Февраль 2016
Алтыншы құрлықтың құпиясы
Антарктиданы 1820 жылы орыс саяхатшысы Беллинсгаузен ашқан. Аумағының 99 пайызы қалыңдығы 4-5 шақырымдық мұзбен құрсанған алтыншы құрлықтың басқа материктерден ерекшелегі көп. Антарктида әлемнің үш алып мұхитымен шектесетін жалғыз континент. Ол Атлант, Үнді және Тынық мұхитымен шектесіп жатыр. Сондай-ақ, алтыншы құрлықта жыл он екі ай бойы ауа температурасы нольден төмен түспейді және ұйтқыған боран бір үзілмейді.
Антарктида байырғы тұрғындары жоқ жалғыз континет. Байырғы тұрғын түгілі, мұнда осы жерді тұрғылықты мекен ететін бір пенде жоқ. Жыл ішінде төрт мыңға тарта ғалым-географтар мен әуесқой саяхатшылар мұнда бірнеше айдан болады екен. Мұз құрсанған құрлықта мемлекет және шекара деген де жоқ. Оның тағы бір артықшылығы – бұл әлемдегі ең экологиялық таза континент.
Атлантида туралы аңыз
Ежелгі грек ойшылы Платонның жазбаларында кездесетін су астында қалған құрлық – Атлантида деген осы Антарктида дейтін пікірлерді кейбір ғалымдар айтып, жазып жүр. Оның қаншалықты Прочитать остальную часть записи »
Сеніммен тау қопаруға болады
Ертедегі бір ғұламаның айтқан бұл сөзін көп адамдар балама түрде ғана түсінеді. Шындығында оны қалай түсінсең де бәрібір. Ең бастысы, сенім арқылы мүмкін емес нәрсені мүмкін етуге болатындығында. Напалеон Хиллдің кітабын оқи отырып, осыған анық көз жеткізуге болады.
Дауылды тоқтатар күш бар ма?
Бүгінде өткен жайларды ақылға салып таразылай келе ұлымның жетістігіне оның маған кіршіксіз сенуі ықпалын тигізгенін түйсінгендей боламын. Ол мен айтқан жайлардың ешқайсына күмән келтірмей сол күйінде қабылдады. Мен оған он екі мүшесі сау үлкен ағасымен салыстырғанда көптеген артықшылықтары барлығын сендіруге тырыстым.
Мәселен, мұғалім оның құлақ қалқандарының жоқтығын Прочитать остальную часть записи »
Ақиқат
Ұстаз өзінің шәкірттерімен жағажайда әңгімелесіп отырды. Жағажайда шолақ дамбал киіп жүгірген жас жігіт пен қария ұстаз бен шәкірттері отырған тұста қарсы ұшырасты. Бейтаныс қарт пен жігіт бір-біріне көздерінің астымен немқұрайды қарап жүгіріп өте шықты. Сол сәт ұстаз шәкіртеріне қарап, «көрдіңбер ме, шал мен жігітті?» деп сұрады. Ұстазының не айтпақ болғанын түсіне алмаған шәкірттері оған аңтарыла қарасты.
Уақыт тоқтамайды
«Қарсы ұшырасқан олар бір-біріне қарағанда не көрді?» деп сұрады ұстаз шәкірттерін әңгімеге тартып. Ұстаздарының сауалының астарында бір мән бар екендігін ұққан шәкірттері өздерінше долбарлап әртүрлі себептер айтты. Бірақ ешқайсы да ұстаздың ойын дөп баса алмады. Шәкірттерінен жөндемі жауап ала алмаған ұстаз бір кезде: «бір-біріне қараған олар өздерін көрді» деді. Мына сөздің байыбына бармаған шәкірттер оған аңтарыла қарады. Шолақ дамбал киіп Прочитать остальную часть записи »
Ақындарға азғындар ілеседі
Мұндай сөзді мен ойымнан шығарып отырған жоқпын, бұл – қасиетті Құранның аяты. Иә, Құранда осындай аят бар. Ақындарға азғындар ілеседі деп қасиетті кітапта неге ақындарға сонша шүйліккен деген сауал көкейге оралады. Егер істің байыбына ақылмен назар аудара қарсақ, мұның мәнін ұғыну қиын емес.
Сезімге берілгіш пенделер
Индустардың қасиетті кітабы Бһагавад Гитада сезім тәннен, ал ақыл сезімнен, зерде ақылдан, жан бәрінен жоғары екендігі айтылады. Егер зер сала қарасақ, қарапайым пенделер ақыл деңгейінде өмір кешетінін бағамдаймыз. Ал ақын-жазушылар, әнші, әртістер, яғни өнер адамдары негізінен сезім деңгейінде Прочитать остальную часть записи »
Ғаламтор адамның санасын ғана емес, қоғамды да өзгертуде
ХХІ ғасырды жұртшылық бүгінде «ақпарат ғасыры» атап жүр. «Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген сөз қазіргі заманның нақылына айналған. Ақпараттың барлық игіліктің алдына шығуына ғаламтордың тигізіп отырған ықпалы аз емес екені белгілі.
Ғаламтор жыл санап қарқынды дамып барады. Ол бүгінде пайдалы ақпарат алып, бос уақытты көңілді өткізуге арналған құрал болудан қалды. Миллиондаған адам бүгінде ғаламтор арқылы ақша тауып, соны күнкөрістік кәсіпке айналдырған.
Ғаламтор ашқан жаңа мүмкіндіктер.
Интернет-бизнес деген кәсіптің жаңа түрі бүгінде алдыңғы қатарлы елдерде қоғамға елеулі әсер ететін ықпалды топқа айналды. Ғаламтор арқылы күректеп табыс тауып, миллионер, миллиардер болып жатқандар аз емес.
Байлыққа жеткізетін арман
Армандау жәй қиялға беріліп, уақытты текке өткізу емес. Асқақ армандар адам санасының көкжиегін кеңейтіп, биік мақсаттарға бастайды. Биік мұраттарға қол жеткізгендердің бәрі арманшылдар. Биіктерді бағындыру ең алдымен, қиял-арманнан бастау алады.
Арман тілекті оятады
Сонымен, арманшыл адамның тілегі – биіктерге бастайтын меже болып табылады. Арман селқостықтан, жалқаулық пен өзіне сенбеушіліктен тумайды.
Есіңізде ұстаңыз, мәре сызығын бірінші болып қиғандардың бәрі өз жолын қиял арманнан бастағандар. Олардың өміріндегі өзгерісті кезең жан күйзелісі мен қиындықтардан бастау алады. Олар сол тығырықтан мүлдем басқа адам болып шығады.
Ағылшын тілінде жазылған әлемдегі ең үздік шығармалардың бірі болып саналатын Джон Баньянның «Пилигримнің Прочитать остальную часть записи »
Байлыққа жетудің амалы
Бүгінде бай-бақуатты болғысы келетіндер жетерлік, бірақ адамдардың көбінің байлыққа жету жөніндегі ой-пікірлері дұрыс болмай жатады. Дұрыс ойлай білу – байлыққа қол жеткізетін алғашқы және ең негізгі қадам. Напалеон Хиллдің «Ойлан да байы» кітабының өзекті мәні де дәл осында.
Сіздің ақша тапқыңыз келе ме? Онда мына алты қадам мақсатыңызға жетуге көмектеседі
1. Ең алдымен сізге қанша ақша қажет екендігін нақты анықтап алыңыз. «Мен көп ақша тапқым келеді» деу жеткіліксіз. Нақты ойлап үйреніңіз (кітаптың келесі тарауларында нақты цифрлардың психологиялық жағынан қаншалықты маңыздылығы түсіндіріледі)
2. Өзіңізге мынаны ашық айтып мойындаңыз: байлыққа жету үшін нендей құрбандықтарға барар едіңіз? (Ешнәрсе де тегін келмейді, солай емес пе)
3. Ойлаған ақшаңызға қол жеткізу үшін қажетті мерзімін белгілеңіз.
4. Өзіңіздің арман мақсаттарыңызды орындауға қажетті іс шаралар жоспарын жасаңыз және тіпті, Прочитать остальную часть записи »