Ноябрь 2016

Саясат – жексұрын адамның паналайтын соңғы орны

23Саясаткер болсам деп армандайтын жастар бүгінде аз емес. Өкінішке орай, олардың көбі, тіпті бәрі дерлік саясат дегеннің өте лас кәсіп екендігін, онымен айналысқан адам міндетті түрде жан дүниесі ластанып, шынайлықтан, адалдықтан, басқа да адами қасиеттерден аулақтап кететіндігін түсінбейді. Бір ғұламаның айтқан «саясат – жексұрын адамның паналайтын ең соңғы орны» деген сөзінің астарында ащы шындық жатыр.

Саяси ойын

Күні кеше Парламент депутаттары Астанаға Назарбаев есімін береміз деп ел-жұртты дүрліктірді. Астана деген тәп-тәуір аты бар және сол атауы арқылы әлемге танылған Елордамыздың атын «Назарбаев» немесе «Нұрсұлтан» деп атау өзін сыйлайтын әрбір пенде үшін құлаққа  ұнамсыз естілері анық. Осыған орай, әлеуметтік желілерде бұл атауға қарсы шыққандар өте көп болды.

Прочитать остальную часть записи »

Түске сенуге бола ма?

адам мүмкіндігіМатериалистік түсінікті санасына сіңірген адамдар түске сенбейді және оны мидың қызметімен байланыстырады. Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда Жүсіп пайғамбардың түс жорушылғы туралы сүре бар. Египет пірғауынының көрген түсін жорып берген Жүсіп пайғамбардың айтқандарының бәрі айнымай келеді. Осыған қарап, дәстүрлі дінде түстің Алладан берілетін ақиқат екендігін аңғаруға болады.

Түсті дұрыс жори білген жөн

Адамдардың көбі түс көреді. Мүлдем түс көрмейтін жандар да бар. Дегенмен, түстің бәрін бірдей болашақты болжау, алдағы өмір жолыңнан берілген Жаратқанынң белгісі деп қабылдаған жөн емес. Жәй түстер және Жаратқан тарапынан берілген аян түріндегі көріпкелдік түстер болады. Бұлардың арасын айырып, дұрыс түсіну және түсті шынайы жору арқылы өмір жолыңды өзгертіп, өз бақытыңды табуыңа мүмкіндік ашасың.

Прочитать остальную часть записи »

Адам әлемнің қожайыны ма?

арақАдам деп аталатын екі аяқты тіршілік иелері бүгінде Жер планетасының барлық байлығы мен игілігін пайдаланып, Алла жаратқан ет пен сүйектен жаратылған жан-жануарларды қырып-жойып, өсімдіктерді өртеп, кесіп, ауа мен суды ластап, қоршаған ортаны қоқысқа толтырып ойларына келгенді жасап жатыр. Бұның астарында «біз әлемнің қожайынымыз, сондықтан оның бар игілігін пайдаланып, нәпсіміз қалаған шаруаны жасауға құқылымыз» деген астам ниет жатқаны анық.

Адамның хайуаннан айырмасы қандай?

Егер зер салып қарасаңыз, адамның хайуаннан еш айырмасы жоқтығын бағамдауға болады. Мысалы, адам ішіп-жейді, хайуан да ішіп-жейді. Адам ұйықтайды, хайуан да ұйықтайды, адам шағылысып, өмірге ұрпақ әкеледі, хайуан да солай жасай алады, адам баласын сүйеді, хайуан да төлін жақсы көреді, адамның қаны қызыл, хайуандыкі де сондай. Ал, енді осыдан қандай айырма көріп тұрсыз?

Прочитать остальную часть записи »

Жерден басқа планеталарда тіршілік бар ма?

9Біз тіршілік ететін Күн жүйесінде 9 планета бар екен. Оған қоса, сол планеталардың айналысында қалқып жүрген серіктері және бар. Жердің жалғыз серігі – Ай болса, алып планета Юпитердің 14 серігі бар екен. Бұл – біз өмір сүріп отырған кішкентай бір жұлдыз жүйесі ғана. Ал, Күн дегеніміздің өзі бізге ең жақын жұлдыз. Мұндай жұлдыздар біз ғұмыр кешіп жатқан Құс жолы деп аталатын галактикада 3 миллиардтан асып жығылады екен. Ал, біздің галактикадан бөлек, басқа жұлдыз шоғырлары да сансыз көп. Міне, сондай сансыз көп аспан денелерінің бірінде болмаса, бірінде жердегідей тіршіліктің дамуы мүмкін ғой? Аспан денелерінің шет-шегін қазіргі ғарыш жылдамдығымен дамып жатқан ғылым білмейді.

Ұшқыш табақшалар – өзге әлемнің хабаршылары ма?

«Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді қазақ. Көкте пайда болып, көрген жұртты таң қалдыратын ұшқыш табақшалар туралы айтылып та, жазылып та жатады. Біреулер оған күмәнмен қараса, енді біреулер бұл өзге әлемнен келген Прочитать остальную часть записи »

Ұлық болсаң кішік бол

iranИранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежад бүгінде қой бағып жүр дейді. Ауылда тұратын ол өзінің азын-аулақ қойларын бағып, күн көреді екен. Осыны естігенде, біздегі ұсақ-түйек әкім қаралардың қызметтен кеткен күні «бизнесмен» болып шыға келетіні ойға оралады. Бұның астарында не жатқаны бесіктегі балаға да белгілі.

Адам көзіне көр топырақ құйылғанда ғана «тояды»

Ескендір туралы мынадай аңыз бар. Ол әлемді жаулап алу жорықтары кезінде бір қаланы қоршап, бірақ ала алмапты. Бекінісі мықты қала алдырмай, жиһангерді әбден шаршатады. Содан көп әскерінен айрылып, шаршаған патшаға ақылшысы Аристотель кері қайтуға кеңес береді. Сонша жерден келіп, құр қол кетуге намыстанған патша елші жіберіп, қала басшыларынан ескерткіш болар бірдеңе алғысы келеді.

Прочитать остальную часть записи »

Сезімнің құлы емес, қожайыны бол

нәпсіСезімге берілгіш жандар өмірде көп қателіктерге ұрынып, өздеріне де, айналасындағыларға да залалын тигізіп жатады. Сезімнің ықпалында кетпей, оны бақылап және басқаруға бола ма? Ол үшін не істеу қажет? Бүгінгі ғарыш жылдамдығымен дамып бара жатқан ғылым өкінішке орай, бұл сауалға жауап бермейді және сезімді таным нысаны ретінде де қарастырмайды.

Мені құртқан ине

Ертеде бір қандықол қарақшыны дарға асу үшін қаланың алаңына айдап апара жатады. Кісі өлтіріп, қарақшылық жасап келген әлгі пенде «мені құртқан ине» деп егіліп барады екен. Қасынан өткен біреу осының жайын сұрағанда өлтіруге апарыла жатқан қарақшы мынадай әңгіме айтыпты.

Прочитать остальную часть записи »

Адамнан тілегеннің екі көзі шығады

тәубеБүгінгі адамдардың 90 пайыздан астамы өмірдегі арман-мақсаттары мен фәни игіліктерге жету үшін өздері сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдар көмектеседі деп санайды. Ондайлар әдетте қиындыққа тап болса құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздырып, байшыгештерге алақан жайып жалынып сұрап жүреді. Сондайлардың сұрағандарын алып, тілегендеріне жетіп жатқандары аз, тіпті жоқтың қасы.

Әкімнен үй сараған адамның баяны

Бір кісі үлкен әкімнің қабылдауына кіріп, одан баспана сұрады. Әлгі әкім аты-жөнін жазып алып, бұл мәселені шешуге жәрдемдесемін деп уәде берді. Арада жеті-сегіз ай өткенде әлгі әкім басқа жаққа ауысып кетті де, енді бұл кісі жаңа әкімге кіріп тағы пәтер сұрады. Ол да көмектесемін деп уәде етті. Бірақ арада жылдар өтсе де, әлгі пәтер ала алмады.

Прочитать остальную часть записи »

Банк адамдарды жарылқаушы ма?

ақшаКеңес заманында жалғыз банк – жинақтаушы банк деген ғана болған еді және ол ақша аударымдарын жасап, жұрттың артық ақшаларын өсіммен сақтайтын. Қазіргі қаптап кеткен банктердің  иелері – жеке меншікті қалталылар және олардың атқаратын ең басты міндеті – ақшадан ақша жасау.

Ислам діні өсімқорлықты неге айыптайды?

Құранда мұқтаж адамға өсіммен ақша берудің тозаққа түсірер үлкен күнә екендігі ашық айтылған. Ислам діні өсімқорлықты үлкен күнә санап, айыптайды. Десек те, бүгінгі нарық заманында өсімқорлықпен табыс табатын банктер қатары көбейіп, банк жүйесі экономиканың күре тамырына айналған жайы бар.

Прочитать остальную часть записи »

91 тобына қазақтар неге қарсы?

001Шаштарын бояп, құлақтарына сырға таққан, әйелдерше әлем-жәлем киінген 91 деп аталатын әншілер тобының концертін қойғызуға алдымен Шымкент, содан кейін Ақтөбе қаласының қазақтары қарсы шықты. Бұның өзі осыған орай, әлеуметтік желілерде тәп-тәуір дау туғызып, әйелше киінген жігіттерді жақтағандар да, даттағандар да болды.

Азғындық жайлаған әлем

Біз үлгі тұтып жүрген Батыс елдерінің бәрінде дерлік бір жыныс өкілдерінің некелесуіне рұқсат етілген заң қабылданған. Франция, Германия сияқты елдерде геи дегендер әлдеқашан азшылық болудан қалған. Мәселен, Парижде тұратын еркектердің 25 пайызы немесе әрбір төртінші ер адам гомосексуал екен. Париждің мэрі өзінің жаңа нақсүйерін алып балға барғаны белгілі телеарналардан көрсетілген. Барша халыққа мақтаныш етіп жаңа ашынасы жас жігітті көрсеткен Прочитать остальную часть записи »

Діннің пайдасы мен залалы

102Назар аударып қарасаңыз, өзіміз өмір сүріп жатқан мына фәни жалғанның қарама-қарсы екі жұптан тұратынын бағамдаймыз. Жақсылық-жамандық, қуаныш-қайғы, қыс-жаз, әділдік-әділетсіздік сияқтанып барлық құбылыстар жұптасқан. Сол сияқты, әрнәрсенің жақсы және жаман жақтары болады.

Діннің екі жағы

Қылмыскердің қолындағы пышақ айналасындағыларға қатер төндіретін суық қару болса, дәрігердің қолындағы дәл сондай пышақ адам өмірін құтқаратын медициналық құрал болып табылады. Сол сияқты, дін де адал ниетті тақуа адам үшін жүрегіне имандылық ұялатып, айналасындағыларға жақсылық жасататын, екі дүниенің де игілігіне кенелтер құдыретті күш болса, күнәкар  үшін жүрегін қатайтып, көзін надандық шелімен қаптап көрсоқыр ететін, айналасындағыларға да, өзіне де үлкен залалын тигізіп, екі дүниенің қарғысына ұшыратар теріс қадам болып саналады.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика