішінде бизнесте жолы болып, 3 миллион доллардай ақша табады. Енді ісім оңғарылды, бақуатты адамдардың санатына қосылдым  деп жүргенінде кенеттен сәтсіздікке ұшырап, жиған-тергенінен түгел айрылады. «Осыдан кейін мен бір жылға дейін өзіме өзім келе алмай жүрдім» деп есіне алады ол. Арада екі-үш жыл өткенде оның ісі Прочитать остальную часть записи »

Арақ адамды аздырады

Құранда арақты, шошқаның етін, өлексені харам деп, одан бас тарту қажеттігі туралы айтылған аят бар. Бірақ Құранды оқымаған, ислам дінін ұстанбайтын бүгінгі адамдардың көбі арақ-шарапты харам деп санамайды. Кеңес заманында арақты ақылмен ішук керек деген түсінік болған, қазір де соны ұстанатындар көп.

Арақты ақылмен ішуге бола ма? Жоқ. Бұл арақ ішкісі келетіндердің өздерінің теріс әрекеттерін ақтап алу үшін ойдан шығарған ертегіден басқа түк те емес. Өйткені арақ тұрған жерде ақыл тұрмайды. Белгілі ақын Қадыр Мырза Әлінің «бір жүз грамм жетпейді де тұрады» деген өлеңі бар емес пе. Сол сияқты арақ ішкен адамға тағы бір жүз грамм қажет сияқтанады да тұрады. Содан ол ақыл-есі ауысқанша ішіп, ақылға симайтын істер жасап жатады.

Арақ көңіл көтеру құралы ма?

Жұрт арақты не үшін ішеді? Көңілдерін көтеріп, қайғы-мұңын басу үшін. Егер арақ ішетіндерге зер сала қарасаңыз, арақтың көңілді көтеріп, қайғыны басатын қасиеті жоқ екендігін бағамдауға болады. Керісінше, арақ ішкен адамның көңілі құлазып, ашу-ыза, өзімшілдік, әліне қарамай өркөкіректікке салыну, қызбалық сияқты жағымсыз қылықтарға бой алдыратынын көресің.

Кісі өлтіру, зорлау, адамға ауыр дене жарақатын салу сияқты қылмыстардың 90 пайызы арақ ішіп Прочитать остальную часть записи »

Ақиқат пен жалғандықты ажырата біліңіз

Ақиқат дегеніміз — бұлтартпас шындық. Мәселен, өлімді алып қарайық. Біз өзімізді ешқашан өлмейтіндей, мәңгі жасайтындай сезінеміз, бірақ соған қарамастан өлім дегеннің бар екендігін іштей түйсінеміз. Өйткені күн сайын бір танысымыз, туысымыз дүниеден өтіп жатады. Яғни, өлмейтін пенде жоқ, сонықтан түптің түбінде ажалдың бізге де келетіні анық.

Адамдардың көпшілігі көзге көрініп тұрған шындықты мойындағысы келмейді және олар бір сәттік аздаған пайдасы үшін ғана жалғандыққа бой алдырып жатады. Шындығында жалғандық бізге пайдалы сияқты сезілгенмен, түптің түбінде үлкен залалын тиізеді. Жалғандықты серік еткен адам екі дүниеде де игіліктен құралақан қалмақ.

Адамдар ақиқаттан неге жалтарады?

Бұрын қызмет еткен ұжыммен бірге жаңа жылды қарсы алдық. Сонда бір жігіт ұжым басшысына қарап «сіздің салған сара жолыңызбен, дана басшылығыңызбен ұжымымыз биіктен биіктерге көтеріліп келеді» деді. Ұжым ешқандай биікке көтерілмегендігін, басшының бойында жаңашыл Прочитать остальную часть записи »

Тылсым

Мен сізге дүниедегі ең тылсым құпияны ашқалы отырмын. Бұл тылсымды сіз еш жерден, ешқандай сайт немесе блогтан, кітаптан таба алмайсыз. Бұны сізге тегін және қайтарымсыз беремін. Алыңыз, пайдаланыңыз.

Мен сізге Абсалютті Ақиқатты ашымын, оны білу арқылы сіз өз табиғатыңызды, өзіңіздің кім және не үшін өмір сүретініңізді, өміріңіздің мәнін түйсінетін боласыз. Бұл – тылсымдардың тылсымы. Оны түйсіну және пайдалану сізді екі дүниенің де тауқыметінен құтқарады.

Өмірдің мәні – Жаратқанға қызмет ету.

Мен бұл тылсымды өзім ойдан шығарған немесе жаңадан ашқан жоқпын. Ол болған бар және бола береді. Тек біз дәл жанымыздағы сол тылсымды сезінбегендіктен, одан мүлдем бейхабар тірлік кешеміз және сол арқылы басымызды екі дүниеде де үлкен қатерге байлаймыз.

Сіз Құранға сенесіз бе? Егер сенбесеңіз, оны Алладан келген ақиқат деп мойындамайтын болсаңыз, онда әңгімеміз осы арадан үзіледі. Сіз үшін мен ашқалы отырған тылсымның көк тиындық құны Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика