Июль 2015

Рухани білім не үшін керек?

даналықБһагавад Гитада адам екі түрлі қуаттан: материалдық қуат — тән және рухани қуат – жаннан тұрады деп айтылады. Осындай екі қуатты бойына сыйғызған адамда тәни қажеттіліктермен бірге рухани қажеттіліктер де болады. Мәселен, тәнге ұйқы, тамақ және жыныстық жақындық сияқты тән арқылы қол жеткізуге болатын қажеттіліктер тән болса, жанға кітап оқу, кино көру, музыка тыңдау тәрізді рухани қажеттіліктер тән.
Адам осы екі қажеттіліктің тепе-теңдігін сақтай отырып қана дұрыс дамый алады, яғни бақытты тірлік кешеді. Ал біз тек тәніміздің мұқтаждығына ғана көңіл бөліп, сол арқылы бақытқа жетеміз деу қателік болмақ. Өйткені, саналы адамға тәни қажеттіліктермен бірге рухани қажеттіліктер де керек.

Рухани қажеттілік бізге не береді?

Адам тамақсыз, ұйқысыз өмір сүре алмайтыны белгілі, ал музыка тыңдамай, кітап оқымай-ақ тіршілік етуге болады емес пе? Иә, дегенмен де, рухани қажеттіліктерді қанағаттандырмаған адам ақырындап төмен құлдырап, дөрекілене бастамақ. Егер ол рухани қажеттіліктерді қаперіне алмайтын болса, тағы адамның деңгейіне дейін құлдырайды.

Прочитать остальную часть записи »

Қоғам қайда барасың?..

байлықКеңес заманында жақсы-жаман болсын, алдымызда бұлыңғыр болса да мақсат болатын. Ол: комунизм құру жобасы еді. Ал қазір жалпы адамзаттың алдында нақты мақсат жоқ. Мақсат дегеніміздің өзі бұлдыр, шынайылықтан гөрі, қияли жағы басым «зайырлы, демократиялық, құқықтық қоғам орнату» деген сияқты абстрактылы бірдеңе.

Қазір қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

Комунизм идеясынан бас тартқаннан кейін бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан елдердің бәрі де басқалар сияқты «зайырлы, құқықтық-демократиялық» қоғам құру жолына түсті. Ал енді осындай қоғамды бірнеше ғасырдан бері құрып келе жатқан Батыс елдерінің тәжірибесіне назар аударып көрелік. Олар сондай қоғам орнатып, игілікке жете алды ма?

Прочитать остальную часть записи »

Мақсатқа қол жеткізудің жолдары

инвестицияҚаржылық тәуелсіздік алып, тұрмыс тауқыметіне еш алаңдамай жаныңыз қалаған іспен айналысу үшін өткен мақалаларымызда айтқанымыздай, есеп-шотыңызға үзіліссіз ақша түсіріп отыратын белсенді емес табыс көздерін ашу қажет. Ал ондай табыс көзі – инвестиция арқылы жасалатыны белгілі.
Мәселен, сіз үлкен қаладан екі бөлмелі пәтер сатып алдыңыз делік. Оны жалға беру арқылы ай сайын мың доллар немесе теңгеге шаққанда 185 мың теңге ақша қалтаңызға түсіп отырады. Мұндай табыспен сіз еш жұмыс жасамай-ақ, жақсы өмір сүруіңізге болады.
Шынын айтқанда бұл тамаша мақсат, бірақ оған жету үшін біраз тер төгуіңізге тура келеді. Ең бастысы, ақшадан ақша жасау тәсілін меңгеруіңіз қажет. Тек сонда ғана мақсатқа жете аласыз.

№1 мақсатқа жету тәсілі.

Үлкен қаладан екі бөлмелі пәтер сатып алу үшін сізге 20 миллион теңге ақша қажет делік. Сіздің айлық табысыңыз 100 мың теңге. Мақсатқа жетудің ең қарапайым тәсілі – шұлыққа немесе сандыққа салып сақтау. Иә, сіз тапқан ақшаңыздың бір бөлігін, мәселен, ай сайын 30 мың теңгені шұлыққа немесе сандыққа салып қоясыз.

Прочитать остальную часть записи »

Өткінші, жалған дүние

ажалМына фәни жалғанда бәрі өткінші екенін білу, түйсіну үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ. Біз мына дүниеде бес күнгі қонақ сияқтымыз. Қонақ аунап-қунап бірнеше күн туыстарының, достарының үйінде жатады, содан кейін қош айтысып, өз үйіне қайтады. Сол сияқты мына дүниеде барлық адамдар уақытша тірлік кешіп жатыр. Олардың қол жеткен жетістіктері, жиған-терген дүниесі мен бала-шағасы, ақырсында өмірі — бәрі де УАҚЫТША.

Кешегі премьер-министр, бүгін…

Кеше бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың соты басталды. Күні кеше оққағарлары жан-жақтан қорғап, әкім-қаралар жалбалақтап құрақ ұша қарсы алатын лауазым иесі бүгін ешкімнің қошемет-қолдауынсыз сот залына келіп, көпшіліктің арасында отырды. Жемқорлық жасап, ірі көлемде пара алды деген айып тағылған экс премьердің қазіргі ахуалы мына жалғанның өткінші екендігін көзге шыққан сүйелдей анық дәлелдеп тұрғандай.

Прочитать остальную часть записи »

Білімді қалай алуға болады?

тәубеМұсылманның қырық парызы болса, соның бірі – ілім-білім үйрену. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» дейді халық даналығы. Білімсіз мына фәни жалғанда өмір сүру қиын және тіпті мүмкін де емес. Сіз тамағыңызды асырау үшін де білім керек, яғни белгілі бір мамандықты игеріп, сол арқылы жұмыс істеуіңіз шарт.
Тәңірі Будданың «жүрек арқылы берілетін білімге – таңдаулылар ие болады, ал көз арқылы берілетін білім – қарапайым көпшілікке арналған» деген сөзі бар. Осылайша данышпан Будда білімді екіге бөледі: жүрек арлықы келетін білім және көз, яғни сезім органдары арқылы алынатын білім.

Көз арқылы келетін білім.

Бүгінгі біздің қоғамымызда 99,9 пайыз білім сезім органдары арқылы алынады. Тек бірлі-жарым әулие адамдар ғана жүрек арқылы берілетін ілімге ие. Енді осы білімнің екі түріне толығырақ тоқталайық. Көз арқылы, яғни сезім органдары арқылы берілетін білім бізді мына фәни дүниеде түрлі мамандықтар алып, сол арқылы күнкөруімізге жағдай жасайды.

Прочитать остальную часть записи »

Ауру — астан

48«Ауру астан» деген сөз бар. Бойымызды жайлаған дерттің көбі дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болатынын көбіміз сезіне қоймаймыз. Артық салмақ деген бүгінде ең көп таралған дерт болып алды. Арықтаудың небір ақылға симайтын түрлерін ойлап тауып, сонымен күректеп ақша тауып жатқандар бар.
Мен 1987 жылы университет бітірген соң жолдамамен Торғай облысының Жангелді ауданында бір жылдай мұғалім болып қызмет істедім. Шалғай ауыл. Оңтүстіктің қазағы үшін мұндағы қысқа соғым сойып алу деген таңсық нәрсе. Күнде кешкілік қанаққа шақырады. Түн ортасына таман үлкен астауға салынған үйеме табақ ет келеді.
Содан тамақты тоя жеп, шәй ішесің де үйге келіп жатасың. Таңертең, түсте шәймен жүрек жалғап, бар тамақты кешкілік жатар орынға жейсің. Осылай бір жылдай уақыт өткізген мен асқазанымнан айрылып қала жаздадым. Жеңіл-желпі тамақ ішіп, көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек тұтынатын аймақта өскен маған еттен басқа тамақ жемейтін қыр елінің әдеті жақпады.

Вегетариан болу – уақыт талабы

Сол мен қызмет еткен ауылда қатерлі ісік (қылтамақ) деген ауру өте көп екен. Өзім жұмыс істеген бір жылдың ішінде көптеген адам сол аурудан көз жұмды.

Прочитать остальную часть записи »

Мақсатқа жетудің кепілі – жоспарлы жұмыс жасау

өзін жетілдіруБлогымызда барлық іс-әрекетімізді, жалпы өмірімізді жоспарлап отырудың қаншалықты игі әсерінің болатындығы туралы бұрынырақта жазған болатынбыз. Бұл тақырыпқа қайта оралуымызға бір оқырманымыздың өтініші себеп болды. Яғни, аталмыш тақырыпқа деген қызығушылық бар екендігі байқалады.
Адамдардың басым көпшілігі жұмыстарын, жалпы өмірін еш жоспарсыз жүргізеді. Ондай адамдардың тірлігін жалпылама былайша сипаттауға болады: таңертең оянып, таңғы асын ішкен соң жұмысқа асығады. Содан басшылардың тапсырмасын орындап, күнделікті ағымдағы жұмыстардың ықпалымен кешке дейін уақыт өткізеді.

Жоспар санамыздағы ретсіздікті тыяды.

Жұмыстан үйге келген соң теледидар көреді немесе тамыр-таныстарына қонаққа барады, әңгіме дүкен құрып, түн ортасы ауа демалуға жатады.
Алдарына нақты мақсат қойып, соған жетемін деп саналы түрде ұмтылмайтын ондай жандар ешқашан биіктерге көтеріле алмайды. Жөпелдеме кездейсоқ бақ құсы қонып, әлденеге жете қалғанның өзінде оны ұстап тұру, онан әрі жетістігін дамытуға қабілет-қарымы жетпей жатады.

Прочитать остальную часть записи »

Жақсы болсам — өзімнен, жаман болсам — өзімнен

Өарақмірде қайрымды, қатыгез, ақкөңіл, қара ниетті, жомарт, сараң, кішіпейіл, өркөкірек сияқты бір-біріне қарама-қайшы мінезді адамдар кездесіп жатады. Олардың бойындағы осындай қасиеттер қайдан пайда болған? Алла солай жаратты ма, әлде ата-анасы, ата тегі, өскен ортасына байланысты мұндай мінездер кейін келе қалыптасқан ба?

Таңдау еркі – адамның өзінде.

Мұның жауабын ұлы Абайдың қара сөздерінен табуға болады. Онда ұлы данышпан бабамыз Алла зұлымдықты, жамандықты жаратты, бірақ адамды зұлым, қара ниетті еткен жоқ дегенді айтады. Яғни, бойына біткен жаман қасиеттердің бәрі адамның өз кінәсінен болады екен.

Прочитать остальную часть записи »

Түс түлкінің тезегі ме немесе түстің астарында қандай құпия бар?

бақытАдамзат баласының бойындағы құпиялардың ішіндегі ең шешімі жұмбақ тылсымның бірі – түс. Түс көрмейтін адам жоқ, бірақ екінің бірі түске сенбейді және оны дұрыс жорып, түстің астарындағы ақиқатты түсіне білмейді. Содан болар, түске жұрттың көбі материалист ғалымдар айтқан мидың шаршауынан туған жай деп қарайды.

Түстің астарындағы тылсым.

Қасиетті Құранда түс жорушы Жүсіп пайғамбар туралы сүре бар. Ағаларының қысастығынан туып өскен жерінен кетіп, Мысыр қаласында өмір кешкен Жүсіп пайғамбар Жаратқанның еркімен түс жору қабілетіне ие болады. Ол осы қасиеті арқылы пірғауынның көзіне түсіп, мемлекеттік беделді қызмет атқарады.

Прочитать остальную часть записи »

Байлық – кездейсоқ басқа қонатын бақ құсы ма?

инвестицияСоңғы кезде байлық туралы адамдардың көзқарастары мен пікірлері өзгере бастады. Бұрын бай-бақуатты болу көбіне кездейсоқ басқа қонатын бақ құсы түрінде келетін құбылыс саналатын. Өйткені, өткен замандарда да, қазіргі қоғамда да тынбай тер төгіп жұмыс істеу арқылы ешкім байлыққа қол жеткізе алған емес.
Егер адал еңбек етіп, тынымсыз тер төгу арқылы бай-бақуатты бола алмасаң, оған қалай жетуге болады? Қазір кедейден шығып, әлемдегі ең бай алпауыттарға айналған тұлғалардың пікірінше, байлыққа жету кездейсоқтық емес, ақылмен, жоспарлы түрде жүйелі жұмыс жасаудың нақты жемісі.

Байлыққа жетудің негізі – инвестиция.

Американдық миллионер Роберт Киосакидің «Бай және кедей әке» сериалды кітабы инветиция деген көзқарасты түбегейлі өзгертуге негіз жасады. Бұрын инвестиция деген тек қалталы байлардың ғана айналысатын шаруасы деп келгендер, енді бұл пікірлерін өзгертулеріне тура келді.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика