Май 2016

Дұрыс және теріс әрекет: ол туралы не білеміз?

жақсы мен жаманАдам өлгенге дейін бір сәт те әрекетсіз тұра алмайды. Әрекет ой, сөз және іс арқылы жүзеге асады. Тағы бір ақиқат: әрбір әрекеттің міндетті түрде салдары болады. Яғни, адам әрекет жасау арқылы оның салдарын да жасайды. Адам өмірінің жақсы немесе жаман, жеңіл немесе ауыр болуы – тікелей жасап жатқан әрекеттерінің салдары болып табылады.

Екі түрлі әрекет

Адамдардың көбі ешқашан өздерінің әрекеттерінің жақсы немесе жамандығына, оның қандай салдары болатынына оншалықты назар аудара қоймайды. Бір қарағанда айтарлықтай залалы жоқ сияқты көрінетін әректтің өзімізге де, айналамызға да үлкен зардабы болуы мүмкін. Керісінше елеусіз сияқты көрінетін әрекеттің өзімізге де, басқаларға да көп пайдасы тиюі ғажап емес.

Прочитать остальную часть записи »

Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас

адам мүмкіндігіАдамның өмірде қандай болмағы – пейіліне байланысты. Ал пейіл дегеніміз не? Ол біздің ойымыз, сөзіміз және іс-әрекетіміз. Жақсы сөз айтып, жақсы нәрселер туралы ойлау, жақсы әрекет жасау – адамның жолын ашып, өмірін жарықтандырады, яғни жақсылыққа бағыттайды. Керісінше, үнемі жаман нәрселер туралы ойлап, ештеңеге көңілі толмай ұдайы айналасындағыларды сынап-мінеп жүретін, ұрыссуға бейім тұратын адамдардың жолы тарылып, түрлі қырсыққа, бақытсыздыққа жиі ұшырап жатады.

Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа

Маған бір танысым оқта-текте ұялы телефон арқылы хабарласып тұрады. Алғашында оған жауап беріп, біраз уақытымды бөліп сөйлесіп жүрдім. Қол-аяғы бүтін, дені сау, дұрыс жұмысы, отбасы, баспанасы бар әлгі жігіттің айтатыны үнемі билікті жамандау. «Бәрі жемқор, обып жеп жатыр, ұят та, Прочитать остальную часть записи »

БОМЖ болып тумайды

арақБелгілі мекен-жайы жоқ БОМЖ деп аталатын адамдар сонау кеңес заманында да болатын. Дегенмен, ол кезде ондайлар онша көп емес-ті. Ал соңғы жылдарда қаңғыбастыққа салынғандардың қатары қалыңдап, жыл өткен сайын көбейіп бара жатқаны байқалады. Облыс орталықтарын былай қойғанда, іргелі елді мекендердің бәрінде БОМЖ дегендер жетіп артылады.

Адам БОМЖ болып тумайды, дегенмен өмірдің түрлі соқпақ-сүрлеулері пенделерді еріксіз әр тарапқа бастап, шарықтатып шыңға  шығарады немесе құлдыратып құрдымға  құлатады. Әрине, шыңға шығатындар аз, керісінше құрдымға құлайтындар баршылық. Адамның үй-күйі жоқ қаңғыбастыққа салынуының себебі әртүрлі десек те, ең басты және негізгі себебі – маскүнемдік екендігі кім-кімге де белгілі. Бет-ауыздары көлкілдеп ісінген, аузы-басы арақ сасыған, шоқпыт киінген мұндайлардан өзін сыйлайтын адамдар аулақ жүруге тырысады. Санда бар, санатта жоқ, қоғам үшін пайдалы еңбек етпейтін, салық төлемейтін, құлқынның құлына айналса да, олар да адам және еліміздің азаматтары. Осыған орай, мемлекет адам бейнесінен айрылыңқырап қалған осы топты да естен шығармай, қолдан келгенше көмек қолын созып отырады.

Жылу құбырын мекен еткен Сергей

Таяуда Ақмола облыстық ішкі істер департаменті журналистермен баспасөз саяхат ұйымдастырды. Бұл жолғы Прочитать остальную часть записи »

Жүз жас шек емес

шынығуБүгінде жасы 88-ге келген Бекболат Сәдуақасов ақсақал денсаулықты сақтау, ауырмау, ұзақ жасау әр адамның өз қолында деп санайды. Биылғы жылдың тамыз айында 88-ге толып, 89-ға аяқ басатын ақсақал ауру дегенді білмейді, емханаға бармайды және дәрі-дәрмек ішпейді.

Мен қалай арақтан тиылдым

1928 жылдың 17 тамызында дүниеге келген Бекболат ақсақал соғыс біткенде 18-ге толмағандықтан, соғыс сұрапылын көрмеген. Бірақ ол Ұлы Отан соғысының отты жылдарында бұғанасы қатпай ерте еңбекке араласып, ұлы жеңіске өз үлесін қосты.

Еңбек жолымды Зеренді аудандық прокуратурасында қызмет істеуден бастадым, -дейді ақсақал. –Ол кезде жұрттың бәрі Прочитать остальную часть записи »

Өмір адамға бір-ақ рет беріле ме?!.

тамұқҚұдайға сенбейтін материалистер адам өмірін өткен мен болашақ арасындағы жылт еткен болмашы жарық мезет деп түсінеді. Ислам, христиан және иудей діндерінің өкілдері де өлімнен кейінгі өмірге сенгендерімен, өмір адамға бір-ақ рет беріледі деп санайды. Буддизм мен индуизм дінін ұстанушылардың пайымынша, өмір мен өлім күн мен түн сияқты ұдайы айналып кезектесіп келетін құбылыс. Осылардың қайсысы дұрыс?

Құдайсыздардың ұстанымын неге қабылдауға болмайды?

Атейстердің өмір дегеніміз осы материалистік дүниедегі тірлік қана, өлген соң адам мәңгі өшіп жоғалады деген ұстанымын қабылдау адамдарды ең алдымен, үмітсіздікке ұшыратады. Өйткені, қартаймайтын, өлмейтін пенде жоқ. Ал материалистің түсінігінше өлім деген мәңгі қаратүнек.  Осыған орай, атейстер Прочитать остальную часть записи »

Қоғам іштей іріп барады

мәңгүртБіздің бала кезімізде, өткен ғасырдың 60-70-ші  жылдарында мектепте оқитын қыз балалар бастарына орамал тартатын, келіншектер жаулық салып, кемпірлер кимешек киетін. Зейнеткерлікке шыққан шалдардың бәрі (60-тан асқандар) сақал қойып, үстеріне шапан немесе ұзын камзол киетін. Әйелдер ер адамдардың алдын кесіп өтпейтін, келіндер қайнағалары мен енелеріне сәлем беретін, көшеде мас болып жүргендер болмайтын, оң жақта отырып жүкті болып қалатындар  сирек кездесетін.

Жарты ғасырда не өзгерді?

Рас, 60-70-ші жылдарда бүгінгідей екінің бірінде шет елдік автокөлік жоқ еді, ауылымызда он адамның біреуінде ғана «Москвич» немесе «Жигули» болатын. Теледидар деген де ол кезде үлкен байлықтың көзі болып саналатын. Адамдар біркелкі Прочитать остальную часть записи »

Адамдар неге еркінен тыс қателікке бой алдырады?

исламҚазақ «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» дейді. Бұның астарында жаңылыспайтын, яғни қателеспейтін пенде жоқ деген ұғым бар екендігі анық. Шындығында ешбір пенде өзін ешқашан қателеспеймін деп айта алмайды. Біз еркімізден тыс түрлі қателіктерге бой алдырып жатамыз. Осының сыры неде?

Әзәзілдің арбауына түскендер

Ресейлік бір телеарнадан берілген авторлық бағдарламада бүгінді ИГИЛ деп атап жүрген өздерін ислам мемлекеті деп жар салған  қандықол қарақшылардың құрығынан қашып шыққан Чешенстанда тұратын Сайд Мажоевтың басынан кешкендері жайлы баяндады. Грозный қаласында тұратын оның жары, екі баласы, ата-анасы болған. Тұрмыс жағдайы да жаман емес. Прочитать остальную часть записи »

Дәстүрлі діндердің негізі және түпкі мақсаты

тамұқОйдан шығарылған діни ағымдардан бөлек Жаратқаннан бастау алған дәстүрлі діндердің бәрінің түп негізі және мән-мақсаты бір. Ол – адамдарды күнәдан арылтуға жағдай жасау, олардың Аллаға деген үміті мен сенімдерін, сүйіспеншілігін арттыру және екі дүниенің де игілігіне кенеліп, бақытқа бөленулеріне мүмкіндік ашу. Өкініштісі сол, бүгінде әлем халықтары ұстанатын бес дәстүрлі діннің бесеуі де осындай талап биігінен көріне алмай отыр.

Үш сатылы ақиқат

Әлем халықтары ұстанып отырған негізгі бес дәстүрлі дін бар, олар: иудейизм, ислам, христиан, буддизм және индуизм. Өкінішке орай, бүгінде материалист филосовфтарды былай қойғанда, діни пәлсапамен айналысатын жандар да соңғы екі дінді, әсіресе индуизмді дін деп санамайды. Ал, егер шындыққа Прочитать остальную часть записи »

Көтерілістер неден шығады?

32Тарихқа зер салып қарайтын болсақ, ол өзара қырқыс соғыстар мен көтерілістердің тізбесі сияқты әсер қалдырады. Спартак бастаған құлдар көтерілісінен бастап, біздің заманымызда революция деп аталып жүрген қанды төңкерістердің бәрінің шығу себебі бір. Ол – мемлекетті басқарып отырған және олар сүйенген топ пен қара халықтың арасындағы қатынастың шиеленісуінен туындайды. Мұны тарих көзге шұқығандай үнемі дәлелдеп келеді. Өкініштісі сол, одан сабақ алып жатқан пенде жоқ.

Наразылықтың себебі жерді жалға беру ме?

Елімізде соңғы айларда саяси шиеленісті жағдай орын алуда. Жерге қатысты заңдарға өзгерістер енгізілуіне байланысты, ауыл шаруашылығы жерлерін шет елдік компаниялар мен Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика