Февраль 2017
Бәріне нарық кінәлі ме?
Маркстің ілімі бойынша адамды адамның қанауына негізделген нарықтық, яғни каптиалистік қоғам түптің түбінде жойылып, жоспарлы экономикаға негізделген социалистік қоғам орнығуы тиіс. Дегенмен, жағдай бұлай болмай шықты. Іріп-шіріген нарықтық қоғам жоспарлы экономикаға сүйенген социализмді жеңіп, социалистік жүйе жойылып тынды. Осыдан адамзат баласы не ұтты?
Әлемнің әміршісі нарық па?
Нарықтық қоғамда бағаны базар реттейді. Сұраныс көп, ұсыныс аз болса, баға өседі, керісінше сұраныс аз, ұсыныс көп болса, баға түседі. Бұл – нарық заңы. Былай қарағанда бәрі дұрыс, әділ сияқты. Бағаны қолдан жасанды түрде реттегеннен гөрі, ұсыныс пен сұраныстың негізінде өзі табиғи түрде реттеліп жатса, дұрысы осы емес пе?
Инвестор ешқашан ұтылмайды
Инвестор дегенді көбіміз экономиканың түрлі саласына ақша салып, пайда табатын қалталы кәсіпкер деп түсініп жатамыз. Шындығында инвестор – бұл болашақ үшін еңбек ететін, ертеңгі күннің жайын ойлап, жарқын болашағын өз қолымен жасайтын адам. Тек ақшаны ғана инвестициялауға болмайды, уақытты, күш-қуатты, білімді, оның ішінде рухани ілімді де инвестициялауға болады.
Сегіз қырлы, бір сырлы Трейси
Американдық миллионер бизнесмен, өзін-өзі жетілдіру саласында көптеген еңбектер жазған және осы салада жыл сайын миллиондаған адамға лекциялар оқитын тәлімгер Брайан Трейсиді сегіз қырлы, бір сырлы деген атқа нағыз лайықты жан десек, артық айтқандық болмас.
Өле жегенше, бөле же
21 жастағы алматылық Абылай Тұрлин деген азамат 741600 теңгеге шетелдік қымбат бағалы кәстөм сатып алып, оның суретін әлеуметтік желідегі парақшасына салып астына «Бұл қалыпты жай, мына өмірдегі бәрі шынайы» деп жазып қойыпты. Ол өзінің IT саласында қызмет ететінін, жалақысының жоғары екендігін, сұлу қыздармен қыдырғанды ұнататынын да жасырмапты. Әлеуметтік желіде жас жігіттің бұл әрекетіне қатысты кереғар пікірлер айтылды. Десе де, жұрттың көбі адамдардың дені азын-аулақ жалақымен жан бағып, пәтер жалдап тұратын қоғамда байлығын жариялап, біреулердің бір жылдық табысына бір кәстөм сатып алған әлгі жігітті жерден алып-жерге салды.
Леонид Гайдайдың комедиясының кейіпкері айтатын «жақсы өмір сүру одан да жақсы» екендігін ешкім де теріске шығара қоймас. Бүгінгідей ақша билеген нарық заманында көп табыс табуды армандамайтын пенде кемде-кем. Бірақ та, бұндай бақыт екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Пәлен жыл жоғары оқу орынында оқып, қолақпандай диплом алып Прочитать остальную часть записи »
Христиан дінінің қаратүнек ғасыры
«Біреу оң жағыңнан ұрса, сол жағыңды тос», «жақсылық жасаған адамды ғана емес, жамандық жасаған адамды да сүй» деп үйрететін Иса пайғамбардың ілімін ұстанушылардың христиан дінін орта ғасырларда қаншалықты бұрмалап, өзгерткендігіне назар аударсақ, бұны жасаған екі аяқты адам деп аталатын пенде емес, Алланың қарғысына ұшыраған қасиетті кітапта айтылған ібіліс екендігіне көзің жете түскендей болады.
Иса пайғамбардың шәкірттері алыс елдерге барып, бастарын бәйгеге тігіп, ұстаздарының ілімін таратты. Алдымен жаңа дінді римдік ақсүйектерден қорлық көрген қарапайым халық қабылдады. Жаңа діннің кең жайылуынан шошынған император Мирон христиандарды аяусыз жазалап, қуғын-сүргінге ұшыратты. Тіпті, оларды халық алдында амфитеатрларда жабайы аңдарға талатып өлтірген кездері де болған. Соған қарамастан, христиан діні Рим империясының ішінде кең тарала берді. Алғашқы христиандар Иса Прочитать остальную часть записи »
Отандық блоггерлер туралы не білеміз
Тәуелсіздігімізді алған алғашқы жылдарда компьютер дегенді көрмек түгілі, атын да естімеген біздер үшін қазір компьютерсіз өмірді көз алдымызға елестету мүмкін болмай қалды. Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жасауды тапсыруының астарында қазіргі жаңа технологияны қолдану арқылы ғана өркениет көшінде шаң қауып қалмайтынымыз жатқаны анық.
Бүгінде ақпарат құралдарында блоггер деген сөз жиі айтылып, жазылып жүр. Бізде, тіпті блоггерлердің ассоцияциясы деген қоғамдық ұйым да бар. Ақпарат кеңістігінде өз орнын тауып үлгірген блоггер дегендер кімдер және олар немен айналысады деген мәселеге өз бетімізше жауап іздеп көрелік.
Блог деген сөздің түп негізі ағылшынша log – жазу дегеннен шыққан екен. Яғни, бұл әр адамның интернет алаңын пайдаланып, өз пікірін, көзқарасын жазуы, бір сөзбен айтқанда интернет-күнделік. Оның сайттан өзгешелігі де сол жеке адамның жеке басына қатысты жайларды жазуында. Алғашқы кезде блогтар осындай тар ауқымды қызметті атқарып келді. Прочитать остальную часть записи »
Фәни дүниедегінің бәрі ескіріп, тозады
Ертедегі бір ғұламаның «адам уақыттан, уақыт пирамидадан қорқады» деген сөзі бар екен. Мыңдаған жылдардан бері күннің аптап ыстығына, желдің өтіне, жауын-шашынға төтеп беріп, шөл далада қасқайып тұрған пирамида мәңгілік деп ойласа керек, әлгі ғұлама. Бірақ та, Египет пирамидасының қазіргі кейпіне қарап, уақыттың пирамиданы да езіп, мүжіп, шөктіріп бара жатқанын бағамдау қиын емес. Таулар мүжіліп құмға, теңіздер тартылып батпаққа айналатындығы, мемлекеттер де, адамзаттың түгел бір нәсілдері де жер бетінен құрып жоғалып жататыны тарихтан мағлұм.
Ендеше, осылардың бәріне қарап, мынадай тұжырым жасауға болар еді: мына фәни жалғанда бәрі де өткінші, бәрі ескіреді, тозады, ақырсында құрып жойылады. Бұл – өзіміз ғұмыр кешіп жатқан фәни әлемнің айнымас заңы. Бұл заң тек өлі, тірі табиғатқа ғана қатысты емес, ол сондай-ақ, ғылым-білімге, оның ішінде дінге де қатысты.
Ғасырдан да ұзақ жасаған адам
Мен мектепті бітірдім. Бірақ жұрттар сияқты сөмкемді арқалап үлкен қалаларға барып, оқуға түсейін деп талпынғаным жоқ. Өйткені, өз шамам өзіме белгілі еді. Сондықтан текке арамтер болғанша, ауылда қалып мал бағып, егін егіп, жұрт қатарлы қарапайым тірлік кешуді ойладым. Көкем бұған онша қарсы бола қойған жоқ.
Менің ендігі бар жұмысым үйдегі оншақты қой мен үш сиырды күнұзақ жайылымға апарып бағу. Көкем осындағы серіктестікте механизатор. Жалақы бермейді. Бірақ күзде егін жиналған соң малға шөп пен бес-алты қап күріш беретіні бар. Бар табысы сол.
Үйдегі малдың бабын жасау түгел менің мойнымда. Күнұзақ мал бағу өз алдына, ара-тұра жасайтын қысқа қажет шөп шауып, кепкен соң оны ат арбаға тиеп тасымалдау сияқты жұмыстарым тағы бар. Қысқасы, жұмыс бастан асады.
Адамның жасырын мүмкіндігі
Жердің асты мен үстін, онан қалды ғарышты зерттеп, көп жаңалықтар ашқан адам өзі туралы жарытып ештеңе білмейтінін білесіз бе? Былай қарағанда адамның мүмкіндігі жалпақ жұртқа белгілі құпиясы жоқ ақиқат сияқты сезілгенмен, зер сала зерттесеңіз ақылға сиымсыз жайларды анықтар едіңіз.
Адамның қауіпсіздік қоры
Иә, әрбір адамда өзі де, өзге де біле бермейтін қауіпсіздік қоры деген болады екен. Оны адам басына қиын іс түсіп, өміріне қатер төнген сәттерде қолданатын көрінеді. Мұндай қордың барын да білмейтін пенде үшін осындай оқиғадан кейін өзінің жасаған таңғажайып ісіне өзі таң қалып, өмір бойы таңдай қағумен өтеді екен. Енді сондай оқиғалардың бірнешеуіне тоқталып көрейік.
Христиан діні қалай бұрмаланды
Біздің дәуіріміздің үшінші ғасырында Рим империясының императоры Константин әртүрлі тілде сөйлейтін және әртүрлі дінді ұстанатын алып мемлекетті басқару үшін ортақ бір діннің болуының игі ықпалы тиетінін біліп, сол тұста халық арасына кең тараған және бір ғана құдайға табынатын христиан дінін ресми мемлекеттік дін етіп алмақ болды. Ол христиан қоғамы өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Император Константиннің дінді өзгертуі
Император христиан дінін мемлекетті басқаруға тиімді құрал ретінде пайдалануды ойлағандықтан, ондағы бірқатар ұстанымдарды өзгертуді талап етті. Осыған орай арнайы шақырылған соборда бұл мәселе талқыланып, императордың өтінішімен бірқатар негізгі ұстанымдар өзгертілді.
Өміріңізді өзгерту өз қолыңызда
Өмір жолын енді бастаған жастар үшін өмір құпияға толы жұмбақ дүние сияқтанып, алдағы күндерден белгісіз бақыт күтумен күндерін өткізеді. Ал орта деңгейлі, онан кейінгі егде тартқан адамдардың тірлігі көбіне бірсарынды ішпыстырарлық қалыпқа түсіп, көңілді селт еткізер жағымды жаңалықсыз сұрғыл өмірге айналады. Егер сіздің күндеріңіз бірсарынды ішпыстырарлық болып өтіп жатса, өзіңіздің жағдайыңызға көңіліңіз толмаса, онда өміріңізді өзгерту жайында ойлағаныңыз жөн.
Өміріңізді өзгерткіңіз келсе, алдымен ойыңызды өзгертіңіз
Қайыршыдан миллионерге айналған америакандық өзін өзі жетілдіру тақырыбында көп еңбектер жазған Брайан Треисидің айтуынша, өмір жолын өзгерту үшін ең алдымен өз ойыңызды өзгерту қажет. Оның пайымдауынша, адамдар өз ойлары арқылы айналасындағы ортаны жасайды.