Сентябрь 2015

Тәнді шынықтыру

денсаулық«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар. Ауырмаудың ең сенімді және қолжетімді тәсілі- тәнді шынықтыру. Шынықтыру дегеніміз – бұл адам ағзаларын суыққа немесе ыстыққа, тағы да басқа сыртқы ортаға ақырындап бейімдеу арқылы оның түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыру жолындағы әрекеттер.

Шынығудың түрлері

Тәнді шынықтыру – денсаулықты жақсарту жолындағы тәжірибе арқылы анықталған тәсіл. Шынықтырудың негізі суық, ыстық немесе салқын темпаретураға күнделікті қайталанып отыратын жаттығулар арқылы тәнді бейімдеу болып табылады. Күнделікті жаттығу барысында адам тәні Прочитать остальную часть записи »

Жұмыссыздық тауқыметін тартпаймын десеңіз

сурет1Барша әлемді қамтыған экономикалық дағдарыс Қазақстанға да жетті. Төл валюта — теңгеміздің құнсыздануы адамдардың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне үлкен әсерін тигізуде. Сарапшылардың дерегіне қарағанда жыл соңына дейін жеке меншік кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 4,5 мың адам қысқартылмақ. Яғни, болашақта жұмыссыздық деп аталатын кесапаттың көп адамдарға қиындық әкелетін түрі бар.

Интернетте жұмыс көп

Бір жылдан бері жұмыссыз үйінде отырған бір танысым барлық жерде қысқарту жүріп, жұмыс табудың мүлдем қиындап кеткенін айтты. Әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін жұмыссыз қалудың үлкен қиындық әкелетіні даусыз. Мұндай жағдайда не істеу қажет?

Өз компаниясын құрып бүгінде миллионерге айналған Дэвид Вуд деген американдықтың өз өмірі жайында түсірілген видеосын көрдім. Ол жұмыссыздықтың зардабын тартып, әбден титықтайды. Прочитать остальную часть записи »

Ғасыр індеті – діни экстремизм

63Кеше теледидардан Еуропаға ислам елдерінен бақыт іздеп сапар шеккен елуге тарта адам мінген қайықтың Италия аумағында суға кеткені, өлгендердің ішінде төрт жас бала болғандығы туралы хабар көрсетілді. Жыл басынан бері Батысқа ағылған мұсылман босқындарының он бес мыңдайы суға кетіп өліпті. Бақыт іздеп келген Батыс елдерінен баспана таппай аш-жалаңаш жүрген босқындар қанша.

Мұсылманды мұсылман өлтіріп жатыр

Бүгінде Ирак пен Сирияның жартсына жуық жер аумағын тартып алып, ислам мемлекеті дегенді орнатып жатқан экстремистердің қолынан сол елдердің мыңдаған адамдары қаза тауып, миллиондаған адамдары баспанасынан, мүлкінен айрылып қаңғып қалды. Аштыққа шыдамаған Прочитать остальную часть записи »

Компьютерді жан-жақты меңгергіңіз келе ме?

61ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры аталып жүр. Ғаламтор әлемді мидай араластырып жіберді және ақпаратты жедел алуға барлық жағдай жасап берді. Осыған орай, бүгінгі заманда компьютер тілін білмеу заман ағымынан қалып қою деген сөз. Әрине, қазір барлық мектептерде компьютерді оқып, үйрету сабақтары жүргізіледі. Дегенмен де, мектептен толыққанды компьютермен жұмыс жасауды оқып, үйреніп шыға алмайсыз.

Оған дәлел, мектеп бітірген жастардың арасында компьютерді онша жетік білмейтіндердің көптігі. Компьютерді білу деген тек оны іске қосып, құжатты теру, файлды сақтау ғана емес. Компьютерді шексіз терең әлем десек, оның тұңғиығына бойламасаңыз да, тым болмаса жалпылама білуге тиісті нәрселерді үйрену шарт.

Компьютерді үйрететін оқу курстары.

Қазір компьютерді үйрететін оқу курстары қай жерде де бар. Бірақ та, жасыратыны жоқ ондай курстардың көпшілігі жалпылама түсінік берумен немесе бір тар бағдармен шектеледі. Компьютермен жұмыс істеуге қажетті нақты білімді қайдан алуға болады?
Прочитать остальную часть записи »

Дәстүрлі діндердегі сабақтастық

діни бұрмалаушылықтарЖер шарында бүгінде 7 миллиардтай адам болса, соның 5 миллиардтайы бес дәстүрлі дінді ұстанады екен. Олар: ислам, христиан, иудей, буддизм және индуизм. Бұл діндердің бәрінің мыңдаған жылдық тарихы бар және қасиетті кітаптары, қалыптасқан діни шарттары бар. Яғни, бұл діндердің бәрін Алладан келген ақиқат жол деп айтуға болады.

Діндегі сабақтастық неден көрінеді?

Веда ілімі бойынша, кез-келген қоғамда дамудың үш сатылы жүйесі болады. Олар: 1 – карма канда, яғни тәни әрекеттер арқылы келетін даму, 2 – гьяна канда, яки философиялық ой-толғаулар негізінде даму, 3 – упасана канда, немесе бһакти – бұл Аллаға махаббатпен құлшылық ету арқылы қол жеткізетін даму сатысы.

Бұл үш даму сатысы жоғарыда аталған бес дәстүрлі діннің бәрінде бар. Енді соған кеңірек тоқталып Прочитать остальную часть записи »

Нәпсі құрбандары

нәпсіКүні кеше ақпарат құралдарында Астанада бес жастағы қыз баланы зорламақ болған жерінде қолға түскен отыздағы жігіт туралы айтып, жазды. Кәмелетке толмаған жас балалар мен қыздарды зорлаушы педофил деп аталатын азғындардың қатары жыл санап көбейіп барады. Бұның себебі неде?

Санасын сайтан билегендер

Мектепте оқитын туған қызын екі жылдан бері зорлап келген «әке» ұсталып, 24 жылға сотталды. Бұл – Батыс Қазақстанда болған оқиға. Ал өскемендік тағы бір «әке» кәмелетке толмаған туған қызын зорлап, тіпті жүкті қылып қойған. Ол 17 жылға бас бостандығынан айрылды.
Көз көріп құлақ естімеген мұндай оқиғалардың көбейгені сонша, қазір ондайға жұрт онша селт Прочитать остальную часть записи »

Уақытты тиімді пайдалану – табысқа жетудің кепілі

уақытУақыт – Жаратқанның қуаты. Егер біз уақытты дұрыс пайдаланбасақ, онда ол бізді жазалайды. Қалай дейсіз бе? Жан-жағыңызға байыптап қараңыз, уақыты жетпей, сүрініп-қабынып жүретіндер көп. Олардың уақыты неге жетпейді, жұмыстары сонша бастан асатын көп пе? Жоқ. Өйткені олар уақытын дұрыс пайдалана білмейді. Соған орай, Жаратқанның қуаты түріндегі уақыт ондай пенделерді жазалайды.

Уақытты үнемдей білеміз бе?

Егер біз өзіміздің күнделікті өмірімізге зер сала қарайтын болсақ, бос уақытымыздың өте көп екендігін бағамдаймыз. Біз қанша уақытымызды пайдасыз әңгімеге, қажетсіз телехабарлар мен киноларды көруге, болмаса дүкендерді аралап сатып алмайтын болсақ та түрлі заттарға қарауға Прочитать остальную часть записи »

Ақылынан алжасқан адамзат қоғамы

гей1Адамзат қоғамы ауыр дертке шалдыққан. Қатерлі дерт жыл өткен сайын асқынып, ауру белең алып барады. Бірақ қорқыныштысы бұл емес. Ахуалы жыл санап нашарлап бара жатқанын адамзат қоғамы сезбейді және өзінің ауыр дертке шалдыққанын да мойындамайды. Жағдай осылай жалғаса берсе, қатерлі дерт адамзат қоғамын құрдымға құлатып, қасиетті Құранда айтылған Алланың қаһарына ұшырап, опат болған нәсілдердің кебін кизгізетіні анық.

Бәріне қоғам кінәлі

Қазір экономикалық дағдарыс барша әлем елдерін буып тұр. Төрт-бес жылда бір қайталанып тұратын «дағдарыс» атты ұстамалы дерт адамзатты титықтатып, онсыз да нашар ахуалын онан әрі нашарлатып, құтын қашырып кетеді. Ұстамалы аурудан мезі болған адамзат қоғамы бірақ содан Прочитать остальную часть записи »

Өзін-өзі жетілдіру

өзін жетілдіруӘр адамның, тіпті ақыл-есі толыспаған сәбидің де түрлі арман-мақсаттары болады. Арман мен мақсат адам өмірінің басты қозғаушы күші. Адам сол ойына алған арман-мақсаттарына қол жеткізіп жатса, өзін бақытты сезінбек. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі мақсат-тілектері орындалмағандықтан, өздерін өмірде жолымыз болмайтын бақытсызбыз деген түсінікпен тірлік кешеді.
Арман-мақсаттың орындалуы үшін не қажет? Ең алдымен, білім, қарым-қабілет, дұрыс бағыт-бағдар, ынта мен құлшыныс керек. Осы аталғандардың бәрінің жиынтығы – адамның үнемі және үзбей өзін-өзі жетілдіруі арқылы келмек. Өзін-өзі жетілдіруге жете көңіл бөлетін адам ойлаған мақсатына міндетті түрде жетеді. Осыған орай, мақсатқа жетудің басты кілті – өзін-өзі жетілдіру десек, жаңылыспаймыз.

Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі.

Кез келген адам ерікті-еріксіз болсын, өзін-өзі жетілдірумен айналысады. Бойындағы жаман әдеттерден арылу, жақсы әдеттерді қалыптастыру, өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге ұмтылу, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын жақсартуға күш салу – осылардың бәрі де өзін-өзі Прочитать остальную часть записи »

Ауырды жеңілге айналдырудың баяны

өзін жетілдіруБір ғұламаның «Ауыр істі жеңілге, жеңілді әдетке, әдетті жағымды іске айналдыр» деген сөзі бар. Шынында да, алғашында ауыр болып көрінген істің уақыт өте келе жеңіл тартатыны, одан кейін ақырындап әдетке айналатыны, ақыр соңында сол істен үлкен рахат табатыны айналамызға зер сала қарар болсақ, көзбен көріп, куәсі болатынымыз анық.

Ұзақ жасаудың құпиясы

Осыдан бірнеше жыл бұрын бүгінде жасы 86-ға келген Бекболат Сәдуақасов деген ақсақалдан сұхбат алдым. Салауатты өмір салтын ұстанатын ақсақал күн сайын бір жарым сағаттай дене жаттығуын жасап, жүгіреді екен. Ол қолын алдына ұстап 500 рет отырып, тұрады, иығына 24 келілік гирді қойып, жүз рет отырып тұрады. Күніне ондаған шақырым жүгіреді.
Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика