Март 2016

Жалғандық жайлаған өмір

шәйтанАдамзаттың ең басты және бітіспес дұшпаны – ібілістің ең бірінші және негізгі қаруы – жалғандық, яғни өтірік айтушылық екен. Оны Құранда «аса алдаушы» десе, Інжілде  «великий обманщик» дейді. Жалған сөйлеп, өтірік айту сайтанның айнымас табиғи қасиеті болса, бүгінде адамдардың көпшілігі сол сайтанның тәсілін айнымас серігіне айналдырып алған жайы бар.

Алдаудың үлкен-кішісі болмайды.

Адамдардың басым  көпшілігі, тіпті бәрі дерлік бір-біріне жалған сөйлеп, алдап жатады және мұны алдаушылық деп санамайды. Мәселен,  қазір қаптап кеткен тойларда тілек айтушылардың 99 пайызы өтірік сөйлейді. «Саған бақыт, денсаулық, ұзақ өмір Прочитать остальную часть записи »

Барсакелмес аралының құпиясы

ақиқатАрал теңізінің ортасында орналасқан Барсакелмес аралының атауының өзі көңілге қорқыныш ұялатады. Аралдың атауының қалай шыққандығы туралы әртүрлі әңгімелер бар. Дегенмен, ең бастысы атауында емес, атейстік түсінік белең алған кеңес заманының өзінде аралдың құпиясын білуге мемлекет тарапынан елеулі көңіл бөлініп, арнайы ғылыми экспедициялар ұйымдастырылуы, аралдың біз білмейтін жұмбақтары барлығын айғақтайтындай.

Барсакелмес қорығы

Аралды 1848 жылы орыс географы Алексей Бутаков бастаған экспедициясы ашқан. Бірақ та, бұл ресми негіздегі ғылыми ашылу болып табылады, ал шындығында ол жергілікті халыққа ежелден жақсы белгілі болған. Тіпті, Шыңғыс ханнан қашқан Хорезм шах осы Барсакелместі паналапты деген де аңыз Прочитать остальную часть записи »

Өмірге көзілдіріксіз қарап үйреніңіз

тәубеАдамдардың көбі өмірге түрлі түсті көзілдірік арқылы қарайды. Өкініштісі сол, олар көзілдірік арқылы бұрмаланған өмірді шынайы өмір деп санап, өздерін ақиқат жолында жүргендей сезінеді және соған шүбәсіз сенеді. Ал теріс жолмен жүрген, бірақ түзу жолмен кетіп барамын деп санайтын адамның ешқашан діттеген жеріне жете алмайтыны даусыз.

Надандық құрсауында

Ұлы Абайдың «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деген өлеңі өз мәнін ешқашан жоймайды. Өйткені, жұрт айтса болды деп өзгелердің жасағанын айна-қатесіз қайталаумен тірлік кешіп жататындар бұрын болған, қазір бар Прочитать остальную часть записи »

Туған күнді тойлау керек пе?!

жақсы мен жаман«Арқа ажары» газетінде Мерген Тоқсанбайдың «Валентин күні ме, пәле күні ме»деген мақаласы жарық көрді. Ақпан айының басында келетін бұрын атын да, затын да естімеген осы мерекені жаппай тойлауға қарсы қазақ тілді  ақпарат құралдарында аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Дегенмен, соған құлақ асып жатқандар аз. Ақпан басталса-ақ жыл сайын валентин күнімен құттықтаушылар қатары көбейеді.

«Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты» демекші, Валентин күні деген пәледен қалай құтыламыз деп жүрсек, атадәстүріміздей санамызға әбден сіңіп алған Батыстан бастау алған дәстүрлер өсіп өркендеп, гүлденіп жатқан жайы бар екен. Мәселен, жаңа жыл деген қазақтың мерекесі ме? Жоқ. Ал Прочитать остальную часть записи »

Байлыққа жеткізер екінші қадам: Сенім

тәубеБасқарылатын сенім кез-келген ойды тербеліске түсіреді. Сіз өзіңізге деген нық сенімге ие болу арқылы ақыл-ойыңызды шексіз биікке көтере аласыз.

Сенім — ақыл-ой қабілетінің қозғаушы күші. Егер сенім оймен біріксе, онда ақылдың құлшылық түріндегі толғақты сәті туындап, ол түйсігімізді, онан әрі рухымызды қамтиды.

Барлық жағымды эмоцияның ішіндегі ең құдыреттісі сенім мен махаббат және сексуалдық сезім болып табылады. Олардың бәрі бірлесе әрекет жасай отырып, «толымды» көрініс туындатады. Өзіңіздің ойыңыз кейпіндегі сол көтеріңкі бейнені дәл қабылдау қажет.

 Іздеңіз – сонда назар аудартасыз

Осылайша біз тілекті заттандыруда өзіңізді сендірудің қаншалықты зор ықпалы болатынын түсінуге жақындаймыз. Шын мәнінде сенім – бұл ақылдың бір өлшемі ғана. Бұл өлшем түйсігімізге өзімізді сендіру арқылы көптеген рет жасанды түрде келуі мүмкін.

Прочитать остальную часть записи »

Адамдар неге ақылсызданып барады

011993 жылы он бес жасында қайтыс болған Вячеслав Крещенников деген бозбаланың анасы бүгінде ұлының болашақ жайлы айтқан көріпкелдік болжамдары жайында әлемге жар салып айтып жүр. Көріпкел баланың сөзіне сенсек, ақырзаманның алғашқы негізгі белгісі – адамдардың ақылсыздануы немесе жалпақ тілмен айтқанда топастана бастауы болмақ. Шындығында солай ма?..

Ақылынан айрылған шерменделер

Биылғы жылдың басында орын алған естір құлаққа ерсі бірнеше оқиға жұртшылық арасында үлкен паікір туғызды. Жасы жиырмадан асқан қазақ қызы әлдекімнен бойына біткен (некесіз байланыстан) баласын әжетханада туып, дүние есігін жаңа ашқан сәбиін әжетхана тесігінен нәжіске тастап тайып тұрған. Абырой болғанда, сәби тірі қалды және осындай сұмдықты Прочитать остальную часть записи »

Имандылықтың қайнар көзі — реттеушілік

табандылықОйдан шығарылған түрлі діни ағымдарды былай қойғанда, әлем халықтары ұстанатын негізгі бес дәстүрлі дін бар. Олар: христиан, ислам, иудей, индуизм және буддизм діндері. Егер осы дәстүрлі діндерге назар аударып қарайтын болсақ, олардың бәрінде ұстанушыларына арналған реттеуші принциптер болатынын аңғарамыз. Индуизм мен буддизм діндері ет жеуге мүлдем тиым салса, ислам діні шошқаның етін жеу және арақ-шарап ішу харам деп санайды. Мұндай тиымдар христиан және иудей діндерінде де бар. Дәстүрлі діндерде неге мұндай шектеулер қойылған?

Күн тәртібінің құдыреті

18 жасымда ел қатарлы мен де әскерге шақырылып, Отан алдындағы борышымды өтеуге бардым. Бұрын ұйқым келгенде ұйықтап, тамақ ішкім келген кезде тамақтанып еркін жүруге үйреніп қалған Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика