Апрель 2017

Сумен ашығу

ашығуАшығудың пайдасы туралы аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Десе де, көп адамдар осындай арзан әрі қолжетімді денсаулықты нығайтудың тәсіліне көңіл бөлмей жатады. Бүгінде белең алып кеткен жүрек, қантамыр ауруы, рак, асқазан аурулары, стресс, басқа да дерттердің бәрі дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болатыны медицина қызметкерлеріне ғана емес, көкірек көзі ашық әрбір жанға жақсы белгілі.

Сумен қалай ашығуға болады?

Ашығудың әр түрі бар, ең залалсызы және пайдалысы – сумен ашығу. Оның мәні мынада: сіз тамақ ішіп-жемейсіз, тек суды ғана тұтынасыз. Бұның бір жақсы жері: су ішіп жүргендіктен, аштықты онша сезінбейсіз және аштық салдарынан болатын әлсіздіктен де аулақ боласыз. Сумен ашығу қиындықсыз өтеді және адам ағзасына көп пайдасы бар.

Прочитать остальную часть записи »

Әркім өз кәсібінің шебері болуы керек

табандылыкӘр кәсіптің, яғни мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері болады. Егер сіз өз мамандығыңызды жақсы көретін болсаңыз, соның қыр-сырын терең меңгеріп, суығына тоңып, ыстығына күйсеңіз де ешқашан кәсібіңізді ауыстырмайсыз және сол салада табан аудармай істегендіктен, шеберлігіңіз бен тәжірибеңіз артып, ұжымға сыйлы боласыз.

Өз міндетін атқара алмайтындар

Өз кәсібін ұнатпайтындар, ақшасы көбірек жұмыс табылғанша уақытша жүре тұрайын дейтіндер әдетте ол мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, біліктілігімді арттырайын деп ойламайды. Сондықтан ондай адамдар жұмысын талапқа сай атқармайды және соған орай ұжымда онша сыйлы да бола қоймайды.

Прочитать остальную часть записи »

Лекер әулие мен ұрпақтары

лекер аулие   Баян жерінде жасап өткен өнер мен ғылым қайраткерлерін айтпағанда, бұл жақтан шыққан әулие-әнбие, бақсы-балгер, ерекше қасиет иесі болған не бір адамдар жайлы әфсаналар өз алдына бір бөлек әңгіме. Жан дүниелері жұмбаққа толы, бізге белгісіз тылсым әлемнің осы бір өкілдері бар ғажайып-құпияларын өздерімен бірге мәңгілікке ала кеткен. Егер бұлар қазіргі заманда өмір сүрсе, сөз жоқ феноменге айналып, ақпарат құралдары мен телеэкранның бетінен түспей, дүйім елдің аузында жүрер еді.
«Біреудің қаңсығы – біреуге таңсық» дегендей, бүгін біздер Ресейде күні кеше ғана жасап өткен көзбайлаушы Вольф Мессингке, көріпкел атанған болгар әйелі Вангаға, бертінгі жылдары ғана Бурят жерінен денесі қазылып алынған будда ламасы Хамбо-лама Даши-Доржиға, тағы басқаларға есіміз кете таңғалып жатамыз. Бірақ осыдан 300 жыл бұрын өмір сүріп, алдағы үш ғасырда не боларын болжап айтып кеткен, өз ұлтымыздан шыққан Мөңке биді білмейміз. Білгіміз де келмейді. Абылай заманында Қызылтау жерінде өткен, ерекше қасиет иесі болған, аттым дегені мал болсын, жан болсын мұрттай ұшыратын Жанақ әулие Жаңабатырұлын білмейміз. Тірісінде әулие атанған Мәшһүр-Жүсіпті өз еңбектер Прочитать остальную часть записи »

Ауытқушылықтың астарында не бар?

гей1Адамдардың арасында кездесетін ауытқушылық тек тәніндегі өзгерістермен шектелмейді, психикалық жағынан да ауытқушылықтар соңғы кезде  белең алып барады. Бұл өздерін не еркек, не әйел екенін білмей дүбараға айналған трансгендер деп аталатын үшінші жыныс өкілдерінен анық көрінеді.  Тәні еркек, бірақ өзін әйел сезінетін, керісінше әйел тәніндеге өздерін еркекше ұстайтындар бүгінде қай жерде де кездеседі.

Үшінші жыныс өкілдері

Таяуда сотталған бір трасгендерді ер адамдарға арналған түрмеге қамау керек пе, әлде әйелдермен бірге ұстау керек пе деген мәселеге байланысты құзырлы орган қызметкерлері біраз бастарын ауыртуларына тура келді. Істі болып сотталған аты-жөні ер адам, бірақ өзін әйел сезініп, әйелше ұстайтын қылмыскерді оның адвокаты әйелдерге арналған түрмеге ауыстыру қажет деп айқай-шу көтерді.

Прочитать остальную часть записи »

Қарыз алу қауіпті

инвестицияКөп адамдар қарыз алуды қаржылық қиындықтан құтылудың ең оңай және қолжетімді тәсілі деп санайды. Ондайлар ақшаға сәл қажеттілік туындай қалса болғаны банктерден несие алып немесе тамыр-таныстарынан қарыз алып жатады. Қазақ «ақша күліп барып, жылап қайтады» дейді. Яғни, қарыз сұрағанда «ертең қайтарып беремін» деп жылмыңдатып, өлердегі сөзін айтатын адамдар қайтаруға асықпайды, тіпті ұмытқан түр танытып, ебін тапса қайтармай қоюға тырысады.

Қарыз арқылы қиындықтан құтылуға бола ма?

Қаржыға қажеттілік туған кезде бұл мәселені қарыз алу арқылы шешуге әдеттенген адамдар әдетте одан құтылдың басқа тәсілін іздеп бас ауыртпайды. Олар үшін қарыз деген қосымша оңай табыс сияқты сезіледі. Шындығында «судың да сұрауы бар» демекші, бүгін алған қарызды, ертең қайтаруға тура келетінін естен шығармау қажет.

Прочитать остальную часть записи »

Бақытқа бастар тұрақтылық

арманКүн сайын дерлік түрлі өгерістер орын алып жататын мынау құбылмалы қоғамда адамдарға ең керегі — тұрақтылық. Адамдардың көбі баға тұрақты болса, қоғам тыныш болса, ел басқарғандардың башылық саясаты тұрақты болса деп тілейді. Өйткені, тек тұрақтылық қана адамға тыныштық пен бақыт әкеледі.

Тұрақсыздық сенімнен айырады

Мінезі құбылмалы, күн сайын өзгеріп отыратын пендеден есі дұрыс адамдар аулақ жүруге тырысады. Өйткені, ондай адамдар қазір дос болып отырып, әп-сәтте құбылып жауға айналып шыға келеді. Сондықтан мінезі тұрақсыз адамдарға жұрт онша жуи қоймайды.

Бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған қоғам да құбылмалы болып кетті. Кеңес заманында біршама тұрақтылық бар еді, баға тұрақты, жалақы тұрақты, тіпті басшылық қызмет атқаратын адамдар да бір орнында көп жылдар отырып жұмыс істейтін. Қазір баға күн сайын өзгереді, соған орай жалақыны да аздап көтерген болады, яғни жалақы деңгейі де үнемі құбылып тұрады.

Прочитать остальную часть записи »

Аффирмация – өзіңді қайта бағдарламалау

адам мүмкіндігіНеге біреудің жолы болғыш, сәттілік үнемі онымен бірге, ал енді біреулердің қырсық қыр соңынан қалмайды, істеген әрбір ісі кедергілерге кездесіп, қиындықтан көз ашпай жатады? Бұны біреулер тағдырдың жазуы десе, енді біреулер кездейсоқтыққа балайды. Шын мәнінде осының бәрі адамның өзіне байланысты болып жататынын ешкім зер салып түйсіне қоймайды.

Жолы болмаушылықтың себебі неде?

Үнемі жолым болмайды деп шағынып жүретіндердің мінез-құлықтарына назар аударып қарасаңыз, олардың бәрі бір-біріне ұқсас келеді және әрдайым біреулерді жамандап, бар кінәні әлдекімдерге артып, айналасындағыларды айыптап жүреді. Керісінше, жолы болғыш адамдар кең пейілді, басқалардың жетістігін көрсе қуанып, соған тілектес болатынын, үнемі жақсы нәрселер жайында айтып жүретінін байқауға болады.

Прочитать остальную часть записи »

Адамдар неге болашағын жоспарламайды

өзіндік даму1Ұлы Абайдың «Алладан берекет, адамнан әрекет» деген сөзі бар. Яғни, кез-келген істе адамның әрекеті негізгі рөл атқарады. Алла берер деген үмітпен аузыңызды ашып отыра берсеңіз аштан өлесіз. Бұл – ақиқат. Сондықтан, Алладан берекет күтіп, әр  адам нақты әрекет жасауы тиіс. Ал, әрбір әрекет саналы болуы шарт, яғни іс-әрекетіңізді алдын ала ойлап, жоспарлап алуыңыз қажет.

Арғы жағын уақыт көрсетеді

Таяуда облыстағы бір белді мекеменің қызметкерлерін аттестаттау комиссиясының құрамында болдым. Бір аптаға созылған әңгімелесуде  үш жүзге тарта  мемлекеттік қызметкер аттестаттаудан өтті. Осы шара барысында мынаған көзім жетті: адамдардың 90 пайызы болашаққа деген еш жоспарсыз, ал 9 пайызы нақты жоспарсыз, тек 1 пайызы ғана шынайы жоспар арқылы өмір сүреді екен.

Прочитать остальную часть записи »

Христиан дініндегі үштік

дінХристиан дініндегі адасушылықтың ең үлкен бастауы – Құдай әке, Құдай ұл және Киелі рух деп бір Құдайды үшке бөлуден басталған болса керек. Інжілде Иса пайғамбардың ешқашан «мен құдаймын» деп айтқаны туралы мәлімет жоқ. Керісінше, ол өзін «Адам ұлымын» (Сын человеческий) деп атаған. Бәріміз де Адам атадан тараймыз, бұл шындық. Ал, осыны кейінгі христиандар көре көзге өзгертіп, өзін Адамның ұлымын деген Иса пайғамбарды Құдай қылып шығарады. Сөйтіп, христиандар бүтін бір Құдайды үшке жіктеп, бөліп тастайды. Бұл туралы Құранда арнайы аят та бар. Бір құдайды үшке бөлудің терістігі, Иса пайғамбардың құдай емес, ет пен сүйектен жаратылған пенде екендігі онда анық айтылған.

Прочитать остальную часть записи »

Көп айтса көнді, жұрт айтса болды

28Ұлы Абайдың «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деген сөзінің ақиқаттығын дәлелдейтін жайларды қай-қайсымыз да күн сайын көріп, куәсі болып жүреміз. Тіпті, өзіміз де сол топтың санатына еніп, көп айтса көндімен тірлік кешеміз. Шындығында, мұндай әдет өзімізге де өзгелерге де ешқандай пайда әкелмейтінін сезбейтініміз өкінішті.

Той жасау кімге қажет?

Осыдан екі-үш жыл бұрын әлемдік дағдарыс бастлып, біздің елімізге де кері әсерін тигізе бастаған тұста адамдарыдң дүкеннен түрлі заттарды сатып алу қабілетінің төмендегені жайында баспасөз айтып, жазды. Киім-кешек, тіпті азық-түліктен үнемедуге көшкен қазақтар дегенмен, той жасауда алдына жан салмай бұрынғыша кредит алып, жүздеген адамды шақырып, аста-төк той өткізуіне онан әрі жалғастырып жатқаны жайында БАҚ айтып, жазып жатыр.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика