Январь 2016

Емделудің сенімді жолы

медитацияАуру адамға айтып келмейді. Ет пен сүйектен жаратылған пенде ауырмай тұрмайды. Тәнін қинаған аурудан емделу үшін әркім әртүрлі тәсілді қолданып жатады. Адамдардың көпшілігі бұндай жағдайда емханаға барып, дәрігерге көрінеді және оның жазып берген дәрісін ішеді.

Дәрі ішу арқылы дерттен толайым жазылып кету мүмкін емес. Дәрі дерттің аздап күшін басып, уақытша тоқтатқанымен, ол көп ұзамай қайта оралады. Дертті ауыздықтаудың ең сенімді жолы денсаулықты сақтауға көңіл бөлу. Ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған әлдеқайда оңай және тиімді болмақ.

Медитация арқылы емделу.

Рэйки тәсілі медитация арқылы емделуге болатынын және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде көрсетіп отыр. Оны қолданған Прочитать остальную часть записи »

Өткен тарихты талдау арқылы болашақты болжауға бола ма?

табысКім кімді де енді 20, 30 немесе 50 жылдан кейін не болады деген сауал бей-жай қалдырмасы анық. Әсіресе, бар өмірі алда тұрған жастарды бұндай сауалдың толғандыратыны күмәнсіз. Осы орайда, өткен тарихымызды талдау арқылы болашақты болжауға мүмкіндік бар екендігі бұл сауалымызға жауап табуға көметеспек.
Ежелгі веда ғылымы бүгінгі ғылымнан өзгеше, уақыт өткеннен болашаққа бір бағытта жылжыған кездейсоқ оқиғалардың тізбесі емес, кезеңдік сипаттағы белгілі заңдылықтарға бағынатын қуат деп түсіндіреді. Егер адамзаттың өткен тарихына ой жүгіртіп қарайтын болсақ, ведалық ілімнің дұрыстығын бағамдаймыз.

Тарих тереңіне ой жүгірткенде.

Бүгінгі ғылым осыдан миллион жылдан астам уақыт бұрын алғашқы адамдар үңгірлерде қауымдасып өмір сүрген деп түсіндіреді. Бір үңгірде 50, 60, онан да көп адам тұрған тәрізді. Прочитать остальную часть записи »

Адамдар жауапкершіліктен неге жалтарады?

сәтсіздікЖауапкершілік деген – орындалуға тиісті міндет. Егер сіз мойныңызға бір жауапкершілік алдыңыз екен, оны орындауыңыз қажет болады. Ал орындамаған жағдайда моральдық немесе материалдық, тіпті заң алдында жауапкершілікке тартыласыз.
Бүгінде жауапкершілікті сезінбейтін, оны мойындамайтын, одан қасақана бас тартатын адамдар көбейді. Мәселен, өздері дүниеге әкелген баласы мен әйелін қаңғытқаны өз алдына, алимент ретінде төленетін ақшаны да төлемейтін «әкелер», мойнына алған қызметтік міндетін дұрыс орындамайтын, соның салдарынан қарамағындағы адамдарға түрлі қолайсыздықтар әкелетін басшылар көп.

Жауапкершіліктен бас тартудың салдары.

Бір алпауыт бизнесменнің «бұл дүниеде бәрі сатылады» деген сөзі бар. Осы сөздің астыраны үңілер болсақ, шынында да бәрі сатылатындығын бағамдаймыз. Егер сіз фәни жалғанның бір Прочитать остальную часть записи »

Бай болудың шарты — сананы өзгерту

өзін жетілдіруБай-бақуатты болу бүгінде әркімнің-ақ арманы. «Армандаудың залалы жоқ» демекші, дегенмен бұның өзі көп адамдардарда жәй қиял-арман күйінде қалып қояды. Оны жүзеге асырып, мол ақшаға кенелу екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт. Содан болар, бай болуды жұрттың көбі лотарея билетін ұтатын жолы болғыш жандардың кездейсоқ бақыты сияқты көріп жататыны бар. Шындығында байлық басқа кездейсоқ қона салатын бақ құсы емес, ол ұзақ және табанды еңбектің жемісі арқылы келетін игі нәтиже.

Бұлай деп үзілді-кесілді айтуымызға негіз болар жайларды біз бүгінде мол байлыққа қолы жеткен шетелдік қалталы бизнесмендердің өмір жолынан табар едік. Роберт Киосакидің «Бай әке мен кедей әке» сериалды кітаптарын оқығанда «байлар басқаша ойлайды екен-ау» деген ойдың санаға Прочитать остальную часть записи »

Байлыққа бастар жол

инвестицияӘлемдегі ең алпауыт бай ел АҚШ-та бизнеспен айналысқысы келген әрбір 100 адамның 96-сы бір жылдың ішінде бар ақшасынан айрылып, тақырға отырады екен. Ал арада үш жыл өткенде қалған төртеуінің арасынан бағы жанған біреуі ғана бақуатты бизнесменге айналатын көрінеді. Жүздің бірінің ғана маңдайына жазылған байлыққа қол жеткізудің амал-тәсілдері Напалеон Хиллдің «Ойлан да байы» кітабында жан-жақты және толымды баяндалады. Кітаптың құндылығы да – адамдарға жәй ақпарат емес, байлыққа қол жеткізудің нақты тәсілдерін беретіндігінде.

Назар аударатын ойлар

Сіз бүгін қандай киім киіп жүрсіз, қалтаңызда қанша ақшаңыз бар – мәселе онда емес. Эдвин Барнс сияқты табысқа құлшыныспен ұмтылған адам ғана нәтижеге жете алады.

Сіздің ойыңызға алған мақсатыңызға қарай жасаған әрбір Прочитать остальную часть записи »

Ойлан да байы

адам мүмкіндігіАқыл-ойын нақты бір мақсатқа немесе нысанға бағыттау арқылы адам сол бағытта ойлай бастайды. Ал ой түптің түбінде пендені алдына қойған мақсатына жеткізбек. Ойлаған мақсаттарына жеткен адамдардың өмір тәжірибелері осыны айақтайды. Напаленон Хиллдің «Ойлан да байы» кітабының мақсаты да адам санасының осы құпиясын пайдалану тетігін түйсіну және соны қолдану арқылы арман-тілектеріне жетуге жол ашу болып табылады.

Қаладым екен – солай болады

Генри Форд атақты V-8 автокөлігін шығарған кезде бір блокқа сегіз цилиндр орнатқысы келеді. Ойына алғанды орындату үшін ол инженерлеріне тапсырма береді. Бірақ, осы салада көп жылдар еңбек еткен тәжірибелі мамандар бір блокқа сегіз цилиндр орнатудың мүмкін еместігін айтып, Прочитать остальную часть записи »

Интернет арқылы ақша табудың тәсілдері

ақшаИнтернет арқылы ақша табуға бола ма? Болады. Бұған дәлел – бүгінде ғаламтор арқылы күректеп ақша тауып, интернет-бизнесті кәсіп қылып жүргендер қатарының жыл санап өсуі. Ондай кәсіпкерлер рунетте (орыс тілді интернет) және бурженетте (ағылшын тілді ин,тернет) өте көп.
Ал қазақ тілді интернетте желі арқылы табыс тауып жүргендер туралы естіген де, көрген де жоқпын. Қазақ тілді интернет енді ғана дамып келеді. Қазақтардың 99 пайызы ғаламторды тек түрлі пайдалы ақпараттар алып, көңіл көтеретін бағдарламаларды тамашалау арқылы уақыт өткізу құралы деп санайды.

Файл ауыстырғыштар арқылы табыс табу

Интернет арқылы ақша табудың тәсілі өте көп. Бірақ жаңа ғасырдың жаңа бизнесін жетік меңгермеген адамға оның есігі тарс жабық. Бұл саланың кәсіби шебері деңгейіне көтерілгенше сіз қанша жанталасқаныңызбен көк тиын да таба алмайсыз. Алғашқы талпынысы сәтсіз аяқталған Прочитать остальную часть записи »

Байлық қалай келеді?

ақша«Бақытсыздық деген не?» деп сұрапты бір жебірейден. Сонда ол: «қалтаңда бір тиын ақша болмауы, нағыз бақытсыздық — осы» деп жауап беріпті. Қалтасында көк тиыны жоқ адам көшеде өзін қалай сезінетінін түйсіну үшін данышпан болудың қажеті жоқ. Ақша адамға қуат, сенім және жайлылық сияқты сезімдер береді. Дегенмен, байлық екінің бірінің маңдайына жазылмаған құбылыс. Байлыққа қол жетудің нақты амал-тәсілдері жайлы Наполеон Хиллдің «Ойлан да, байы» кітабынан өмірлік мәні бар аса құнды ақпараттар табасыз.

«Жоқтың» тасасына жасырылған «Иә»

Ескі диірменде Дерби мырза екеуміз әңгімелесіп тұрғанда ол маған атасы мен мулат қыздың арасында болған оқиға жайында айта келе «бұл жөнінде сіз не ойлайсыз, ақырған ақсақалды райынан қайтарып, айтқанын істеткен сәбидің бойындағы Прочитать остальную часть записи »

Өмір сүру бақыт па, әлде таусылмас тауқымет пе?

инвестиция-1Күнделікті өмірде жан-жағыңызға зер салып қарайтын болсаңыз, қабақтарынан қар жауған көңілсіз адамдарды көретініңіз рас. Автобуста немесе көпшілік орында, көшеде келе жатқанда күліп, жайраңдап жүретін адамдар аз ұшырасады. Егер адамдардың әңгімелеріне құлақ түре қалсаңыз, көбіне өмірінде кездесетін түрлі қиындықтар жайында естисіз. Тіпті, ақпарат құралдарынан берілетін жаңалықтардың басым көпшілігі апаттар мен қылмыстар, бақытсыздықтар жайында болып кетті.

Адам өмірін өзгерте ала ма?

Жас кезінде адамдар болашақтан көп үміт күтіп, жақсы оқуға түсіп, жақсы мамандық алсам, жалақысы көп қызметке тұрып, бақытты отбасы құрсам деген сияқты арман-қиялдарға берілгіш болады. Содан кейін оқуды бітіріп, қызметке тұрған соң, отбасы құрып, өмір жолы біршама тұрақты жолға түскеннен кейін Прочитать остальную часть записи »

Ұнамдылығын емес, пайдалы жағын ойла

61Адамдардың басым көпшілігі қай нәрсе болмасын ең алдымен оның өзіне ұнамдылығы жағына мән береді. Ал сол ұнамды нәрсенің қаншалықты пайдалы, не пайдасыз екендігін мүлдем қаперге алмай жатады. Біздің өмірде көп қателіктер жасап, сәтсіздіктерге ұрынатынымыз, жолымыз болмай қиындықтан көз ашпай жүретініміздің басты себебі де дәл осында.

Қазаққа пайдалы ақпарат қажет пе?

«Мен инвестормын» блогында белгілі ресейлік психолог ғалым Хасай Алиевтің «Хочешь иметь что хочешь» деген электронды кітабы туралы мақала жазған едім. Бүгінде Ресейде мыңдаған адам осы кітаптың ұсынған тәсілін пайдаланып денсаулықтарын нығайтып, ойға алған мақсаттарына жетіп жатқаны шындық. Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика