Апрель 2016

Қатаң жаза қылмысқа тежеу бола ма?

34Заңды бұзып біреуге залал келтірдің екен, заң бойынша лайықты жазаңды аласың. Заңдылық жолы, әділдік жолы осындай. Жазықты адамды жасаған теріс әрекетінің салдарына орай жазалау ерте заманнан бар. Бұның астарында адамның теріс әрекеті үшін лайықты жазасын алуы ғана емес, жазалану арқылы қиындық көрген заң бұзушы және осыны көрген басқалар теріс әрекет жасаудан бойларын аулақ ұстап жүрсін деген игі ниет те бар.

Батыстық гуманизмнің астарындағы ақымақтық

Қазір біз кез келген істе Батыс елдеріне еліктеп, солардан үлгі алуға құмармыз. Ал сол Батыс елдерінің жыл санап азып-тозып, азғындық пен қылмыстың құрдымына құлап бара жатқандығын көре тұра, көрмеген боламыз.

Прочитать остальную часть записи »

Ібіліс қашан келеді?

01Христиандар  антихрист атаған ібіліс көп ұзамай жер шарының қожайынына айналады дегенге бүгінгі көзі ашық, көкірегі ояу адамдарды сендіру қиын. Дегенмен, қазіргі қалыптасып отырған жағдайлар ібілістің ертегінің персонажы емес, нақты өмірде бар тұлға екендігін және қолдарында билігі мен байлығы бар ықпалды адамдар тобының оны таққа отырғызуға белсене әрекет жасап жатқандығын көсретеді және бұл жай бүгінде құпия болудан қалды.

Рим папасы кімге табынады?

Бүгінгі ақпарат ғасырында құпияны сақтау мүмкін болмай отыр. Таяуда Ютубтен Юрий Гомонов дегеннің видеолекциясын көрдім. Ол Рим папасының Құдайға құлшылық ету кезеңі туралы видеоның мәнін түсіндіреді. Рим папасы басқа да дін Прочитать остальную часть записи »

Биліктің ең оңтайлы формасы – монархия

85Адамзат баласының бүгінгі құрып жатқан «азаматтық демократиялық зайырлы қоғамының» неге жеткізетінін байыптау үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ. Азғындық, жемқорлық, қылмыс, әділетсіздік, кедейшілік, соғыс, қарулы төңкерістер, т.б осындай игіліктер – бүгінгі қоғамның жемісі. Қазір жағдай күн санап ушығып, азғындықтың құрдымына құлдырап барамыз.

Демократия – сайтанның ойлап тапқан билік тәсілі

Демократия, яғни халықтық  билік дегенді адамзат бүгін ойлап тауып отырған жоқ. 2-3 мың жыл бұрын өмір сүрген грек қала мемлекеттері, онан кейінгі Рим – демократиялық басқарудағы мемлекеттер болды. Осыдан 2,5 мың жыл бұрын өмір кешкен Солон деген саясаткер Афиныда дәл қазіргі шенеуніктер тәрізді реформалар жүргізген. Ол халықтың бостандықтарын кеңейтіп, Прочитать остальную часть записи »

Діннің мән-мақсаты не?

102Дін туралы түрлі пікірлер, түсініктер бар. Материалистік ғылым дін атаулыны түгел адамның табиғаттың алдындағы дәрменсіздігінен туған ойдан шығарылған түсінік деп санайды. Тіпті, дін жолымен жүретін адамдардың өздерінің арасында дін дегеніміз не, оның мәні, мақсаты қандай деген мәселелерге көңіл бөлмейтіндер көп.

Ойдан шығарылған секталар мен діни ағымдарды былай қойғанда, бүгінде адамзат баласы ұстанып жүрген бес дәстүрлі діннің мән-мақсатына назар аударып қарайтын болсақ, адамның бойындағы ізгі қасиеттерді дамытып, жамандықтан жеріндіру екендігін бағамдаймыз.  Жалпы дін атаулы ешқашан жаман бол деп айтпайды.

Ислам діні – имандылықтың негізі

Ислам дінінің тарата айтар болсақ қырық парызы бар екен, соның бірі – ілім-білім үйрену. Ілім-білім болғанда кәдімгі Прочитать остальную часть записи »

Есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым тәсілі

интуицияЖадыны (память) жоғалту деген ауру бүгінде белең алып кетті. Ертеде қартайған адамдардың ғана арасында кездесетін мұндай дерт бүгінде жастар арасында да көп ұшырасып жатады. Есте сақтау қабілетінен айрылған адам дәрменсіз және қорғансыз  болып қалады. Ондай пенденің толыққанды өмір сүре алмайтыны өз алдына, өзіне де, өзгеге де залалын тигізер жаман әрекеттер жасап, айналасына кесір тигізу қаупі күшті.

Есте сақтау қабілеті неге жоғалады?

Мұның ең бірінші себебі – қазір жұрт жаппай қолдануға көшкен ұялы телефондар мен компьютерден екендігін ғылым жасырмай айтып отыр. Қазір, әсіресе жастар қай жерде отырмасын Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика