Ешкім де теріске шығара алмайтын үш ақиқат бар. Біз мына фәни жалғанда қандай жетістікке жетпейік, өмірдің қаншалықты қызық-шыжығын татпайық, өзекті жанға түбі бір келмей қоймайтын ажал сол бар күш-қуатымыз бен қабілет-қарымымызды, уақытымызды сарып қылып, қол жеткізгендерімізден бір-ақ сәтте айырады.
Адам дүниеге жалаңаш келіп, жалаңаш кетеді. Өлгенде біз ол дүниеге сабақты ине де алып кете алмаймыз. Бірақ, тәнін тастаған пенде бақи әлемге екі түрлі нәрсе алып кетеді: жасаған күнәсі мен сауабы.
Біреуге аз, біреуге көбірек берілетін, бірақ бәрібір қамшының сабындай қысқа көрінетін фәни дүниеде жасаған жақсы, жаман іс әрекеттеріміздің салдары өлген соң алдымыздан шығады. Күнәміз көп болса, тозаққа түсіп азап тартамыз, ал сауабымыз артық болса, жұмаққа кіріп, жан рахатына кенелеміз. Мына қысқа ғұмырда адам тозаққа түсіретін күнәкерлықты қалай ма, әлде жұмаққа енгізетін имандылықты таңдай ма, қалау еркі өзінде. Алла әрбір пендеге осы екі жолдың бірін еркін таңдап алуға толық еркіндік берген.
Өзін өзгелерден артық санайтындардың баяны.
Бір тақуа адам ел кезіп, қайыр сұрап, адамдарға Алла жайлы айтып жүреді екен. Ол бір елді мекенге келеді. Сырты биік қоршаумен қоршалған сәулетті үйдің қақпасын қағады. Есік ашқан қызметші жақтырмаса да, қожайынмен сөйлесуге рұқсат береді.
Прочитать остальную часть записи »