Август 2015

Дағдарыс тұрақтылықтың жоқтығын тағы дәлелдеді

исламРесей рублінің, Қытай юанының және қазақ теңгесінің құнсыздануы әлем елдерін шарпыған үлкен дағдарыстың келгенін анық көрсетіп берді. Бүгінгі ғылым мен техника шарықтап дамыған заманда адамзат әрбір төрт-бес жылда ұстамалы ауру сияқты жағадан алып, титықтатып кететін дағдарыс атты кесапаттан құтылудың амалын таппай дал болып отыр.

Бәрі Алланың еркінде

Биыл көктемде Ұлттық банктің төрағасы Келімбетов мырза теңге құнсызданып, 150-ден 180-ге шыққанда, бұл бағам біраз уақыт тұрақты сақталады деп сендірген еді. Дегенмен, арада үш-төрт ай өтпей жатып, теңге бағамының ауытқу дәлізін 198-ге дейін көтерген төраға бұл бағам сақталады деп және уәде етті.

Прочитать остальную часть записи »

Тағы да дағдарыс келеді

стрессАдамдардың көбі көктем мен жазды жақсы көреді. Ал қысты ұнататындар аз, бірақ солай екен деп қыс келмей тұрмайды. Мезгілі келгенде «кәрі құда» қыс келіп мазаны алады. Сол сияқты экномикалық дағдарысты жақсы көретін ешкім жоқ, бірақ ол әлсін-әлі келіп, жағадан алып тұрады.

Барлық саланы қамтыған дағдарыс

Осыдан екі күн бұрын президенттің қабылдауында болған Ұлттық банктің төрағасы Келімбетов біздегі теңге бағамы өзгермей қалыпты жағдайда тұр, ұлттық банк тамаша жұмыс жасап жатыр деген мазұнда біраз жайды айтқан еді. Бірақ араға күн салып, теңге бағамы ауыстыру пункттерінде шарықтап, 198-ге дейін барды. Бүгін бір сарапшы таяу болашақта бір доллардың Прочитать остальную часть записи »

Табысқа бастар жол

кілтДжиллиан Уиллердің сценариі бойынша түсірілген «Секрет» фильмі бүгінде әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған адамның сүйіп көретін, тек көріп қана қоймай ондағы айтылған ережелерді ұстану арқылы өмір жолын өзгертетін бестселлерге айналды. «Секрет» фильмі (құпия) аты айтып тұрғандай, ұзақ уақыт бойы таңдаулылардың ғана игілігі болып келген жайды жария етіп, сіздің қолыңызға табысқа жетудің кілтін ұстатады.

Мен қалай оқуға түстім

Фильмде тілге тиек болған ереже-шарттардың шындық екендігін айғақтайтын жайлар менің басымнан да өткен еді. 1975 жылы мектеп бітіріп, алғаш рет жоғары оқу орнына құжат тапсырдым. Бірақ жолым болмай, алғашқы сынақтан-ақ сүрініп, чемоданымды арқалап ауылға қайтуға тура келді. Міне, сол 1975 жылы басталған абитуриенттік өмірім табаны күректей алты жылға (оның екі Прочитать остальную часть записи »

Сөз құдіреті

ашуБір ауыз сөзбен адамды бақытты етуге де, көңілін қалдырып, мәңгі жау етуге де болады. Ұлы Абай «тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп текке айтпаған. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі сөздің осы құдіретін жете түсінбей, өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізіп жатады.

Аз сөз алтын

Қазақта «аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген сөз бар. Көп сөйлеген адамның ішінде сыр қалмайды. Ол ішек-қарнына дейін өзгелерге көрініп тұратын рентген аппаратына түсірілген адам сияқты. Бақа күн ұзақ бақылдайды. Оның даусын естіген жылан жақын келіп, бақылдаған бейшараны жұта салады. Сөйтіп бақа бақылдау арқылы өзіне ажал шақырады.

Сол сияқты адамдардың көбі ауыз жаппай көп сөйлейді және сөздерінің мәні жоқ не болса, соны айтады. Сөйлеуге де адам қуат жұмсайды. Яғни, көп сөйлеген пенде қуатының көбін бостекі сөзге Прочитать остальную часть записи »

Қайрымдылықтың қайтарымы

сурет3Құранда «кімде кім біреуге жақсылық жасаса өз пайдасына, ал жамандық жасаса өз зиянына. Жақсылық жасаған адамға соншалық жақсылық бар, жамандық жасағанға да сонша жамандық тиесілі» -деген аят бар. Бұның астарында «не ексең, соны орасың» деген халық мақалы жатқан сияқты.
Алланың осы заңын білетін және соны өмірде нақты қолданатын адам көп ауыртпалықтардан аулақ болып, екі дүниенің де игілігін табары анық.

Алғаусыз пейілмен жасалған қайрымдылық.

Брайан көлік аз жүретін жолмен келе жатты. Жол жиегінде «Мерседес» көлігі тұр екен. Елсіз далада тұрғанына қарағанда сынған сияқты. Ол «Мерседестің» жанына тоқтап, өзінің ескі «Понтиагінен» түсті. Кабинада отырған орта жастағы әйелдің түрінен қатты абыржығандық сезіледі.

Прочитать остальную часть записи »

Бақытты, бейбіт тірлік кешудің қарапайым құпиясы

адам мүмкіндігіҚазақта «астындағы атын алты ай іздеген» деген сөз бар. Сол сияқты адамдардың көбі бақытты, бейбіт тірлік кешудің аяқтарының астында жатқан кілтіне назар аудармайды. Сіз сол кілтке ие болу арқылы бақытқа ғана емес, бақуаттылыққа да қол жеткізе аласыз. Мен сізге осы кілтті көк тиынсыз тегін сыйға тартамын. Алыңыз, кәдеңізге жаратыңыз. Сонымен…

Ешкімді мазалама, сонда сені де ешкім мазаламайды.

Біз күнделікті өмірде айналасындағылардың үнемі мазасын, тыныштығын алып жүретіндермен кездесіп жатамыз. Мұхаммед пайғамбарымыздың күйеу баласы және ең жақын серіктерінің бірі хазіреті Әлидің «адамдардың арасында бол, бірақ оларға жүк болма» деген сөзі бар.

Прочитать остальную часть записи »

Тілегіміз орындалсын десек

әулиеАрман-тілек адамдардың бәрінде бар. Өмірдің ең басты қозғаушы күші де сол арман мен тілек болса керек. Мына фәниді адамға сонша қызықты және тартымды етіп тұрған күш – пенделердің ертеңгі күннен жақсылық күтуі екені анық. Бірақ та, бәрі біз күткендей бола бермейді, болашақ бізге өзіміз аңсаған игіліктерімізді емес, керісінше күтпеген тауқыметтері мен азаптарын тартатын жайлары жиі кездесіп жатады.

Тілек неге орындалмайды?

Біреулер ойлаған арман-мақсаттарына оңай жетіп, өмірде жолы болғыш атанып жүреді. Енді біреулердің басынан қырсық кетпей, ойларына алғандары үнемі сәтсіздікке тап болып, қиындықтан көз ашпай жатады. Бұның себебі неде?

Прочитать остальную часть записи »

Кедейліктің бір негізі – ысырап

сурет2Құран Кәрімде «Жеңдер, ішіңдер бырақ ысырап етпеңдер. Аллаһу тағала ысырап еткендерді әлбетте жақсы көрмейді» (Ағраф сүресі, 31 аят) делінген. Ал Хадис шәрифте «Үнемдеген адам байиды, ысырап еткен адам кедейленеді» делінген. Кедейшіліктің бір негізі – ысырап екенін осыған қарап бағамдауға болады.

Ысырап, яғни өзіне өзі шығын келтіру.

Бүгінгі жалпы білім беретін мектепте де, жоғары оқу орындарында да үнемшілдік немесе негізсіз шығынға жол бермеу туралы мүлдем оқытылмайды. Бұл жөнінде ата-аналар да балаларына тәлім-тәрбие бермейтіні шындық. Мәселен, көп адамдар киім-кешек, басқа да тұрмыстық заттар онша тозбаса да қоқысқа лақтырып жатады.

Прочитать остальную часть записи »

Ислам діні бейбіт дін бе?

102Ислам діні шын мәнінде адамның бойындағы қайрымдылық, кішіпейілдік, қарапайымдылық, жомарттық, кешірімшілік, сабырлылық сияқты ізгі қасиеттерді дамытатын, жамандықтан аулақ болуға үндейтін дәстүрлі дін. Бүгінде бір жарым миллиардтан астам адам ұстанатын ислам діні ғасырлар бойы адамзатты сондай ізгі қасиеттерді бойларына орнықтыруға шақырып, ізгілікке бастап келді.

Қазіргі ислам діні

Өкінішке орай, адамзат баласын жүздеген жылдар бойы имандылыққа бастап, ислам өркениеті деген атпен тарихта қалған ғылым мен ілімді, мәдениетті өркендеткен ислам діні бүгінде өзінің алғашқы тазалығынан айрылып, әсіре діндарлар мен жалған әулиелердің кінәсінен адамдарға игілік емес, тауқымет әкелетін дінге айналып барады.

Прочитать остальную часть записи »

Алланың мекені бар ма?

өзіндік даму1Фейсбуктан бір кісінің ашқан бетінен Алланың мекен-жайы, тұрағы жоқ, ол бұл дүниенің бөлшегі де емес деген мазмұндағы өлеңін оқыдым. Жалпы, ислам дінінде Алла, Оның сипаты жайында жалпылама түсініктен басқа нақты толымды ұғым берілмеген. Құранда Алланың 99 сипаты, яғни есімі айтылады. Бірақ Алла 99-бен шектелмейді, оның сипаты, соған сай есімдері де шексіз көп.

Мекені жоқ, жайы жоқ

Мекен-жайсыз адамды бізде БОМЖ деп атайтыны ешкімге құпия емес. Үй-күйсіз қаңғыбастыққа салынған ондай пенделерді жұрт онашлықты сыйлап, құрмет тұта қоймайды. Олар қоғамнан тыс қалған, жалпақ тілмен айтқанда «төменгі сортты» адамдар болып саналады.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика