Сентябрь 2015

Міндетті орындау міндет

денсаулықӘр адам дүниеге келген кезінен бастап мойнына көптеген міндеттер жүктеледі. Өзін жарық дүниеге әкелген ата-анасының, дос-жарандарының, ағайын-туыстың, ауылдастарының, көрші-қолаңның, ұстаздарының, өзі еңбек ететін ұжымның, Отанының алдындағы міндеттер бар. Бір сөзбен айтқанда, адам өле-өлгенше мойнына көптеген міндеттер арқалайды.

Міндетіне адал адамды Алла да ұнатады

Ведалық ілім бойынша «дхарма» деген түсінік бар. Оның мәні мынада – әр адамның мойнына жүктелген көптеген міндеттер болады және оны орындау арқылы пенде Жаратқанның разылығына бөленсе, керісінше орындамау күнәларға жол ашып, екі дүниедегі өмірін қиындатпақ.

Өз дхармасын, яғни міндетін адал орындаған адам шариғат жолымен жүріп, діни парыздарын Прочитать остальную часть записи »

Әйел мен еркек

байлануҚұранда Алланың алдымен Адам атаны, яғни ер адамды жаратқаны, содан кейін ол ұйықтап жатқанда қабырғасынан әйелді жаратқаны жайындағы аяттар бар. Әйел мен еркек деп бүтін адамды екіге бөлудің қанша қажеттігі болды және еркек пен әйелдің физиологиялық, психологиялық қандай айырмашылықтары бар? Бұл сауалдарға толымды жауап алу арқылы біз өмірімізде кездесетін көптеген қиындықтар мен түсінбеушіліктерден аулақ боламыз.

Еркек пен әйел тең бе?

Бүгінгі материалистік ғылым әйел мен еркектің физиологиялық жағынан біраз айырмашылықтары барлығын мойындағанмен, қазіргі материалистік қоғам ер мен әйелді заң жүзінде тең деп жариялаған. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ер адамдардың үстемдігі туралы түсінікті қысқа Прочитать остальную часть записи »

Интернет арқылы ақша табу

интернет бизнесИнтернет арқылы ақша табуға бола ма, жоқ па деген сауалдың басы ашық. Бүгінде миллиондаған адамдар интернет арқылы жақсы табыс тауып, тіпті соны негізгі кәсібі етіп алғандығы осыны айғақтайды. Интернет-бизнесмен деп аталатын бұл кәсіптің иелері үйінде компьютердің алдында отырып қомақты ақша табуда.
Блогымызда интернет арқылы ақша табудың бірқатар тәсілдері туралы жазған болатынбыз. Бүгін рунет, яғни орыс тілді интернетте кең таралған, миллиондаған адамдар қолданып, жақсы табыс тауып жүрген Glopart (глопарт) жобасы туралы әңгіме етпекпіз.

Ақша табудың сенімді түрі – өз ақпарат тауарларыңызды шығару.

ХХІ ғасырды ақпарат ғасыры деп тектен текке айтып жүрген жоқ. Ақпаратты иеленген адам қазір бәрін де иелене алады. Яғни, ақпарат ең өтімді және пайдалы тауар болып саналады. Сондықтан, Прочитать остальную часть записи »

Меккеде қажылыққа барған 717 адам тапталып өлді

исламМеккеге қажылыққа барып, мұсылмандық парыздарының бірін өтеу исламды ұстанатын әрбір пенденің арманы. Жыл сайын Құрбан айты қарсаңында қажылық парызын өтеу үшін 2 миллиондай адам Меккеге келеді екен. Биылғы жылы қажылық парызын өтеуге келгендер күтпеген апатқа тап болып, Арафат тауына бара жатқандар мен қайтып келе жатқан қалың топтың түйісуі салдарынан 717 адам тапталып қаза тапса, 800-дей адам ауруханаға түскен.

Меккедегі мұндай апат бірінші рет болып отырған жоқ

Қажылық парызын өтеуге келгендер арасында қалың нөпірдің табан астында қалып, тапталып өлу оқиғалары биыл бірінші рет болып отырған жоқ. Мұндай қайғылы апаттар үнемі қайталанып Прочитать остальную часть записи »

Құран туралы не білеміз?

әулиеИслам дінінің басты діңгегі – Құран. Көбіміздің әдемі өрнектелген қасиетті кітапты көргенімізбен, ол туралы жете біле қоймайтынымыз рас. Науан хазірет атындағы Ақмола облыстық орталық мешітінің наиб имамы, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, исламтанушы Серік Халықов ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім туралы баяндайды.
Сұрақ: Құран қашан, қалай түсті, онда қандай мәселелер қамтылған, оның сипаты, мән-мазмұны жайлы айтсаңыз.

Құран Пайғамбарымызға уахи түрінде түсті.

Жауап: Ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім Пайғамбарымызға кітап түрінде емес, уахи (аян) түрінде 23 жылдың ішінде түскен. Аян деген адамға ұйқыдағы кезінде берілетіндііг белгілі, бірақ Құран Пайғамбарымызға ұйқыда жатқан кезінде емес, ояу кезінде түскен. Оның ерекшелігі де Прочитать остальную часть записи »

Дерттен айығудың ең қарапайым және қолжетімді тәсілі

рухани білімҚазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп бар байлықтың басына денсаулықты қойған. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген сөз бар. Адам болған соң ауырмай тұрмайды. Дегенмен, сол дерттен айығудың амалын таппасаң, кішкене дерттің өзі асқынып, өміріңізге қауіп төндіретін қатерге айналуы ғажап емес.

Ауру қайдан шығады?

Қазір аурудан айығудың амалын әркім әр тараптан іздейтін болды. Біреу бұрынғыша үйренген әдетпен емханаға барса, екінші біреулер емшіні дұрыс көреді. Әлдекімдерден естігенін істеп өз бетінше ем-дом жасайтындар да бар. Бірақ та, біз қай тәсілді пайдаланбайық, дерттен құлан таза Прочитать остальную часть записи »

Сектанттар

сектантКеңестер Одағы қирғаннан кейін темір шымылдық алынып, шет елдерден алдымен түрлі ақпарат, сонан кейін шет елдік тауарлар ағылды. Босаған үлкен ақпарат алаңынан өз үлестерін қармап қалуға құлшынған түрлі діни ағымдардың уағызшылары да асқан белсенділікпен жұмыс істеуге кірісті. Коммунистердің тұщымсыз бірсарынды ақпараттарынан әбден мезі болған жұрт алғашында шет елдік ақпараттардың бәрін қомағайлана қабылдаған.

Жалған пайғамбарлар

Сол тұста шет елдердің өзінде жұмысына тиым салынған түрлі діни ағымдардың жетегіне ерушілер қатары көп болды. Тіпті, шет елдік жалған пайғамбарларға еліктеген ТМД елдерінің аумағынан шыққан «пайғамбарлар» мен «әулиелер» де жер-жерден шыға бастады. Украинада Киевтің Прочитать остальную часть записи »

Есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым тәсілі

арақАдам өмірінде есте сақтау қабілетінің алатын орны ерекше. Жады (есте сақтау) Алланың адамға берген үлкен сыйы десе болады. Біреудің есте сақтау қабілеті күшті, енді біреулерде ол әлсіз. Ал соңғы жылдарда жадысын мүлдем жоғалтып алған жандар қатары көбейіп келеді. Ондайлар, тіпті өмір бойы бірге тұрып келе жатқан туыс-бауырларын да сәлден соң ұмытып қалып, атын сұрап жатады.

Есте сақтау қызметі

Жердің асты мен үстін, онан қалды ғарышты түгел зерттеп, зерделеген адамзат қоғамының сезім, ақыл, зерде сияқты өз бойындағы қасиеттер жайындағы білімі мардымсыз. Бұл сала психология Прочитать остальную часть записи »

Қорқыныш

вирусАдамның қол-аяғын буып, дәрменсіз ететін ең қатерлі дұшпандардың бірі – қорқыныш. Ештеңеден қорықпайтын, қорқыныштан ада адам болмайды. Үрей мен қорқыныш біздің көлеңкеміз сияқты өле-өлгенше қыр соңымыздан қалмай, өмір жолымызда үнемі белгілі дәрежеде ықпалын тигізіп отырады.
Ертеңгі күнім не болады, жұмыстан қысқарып қалсам қайтемін, кредитімді қалай төлеймін деген сияқты үрейлі ойлардан арыла алмай үнемі қорқыныш құрсауында жүретіндер көп. Өзіміз қатты байланған басқа да сезім нысандарынан айрылып қалудан қорқып, соны сақтау үшін өзімізге қолайсыз түрлі әрекеттерге барып жататынымыз жасырын емес.

Қарқыныш қайдан пайда болады?

Қорқыныштың түп тамыры ешқашан қашып құтыла алмайтын үш негізгі қатер – ауру, кәрілік және ажал. Бұл үш қатер бізді әрдайым қорқыныш құрсауында ұстайды. Егер адам ауырмайтын, Прочитать остальную часть записи »

Сегіз сатылы иога

рухани дамуБүгінде иога деген түсінік екінің біріне жақсы таныс. Иогамен айналысатын адамдар қатары да жетерлік. Дегенмен, өздерін иогпыз деп жүргендердің көбі иога дегеннің не екендігін жетік біле қоймайды. Олардың көбі бұл денсаулықты жақсартуға арналған дене жаттығулары деген сияқты түсінікпен шектелген. Шындығында, иога – бұл тек денсаулықты жақсартуға ғана көмектесіп қоймайды, оның ең басты қызметі Жаратқанмен арамыздағы байланысты қалпына келтіру.

Иоганың ең кең таралған классикалық үлгісі – сегіз сатылы иога

Бүгінде иоганың отаны саналатын индиялықтардың көбі сегіз сатылы иогамен айналысады. Екі мың жылдай бұрын өмір сүрген Шығыс ойшылы Патанджалидің «Иога сутра» кітабында иоганың бұл түрі туралы жан-жақты айтылған. Иоганың классикалық үлгісі саналатын сегіз сатылы иога Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика