Октябрь 2016
Жалғандық жарға жығады
Адамдардың көбі өтірік айтып, жалған сөйлеуге бейімделіп алғаны сонша, олар өздерін жалған айтып тұрмыз деп санамайтындай дәрежеге жеткен. Саналарына жалғандықты сіңіріп алған пенделер сырт көзге көрініп тұрған өтіріктерін өздері көрмейтін, сезбейтін күйде. Ондайлар тәтті өтіріктен, ащы шындықтың артық екенін мүлдем түсінбейді.
Өтірік адамды айналасына сүйкімсіз етеді
Таяуда бір кісінің асына бардым. Ол қызмет еткен мекемені басқарған адамға марқұм қатты ренжіп, қайтып әлгі мекеменің есігін ашпай кеткен еді. Бұның бәрі сол мекеменің басшысының кінәсінен болғандығын жұрт жақсы білетін. Міне, сол мекеменің басшысы өзі ренжіткен марқұмның асында асабаның міндетін атқарып, көсіліп сөйледі.
Сіз жарқын болашаққа сенесіз бе?
«Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» деген ұзақ жылдарға арналған стратегиялық бағдарламалар бар. Оған қоса, жыл сайынғы жолдауларында Елбасы халыққа жағдай жасаймыз, жұмыссыздықты азайтып, тұрмысты көтереміз, өндірісті өрге бастырамыз деп уәде беріп, атқарушы билікке тапсырмаларды үйіп-төгіп жатады. Десе де, Асан қайғы бабамыз іздеп өткен «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» жерұйық заман келетін емес және таяудағы жүз, тіпті мың жылда да ондай қоғамның орнайтын түрі байқалмайды. Сонда бүгінгі пенделер болашақтан не үміт күте алмақ?
Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?
Әлеуметтік желілерді дүр сілкіндіріп, түрлі телеканалдардан көрсетілген павлодарлық кішкентай сәбиін сабаған келіншек туралы видео адамдардың арасында үлкен пікір туғызды. Біреулер сәбиді сабаған келіншекті қатыгез деп жерден алып, жерге салса, енді біреулер бұның бәрі тұрмыстың ауырлығынан туған жай деп, жас әйелдің жағдайына түсіністікпен қарағылары келеді.
Фанатизм – жазылмас дерт
Ұлттық фанатизм, нәсілдік фанатизм, діни фанатизм – қайсысы болса да адамның ақыл-есін алып, есуастыққа, қатыгездікке және топастыққа ұшыратады. Бұл дертпен ауырған пенденің жазылуы қиын, тіпті мүмкін емес. Гитлер деген есуастың соңынан ерген миллиондаған немістер өздерінің де, өзгелердің де өмірін ойрандап, ақырсында қор болып жеңіліп, қырылып тынды.
Күлекбаевтың шынайы бетбейнесі
Алматыда биыл жазда он адамды атып өлтірген Күлекбаев деген азаматтың үстінен сот болып жатыр. Басына қап-қара спорт шәпкісін киіп алып, өзггелерге менсінбей шекесінен қарап, судьяның сөзін құлағына қыстырмай, «ал маған не істейсіңдер» дегендей бедірейген жігіттің бейнесінен фанатизм деген дерттің адамға қаншалықты әсер ететінін бағамдауға болатындай.
Өміріңізге өзгеріс әкелетін қарапайым 5 кеңес
Өзін өзі жетілдіру курстары бүгінде интернетте қадам басқан сайын кездеседі. Осы тақырыпқа арналған орыс тілді сайттар да жетерлік. Өкініштісі сол, өзін жетілдіру қазаққа мүлдем қажетсіз бе, әлде бұндай «ұсақ-түйекке» бас ауыртқылары келмей ме, осы тақырыптағы қазақ тіліндегі саитты өз басым кездестірмеппін. Ал, БАҚ- арқылы қазақтардың, әсіресе жас қыздар мен бозбалалардың арасындағы суицид немесе өзін өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлемде ең алдыңғы орындардың бірінде дегенді оқып жүрміз. Бұл енді ойланарлық жай.
Ерте тұрған еркектің ырысы артық
Бүгінде адамдардың көбі жасыратыны жоқ көп ұйықтағанды және қалаған уақытында ұйықтағанды тәуір көреді. Түн ортасына дейін теледидар көріп, сосын ұйқыға жататындар, демалыс күндері 11-12-ге дейін ұйықтайтындар көп. Шындығында адамға 6 сағат ұйқы жеткілікті дейді қазіргі ғылым. Одан көп болса, басыңыз ауырып, денеңіз ауыр тартып, дел-сал болып жүресіз.
Адамдар неге еркінен тыс жаман әрекеттер жасайды?
Ешкім де өзіне өзі залал тигізгісі келмейді. Бірақ та, адамдардың көбінің өзге емес, өздеріне залал әкелетін жаман әрекеттер жасап жататыны неліктен? Темекінің зиянды екенін біле тұра ақшасын шығын етіп сатып алып шегеді, арақтың залалын көре-біле тұра ішіп, бастарын пәлеге ұрындырып жатады, заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын білсе де қылмыс жасап, абақтыға қамалады.
Ақылды арбаған арақ
Биылғы жылдың басында бір орта жастағы жігіт мен істейтін мекемеге қызметке орналасты. Бір айдай жап-жақсы істеп жүріп, сосын ақша алғаннан кейін он күндей жоғалып кетті. Сөйтсек, әлгі жігіт араққа салынған, ішпесе жүре алмайды екен. Қолына ақша түскен соң күндіз-түні жатып алып арақ ішкен. Сосын оны жұмыстан шығарып жіберді.
Адам азды ма, заман азды ма?
Уақыт өткен сайын адамдар азғындап, ар-ұяттан айрылып барады. Бұған көз жеткізу үшін жан-жағыңызға зер сала қарасаңыз жүздеген, мыңдаған мысалдарды көресіз. Жә, қарапайым адамдардың азып-тозғанына назар аудармай-ақ қоялық, ал ел тізгінін ұстаған басшы азаматтардың ар ұялар қылықтарын көргенде адамдардың да, заманның да азғанын сезінгендей күйге түсесің.
Өлімнен де күшті ұят
Ертеректе өзбек елінде мынадай оқиға болыпты. Бір өзбек шәйханада жұртпен шәй ішіп отырып абайсызда жел шығарып қояды. Осыдан ұялған әлгі сол күні отбасын алып басқа танымайтын жерге көшіп кетеді. Арада он жылдай өткен соң туған жерін сағынып, әрі менің ұят қылығымды жұрт ұмытқан болар деген оймен еліне келеді. Сол баяғы шәйханаға кіріп отырады. Біраз кекселенген оны ауылдастары танымайды. Прочитать остальную часть записи »
Құрдымға құлататын жол
Бақытсыз болғысы, өзіне жамандық жасағысы, өмірден тауқымет тартқысы келетін адам бар ма? Ақыл-есі дұрыс ешбір пенде мұндайды өзіне қаламайтыны анық. Бірақ та, егер зер сала қарайтын бослаңыз, адамдардың 90 пайызы өздеріне қастық жасап, жамандыққа итермелеп жататынын бағамдауға болады. Олар бұндай қадамға неліктен барады?
Біреуге жасаған жамандық, шындығында өзіңе жасаған жамандық
Қасиетті Құранда «Егер кім де кім біреуге жамандық жасаса, өз зиянына, жақсылық жасаса өз пайдасына. Жамандық жасаған адамға соншалықты жамандық бар, жақсылық жасағанға да соншалықты жақсылық тиесілі. Әрнәрсеге Алланың күші басым» деген аят бар.
Дін – Жаратқанға құлшылық етудің амал-тәсілі
Дәстүрлі діндердің көбінде, әсіресе ислам, христиан және иудей діндерінде оны ұстанушылар дінді ешқашан өзгермейтін, мәңгілік және бәрінен жоғары тұрған құбылыс ретінде қабылдайды. Шындығында, дін – бұл Аллаға құлшылық етудің әдістемесі іспетті. Ол әдістеме адамдардың интелектуалдық деңгейіне, салт-дәстүрі мен ұстанымдарына сай әр заманда өзгеріп отырады.
Діни шарттар не үшін орындалады?
Кез келген мұсылманнан «дін мәңгілік пе?» деп сұрасаңыз «әлбетте, солай» деп жауап береді. Осылайша, қазіргі ислам дінін ұстанушылар дінді Алладан да биік қойып, Аллаған құлшылық етудің орнына ДІНИ ШАРТТАРАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ етіп жүр. Олар үшін ең бастысы – діни парыздарды орындау. Оны КІМ ҮШІН, НЕ СЕБЕПТІ орындап жатқандарымен еш шаруалары жоқ.
Әлемді билеуші алпауыттар тобы: олар жайлы не білеміз?
Қазақта «жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген сөз бар. Ел арасында алып-қашты әңгіме шығып, бір мәселе жайында айтылды екен, оның астарында әлдебір шындықтың жататыны анық. Мемлекеттерден жоғары тұрған, барша әлемді билеп отырған алпауыттардың ат төбеліндей тобы бар екен, олардың мақсаты барша адамзатты мәңгүртке айналдырып, не айтса да бас шұлғып көнетін құлақкесті құл ету көрінеді деген әңгіме әредік айтылып қалады.
Президенттер олардың қолындағы қуыршақ қана
Ютубтен Авраам Руссо деген американдық кәсіпкер режиссердің әлемді билеп отырған алпауыттар туралы түсірілген бейнефильмін көрдім. Руссо бизнеспен айнпалысып, біраз елді аралайды. Әрнәрсеге көңіл бөліп жүретін зерек жан ақылға сиымсыз заңдар шығарып, оларды өз мақсатына пайдаланып жатқан белгісіз билеушілердің барлығын әркез сезініп жүреді. Содан күндердің күнінде ол американдық алпауыт Рокфеллердің баласымен танысып, ақырсында дос-жар болудың сәті түседі.
Миыңыз тынық болсын десеңіз
Ми адам тәнінің басты ағзаларының бірі және оның тәннің қызметінде атқаратын рөлі өте зор. Әсіресе, ой қызметінде мидың сергек болып, қалыпты жұмыс істеуінің маңызы ерекше. Осы орайда, миды жалқаулыққа жетелейтін жеті себеппен таныс болудың артықтығы жоқ. Ол себептердің қатарында мыналар бар:
Ұйқының қанбауы. Созылмалы ұйқысыздықтың денсаулыққа келтірер зияны аз емес. Дұрыс ұйықтамаған адам ұйқы басып шаршап жүреді және зейіні мен ми жұмысы әлсірейді. Адамдарға жақсы тынығып, дұрыс жұмыс істеу үшін күн сайын кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау қажет. Дегенмен, кейбіреулер үшін үш-төрт сағаттық ұйқы да жеткілікті.
– Стресс. Бүгінде белең алған дерттің бірі саналатын стрессті мойныңызға мінгізсеңіз, құтылу қиын болады. Стреспен күресудің ең қолжетімді тәсілдерінің қатарында күнделік жазып отыру, психологтың кеңесін тыңдау, дене жаттығуларымен айналысу, ұйықтау мен тамақтану ережесін сақтау сияқты шаралар бар.