Жыл тоғысында әрбір адам алдағы жылдан жақсылықтар, игі өзгерістер күтетіні белгілі жай. Өмірді адамға қызықты, тартымды ететін де ертеңгі күнге деген үміт. Міне, қазақша мешін, өзге елдердің күнтізбесінде маймыл атанған жыл да тарих қойнауына сіңіп барады. Алдағы жыл тауық, батыстық күнтізбеде отты тауық деп аталатын жыл.
Жылды арақпен қарсы алу ақымақтық
Жасыратын не бар, адамдардың көбі жаңа жылды арақ немесе шампан құйылған бокал ұстап, ақ тілек айтып қарсы алып жатады. Бұл қаншалықты ақылға сиымды және арақ ұстап тұрып айтылған немесе тілеген тілектің қаншалықты орындалу мүмкіндігі бар?