Июль 2016
Өлгеннен кейін өмір бар ма?
Кез келген адам өледі, ажал ерте ме, кеш пе міндетті түрде келеді. Қызығы сол, осындай өте қарапайым ақиқатты адамдардың 99 пайызы өле өлгенше түсінбей кетеді. Ондайлар әдетте өздерін ешқашан өлмейтіндей сезініп, өлім туралы, ажалдан кейін не болады деген сауал жайында ЕШҚАШАН ОЙЛАМАЙДЫ. Бұл өте таңғаларлық нәрсе.
Адам мәңгі тіршілік иесі
Сіз қалайсыз ба, қаламайсыз ба, сенесіз бе, сенбейсіз бе – оған қарамастан адам МӘҢГІ ТІРШІЛІК ИЕСІ. Иә, сіз тіпті, өлгіңіз келсе де, ешқашан өле алмайсыз. Өйткені, сіз ауырып, қартайып және өлетін тән емес, МӘҢГІ ЖАНСЫЗ. Яғни, рухсыз. Мен сізге бұны Құранның немесе хадистерің әржерінен естіген, оқығандарын жаттап алғандай судыратып айта Прочитать остальную часть записи »
Сайтанның тұзағы
Дәстүрлі діндердің бәрінде адамзаттың қас жауы аталатын – сайтан түр-түсі қорқынышты құбыжық бейнелі тіршілік иесі бейнесінде сипатталады. Көзге көрінбегесін жұрт сайтанның бар-жоғына да мән бермейді. Шындығында, күнделікті өмірімізде біз сайтанмен үнемі кездесіп, қоян-қолтық араласып жүреміз. Сұмдығы сол, үнемі солардың арбауына түсіп қалып жатамыз. Бірақ, адамдардың көбі сайтанның бар-жоқтығына мән бермейтіні сияқты, олардың арбауына түсу дегенге де пысқырмайды.
Адамдар неге ақымақтық жасайды
Ақымақ болғысы келетін пенде бар ма? Жоқ. Бірақ адамдардың көбі күнделікті тірліктерінде жиі-жиі ақымақшылық жасап жатады. Біз оны жұмсартып «қателік» деп атаймыз. Шындығында ол – ақымақшылық. Ал ақымақтық сайтанның Прочитать остальную часть записи »
Бақыт кілті – өзіңізде
Бүгінде миллиондаған данамен ондаған тілдерге аударылып басылған Напалеон Хилдің «Ойлан да байы» кітабы арқылы соңдарынан қалмаған қырсықтан арылып, өмір жолын ашып, ойларына алған мақсат биіктеріне жетіп жатқандар көп. Кітап – сізге табысқа жетудің әдіс-тәсілдерін беріп, бақытқа бастар жолды көрсетеді. Ал оған жету-жетпеу әркімнің өз қолында. Өйткені, кілтті алу бар да, онымен құлыпты ашып, қалаған мақсатқа жету бар. Яғни, кілтті алумен шаруа бітпейді, оны пайдаланып, тәжірибе жүзінде қолданғанда ғана бақыт сарайының есігі алдыңыздан ашылмақ. Сонымен, іске сәт, оқырман.
Өзіңді сендірудің бес кезеңі
- Өмірімнің мақсаты маған түсінікті және менде сол мақсатқа жетуге қажетті мүмкіндіктердің бәрі бар. Сондықтан да, өзімнен табандылықты талап етуге тиіспін. Мен өзімнен – талпынысты кейінге қалдырмауды қатаң талап етуім қажет. Бір қадам кейін шегінбей және шаруаны кейінге қалдырмай, мақсатқа жету жолында қолымнан келгеннің бәрін жасайтын боламын.
- Менің санамның қожайыны – ойларым сыртқы әрекеттеріме ықпал етіп отыратынын әрдайым түйсінемін. Сондықтан да, мен күн сайын кем дегенде жарты сағат өзімді болашақта қандай дәрежеде көретінімді елесетіп, ақылымды соған шоғырлаймын және сол бейнемді анық көз алдыма келтіруге тырысамын.
- Өзімді сендіру принципі негізінде мен қандай тілек болмасын санамда тұрақты бейнені қалыптастыруға табандылықпен ұмтылған сайын нақты өмірде оны жүзеге асырудың жолдары ашылады. Сондықтан да, күн сайын он минут өзімді сендіруге күш салатын боламын.
- Мен өз өмірімнің басты мақсатын нақты айқындап алдым және сол мақсатқа жеткенше өзімді толық сендіруге талпыныс жасауды тоқтатпаймын.
- Мен мынаны толыққанды сезінемін: байлық та, қоғамдағы биік дәреже де егер ол шыншылдық пен әділдікке негізделмесе тұрақты болмайды. Сондықтан да, мен ешқашан өз ар-ұятымды басқа әріптестеріме пайда әкелмейтін шаруалармен айналысуға мәжбүрлемеймін. Мен мақсатыма басқа адамдармен тізе қоса бірлесе отырып, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жететін боламын. Мен әріптестеріме егер маған көмектессе, оларға да соншалықты көмектесіп, пайдамды тигізетінімді дәлелдеймін. Мен өзіме де, айналамдағыларға да еш пайдасын тиігзбейтін іштарлық, күмәншілдік, өзімшілдік, сараңдық сияқты жаман қасиеттерден аулақ болып, игілік әкелуге әсерін тигізетін адамдарға деген махаббат сезімін орнықтырамын. Мен адамдардың өзіме сенуіне мәжбүрлеймін, өйткені мен өзіме және басқаларға кәміл сенемін. Мен табысқа жеткізетін осы формулаға қол қойып, жаттап алатын боламын және өзімнің әрекетім мен мінез-құлқыма игі әсерін тигізгенше күн сайын дауыстап қайталап отырамын.
Бақытты болудың қарапайым тәсілі
Яндекстің вордстат қызметі арқылы «бақыт» деген сөзді бір айда қанша адам іздегеннін қараған едім. Бұл сөзді бір айда 4370 адам іздепті. Сонша адам бақытты болуды аңсайды екен-ау деп ойлаған едім. Сөйтсем, олардың көбі есімі бақыт деген әншілерді іздеген болып шықты. Осыған қарап, адамдардың бақытты ойлап бастары ауырмайды екен-ау деген ойға қаласың.
Бақытымызға көлеңке түсіретін не?
Бақытты болу үшін көп нәрсе керек пе? Жоқ. «Қайғысыз қара суға да семіреді» деген сөз бар. «Ұйқың келсе қара тас мамық болар» дейді. Әскерде жүргенде майысып қалған ескі альмини тостағанға салып берген суға бұқтырылған ботқаның дәмі тіл үйірердей тәтті болып сезілетін. Ал қазір көркі көз тартар әдемі ыдыстарға салынған дәмді тағамдарды да құлықсыз жейтін болдық. Өйткені, тәбет жоқ.
Алланы ақылмен тануға бола ма?
Фейсбуктен Тыныштықбек Әбдікәкімұлы деген азаматтың Жаратқан туралы жазғандарын көріп, өзімше пікір қалдырдым. Ол жазбасында адамдарды тозақ азабына салатын Алла фашистердің конслагеріндегі сияқты тауқымет тартқызушы ма деген сауал тастап, азап шегуші тек тән, ал жан азап шекпейді дегенді айтады. Оның тән мен жан туралы түсінігі қазақы ұғыммен астасып жатқандай.
Адам бәрін өз бетінше оқып, түйсінуі қажет пе?
Материалистік түсінік бойынша әрбір беймәлім нәрсені өзіміз түсініп, көзімізді жеткізгенше ол туралы ақиқатты білемін деп айтуға болмайды. Яғни, біз ақиқатты тәжірибе жасау арқылы ғана түйсіне аламыз. Шындығында, бұл ешқашан ақиқатқа Прочитать остальную часть записи »
Қатерлі сәлафи ағымына жастар неге ереді?
Дәл қасиетті рамазан айы басталар тұста Ақтөбеде жазықсыз адамдардың қанын төккен сәлафилердің әрекеті қарапайым халықты ғана емес, құзырлы органдарды да қатты әбігерге түсірген еді. Сәлафи ағымын ұстанатын жас жігіттердің бұндай қадамға баруына саналарын улаған теріс түсініктің әсер еткені даусыз. Ал ондай түсінік қайдан, қалай келді?
Сәлафилік насихат
Таяуда Ақмола облыстық дін істері жөніндегі басқармасы діни насихаттың бүге-шігесіне дейін талдап, зерттеген сарапшылармен кездесу өткізді. Әлгі жап-жас сарапшы жігіттер сәлафиліктердің адамдарды қалай аздырып, Прочитать остальную часть записи »
Қартайғанда махаббат бола ма?
Ақша билеген қазіргі нарық заманында өзінің немере, тіпті шөбересімен жасты қыздарға үйленіп жатқан бай шалдар аз емес. Өтекен ғасырларда да қазақтардың арасында қалың мал беріп, жас қызды тоқалдыққа алатын шалдар аз болмапты. Қазір адамдардың көбі «шал болса мейлі, күш-қайраты қайтпаса, үйленгенде тұрған не бар» деп санайды. Шындығында солай ма?
70-тен асқан шал мен кемпірдің махаббаты
Таяуда әлеуметтік желілерде жасы 70-ке келген негір шал мен 74 жастағы кемиек кемпірдің тырдай жалаңаштанып құшақтасқан суреті жарияланды. Денелерін әжім басқан сұрықсыз қариялардың жалаңаштанып түскен суреті тартымсыздығы былай тұрсын, жүрегіңді айнытарлықтай Прочитать остальную часть записи »
Қарапайым денешынықтырудың пайдасы
«Бірінші байлық – денсаулық» деген нақылды білмейтін адам жоқ шығар. Дегенмен де, осындай қарапайым ақиқатқа күнделікті өмірде мән беріп жатқан жандар аз. Адамдар денсаулықтың қадірін тек аырғанда ғана біледі және олардың негізгі денсаулықты сақтау тәсілдері – емханаға барып, дірігер жазып берген дәріні сатып алып ішумен шектеледі. Содан болар, бүгінде емханаларда кезек күткен адамдар легі жылдан жылға көбеймесе, азаяр емес.
Денешынықтыру жаттығулары не береді?
Күнде таңертеңгілік 15-20 минут денешынықтыру жаттығуын жасау адамға не береді? Бұл жөнінде медициналық терминдермен ғылыми тілмен баяндаудың еш пайдасы болмас, өйткені ондайларды көбіміз әржерден оқып, естіп жүрміз. Осы жайды қарапайым ұғынықты тілмен, қисынға (логика) салып Прочитать остальную часть записи »
Қазіргі заманғы кең таралған дерттің бірі – мақтаншақтық
Ұлы Абайдың қара сөздерінде әр адамның бойында мақтаншылық сезімі болатындығы және мақтаншылықтың түрлері жайында айтылады. Мақтаныш әрбір пендінің туабітті қасиеті. Дегенмен, солай екен деп мақтаныш сезімін өмірінің негізі етіп алуға болмайды. Қай нәрсені де шектен тыс көп пайдалану залалды. Ал қазіргі күні нәпсінің құлақ кесті құлына айналған пенделер мақтанышты өмірлерінің басты мәні етіп алған жайы бар.
Бес дұшпанның бірі – мақтаншақтық
Ұлы Абай «өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз» дейді. Мақтаншақтық адамға залалдан басқа еш игілік әкелмейтін жаман қасиеті. Дегенмен, бүгінде көздерін надандық шелі басқан пенделер өздеріне ненің Прочитать остальную часть записи »
Блоггер болу қиын ба?
Қазақстанда бүгінде интернетті пайдаланушылар саны 10 миллионға жетіпті. Яғни, интернет қазір ең кең таралған қолжетімті ақпарат көзі болып отыр. Оны жас та, кәрі де, лауазымды тұлғалар мен жұмыссыздар да пайдаланады. Интернеттің осылай өмірімізге кең енуіне байланысты интернет кеңістігі арқылы өз ой-пікірін таратып, атағын шығару, сол арқылы ақша табуды ойлайтындар да емес. Ондайларды блоггерлер деп атайды.
Блоггер деген кім?
Блоггердің мағынасы – күнделік жүргізуші және оны басқарушы дегенді білдіреді екен. Ертеректе біздің бала кезімізде жастар арасында күнделік жазу сән болатын. Қалың дәптерге күнделік жазатында көп еді. Блоггер де сол сияқты күнделік жазушы. Бірақ блоггер күнделігін дәптерге емес, Прочитать остальную часть записи »