Июнь 2016
Өзгенің ақылымен жақсы іс істегенше, өз ақылыңмен жаман жұмыс жаса
Адамдардың көбі өз бетінше шешім қабылдап, өз ақылымен шаруа жасауға құлықсыз. Ондайлар әдетте қандай істі қолға алмасын біреулерден ақыл сұрап, солардың айтқанын жасап жатады. Бұндай қадамға олар көбіне жауапкершілікті мойнына алудан қорыққандықтан барады. Егер ісі оңға басса, абырой өзінікі, ал сәтсіздікке ұрынса, ақыл айтқан адамға бар кінәні аудара салуға болады.
Жалтақтық жарға жығады
Әр адамға Алла ақыл-ой, сана, ми берді. Дегенмен, соны пайдаланып, өз бетінше іс жасаудың орнына, еш ойсыз өмір кешетіндер бар. Олар бірлі-жарым болса, жә деп қоя салуға болар еді, өкініштісі сол, ондайлар өте көп.
Байлық – қорқыныштан құтқара ма?!
Кеңес заманында адамдардың бәрі дерлік ортақоңыр тірлік кешті. Байлыққа жұрт онша құлшына қоймайтын. Нарыққа көшкелі бері халықтың мінез-құлқы, өмірлік ұстанымдары күрт өзгерді. Байлық қазір адамдардың ең басты мұраты саналатын болып алды. Байлыққа қол жеткізу үшін бар уақытын, күш-қуатын сарып қылып, ақ тер — көк тер болып жұмыс істейтіндер көп бүгінде. Адамдар неге сонша байлыққа құштар?
Байлық қорқыныштан құтқара ма?
Оның астарында өмір бойы қыр соңымыздан қалмайтын үрей мен қорқыныш атаулыдан сол байлық арқылы құтылуға бола ма деген далбаса үміт жатқандығы белгілі жай. Байлыққа құдайдай табынатындардың бәрі ақшаға бәрін де сатып алуға болады деген пікірде. Олардың ойынша ақшаға денсаулықты да, ұзақ ғұмырды да, тән арқылы келетін барлық рахат-ләзатты да сатып алуға болады. Мәселен, ақшаң көп болса өкпе, бауыр Прочитать остальную часть записи »
Байлық мұрат емес десек те
Қазіргі ақша билеген нарық жағдайында шынын айтқанда бай-бақуатты болу адамдардың көбінің ең басты арманына айналып отыр. Өкінішке орай, байлыққа жету бүгінде қолында билігі барлардың немесе арларын ақшаға сатқан алаяқтардың ісі сияқты сезілуде. Өйткені қазір дәл сондайлар ғана байлыққа жетіп жатыр. Бірақ та, адал жолмен, адал еңбек ете жүріп те байлыққа жетуге болатынын ешкім теріске шығара алмайды. Напалеон Хилдің «Ойлан да байы» кітабынан сондай таза жолмен байлыққа жету амалдарын таба аласыздар.
Сенімсіз ой – өлі дүние іспетті
Сан ғасырлар бойы дінбасылары өздері ұсынған түрлі ұстанымдарға сенуді талап етіп келді, бірақ олар сенімді қалай табу қажеттігін түсіндірмеді. Сондай-ақ, бір де бір пенде: «Сенім – өзін өзі иландыру арқылы қол жететін сананың көрінісі» Прочитать остальную часть записи »
Ислам діні мәңгілік пе?
Осыдан мың жарым жылдан астам бұрын Мұхаммед пайғамбар арқылы әуелі пышырап жүрген араб тайпаларының арасына таралып, кейін дін арқылы бастары қосылған жауынгер бәдәуилер арқылы жарты әлемге жайылған ислам діні мәңгілік дін бе? Жалпы, мына фәни жалғанда мәңгілік не бар? Айналаңызға ақылмен ой сала қаарсаңыз, бәрінің өткінші жалған екендігін түйсінесіз. Бір кезде рим тарихшылары мен ақындары «Мәңгілік қала» деп атаған көне Рим қирандысы бүгінгі батыстық сәулетпен салынған Римнің табанының астында көміліп жатыр. Оның қандай қала болғандығын біз білмейміз. Сол сияқты енді мың, он мың, миллион жылдан кейін ислам діні бола ма?
КСРО-ны қиратқан кімдер?
«Мызғымас елдердің мәңгілік одағы» деп елұранында шырқаған КСРО бүгінде келмеске кетті. Ал бір кезде бәріміз ол мәңгі өмір сүретіндей, мәңгі тұра беретіндей көретін едік. КСРО неге қирады?
Сәлафилер ұлттық құндылықтарымызды құртуды көздейді
Мұсылмандар үшін қасиетті ай саналатын Рамазан айы басталар тұста Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиға барша қазақстандықтарды күйзелткені шындық. Өйткені, көптеген жазықсыз жандардың қаны төгілді. Ал қолдарына қару алып, қасиетті айдың қарсаңында қан төккендердің өздерін «мұсылманбыз» және бұл әрекеттерін «кәпірлерге қарсы күрес» деп санайтындықтары ақылға қонбайтын жай. Өзге дінді ұстанушыларды былай қойғанда, өздерінің ұстанымдарымен келіспейтін мұсылмандарды да «кәпірлер» тобына кіргізіп қоятын әсіре діншіл – уахабшылар деген кімдер, олардың көздегені не және сондай теріс жолға түскендерді райынан қайтару үшін не істеу қажет деген мәселелер төңірегінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, профессор, дінтанушы Ғалымтай Төлепбергенмен ой бөліскен едік.
-Уахабшылар деп аталатын, кейде сәлафи деп айдар тағылған бұл діни ағым біздің елімізге қалай келді? Осы жайында не айтар едіңіз?
-Кеңестер Одағы ыдырап, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін кеңес заманындағы темір шымылдық алынып, алыс-жақын шет елдерден түрлі ақпараттар ағылды. Олардың арасында жақсылары да, жамандары да бар еді. Сол кездегі Прочитать остальную часть записи »
Ақпаратты иеленген әлемді билейді
ХХІ ғасырды «ақпарат ғасыры» деп атап жүр. Қазір ақпараттың таралуына жер ақшықтығы, тілдің әртүрлілігі еш кедергі емес. Әлемді ботқадай араластырып жіберген интернет арқылы кез келген хабар әп-сәтте барша әлемге таралып, құпия болудан қалып жатады. Осыған орай, «ақпаратты иеленген әлемді билейді» деген қағиданың ақиқаттығын өмір күн сайын дәлелдеп, көзімізге көрсетіп отыр.
Үкіметтің үлкен қателігі
Ақпарат ғасырының басты қағидасы саналаты – «ақпаратты иеленген әлемді билейді» деген қағиданы өкінішке орай Қазақстан Үкіметі білмейтін немесе білгісі келмейтін болып шықты. Рас Үкімет жыл сайын ақапарат арқылы үкіметтік тапсырыстар беруге біршама қаржы бөліп жатады. Бірақ, ол қаржы басқа салалармен салыстырғанда теңіздің тамшысындай Прочитать остальную часть записи »
Ақыл-оймен аурудан айығуға бола ма?
Бүгінде емі жоқ дерттер қатары көбейіп барады. Мәселен, қант диабеті деген ауру ешқашан жазылмайды екен, оны тек дәрінің көмегімен аздап әлсіретуге, сөйтіп адамның өмір жасын ептеп ұзартуға ғана болады. Сондай-ақ, обыр аталып жүрген рак, жүрек-қантамыр аурулары – бұлардың бәрі өмірде жиі кезедсетін және жыл сайын мыңдаған адамның өмірін жалмап жатқан жазылмас дерттер.
Ақылымен аурудан айыққан адам
Қазір әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Секрет» фильмінің бір кейіпкерінің бастан кешкен оқиғасына назар аударып көрелік. Қол-аяғы балғадай орта жастағы әлгі кісі жекеменшік ұшағымен ұшып келе жатып, апатқа ұшырайды. Жерге құлаған ұшақтан аман қалғанымен, ауруханаға аса ауыр Прочитать остальную часть записи »
Байлық бақыт әкеле ме?
Бәрі де ақшаға сатылатын қазіргі нарық заманында бай болсам деп армандамайтын пенде жоқ шығар. Адамдардың көбі байлық үшін ар-намысын, тіпті жанын да сатуға әзір тұратын болды. Жезөкше деп аталатын ақшаға тәнін сататын қыз-келіншектер, ар-ұяттан айрылып ақша үшін ұрлық істеп, кісі тонайтындар, пара алатындар – қай жерде де жетерлік. Ал сол адамдардың бәрі ақша, яғни байлық адамға бақыт әкеледі деген сеніммен осындай әрекеттер жасайды.
Ақша адамды ақымаққа айналдырады
Пышақ өз бетінше тұрғанда ешкімге ешқандай қатер төндірмейтін немесе игілік әкелмейтін – зат. Ал сол пышақ қылмыскердің қолына түссе ол айналасындағыларға қатер төндіретін суық қаруға, адам ағзасына операция жасайтын Прочитать остальную часть записи »