Январь 2016

Ақылыңмен ақша тап

ақшаАқша билеген нарық заманында ақшаның қадір-қасиеті арта түспек. Осыған орай, мол ақша тауып, бақуатты болсам дейтіндер де көбейеді. Бірақ та, байлық екінің біріне басына кездtйсоқ қона салатын бақ құсы емес. «Ойлан да байы» кітабынан сіз ақылмен ақша табудың ұзақ жылғы тәжірибеден өткен сенімді амал-тәсілдері жайында толымды ақпарат аласыз.

Бастадың ба – тастама

Табысқа жетуде ең көп кездесетін кедергінің бірі – ойға алған істе кездескен алғашқы сәтсіздіктен соң одан бас тарту. Мұндай қателікті әрқайсымыз да өмірімізде тым болмағанда бір рет жасап жатамыз.

…Кезінде мистер Дербидің атасы алтын безгегі «дертімен» Прочитать остальную часть записи »

Көз жанарын сақтаудың қарапайым 10 тәсілі

26Көз адамның шырағы. Шырағы сөнген пенде қараңғы қапаста қалмақ. Адам тәнінің барлық мүшелерінің алатын өз орны бар. Десек те, көздің орны ерекше. Қос жанардан айрылған адам нағыз кемтар мүгедекке айналмақ. Сондықтан көз жанарыңызды сақтаудың мәні өте зор. Блогымызда көз жанарын сақтаудың қарапайым тәсілдері жайында ақпаратты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Көзді сақтауға арналған қарапайым жаттығулар

Көзді айналдыру
Алдыңызға тура қарап, содан кейін сағат тіліне қарсы бағытта 5 рет көзіңізді ақырындап айналдырыңыз. Содан кейін сағат тілі бағытымен 5 рет айналдырыңыз.
Прочитать остальную часть записи »

Ақша табудың амалы

кілт«Ақиқат» блогында әлемдік бестселлерге айналған Напалеон Хиллдің «Ойлан да байы» (Думаи и богатеи) деген кітабын қазақшалап беруді бастадым. Кітаптың тікелей аудармасы болып тұрған «Ойлан да байы» деген сөз қазақшалағанда жалпылама түсінік болып кетеді. Ал кітапта байлыққа жетудің нақты амалдары жайында құнды ақпараттар берілген. Сондықтан оның атауын «Ақша табудың амалы» деп алған жөн сияқтанды.

Сіздің өміріңіздің өзгерісті сәті

Бір сәтті күні табысқа жетудің құпия сыры кітабымыздан шығып, өзінің барлық ұлы тұлғасымен алдыңызға тіктелей тұратын болады. Сол кезде сіз оны айтпай-ақ танисыз. Сіз оның алғаш белгілерін сезіне бастаған сәтіңізде деміңізді ішіңізге тартып, сағатыңызға көз саласыз, міне, дәл сол сәттен бастап Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика