Октябрь 2015

Ғаламторға тәуелділер қатары көбейіп барады

вирус21-ші ғасырдың ең үлкен жаңалығы – интернет десе болады. Қазір интернет қалада да, ауылда да қолжетімді болып отыр. Содан ба, ғаламторды пайдаланушылар қатары жыл санап өсіп барады. Қалаған ақпаратыңды қас қағым сәтте табуыңа жағдай жасайтын ғаламтордың жақсылықтарымен бірге, жаман жақтары да аз болмай тұр.

Ғаламторға байланған балалар

Әлі санасы толық бекіп, қалыптаспаған балалардың арасында ғаламторға байланып, соған тәуелділікке түскендер қатары көбейіп барады. Күндіз-түні компьютердің алдында отыратын Прочитать остальную часть записи »

Рэйки дегеніміз не?

ақиқатДенсаулықты сақтаудың қазіргі тәсілі жақсы нәтиже бермейтінін өмірдің өзі анық көрсетіп отыр. Ауырған адамдар дәрігерге барып, ол жазып берген дәріні қабылдайды, ауруы аздап саябырсығандай болады. Содан кейін көп ұзамай тағы да ауру шығады.

Денсаулықты сақтаудың дәстүрлі емес тәсілдері.

Бүгінде Қазақтанда жүздеген емханалар мен ауруханалар бар, жыл сайын миллиардтаған теңге денсаулық саласына бөлінеді, Прочитать остальную часть записи »

Мінезді өзгертуге бола ма?

23Қазақтардың арасында біреудің жамандығын көргенде айтылатын «құдай берген мінез ғой» дейтін сөз бар. Оның мәні қырсық, жаман мінезді адам, оны енді өзгерте алмайсың, солай болып қалады дегенге келеді. Жаман мінезді адамдардың бойындағы осы олқылықты түсінбейтінін және түзелуді ойламайтынын өмірде жиі көріп жүреміз. Сол жаман мінезінен таяқ жеп, тауқымет тартып жүрсе де, адамдардың көбі кемшілікті түзеуге еш талпынбайды.

Жақсы немесе жаман мінез туралы

Біздің өміріміз өле өлгенше айналамыздағы адамдармен қарым-қатынастан тұрады. Жақсы қарым-қатынаста болу өмірімізді Прочитать остальную часть записи »

Өлім қорқынышты ма?

өлім«Өзекті жанға бір өлім» деген сөз тірі пенденің ешқашан ажалдан қашып құтыла алмайтынын анық аңғартқандай. Дегенмен де, түптің түбінде келмей қоймайтын сол ажалды адамдардың көбі еш қаперіне алмай алаңсыз тірлік кешеді. Ондайлар ажалды тек өлім сәтінде ғана есіне алып, болмай қоймайтын бұл құбылысты еш дайындықсыз, бейхабар күйде қарсы алады.

Өлімнен кейін не бар?

Адам маймылдан жаратылған деген Дарвиннің жалған ілімін санасына сіңірген аға ұрпақ өкілдерінің көбі өлімнен кейін де өмір Прочитать остальную часть записи »

Жалқаулықтан құтылудың жолы қандай?

25Жалқаулық адамдардың бәріне тән қасиет. Ол біреуде көбірек, енді біреулерде азырақ болады. Жалқаулыққа бой алдырған адамның ешқашан ісі өнбейді, отбасында да, жұмыста да абырой-беделден айрылады. Жалқау адам өзінің уәдесі мен міндеттерін орындамайтындықтан үнемі сылтау айтып, ақталуды әдетке айналдырады. Сондықтан жалқау адамдар әдетте өтірікші болып келеді.

Жалқаулық қазақтың қанына сіңген қасиет пе?

Жалқаулық барлық адамның бойында болады десек те, мұндай қасиет жалпы алғанда ұлттық салт-санаға да байланысты болмақ. Бір халықтарда жалқаулық көбірек те, екіншілерінде аздау Прочитать остальную часть записи »

Пайдалы ақпарат

өзін жетілдіруАқпарат ғасыры атанған ХХІ ғасырдың адамдары интернеттен пайдалы ақпараттар іздейді. Ол не үшін қажет? Пайдасына жаратып, белгілі бір нәтижеге жету және тап болған түрлі түйткілді мәселелерді шешу үшін керек.
Сіз осы мақаланы оқи отырып, пайдалы ақпараттар аласыз. Ол қандай пайдалы ақпарат? Жақсы мен жаманды, пайдалы мен залалды нәрселерді айыратын зердеңізді басқан тозаңды тазартып, өзіндік жетілуге қадам жасайсыз.

Пайдалы немесе пайдасыз деген ұғымның өміріңіздегі орны қандай?

Адамдардың 90 пайыздан астамы қоғамның, қоршаған ортаның ықпалымен өмір кешеді. Олардың барлық әрекеттеріне қоршаған орта ықпал етіп отырады. Олар өздерінше ойлап, ойға алған Прочитать остальную часть записи »

Дұрыс тыныс ала білесіз бе?

22Адамдардың басым көпшілігі дұрыс тыныс алмайды. Бүгінде белең алған стресс, жүрек, қантамыры аурулары дұрыс тыныс алмаудың нәтижесі. Мәселен, сәби күнінде адамдардың бәрі де дұрыс тыныс алады. Жан-жануарлар да дұрыс тыныс алады.
Адамда бұл жүйе неге бұзылған? Оған өмірде үнемі кездесіп отыратын психологиялық ауыртпалықтар себеп болады. Ашулану, қорқыныш пен үрей, мазасыздық сияқты санамызды жиі билеп алатын құбылыстар кезінде тыныс алу жүйесі бұзылады.

Дұрыс тыныс алу дегеніміз не?

Сіз өзіңіздің дұрыс тыныс алатыныңызды немесе алмайтыныңызды қалай білесіз? Дұрыс тыныс алу кезінде иығыңыз қозғалмайды, кеудеңіз болар-болмас көтеріліп, басылады. Негізінен сіз ішіңізбен Прочитать остальную часть записи »

Алла адамдарды алалай ма?..

діни бұрмалаушылықтарАлла барша әлемдерді, тіршілік иелерінің Жаратушысы және Иесі. Бұл ақиқатты барлық дәстүрлі діндер мойындайды. Барша әлемді жаратушы құдай адамдарды «мынау жақын, мынау алыс, мынау бөтен, мынау дұшпан» деп кәдімгі біздер, яғни екі аяқты пенделер сияқты бөле ме? Бұған жүрегінде Аллаға деген қиқымдай да сенімі бар әрбір пенде «жоқ» деп жауап береді. Бірақ, шындығында адамдардың көбі бұлай ойламайды. Олар құдайды «жекешелендіріп» иемденіп алған. Жер бетіндегі дінаралық қақтығыс, соғыс, алауыздық деген кесапаттардың басты негізі де – дәл осында.

Құдай мұсылмандарды ғана сүйіп, басқаларды жек көре ме?

Кеңес заманында діннен аулақтап, имандылықтан айрылып қала жаздадық. Дегенмен, тәуелсіздігімізді алған соң, адамдардың, әсіресе жастардың көбі Аллаға қарай жүзін бұрып, дінге бет Прочитать остальную часть записи »

Адам – магнит

ақылТемір-терсекті өзіне тартып, жапсырып ала беретін магнит сияқты қасиет адамның бойында да бар. Темір магниттен айырмасы сол, адам өзіне жақсылық пен жамандықты тартып, жапсырып алып отырады. Адамның бойындағы осындай магниттік қасиетін білгендер ерте заманнан ойына алған арман-тілектеріне жетіп, бақытты тірлік кешкен. Бірақ ондай тылсымның құпиясын білген жандар мұның сырын сыртқа шығармай қатаң бақылауда ұстаған. Дегенмен, бүгінгі ақпарат заманында бұл тылсым ілім құпия болудан қалды.

Жамандықты тартатын магнит жандар

Жолы болғыш, ойына алған ісі әп-сәтте алға басып жүре беретін адамдар өмірде сирек кездеседі. Керісінше, француз комигі Пьер Ришар ойнайтын «Невезучий» фильмінің кейіпкеріне ұқсайтын Прочитать остальную часть записи »

Халық емінің қандай артықшылықтары бар

денсаулыкБүгінде медицина шарықтап дамып кетті. Қазіргі заманғы ең соңғы ғылым жетістіктерінің бәрі де медицина саласында қолданылады. Соған қарамастан, медицина дәрменсіз болып отырған емі жоқ аурулар саны азаяр емес және науқастар қатары да жыл санап өсіп барады.
Қаазіргі нарық жағдайдында емделу қалтаға салмақ түсіретін қымбат шара болып табылады. БАҚ арқылы шетелге барып емделуге қажетті ақша сұрап, алақан жаюшылар қатары көбеюде.

Халық емі арзан және тиімділігі де жоғары.

Қымбат бағалы құрылғылар мен дәрі-дәрмекке сүйенетін қазіргі медицинамен салыстырғанда халық емі әлдеқайда арзан. Көп жағдайларда халық емін қабылдау дәрігердің емінен біршама тиімді болып Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика