Июль 2016

Жихадшы

102Түсіне тағы да анасы кірді. Жатаған дөңгелек үстелдің жанында екі иінінен дем алған самауыр. Анасының құйып берген сүт қатқан қою шәйін тамсана сіміреді. Бал татыған тәтті шәй. Ол анасы құйған шәйға қанша ішсе де қамбайтын. Бар жылы-жұмсағын дастарханға қоятын анасы да ұлы екеуінің осылай үстел басында отырған сәттерін ұнататын. Әрнәрсені тілге тиек етіп, аналы-балалы екеуі дастархан басында ұзақ отырар еді.

«Аллаху акбар» деген ұнамсыз жуан дауыс көз алдына келген тәтті көріністі тас-талқан етіп алыстатып жіберді. «Ау, өліп қалғаннан саумысың, таң намазына тұрмайсың ба» деген қауға сақалды жуан қараның зәрлі үні үстіне мұздай су құйып жібергендей бойын тітіркентті. Ол төсегінен сүйретіліп әзер тұрды. Ұйқысын, жылы төсекті қимағаннан емес, алыста қалған Прочитать остальную часть записи »

Діндар деген кім?

уақытКеңес заманында адамдардың 99 пайызы дінсіз – атеис еді. Ал қазір жағдай керісінше. Осыған қарап, діндарлар саны көбейіп кеткен екен деген ой тууы мүмкін. Шындығында, жағдай басқаша. Дәстүрлі діндердің бірін ұстанып, өздерін діндармын деп санайтындардың бәрі бірдей имандылық жолында жүрген тақуа емес.

Дін – адамды имандылыққа түсіретін жол

Таяуда бір танысым қоярда-қоймай ауыз ашарға шақырды. Шынын айтқанда, өзім ораза ұстамағандықтан, ауыз ашарға бара қомаймын. Өйткені, ауыз ашар өте кеш беріледі, сондықтан кеш жатуға тура келеді. Ал менің өзіме белгілеп алған күн тәртібім бойынша кешкі сағат 10-нан кешікпей ұйқыға жатамын, таңертең 4,30-да оянамын. Ал ауыз ашарға Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика