Август 2016

Тылсым ілім

ақиқатБүгінде екінің бірі діндар болып алды, намаз оқиды, ораза ұстайды, сақал қойып, үсті-басын қара матамен бүркеп жүретіндер көбейді. Олардың бәрі өздерін діндармыз деп санайды. Тіпті, күн сайын Сирия, Ирак, Ауғанстанда бірін-бірі өлтіріп қырып жатқандар да өздерін мұсылманбыз және мұны ислам діні үшін жасап жатырмыз деп кәміл сенеді. Сондай әсіре діндарлар біздің елімізде де бар. Олар Ақтөбеде биыл маусымда біраз жазықсыз адамның қанын төкті. Және осы қылмыстарын ислам діні үшін жасап жатырмыз деп іштей нық сенді. Мұның бәрі НАДАНДЫҚТАН. Мен сізге ең тылсым, ең құдыретті ілімді сыйға тартамын. Ол менің  бүгінде қарасы көбейіп кеткен жалған пайғамбарлар сияқты ойдан шығарған өз дінім емес. Ол қасиетті кітаптар (жалғыз кітап, яғни жалғыз Құран емес) арқылы Алладан берілген АҚИҚАТТЫ сіздің назарыңызға қаз қалпында ұсынамын. Қабылдайсыз ба, жоқ па, ол өз еркіңіздегі шаруа. Сонымен….

Адам өмірінің мәні неде?

Мен кіммін, не үшін бұл дүниеге келдім, өлгесін қайда барамын, өмірімнің мәні неде? деген мәні терең сауалдарға жауап іздеп көрдіңіз бе? Бұл сауалдарды сіз дінсіз атеис ғалымдарға қойып, Прочитать остальную часть записи »

Кедейліктің негізі неде?

тәубеКедей болғысы келетін адам бар ма? Жоқ, әрине. Десек те, кедейлікті адамның өзі магнит сияқты тартып алады екен. Яғни, кедейшілігіне сол пенденің ең алыдмен өзі кінәлі болмақ. Сонда қалай? Егер адамдардың бәрі кедейшілікті жек көрсе, соған қарамастан кедейлікті өзіне тартып алатыны қалай? Бұның өзі бір қарағанда қайшылық сияқты сезіледі. Енді мәселенің мәніне үңіліп көрейік.

Өзін өзі программалау

Ғылымның бір саласы ретінде квантты физиканың дамуы адам санасы мен психологиясына қатысты көптеген жұмбақ  жайларды ашты. Адамды салыстыра айтар болсақ, компьютермен, ал оның санасын компьютердің  бағдарламасымен салыстыруға болады екен. Егер біз компьютерімізге қандай бағдарлама орнатсақ, ол соған сай Прочитать остальную часть записи »

Толымды білімді қайдан алуға болады?

дінБілім жарық нұр сияқты, ал надандық қараңғы түнек іспетті. Қараңғыда жүрген адам әлдебір шұңқырға түсіп кетемін бе немесе басымды жартасқа соғып аламын ба деп үнемі қорқынышта жүреді және ештеңе көрінбейтіндіктен, шынында да қадам басқан сайын әлденеге соғылып, қатерге ұшырап жатады. Ал жарықта жүрген жан айналасының бәрін алақанға салғандай көріп тұратындықтан, еш қатерсіз еркін жүреді. Білімді мен білімсіздің халі де дәл осыған ұқсас болады.

Толық білім деген не?

Айналасын сипаланып жүріп танитын соқыр сияқты қазіргі материалистік білім де шегі, шеті жоқ табиғатты зерттеу арқылы ақылмен танығылары келеді. Бұның өзі толайым қате жол, сондықтан матриалист ғалым ешқашан толымды білімге Прочитать остальную часть записи »

Өмірде шындық бар ма?

71Мына өмірді ғылыми тілмен «екіжүзді» деп атайды. Шынында, бұл жалғанда бәрі қарама-қарсы екі сыңар болып жаратылған. Жақсылық-жамандық, бақыт-бақытсыздық, шындық-жалғандық – осылай жалғаса береді. Ал бүгінде қоғамда белең алып кеткен жалғандықтың қарама-қарсы сыңары – шындық десек, сол шындық өмірде бар ма?

Шындық  — абстрактілі ұғым

Біреуге шындық болып көрінген нәрсенің, басқа адамға жалған болып қабылданатыны ешкімді таңырқатпайды. Осыған орай, әркімнің өз шындығы бар. Түрлі жағдайларға байланысты шындық та бұрмаланып, сыртқы кескін-кейпін өзгертіп жатады. Бұл – дүниеге түрлі түсті көзілдірікпен қаарған сияқты нәрсе. Қара көзілдірік кисеңіз, айналаның бәрі күңгіт тартып Прочитать остальную часть записи »

Жалған үмітке алданғандар

ешқашанда берілмеОрыстарда «без труда, не вытащишь рыбу из пруда» деген сөз бар. Бір нәрсеге жету үшін аз ба, көп пе міндетті түрде еңбектену қажет болады. Бірақ та, осы қарапайым ақиқатты жұрттың көбі білмейді немесе білгілері келмейді. Ондайлар өмір бойы болашақтан кездейсоқ бақыт құсын күтіп, жалған үмітпен күн өткізеді.

Айқын мақсат, соған жеткізетін нақты әрекет қажет

Мақсаттың үлкен-кішісі болмайды. Егер сіз бірдеңеге жеткіңіз келсе, онда алдыңызға нақты мақсат қойыңыз және соған жеткізуге қажетті әрекеттерді жасаңыз. Ерте ме, кеш пе сонда мақсатыңыз орындалатын болады. Бұл «екі жердегі екі – төрт» деген сияқты ақиқат.

Мәселен, ағылшын тілін үйренгіңіз келді делік. Ол үшін «ағылшын тілін мынадай уақыт ішінде үйренемін» деп алдыңызға нақты мақсат қоясыз. Содан кейін ағылшынша үйрететін оқытушы жалдап, соның көмегімен оқуды бастайсыз. Прочитать остальную часть записи »

Жақсылық жәй кетпейді

махаббатХовард кедей отбасынан шыққан бала еді. Ол мектепке керекті кітап-дәптер алу үшін көшеге шығып ұсақ-түйекті сатып ақша табатын. Бір күні ешнәрсе сата алмады.Саудасы жүрмегені өз алдына қатты шаршап, шөл қысты. Бір жағынан қарны да аш еді. Содан бір үйдің есігін қағып, жүрек жалғайтын тамақ сұрағысы келді. Бірақ есікті жас келіншек ашты. Соны көрген бала ұялып: «кешіріңіз, ішетін су бар ма?» деп сұрады.

Жас келіншек баланың жүдеу жүзін көріп жаны ашып, қарны ашқан шығар деген оймен бір стақан сүт әкеліп берді. Бала сүтті асықпай, бойына сіңіре ішті. Содан кейін: «Көп рахмет. Сүт үшін сізге қанша қарызбын?» деді.

-Ешқандай қарыз емессің, -деді келіншек күлімсіреп. –Анам көрсеткен жақсылық пен жасаған көмегің үшін ақы талап етпе деп үйреткен еді, -деді.

-Ендеше сізге тағы да үлкен рахмет, -деді бала.

Ховард Келии ол үйден шыққанда тәні ғана нәр алып қоймай, рухани жағынан да жақсы әсерге бөленгенін сезді.

Прочитать остальную часть записи »

Бақытты болудың құпиясы

кілтТаяуда Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде журналист Байқал Баяділовтің бір мақаласын оқыдым. Онда елімізге әйгілі алғашқы қазақ қыздарының арасынан шыққан тракторшы Кәмшат Дөненбаеваға арнап көкшетаулық сазгер шығарған әннің тарихы жайлы баяндалады. Осы мақала көкейде жатқан бір ойларды қозғап, блогыма осы мақаланы жазуға түрткі болған еді.

Жаны сүйген іспен айналысу – бақыт

Әлгі мақалаға қайта оралайық. Сазгердің айтуынша бұл әннің шығуына теледидардан Кәмшат Дөненбева берген сұхбат себеп болыпты. Журналист еңбек ерінен «арманыңыз бар ма?» деп сұрайды. Сонда ол бірден «бар» деп жауап қайтарады. «Ол қандай арман?»  деген журналистің сауалына «К-700»-дің руліне тағы бір отырсам» деп жауап береді танымал еңбек Прочитать остальную часть записи »

Не ексең, соны орасың

кармаБуддизм және индуизм дінінде «карма заңы» деген түсінік бар. Оның мәні адам бұл дүниеде нендей әрекет жасаса, соның нәтижесіне орай  жемісін татады. Жақсылық жасасаң, жақсылыққа жолығасың, ал жамандық жасадың екен, онда жамандыққа тап боласың. Қасиетті Құранда «Егер біреу бір жақсылық жасаса, ол өз пайдасына, жамандық жасаса, өз зиянына, әрнәрсеге Алланың күші басым» деген аят бар. Бұның астарында да адамның өмірде жақсы, не жамандыққа ұрынуы өзінің жасаған әрекетінің салдарынан екендігі көрінеді.

Алты жылдан кейін ашылған қылмыс

Күні кеше Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ақпарат алдым. Онда осыдан алты жыл бұрын жасалған ауыр қылмыстың ашылғаны, оны жасаған қылмыскерлердің қолға түскені айтылыпты. Бұл қылмысқа жеке тоқталып отырған себебім, ол мен тұратын үйдің дәл Прочитать остальную часть записи »

Адамды биіктерге жетелейтін қуат

инвестиция-1Айналаңызға назар салып қарасаңыз, өмірде жолы болмай, қиындықтан көз ашпай жүретін пенделерді жиі кездестіресіз. Шындығында, мыныдай ақша билеген қиын заманда асқақ армандарыңыздың биігіне әлдекімнің қолдауынсыз, мол ақшасыз жету мүмкін емес сияқты сезілетіні рас. Дегенмен, Напалеон Хилдің мына атақты кітабын оқығаннан кейін сіздің бұндай көзқарасыңыздың өзгерері даусыз.

Махабаттың ғажайып күші

Біздің мінез-құлқымыздың терең түкпірінде белгілі бір уақытқа дейін әрекет тұқымы ұйықтап жатады. Ұйқыдан оянып, бой көтерген ол сізді түсіңізге де кірмеген асқақ биіктерге көтереді.

Скрипканың шегінде жасырынған музыка әуендерін ауаға таратуға мәжбүрлейтін музыкант сияқты сіз де санаңыздың Прочитать остальную часть записи »

Білімді қалай алуға болады?

адам мүмкіндігіБілімді екі түрлі тәсілмен алуға болады екен. Латын тілінде оның нақты атаулары бар, дегенмен мәселе атында емес, затында болғандықтан, латынша былай дейді деп жаттап алған нәрсені  тықпалағым келмейді. Нағыз білімді адам осы екі тәсілдің қайсын таңдайды – соған байланысты ала алады. Сонымен…

Өз ақылымен ақиқатты тапқысы келетіндердің жайы

Білім алудың бірінші түрі: адам ешнәрсеге сенбейді, бәрін өз көзімен көріп, тәжірибе арқылы көзін жеткізгенде ғана оны шындық деп қабылдайды. Бүгінгі материалистік ғылым осындай түсініккке негізделген. Материалистік ғалымдар Құран,Інжіл сияқты қасиетті кітаптарған сенбейді, өйткені онда а Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика