Ноябрь 2015

Құран мен хадистердің негізі бір

әулиеИслам дінінің діңгегі саналатын Құранды көбіміз білгенімізбен, хадис туралы жете біле қоймайтынынымыз рас. Хадис пайғамбардың сөзі немесе дін исламға, имандылыққа қатысты айтылған ұлағатты сөздер деп түсінетіндер бар, тіпті хадистер бұрмаланған, сондықтан оны пайдалануға болмайды деп санайтындар да жоқ емес. Шын мәнінде хадис дегеніміз не және ол қайдан шыққан, ислам дініндегі оның рөлі мен қызметі қандай деген мәселелер туралы Науан хазірет атындағы  мешіттің имамы, дінтанушы Серік Халықов баяндайды.

Сұрақ: Хадистер қайдан шыққан және оның ислам дініндегі орны туралы не айтасыз?

Жауап: Егер тілдік ұғымына қарайтын болсақ, хадис деген – жаңа немесе – сөйлеу деген мағынаны білдіреді екен. Шариғат Прочитать остальную часть записи »

Ұзақ жасаудың құпиясы

денсаулыкЖер бетінде жүз және онан да артық жыл өмір сүрген ұзақ жасаушылар көп тұратын бірнеше аймақ бар. Олардың бәрі таулы жерде орналасқан. Ғалымдар ұзақ жасаушылардың дені тауда тұратындар деген тұжырым жасайды.

Окинава тұрғындарының диетасы

Жапонияның Окинава тауын мекен еткендер арасында ұзақ жасаушылар саны өте көп. Әсіресе, әйелдердің ғасыр жасаса да өздерін тың, жақсы сезінетіні қайран қаларлық. Әлем ғалымдары Прочитать остальную часть записи »

Өзінің тән емес, жан екенін сезіну адамға не береді?

тәубеТән емес, жан екендігін толық түйсінген адамның бойында жанға тән үш қасиет бой көрсетеді. Оны санскрит тілінде сат, чит, ананда деп атайды. Сат – мәңгілік, чит – білімге толы, ананда – жан рахатына кенелген деген ұғымды білдіреді. Яғни, өзінің жан екендігін толық түйсінген адамның бойында мәңгілік, толыққанды білім және жан рахаты сезімі орнығады.

Білім алудың екі түрі.

Буддизм дінінің негізін салушы Будда Шакьямунидің «көз арқылы берілген ілім қара халыққа арналған, ал жүрек арқылы берілген ілім таңдаулыларға арналған» (Знание око – для Прочитать остальную часть записи »

Қарапайым және жеңіл табыс көзі

интернет бизнесБүгінде Қазақстанда интернетті пайдаланушылар саны 10 миллионнан асып жығылады. Дегенмен адамдардың көбі интернетті тек ақпарат алу немесе түрлі фильмдер көріп, ойы ойнаудың құралы деп санайды. Шыныдғында ғаламтор арқылы жақсы табыс табуға да болады. Сіздердің назарларыңызға екі жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатқан монеу-вирдс деп аталатын ойын-жобаны ұсынып отырмын.

Жарты миллионнан астам адам қатысатын сервис

Бүгінгі күні жобаға 588554 адам тіркеліп, жұмыс жасап жатыр екен. Бір күннің ішінде 285 адам тіркелген. Осы кезге дейін Прочитать остальную часть записи »

Адамзатқа жол көрсетер ұстаздың қажеттігі

білімКеңес заманында жақсы-жаман болсын болашақта коммунизм орнатамыз деген бұлыңғырлай болса да идея-мақсатымыз бар еді. Қазір нарықтық қоғамға көшкен соң ертеңгі болашағымызды айқындайтын мақсатымыздан толайым айрылып қалғандаймыз. Рас, «Қазақстан -2030», «Қазақстан-2050» деген сияқты ұзақ жылдарға арналған стратегиялық бағдар бар. Бірақ ол қоғамның барлық қырын қамтымайтын, жалаң экономикалық, яғни тұрмысты жақсарту сияқты біржақты ғана қамтитын бағдар.

Адамзат қоғамы қайда барады?

Қазір әлемнің барлық елдері дерлік «құқықтық, демократиялық, зайырлы» деп аталатын қоғам құрып жатыр. Осындай қоғам Прочитать остальную часть записи »

Артық салмақтан қалай арылуға болады?

ашығуДүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда жыл сайын 12 миллион адам жүрек-қантамыр ауруларынан қайтыс болады екен. Олардың 80 пайыздайы 30-ға дейінгі жастар. Бұл көрсеткіш енді бес-он жылдан кейін 25 миллионға жетпек. Ал жүрек-қантамыр ауруларының қайнар көзі – артық салмақ екендігі белгілі.

Жедел арықтаудың жолы – диета.

Қазір әлемнің басқа елдеріндегі сияқты Қазақстанда да артық салмақ дерті белең алып барады. Артық салмақ ересектерді қойып, жас балалар арасында кең таралуда. Осыған орай, Прочитать остальную часть записи »

Пайғамбардың жәннаттағы досы

исламИслам діні тарихында елеулі орын алған пайғамбардың (с.а.с) ең жақын серіктерінің бірі және алғашқы төрт халифтің бірі болып, дін исламды әлемге таратуға зор үлесін қосқан Осман ибн Аффанның өмірі барша адамзат баласына үлгі-өнеге боларлық.
Оның бойында адалдық, кішіпейілдік, жомарттық, сыпайылық, ержүректік, сабырлылық сияқты мұсылман баласына тән имандылық қасиеттердің бәрі молынан табылатын. Пайғамбарымыздың екі бірдей қызы Рұқия мен Үммүгүлсімге үйленгендіктен Зун-нуриан- екі нұр аталған Осман бар өмірін ислам дінін таратуға және пайғамбарға қызмет етуге бағыштады.

Ислам дінін қабылдауы.

Әкесінен мұраға көп байлық қалған Осман сауда жасап, көп елдерді кезеді. Ол Әбу Бәкір Сыддықтың жақын досы болды. Прочитать остальную часть записи »

Өзіңізді ешқашан қауіпсіз сезінбеңіз

кармаАдам дүние есігін ашқан сәттен бастап түрлі қауіп-қатер көлеңке сияқты өле өлгенше ізінен қалмайды. Біз өмірімізді қауіпсіз етеміз деп қанша талпынғанымызбен, бұл мәселені түбегейлі шешкен пенде тарихта болған емес және ешқашан болмайды да. Өйткені, мына фәни жалғанның айнымас табиғаты – үнемі пайда болып, дамып, жойылып өзгеріп отыру. Яғни, бұл жалғанда тұрақтылық жоқ.

Солон айтқан ақиқат

Ертеде қазіргі Алдыңғы Азия аймағында Лидия деген қуатты мемлекет өмір сүрген. Соның атақты патшасы Крез өз дәуірінде аса құдыретті және өте бай адам болыпты. Шалқыған бай Прочитать остальную часть записи »

Нәпсі деген не және оның ықпалынан қалай шығуға болады?

байлануПайғамбарымыз (с.а.с) нәпсіге қарсы күрес қиямет қайымға дейін жалғасады деген екен. Адамның қас дұшпаны саналатын нәпсіні жау санайтындар өкінішке орай көп емес. Керісінше жұрттың көпшілігі отқа тамызық тастаған сияқты күйіп жанған нәпсіні онан әрі қоздыру арқылы мол рахатқа кенелеміз деген түсініктің жетегінде.

Нәпсі деген не?

Нәпсіге қарсы күресу үшін ең алдымен оның не екендігін, табиғатын біліп алуымыз шарт. Бһагавад Гитада адамдарды еріксіз түрлі жаман күнәкар істерге итермелейтін күш – нәпсі Прочитать остальную часть записи »

Медитация денсаулықты сақтауға көмектеседі

медитацияРэйки жүйесінде медитацияның алатын орны ерекше. Медитация – ақыл-ойды белгілі бір нысанға шоғырлау барлық дәстүрлі діндерде бар. Бүгінде ол медицинада, оның ішінде психотерапияда кеңінен қолданылады. Өйткені, медитация адам тәнін ғана емес, оның ішкі психикалық ахуалына тікелей әсер ететін тәсіл.

Тыныс алуды бақылау

Осыған байланысты, рэйки жүйесінде де медитация кеңінен қолданылады. Рэйки адам денсаулығын жақсартуға қызмет Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика