Март 2017

Ислам дініндегі көп әйел алушылық жайы

гаремЖалпы, көп әйел алушылық ертеден бар және көп халықтарды кездесетін дәстүр. Бұндай дәстүр ислам діні келмей тұрған заманда да арабтардың арасында болған. Осыған орай, ислам дінінде көп әйел алушылыққа рұқсат беріледі. Пайғамбарымыздың бірнеше әйел аландығы белгілі. Бірақ, оның астарында Пайғамбарымыз нәпсіқұмар екен деген мағына жатқан жоқ, ол бұны ислам дінін тарату үшін жасады. Ірі тайпа басшыларымен немесе беделді тұлғалармен жақын болудың бірден-бір сенімді шарты – құда болу еді. Пайғамбарымыз да осы орайда, жаңа ғана қалыптаса бастаған ислам діні қауымдастығын күшейту мақсатында кейбір беделді тұлғалармен немесе ру басшыларымен құда болуға мәжбүр болды.

Дегенмен де, кейін келе мұсылмандар ислам дінінде көп әйел алуға рұқсат етілгендігін пайдаланып, өздерінің нәпсіқұмарлықтарын бүркемелеу үшін бұны мұсылманның бір Прочитать остальную часть записи »

Құдайды тану

ақиқатФейсбукте біреу «Мен құдайды тану жолына түстім, түрлі еңбектерді оқып, зерттей жүріп Оны танитын боламын» деп жазыпты. Құдайды ғылыми зерттеулер, түрлі еңбектерді оқу арқылы тануға, түсінуге бола ма? Жалпы, Құдай туралы не білеміз және Оның сыйпаты қандай?

Алланы ақылмен тану мүмкін бе?

Әлеуметтік желіде дін туралы жиі жазып жүретін бір кісімен ақыл жайында пікірталастырып қалдық. Ол кісінің айтуынша, ақыл адамды Аллаға жеткізетін күш. Бұндай сенімді немесе түсінікті оның қайдан алғаны белгісіз. Өйткені, Құранда, не Інжіл, Тәуратта ақыл жайында ештеңе айтылмаған және ақыл туралы ғылыми зерттеулер де жоқ. Ендеше ақыл туралы осылай үзілді-кесілді пікір айтуға бола ма?

Прочитать остальную часть записи »

Сайтанның шырмауындағы шерменделер

шәйтанЖалған пайғамбарлар мен әулиелер ойлап тапқан діни ағымдарды ұстанып, адасып жүргендердің өздеріне де, айналасындағы жақын таныс-туыстарына да залалдарын тигізетіні айдан анық. Бірақ та, сайтанның жолына ашық түсіп, онымен тікелей байналысатын пенделердің тартатын азабы онан да күшті болмақ. Олар кімдер?

Сайтанның қақпаны

Соңғы кезде ақ магия, қара магия туралы жазылған түрлі кітаптар көбейіп кетті және осы жолды ұстанып, сиқыршы болуды армандайтын жандар да аз емес. Бір қарағанда табиғаттан тыс керемет күшке ие болу тартымды сияқты көрінгенімен, оның астарында сайтанның құрып қойған қақпаны барын кеңестік атеистік тәрбиені саналарына сіңірген бүгінгі ұрпақ онша біле қоймайды.

Прочитать остальную часть записи »

SMM менеджер деген кім және бұл мамандықты қалай игеруге болады

32Әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс біздің елімізге де теріс әсерін тигізіп тұр. Бұрын табыспен жұмыс істеп келген ірі кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық белең алып барады. Оны айтасыз, бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде де қысқартулар көбейіп, екі қолға бір күрек таппай жүргендер қатары молая түсуде. Осындай жағдайда жалақысы жоғары еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық иесі болу екінің бірінің арманы екені түсінікті. Сондай мамандықтың бірі — SMM менеджер.

SMM менеджер немен айналысады?

Таяуда бір алқалы жиында Ақмола облысы әкімінің орынбасары құзырлы орган басшыларына жергілікті жерлерде SMM менеджер штатын ашып, маман алуларын қадап тапсырды. Өкініштісі сол, аудандардың бәрінде дерлік мұндай мамандар жоқ екен және ондай маманды табу да оңай көрінбейді.

Прочитать остальную часть записи »

Бақуатты болудың сенімді жолы

кілтБай бақуатты болғысы келмейтін адам жоқ шығар бүгінде. Нарық билеген қазіргі заманда үнемі ақшадан тапшылық көріп жүретін пенделер үшін мол табысқа қол жеткізу орындалмас арман сияқты. Содан болар, адамдар тез және қомақты ақша табамыз деген үмітпен үнемі алаяқтардың арбауына түсіп, қаржы пирамидаларына, басқа да күмәнді жобаларға қатысып сан соғып қалып жатады.

Интернеттен ақша табуға бола ма?

Бүгінде Қазақстанда ғаламторды пайдаланушылар саны 10 миллионнан асып жығылады екен. Интернеттің осылай қолжетімді болуына байланысты ғаламтор арқылы ақша тапқысы келетіндер қатары көбеюде. Интернет арқылы ақша табуға бола ма?

Прочитать остальную часть записи »

Жеңіс күнделігі

өзіндік даму1Өзін өзі жетілдіру ілімінің білікті маманы, осы саладағы көптеген кітаптар мен аудио-видеокурстардың авторы Алекс Яновский табысқа жетудің бір негізі ретінде «жеңіс күнделігін» жүргізуді ұсынады. Оның мәні неде? Сіз күн сайын сол күні жасаған 3 жақсы және пайдалы ісіңізді күнделік  түрінде жазып отырасыз.

Жеңіс күнделігі не береді?

Мен екі айдан бері жеңіс күнделігін жүргізіп келемін. Рас, арасында іссапарларда болғанда бірер күн жаза алмаған сәттерім болды. Дегенмен, күн сайын кешкілік сол күні жасаған 3 пайдалы шаруаны жазып, оның өзіме не әкелетіндігін нақтылауға тырысамын.

Прочитать остальную часть записи »

Өкпелеу адамға не береді?

ақылӨкпешілдік адамдардың бәріне тән қасиет. Бұл шындығында реніштің бір түрі, тек айырмашылығы – адам жақын танысы немесе туысының теріс ісіне өкпелейді, ал реніш барша адамға, оның ішінде танымайтын бөтен адамға да қатысты болады. Қазақта «өкпеге қиса да, өлімге қимайды» деген сөз бар.

Өкпелеудің залалдары

Өкпелеу арқылы адам жақын танысы немесе туысына ренжиді, ал ол өз кезегінде ара қатынастарын суытып, аулақтатады. Ағайын туыстардың арасындағы өкпешілдік біраз уақыт араларын суытқанмен, кейін келе өкпені ұмытып, қайта татуласатын жайлары да болады. Десе де, қатты өкпелеген туыстардың арасы өле өлгенше суынып кететін жағдайлар да кездеседі.

Прочитать остальную часть записи »

Ислам дініндегі теріс ағымдар

102Пайғамбар айтты деген мынадай сөз бар: «Ең таза мұсылмандар менің замандастарым, онан кейінгі және содан кейінгі ұрпақ өкілдері». Осылайша, Пайғамбардың айтуынша, онымен замандас болған, көзін көрген сахабалар, онан кейінгі буын – таблигиндер және үшінші буын өкілдері таза мұсылман болған екен. Осы үш ұрпақтан кейін ислам дініне деген нық сенім азайып, ақырындап теріс ағымдар белең ала бастаған сияқты.

Ислам дінінің жіктелуі Пайғамбар қайтыс болған соң көп ұзамай-ақ білінген. Пайғамбардан кейін ислам әлемін басқарған төрт халиф: Хазірет Әбубәкір, Хазірет Омар, ХазіретӘли және Хазірет Осман – бәрі де кісі қолынан қаза тапқан. Осының өзі мұсылмандар арасындағы қайшылықтың ерте заманнан абстау алатынын аңғартса керек. Ислам діні алғаш рет сүүнизм және шиизм болып екіге жарылды. Прочитать остальную часть записи »

Кедейліктің түп тамыры қайда?

байлық Өміріміз тоқшылықта өте ме, әлде жоқшылықтың тауқыметін тартамыз ба – бәрі мына өзімізге байланысты екендігін білесіз бе? Әлемге танымал бизнес-тренер және лектор Наталья Грейс өзінің кітаптарында осы сұраққа жауап беруге тырысады. Оның пайымдауынша, адамдар өздерін кедейлікке бағдарламалайтын Гинетикалық Кедейлік Заңы бар. Ол Заңның негізін мынадай төрт фактор құрайды екен. Енді соларға тоқталайық.

Менталитет

Бала кезімізде үлкендер көрмей тұрғанда біз сыныптасымыздың үйіндегі диванның үстінде секіргенді жақсы көретін едік. Үстіне шығып секіргенімізден жоғары қарай көтерілетін шаң мен бет жағына жақын орналасқан серіппелері ойын баласы бізге кәдімгідей қуаныш сыйлайтын.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика