Ноябрь 2015

Ақырзаман бола ма?

тамұқҚазақ тіліндегі «Сұрақ-жауап» деген сайттан «Ақырзаман бола ма?» деген сауалды кездестірдім. Оған біраз адамдар жауап жазыпты. Біреулер болады, оның мерзімін Алла ғана біледі десе, «ақырзаман мүлдем болмайды» деп жазғандар да бар екен.

Ақырзаман деген не?

Қожанасырға бір күні көршілері келіп «Қожеке, ертең ақырзаман болады, сондықтан ертеңгі күнді ойламай, ақыры өледі екенбіз, жақсылап тойып алайық» депті. Ақкөңіл Қожанасыр көршілерінің айтқанына келісіп, үйіндегі барын Прочитать остальную часть записи »

Шаш күтімі туралы не білеміз?

21«Шаш адамның көркі» дейді халық даналығы. Шынында шаш адамға көрік беріп, келбетін аша түседі. Әрине, дұрыс қойылған, бет пішінімен үндесетін шаш үлгісі болса. Дегенмен де, шашымыз көбіне өзіміз ойлағандай бола бермейді. Сондай-ақ, әсіресе ер адамдарда жасына жетпей шаш түсіп, қасқабастанып жататын жайлар кездеседі.

Қазір жастар арасында шашты тықырлатып алдырып тастау сән болып саналғанымен, егер зер сала қарасаңыз тақырбастан гөрі, талғаммен қойылған шаш үлгісі адамның бет пішінін ашып, көріктендіретінін, оған салиқалық сипат беретінін бағамдаймыз. «Қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» дегендей-ақ, шаш та күтуді қажет етеді.

Толқындаған қою шашты кім армандамайды?

Шаш күтімі тек сусабынмен күнде жуып отырумен шектелмейді. Шаштың түсуіне, оның құрғақ, майысқақ болына, Прочитать остальную часть записи »

Намаз оқығанның бәрі мұсылман ба?

исламКеңес заманында намаз оқу, ораза ұстау надандықтың белгісі саналса, бүгінде оқыған, жақсы қызмет атқаратын жастар арасында намаз оқитындар қатары көбейді. Өзім тұратын Көкшетаудағы орталық мешітке жұма күні барсаң намазға келген адамдар мешітке сыймай, тіпті далада тұрып оқитын кездері көп.

Намазды не үшін оқиды?

Ұлы Буддаға ақыл сұрай келген бірнеше адамға білгісі келген нәрселерінің әртүрлі екендігіне қарамастан ол шәкірттерінің көзінше бірдей жауап береді. Будда әлгілердің бәріне «түйсіну керек» деп ақыл беріпті. Мұны естіген шәкірттері ұстаздан «әлгі Прочитать остальную часть записи »

Сұлы сүтінің пайдасы

29Сұлы құрамы жағынан ана сүтіне ұқсайды дейді ғалымдар. Сұлы адам ағзаларын қалыптастырып, дамытуға игі ықпалын тигізетін микроэлементтерге өте бай дақыл. Ертеде отырықшы елдің халықтары сәбиді сұлыны суға езіп дайындаған сұлы сүтімен қоректендіретін болған.

Сұлы сүтін қалай дайындайды

Жарты литр сұлы сүтін дайындау үшін 500 мл. су, 30 грамм сұлы дәні, 6 құрма қажет. Алдымен сұлы дәнін жақсылап жуып алады. Жуылған дәнді ыдысқа салып, 1:3 көрсеткіш көлемінде Прочитать остальную часть записи »

Алладан тілегеннің екі бүйірі, адамнан тілегеннің екі көзі шығады

тәубе«Саентология шіркеуі» деген су жаңа дін ойлап тапқан Рональд Хаббард деген жалған пайғамбар Інжілдегі Иса пайғамбардың «Құдай бай, әрі жомарт, Құдайдан қалаған тілектеріңді алуларыңа болады, неге Құдайдан сұрамайсыңдар» деген сөзін басшылыққа алып, әлемдегі ең бай адамдардың біріне айналыпты.

Алладан медет тілеп, аурудан айықтырады

Осыдан біраз жыл бұрын Атбасар қаласында аудандық газетте қызмет істедім. Сонда еліміздің оңтүстік облыстарының бірінен келген емшімен кездесіп, сөйлескен едім. Әлгі емшінің емдеу Прочитать остальную часть записи »

Надандықтың бір белгісі – өз ұстанымының жоқтығы

мақсатӨмірлік ұстанымы, өз көзқарасы жоқ адам табанының бүрі жоқ аяқ киім сияқты. Ондай аяқ киіммен қадам басқан сайын құлап, алға жылжуыңыз қиын болмақ. Өкінішке орай, қазіргі заманда адамдардың көпшілігінің өз ұстанымдары, көзқарастары жоқ. Ондайлар әркімнің жетегіне еріп, өзіне де, айналасындағыларға да залалын тигізіп жатады.

Көп айтса көнді, жұрт айтса болды

Ұлы Абайдың айтқан «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деген өлеңіндегідей ұстанымды бағдар етіп алғандар көп бүгінде. Айналаңызға ой жүгіртіп қарасаңыз, ондайларды әрекетінен бірден байқайсыз. Мәселен, өзіне де, балаларына да залалын тигізіп, Прочитать остальную часть записи »

Интернет арқылы ақша табудың сенімді көзі

интернет бизнесИнтернетте оңай жолмен және еш білім мен біліксіз күректеп ақша табуға болатыны жөніндегі жобалардан көз сүрінеді. Интернет менің негізгі табыс көзім болмаса да, осы салада үш жылға тарта жұмыс жасап келе жатқандықтан, біраз білім мен тәжірибем бар деп айта аламын.
Сондықтан, егер алтын уақытыңыз бен күш-қуатыңызды және ақшаңызды шығын еткіңіз келмесе, ондай үйіп-төгіп уәде бергіштерден аулақ жүргеніңіз жөн. Өкінішке орай, сондай оңай жолмен ақша тапқысы келетіндер қазақ интернетінде де кездесе бастады.

Интернет арқылы ақша табуға бола ма?

Интернетте ақша бар бірақ жан қинамай оңай табыс табамын деу ақылсыздық қана емес, өзіңді арандату. Интернет те кәдімгі Прочитать остальную часть записи »

Ислам діні және лаңкестік

дінКүні кеше Парижде болған лаңкестік әрекеттен кейін әлемнің көптеген елдері  осы әрекетті жасаған ислам лаңкестерін тағы да айыптады. Бұның алдында да әр жолы осындай лаңкестік болған сайын саясаткерлер, қоғамдық ұйымдар экстремистерді айыптап, өз пікірлерін білдіріп жататын.

Исламның жаулары

«Жақсы болмақ мың күнде, жаман болмақ бір күнде» демекші, ислам дінінің бейбітшіліксүйгіш, адамдардың бойындағы ізгілік қасиеттерді дамытуға ықпал ететін жағымды құбылыс ретінде ғасырлар бойы қалыптасқан бар абырой-беделін кейінгі кезде Прочитать остальную часть записи »

Бауыр ауруына қарсы халық емі

бауыр ауруыБауыр адам тәнінің ең маңызды ағзаларының бірі саналады. Ол фильтр сияқты барлық залалды заттарды сүзгіден өткізіп, залалсыздандырады. Автокөліктің фильтрінің лас майды пайдаланған кезде жиі бітеліп қалатыны сияқты, залалды тағамдарды ішіп-жегенде бауыр қызметі бұзылады.
Бауырдың ауруына әсіресе, алкогольді ішімдіктің зияны өте көп. Бауыр тазаланған кезде тез қалпына келетін ағза. Дегенмен де, адам улы заттарды, соның ішінде спиртті ішімдіктерді көп тұтынуын қоймаса, келе-келе бауыр клеткалары аралық тканьмен алмасады. Ал бұл созылмалы бауыр циррозына ұшыратады.

Бауырды балмен емдеу.

Балдың емдік қасиеті туралы көп айтып, жазылып жүр. Балды тікелей бауыр ауруына қарсы ем ретінде қолдануға болады Прочитать остальную часть записи »

ХХІ ғасырдың надандары

діни бұрмалаушылықтарҒылым мен техника шарықтап дамыған 21-ші ғасырда да надандық құрсауында жүрген пенделер жетіп артылады. Білімділік бітірген оқумен, диплом атты қатырма қағазбен немесе ғылыми дәрежемен өлшенбейді. Бірнеше жоғары оқу орнын бітірген, ғылыми дәрежесі бар адамдардың арасында да надандар аз емес.

Надандықтың бір сипаты – фанатизм

Өткен ғасырда Гитлер деген бір қаскүнем немістерге «сендер арий нәсілінің ішіндегі ең таза ұлтсыңдар, сондықтан әлемнің басқа халықтарға немістерге құл болуы керек» деді. Халықтың көбі бұған имандай ұйып, құлай сенді.  Осындай соқыр сенімді Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика