Декабрь 2015

Табысқа жетудің құпиясы

акшаОйына алған арман-мақсатына жету әрбір адамның маңдайына жазылмаған бақыт. Егер адамдардың бәрі бірдей мақсаттарына жетер болса, мына дүниеде бақытсыз, кедей және өмірге өкпелі пенде болмас еді. Ал табысқа немесе ойыңызға алған мақсатыңызға қалай жетуге болады? Нәтижеге жету осы саалдың жауабын дұрыс таба білген адамның ғана еншісіне жазылған жетістік екендігін өмір әрдайым дәлелдеп келеді. Мен блогымның оқырмандарына әлемнің көптеген тілдеріне аударылған (өкінішке орай, қазақ тіліне аударылған жоқ) Напалеон Хилдің «Ойлан да байы» (Думаи и богатеи) деген кітабын ықшамдап аударып, ұсынып отырмын. Одан сіз көптеген өте құнды ақпараттар табарыңызға сенімдімін.

Құлағы бар пенде естісін

Табысқа жетудің құпиясы кітапты оқу барысында ақырындап ашылатынына сенімді және дайын болыңыз. Мен бұл жайында қуана баяндар едім, дегенмен сізді сондай тылсым құпяины Прочитать остальную часть записи »

Ақсақалдар азайып бара жатыр…

даналықПайғамбар жасынан асқан бір кісімен аздап сөзге келіп қалдым. Қызбаланып, дау десе семсерін жалақтатып шаба жөнелуге әзір тұратын жауынгердей қайтпас қайсар бейнесін көргенде райымнан қайтып, «жә, сіздікі дұрыс» деп қоя салдым. Өзінің пікірінің дұрыстығын дәлелдемек болып біраз сөйлеген ол содан кейін жұмысының ауырлығын, жүйкесін жұқартар жайлардың көптігін айтып, шағынды. Зейнет демалысына әлдеқашан шыққан оған жұмыс істе деп мәжбүрлеп жатқан ешкім жоқ. Ендеше жүйкесін жұқартып, көрінгенмен бақ-шақ десіп жүрудің қандай жөні бар?

Зейнетақысын беріп, жезөкшеге барады

Өкінішке орай, ажалды ойламайтын пенделер қашан кәрілік жеңіп, жүре алмайтын халге жеткенше жұмыс істейді немесе нәпсінің құлы болып, арақ-шарап ішіп, тіпті зина жасап жатады. Прочитать остальную часть записи »

Жақсы қарым-қатынас қалай келеді

71Біздің бар өміріміз қоғамда, яғни адамдардың арасында өтеді. Сондықтан қаласақ та, қаламасақ та айналамыздағы жандармен әртүрлі қарым-қатынаста болуымызға тура келеді. Біздің өміріміздің жақсы, не жаман болуы тікелей айналамыздағы адамдармен қарам-қатынасымыздың жайына тікелей қатысты болмақ.

Қарым-қатынас туралы неге оқытпайды

Мектептерде, онан қалды жоғары оқу орындарында жүздеген пәндер бар. Тіпті, атауын өмірі естімеген пәндер жайында оқып немесе естіген кезде қайран қалып жатамыз. Бірақ адам өміріне тікелей елеулі ықпалын тигізетін қарым-қатынас жайында не ғылым, не жеке пән жоқ. Осыған қарап, мұны екі аяқты адам деп Прочитать остальную часть записи »

Ойың асқақ, өмірің қарапайым болсын

өзін жетілдіруҚарапайымдылық адамды айналасына сүйкімді көрсететін ізгі қасиеттердің бірі. Қарапайым өмір сүруге үйренген адам қиындықтар мен ауыртпалықтардан қорықпайды және ысырапшылдықтан аулақ болатындықтан, байлыққа қол жеткізу мүмкіндігі де моля түспек.

Кедейдің кербезінен сақта

Журналист болғандықтан, өмірде көп адамдармен араласып, әртүрлі жандармен кездесуге тура келеді. Сонда байқағаным: аса қымбат киім киіп, малынып жүретіндердің көбі жалақымен қалт-құлт тірлік кешетін кедейлер. Ал өте бай адамдар байлығын жұртқа жарқырата көрсетуден керісінше қашып Прочитать остальную часть записи »

Ысырапшылықты Алла ұнатпайды

28Нарық қыспаққа алған қазіргі қоғамда адамдар әрбір тиынын тиімді пайдалануды үйреніп, ысырапшылдықтан аулақ болуы тиіс. Бірақ іс жүзінде жағдай бұлай емес. «Кедей байға, бай құдайға жетсем дейді» деген ысырапшылдықтан бәсеке атам заманнан бері үздіксіз жалғасып келеді.

Кредит алып той жасау

Жалғыз баспанасын кепілге қойып, банктен пәлен пайызбен несие алып, аста-төк той жасайтын әлемдегі жалғыз халық – қазақ шығар. Кеңес заманында үйлену тойы бір-ақ рет өтетін болса, қазір екі той жасалатын болды. Қыз жағы шашылып- Прочитать остальную часть записи »

Денсаулыққа қандай тамақ жақсы?

ашығуҚазақ «ауру – астан» деп текке айтпаған. Аурудың көбі ас арқылы келетінін бүгінгі медицина да растайды. Асқазан ауруларының көбеюі, артық салмақ мәселесінің пайда болуы, орташа өмір сүру деңгейінің қысқарып, қартаюдың жеделдеу – бәрі дұрыс тамақтанбаудың салдары десек, асыра айтқандық болмас.

Қалай тамақтанатыныңызды айтсаңыз, денсаулығыңыздың қандай екендігін айтамын.

Ертеректе бір кісі данышпан ғұламаға келіп «мынау менің ұлым, соның қандай екендігін және болашағы жайлы айтып беріңізші» деп сұрапты. Сонда данышпан «балаңыздың достарын әкеліңіз, сонда оның қандай адам екендігін айтамын» деген екен дейді. Сол сияқты бүгінде біреудің денсаулық жағдайының қандай Прочитать остальную часть записи »

Таңғажайып

ақиқатҒылым мен білім дамыған сайын ақылға симайтын таңғажайыптар қатары азайып, табиғаттың тылсым құпиясы түгел ашылады деп ойлаушы едік. Дегенмен, ғылым дамыған сайын адам ақылы жетпейтін таңғажайыптар қатары көбейген үстіне көбейіп барады.
Мұның өзі матреиалистік түсініктің терістігін тағы дай айғақтап, керісінше діни түсініктің ақиқаттығын дәлелдей түсуде.

Жын-перілердің баяны.

Қасиетті Құранда «жын» деген сүре бар. Пайғамбарымыз хадистерінде адамның көзіне көрінбейтін жын-пері дегендердің болатынын айтады. Қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың сөзін жын-шәйтан дегенді көзімен көрган адамдардың Прочитать остальную часть записи »

Жақсылықты Жаратқаннан ғана тілеңіз

әділ патшаБіз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз? Сіз осындай сауалды өзіңізге өзіңіз қойып көрдіңіз бе? Олай жасамасаңыз, осы сауалдың байыбына баруға тырысып байқаңыз. Сонда мына фәни жалғанның шынайы бетбейнесін танитын боласыз.
Бүгінде әріп танымайтын сауатсыз жанды табу қиын. Жұрттың бәрі оқыған, білімді. Біз өмір сүріп жатқан қоғамды құлдық, онан кейінгі феодалдық дәуірмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, өркениетті деп қанша мадақтағанымызбен, шындығында бұл қоғамның күшті әлсізді зәбірлейтін ежелгі қоғамдардан ешқандай да айырмасы жоқ.

Күштінікі қашанда дұрыс.

Тарихқа зер салып қарасақ, қуатты мемлекеттердің әлсіз мемелкеттерді жаулап алып, бодандыққа салғандығын, халықты езіп-жаншып, зәбір көрсеткендігін бағамдаймыз. Қазақ елі орыс Прочитать остальную часть записи »

Бұл дүниеде тегін ештеңе жоқ

тамұқТаяқтың екі ұшы болатыны сияқты мына фәни жалғанда бәрі жұп-жұбымен жаратылған. Күн мен түн, қыс пен жаз, ер мен әйел, жақсылық пен жамандық, т.б. Таңғаларлығы сол, жаратылған жұптар үнемі бір-бірімен қосақталып жүреді. Рахат алдыңыз екен, онан кейін оның тауқыметін тартуыңызға тура келеді. Бұл – Жаратқанның заңы, қаласаңыз да, қаламасаңыз да осылай болады.

Экс Премьер-министр 10 жылға сотталды

Күні кеше Қарағандыда бұрынғы Үкімет басшысы Серік Ахметовтың соты аяқталды. Талай лауазымды биік қызметтердің тұтқасын ұстаған бұрынғы басшы 10 жылға сотталып, бар мүлкі тәркіленбек. Бұрын «шіркін, осы кісінің орнында болсам ғой» деп Прочитать остальную часть записи »

Жүйкені жұқартып, дертке шалдығудың төте жолы

стрессБүгінде адамзат үшін ең үлкен қатер болып отырған жүрек қантамыр ауруларының негізі – жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан екендігі белгілі. Жалпы аурулардың 90 пайызы жүйке жүйесіның бұзылуынан орын алады екен. Стресс, депрессия деп аталатын дерт бүгінде жасты да, кәріні де темір құрсауына алып, шарықтап дамыған медицинаға бой бермейтін ауруға айналып барады.

Жүйкеге салмақ салатын қорқыныш

Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қорқыныш атты құбыжықтан жапа шегеді. Қорқыныш адамның көлеңкесі сияқты өле өлгенше қыр соңынан қалмай, азапқа салады. Еш пенде Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика