Август 2015

Ажырасу неге көбейіп барады?

71Адам өміріндегі маңызды мәселелердің бірі – отбасы құру. Еліміз қазір 12 жылдың оқу жүйесіне көшеміз деп жатыр. 12 жыл мектепте оқытатын оқу бағдарламасында не түрлі пәндердің бәрі болса да, жас ұл-қыздарды отбасылық өмірге дайындау жайы мүлдем ескерілмеген. 12 жыл мектепте, онан кейін тағы да 4-5 жыл университетте білім алған жастар отбасы деген не, оның мәні, ерлі-зайыптылардың міндеттері, отбасын шайқалтпай ұстаудың жайы туралы ештеңе білмейді.

Неке неге жиі бұзылады?

Ақмола облыстық әділет департаментінің дерегі бойынша биылғы жылдың алғашқы жартсында 2148 неке шарты жасалып, 1230 неке бұзылыпты, яғни ажырасқан. Ажырасушылар саны некеге тұрушылардың 52-53 пайыздайын құрайды екен. Яғни, әрбір екінші неке бұзылып жатыр деген сөз.
Прочитать остальную часть записи »

Ақша табудың ең оңай амалы

61«Интернет арқылы ақша табуға бола ма?» деген сұрауды қазақ тілді ғаламторда жиі кездестіруге болады. Бұндай сауал орыс тілді интернетте қойылмайды, өйткені олар ғаламтор арқылы жақсы, тіпті өте көп ақша табуға болатынын әлдеқашан біліп және игеріп қойған.

Bitcoin – үш мыңыншы жылдықтың жаңа валютасы.

1993 жылдың қараша айында еліміз тұңғыш ұлттық валютасын – теңгені айналымға енгізді. Сол тұста 1 теңге – 1 АҚШ доллары бағамында болған еді. Содан бері өткен 21 жыл уақыт ішінде теңге бағамы 180 еседен астам құнсызданды. Бұл аз ба, көп пе, оны көзі қарақты оқырман өзі анықтай жатар.

Прочитать остальную часть записи »

Өз ақылыңмен өмір сүр

табандылыкБір шаруаны қолына аларда басқалардан ақыл сұрап, солай жасағаным жөн бе деп жататын адамдар бар. Шындығында біреудің ақылымен өмір сүру адамға пайда емес, көбіне залал әкеледі. Өйткені, мұндай жағдайда адам әлгі шаруаны атқаруға байланысты туындайтын нәтижеге орай жауапкершілікті өзінен алып тастайды. Сәтсіздікке ұшырай қалған жағдайда оның өзін ақтап алар уәжі бар: «бұл іске мені пәленше итермелеген еді» -дейді ол.

Өз ақылыңмен шешім қабылдап үйрен

Адам өз ақылымен шешім қабылдаған жағдайда оның нәтижесіне орай жауапкершілікті де өз мойнына алады. Сондықтан, мұндай қадамға бармас бұрын жақсылап ойланып, он рет өлшеп, бір рет кесуге тура келеді. Ал басқалардың ақылына сүйенетіндер әдетте онша көп бас қатырып Прочитать остальную часть записи »

Салауаттылықтың басты жауы — жалқаулық

су құйынуОл кезде Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде қызмет істейтінмін. Редакцияға зейнеткер қариялар жиі келіп тұрады. Бұрын билік тұтқасын ұстап, тәп-тәуір қызмет атқарған зейнеткерлер қолы бостықтан зеріге ме редакцияға келіп қызметкерлермен түрлі әңгімелер айтып уақыт өткізеді. Олардың арасында бірдеңе жазып жүретіндері де болатын.

86-ғы жігіт

Аласа бойлы ашаңдау келген бір кісі өзінің мақалаларының қашан шығатындығын сұрап, редакция қызметкерлерімен сөйлесіп жүретінін талай көрдім. Жүзтаныс болғаны болмаса, дегенмен оны жете танымайтынмын. Бірде әңгімеден әңгіме шығып, ол кісінің салауатты өмір салтын ұстанатынын Прочитать остальную часть записи »

Нәпсіні ауыздықтаудың жолы – имандылық

құранНәпсі адамның ақыл-есін алып, өзіне де, өзгелерге де үлкен залалын келтіретін есуас әрекеттерге еріксіз мәжбүрлейді. Соңғы жылдарда ел арасында педофил дегендердің қатары көбейіп кетті. Ондайлар ауылда да, қалада да аз емес және сондайлардың құрығына түсіп, зардап шегіп жатқан балалар қатары өсіп барады.

Педофил деген – нәпсінің құлақ кесті құлы

Педофил дегендердің белең алғаны сонша, қазір Парламент депутаттары, онан қалды зиялы қауым өкілдері арасында осындай кеселге шалдыққандарды химиялық жолмен әтектеу керек деген ұсыныс айтып жатыр. СПИД сияқты жазылмайтын дерт саналатын педофил дегендерді осылай Прочитать остальную часть записи »

Сәтсіздігіңнен сабақ ал

мақсатСәтсіздіктің бәрі жеңіліс, сәттіліктің бәрі жеңіс емес. Қателіктерінен сабақ алған адам, жеңілісін жеңіске айналдырады. Роберт Киосаки сәтсіздіктерін өзіне жол көрсетіп, бағыт-бағдар берер ұстазым деп атауы тектен тек емес. Әрбір сәтсіздіктің астарында қателік тұратыны анық. Зерделі адам сәтсіздікке күйініп, болашақтан күдер үзбейді, керісінше сол сәтсіздіктің себебін түсінуге, сол арқылы қателігін айқындауға және болашақта ондайға жол бермеуге талпынады.

Байлық бақыт әкелмейді

Америкалық бір талдау орталығы лоторея билетінен аса ірі ұтысқа ие болған адамдардың жайын талдап көріпті. Сонда анықталғаны мынау: лотореядан миллиондаған доллар ұтқан «бақытты» жүз адамның 98-і бір жылдың ішінде бар байлығынан айрылып, бұрынғыдан да жаман жайға тап Прочитать остальную часть записи »

Оқыған адам мен оқымаған адам тең емес

өзін жетілдіру«Оқымаса ой тоқырайды» деген сөз бар. Адам өмір бойы оқып, өзін жетілдіруге үнемі көңіл бөліп жүруі тиіс. Сонда ғана ол уақыт ағымынан қалмай, заман талабына сай өсу, өркендеу үстінде болады. Өзін дамыту адамға бұл дүниеде абырой-бедел мен бақуаттылық, денсаулық, қуанышты өмір әкелсе, өлгеннен кейін де жақсылықтан үміт етуге мүмкіндік береді.

Адамдар топастанып барады

Иә, бұл өкінішке орай шындық. Маркстің сөзімен айқтанда «өмір дегеніміз мәңгілік қозғалыс. Қозғалыс екі бағытта жүреді: жоғары және төмен қарай. Егер сіз жоғары қарай дамып, көтерілмесеңіз, онда төмен құлдырайсыз. Бұл даусыз шындық. Ал адамның қай мүшесі жұмыс Прочитать остальную часть записи »

Ежелгі веда ілімі

жан1998 жылы «Рауан» баспасынан Досым Омаровтың «Абайтану курсы» деген кітабы жарық көрді. 1000 дана болып шыққан кітап қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытылатын мектеп, гимназия шәкірттеріне, студенттер мен мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралы екен. Бұл кітап туралы сол тұста қазақ зиялылары арасында екіұдай пікір таласы болғандығы белгілі. Дегенмен, аузы дуалы бірқатар ғалымдарымыз бен сол тұстағы білім министрлігінің басшылығы кітаптың жастарымызға имандылық тәрбие беруге игі ықпалының барлығын айтып, оқу құралы ретінде енгізілген.

Абайды кришнайт қылды деу кімге керек болды?

Алғаш шыққан кезден бастап әлдекімдерге ұнамаған бұл кітапқа арада үш-төрт жыл өткенде тағы шүйлігушілер табылды. Бұл жолы отқа май құйған «Экспресс К» газетінің тілшісі Халабузар дегеннің аталмыш басылымның бірінші бетіне айқайлатып берген «Абай, ойбай!..» деген мақаласы Прочитать остальную часть записи »

Тылсым ілім

білімМен сізге тылсым ілімнің есігін ашпақпын. Ол сізге не береді? Сіз ақиқатты танып, білетін боласыз және сол арқылы азап пен тауқыметтен көз ашырмайтын бос әурешіліктен құтыласыз. Әрине, егер ол ақиқатты қабылдап, соны жүзеге асыруға ниеттенсеңіз. Ал олай болмаған жағдайда, ешқашан игілікке жеткізбейтін шөл даладағы сағымды су-теңіз деп өкпесі өшкенше жүгіретін киік сияқты күй кешесіз.

Өмірге көзілдіріксіз қараңыз

Адамдардың 99,9 пайызы мына фәни дүниеге түрлі түсті көзілдірік арқылы қарайды. Соған орай, оларға жалған дүние түрлі түсті, өте әдемі және тартымды болып көрінеді. Көзілдірік арқылы көрінген елеске еліккендер жалған дүниеден жоқ бақытты іздеп, аласұрумен күн өткізеді.
Жалған дүниенедегі бақыт деген не? Соған назар аударып көрелік. Ең алдымен, ол ер адам мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы. Шындығында, мына фәни еркектер мен әйелдердің Прочитать остальную часть записи »

Ақшадан ақша табу амалы

инвестицияАҚШ-тың мемлекеттік қайраткері Бенджамин Франклиннің «есіңде сақта, ақшаның көбейгіштік қасиеті бар» деген сөзі бар. Ақша да мал сияқты. Мәселен, сіздің бес қойыңыз бар делік, бірнеше жылдан кейін ол көбейіп онға, одан елуге, одан әрі жүзге жетеді. Әрине, қойдың өсіп-өнуіне жағдай жасасаңыз.

Сол сияқты ақша да, егер дұрыс жағдай жасайтын болсаңыз қораңыздағы малыңыз сияқты еселеп көбейе береді. Байлыққа жетудің кілті де осы ақша арқылы ақша табуды жолға қоюда, яғни инвестициялауда.

Ақша табудың белсенді емес амалы.

Роберт Киосаки табыс табуды екіге бөледі: белсенді және белсенді емес. Егер сіз жұмыс істеп, жалақы алсаңыз – бұл белсенді табыс табуға жатады. Ал пәтеріңізді жалға беріп немесе депозитке ақша салу арқылы ақша тапсаңыз – бұл белсенді емес табыс көзі.

Байлыққа жетуге белсенді емес табыс көзі көмектеседі. Неге десеңіз, ақша табуға бұл жағдайда Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика