Май 2017

Нәпсі туралы не білеміз?

байлануНәпсі дегенді көбіне біздер ер мен әйелдің арасындағы некесіз төсек жақындығы деген ұғым ретінде ғана қабылдап жатамыз. Шындығында, нәпсі ұғымы одан әлдеқайда кең және нәпсі адам өмірінің барлық жақтарын қамтиды. Сондай-ақ, нәпсі адам өміріне туғаннан өлгенге дейінгі аралықта өте күшті ықпалын тигізіп отырады.

Нәпсі деген не?

Бһагавад Гитада оттың түтінсіз болмайтыны сияқты, адам санасына үнемі әсерін тигізіп отыратын теріс қуат — нәпсі туралы айтылады. Мына фәни дүниені адамға соншалық тәтті, қымбат және тартымды етіп көрсететін күш – нәпсі. Егер нәпсі болмаса, мына дүние өзінің тартымдылығынан жұрдай болып айрылар еді.

Нәпсінің жалпы сыйпатын былайша атап өтуге болады: байлыққа, мансапқа, атақ-даңққа деген қызығушылық, ішіп-жеуге, мақтануға, көңіл көтеруге деген құлшыныс – бұның бәрі нәпсі. Ал, Прочитать остальную часть записи »

Ерте тұрудың пайдасы

денсаулыкҚазақта «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің жұмысы артық» деген нақыл бар. Мұсылман дінінде де ерте тұру міндеттеледі, яғни әрбір мұсылман ерте тұрып таң намазын оқуы тиіс. Жалғыз ислам емес, барлық дәстүрлі діндерде ерте тұрып, құлшылық ету сол дінді ұстанушыларға міндет болып саналады.

Ерте тұру не береді?

Өкінішке орай, бүгінде әсіресе, қалада тұратындар күн шыққан соң, кеш оянуды әдетке айналдырған. Жұмыс күндері амалсыз сәл ертерек тұрғанымен, демалыс күндері жасыратыны жоқ тал түске дейін ұйықтайтындар аз емес. Кеш ұйықтап, кеш тұрудың қандай залалдары бар?

Ежелгі веда өркениетінен бастау алған адам денсаулығын нығайту жөніндегі байырғы ілім – аюрведа жердегі уақыт үш элементтің ықпалында болатынын айтады. Ол: от, су және ауа. Әрбір төрт сағат сайын қайталанып тұратын осы элементтердің әрқайссының өз ерекшеліктері бар. Прочитать остальную часть записи »

Иоганың пайдасы қандай?

медитацияБүгін менің электронды поштама бір блогымның оқырманы иогамен айналысып, грыжа деген дертінен айыққаны туралы жазыпты. Иога тек аурудан айықтырып қана қоймайды, ең бастысы Жаратқанмен байланысты нығайтып, табиғи тыныс алуды қалпына келтіреді және адам санасын көтереді.

Иога сатылары

Иоганың ең кең таралған түрі – сегіз сатылы раджа иога. Бұл – иоганың классикалық үлгісі болып табылады. Онымен айналысу арқылы адам ақырындап санасын жоғары көтеруге, сөйтіп, рухани ілімді игеруге мүмкіндік алады.

Иогтың жолы нияма деп аталатын ең төменгі сатыдан басталады. Онда иог жаман әдеттерден арылуға күш салуы керек. Ашу-ыза, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өтірік айту, нәпсіқұмарлық Прочитать остальную часть записи »

Сайтани ілім

шәйтанҚазақ халқы КСРО құрамында болған жетпіс жылдан астам уақыт ішінде ашаршылықтан, 30-шы жылдардағы қуғын-сүргіннен  4 милионнан астам адамынан айрылыпты. Әлихан Бөкейхановтың мақаласындағы дерекке қарасақ, 31-33 жылдардағы аштықта қазақ  4,3 миллион адамынан, яғни, халықтың үштен екісінен айрылған. Оған қоса, ұлт зиялылары түгелге жуық  жойылды. Ол аз десеңіз, тіліміз бен дінімізден, салт-дәстүрімізден де қол үзіп қала жаздадық.

Коммунистік идеология тарихи бағасын алған жоқ

Әлемге екінші  жаһан соғысын таңып, миллиондарды қырған неміс фашистерінің идеологиясы, яғни фашизм идеологиясы тарихтан нақты бағасын алды. Нюрнбергте фашист көсемдері сотталып, бұл партияның адамзат баласына жат, қауіпті екендігі айқындалды.

Ал, кеңес одағының халықтарын аштықтан, саяси қуғын-сүргіннен миллиондап қырған коммунистер заң алдындағы жазаға да, тарих алдындағы жауапкершілікке де тартылған жоқ. Прочитать остальную часть записи »

Сараңдық сазға отырғызады

ақшаТумысынан қолы ашық, жомарт болып жаратылатындар сирек. Сараңдық – әр адамның бойынан табылып жататын қасиет.  Десе де, ол біреулерде көбірек болса, екінші біреулерде азырақ кездеседі. Мәселе сараңдықтың аз-көптігінде емес, мәселе – сол сараңдықтың адамға, жалпы адамзатқа тигізетін орасан зор зардабында.

Тойымы жоқ – сараңдық

Сараң адамда тойым деген болмайды. Оған қанша берсең де ол ешқашан «болды, жетті» деп айтпайды. Оның ақыл-санасы «ала берсем, жей берсем» деген оймен уланған. Сараң адам өзінде барды емес, өзгенікін көргіш келеді. Халық арасында айтылып қалатын «көршінің әйелі қыздай, тауығы қаздай» деген сөз де сараңдарға қарап айтылса керек.

Прочитать остальную часть записи »

Өлікпен болған екі күн

арақ1 Ол күз мезгілін жеккөретін. Неге екенін кім білсін, әйтеуір оған жылдың бұл мезгілі ұнамай-ақ қойды. Тіпті, өзі осындай қоңыр күзде дүние есігін ашса да, қоңыр күзде әскер қатарына шақырылып, армиядан оралса да, қоңыр күзде алғаш шарап ішіп, шала мас болса да… Оның өмірінің ең есте қаларлық маңызды сәттері де осылар ғана сияқты.

Өзін ол белгісіз жаққа жүйткіп бара жатқан пойызда отырған жолаушы сияқты сезінеді. Терезеден бей-жай сыртқа көз тастайды, ал айнала сүреңсіз сұрғыл ұшы-қиырсыз дала… Көз сүріндірер не бір төмпешік, не бір жасыл желекті ағаш болсайшы. Оның өмірі дәл осындай есте қаларлық ештеңесі жоқ сұрғыл далаға ұқсайтын. 45 жыл ғұмырының қалай қас қағымдай болмай өте шыққанын да сезінбепті-ау.

Ол кезде сегізінші сыныпта оқитын.  Өзінен біраз жас үлкендігі бар көрші үйдің ұлы әскерден келді. Барып сәлемдесіп шық деді шешесі. Барған. Әскери китель киіп шікірейген көрші «здарово, как дела» деп орысша амандасты. Орысты кинодан ғана көріп өскен қазақ ауылында өскен оның орысша сөйлегені таңғалдырған. Оның қатарлас бірнеше жолдастары да келген екен. Баласы келіп қуанған көрші дастархан жайып, арақ-шарабын қойды. Өздеріне ақ құйған олар бұған үлкен қырлы стақанға қызыл қою шарап құйды. «Ал, ден сау болсын» деген қысқа тостан кейін стақан соғыстырған олар стақандарын әп-сәтте босатты.  Не істерін білмей стақанға бір, өзіне ежірейген басқаларға бір қараған оған әскерден келген көршісі «нешінші оқисың» деді.

Прочитать остальную часть записи »

Қайрымдылық

ақиқатМұқтаж жандарға қол ұшын беру – дін тілімен айтқанда үлкен сауап, пендешілік тілмен айтқанда жұртшылықты ризашылыққа бөлейтін өте жақсы іс. Өкініштісі сол, бүгінде адамдардың бойындағы қайрымдылық сезімі азайып кетті, керісінше қатыгездік, іштарлық, тәкаппарлық сияқты өзгелерді кеудеден итеретін, жүрекке қайғы салатын жаман әдеттер белең алып барады.

Қанаттың қайрымдылығы

Ақмола облысының өкіл имамы Қанат Қыдырмин таяуда Астананың бас мешіті Әзірет Сұлтан мешітіне найб имам болып кетті. Біраз жыл облыс мұсалмандарына жетекшілік еткен жас та болса, бас болған азаматты шығарып салуға ел көп жиналды. Жергілікті кәсіпкер облыстың бұрынғы өкіл имамына жаңа шет елдік автокөлікты сыйға тартты.

Прочитать остальную часть записи »

Педофиль деген қайдан шығады?

нәпсіНәпсінің құлақ кесті құлына айналған, ар-ұяттан жұрдай, адамшылық қасиеттен айрылып, хайуаннан да төмен деңгейге түскен педофиль деп аталатын пенделердің қатары жыл санап көбейіп барады. Бойы бекіп, бұғанасы қатпаған қыз немесе ер баланы зорлап, бүкіл өміріне өшпес дақ түсіретін мұндай пенделер қайдан шығады?

Құдыретті – нәпсі

Адамның ақыл-ойын баурап алып, еріксіз өз дегенінен көндіретін және айтқанын істетіп, айдауына жүргізетін нәпсі атты күшке екі аяқты пенденің қарсы қояр жалғыз қаруы бар, ол – діни шарттарды орындап, шариғат жолымен жүру. Нәпсінің жетегіне ермеудің жалғыз амалы – осы.

Кез келген дәстүрлі дін нәпсімен күреске ерекше мән береді. Нәпсі деген жалғыз ер мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы емес, ол: мансапқа, атақ-даңққа, байлыққа, арақ-шарапқа, құмар ойындарына, басқа да осы дүниенің игіліктеріне деген құлшыныс.

Прочитать остальную часть записи »

Ағылшын тілін үйренгіңіз келсе

табандылык«Бір тілді үйренген адамның алдынан бір әлем ашылады» деген сөзі бар екен бір ғұламаның. Әрбір ұлт өз алдына бір әлем десек, сол ұлттың тілін меңгеру арқылы олардың әлеміне енуге мүмкіндік аласыз. Қазақстанда тұратын қазақтардың тоқсан пайыздан астамы қазақ және орыс тілдерін біледі. Ал, орыс ұлтының өкілдері керісінше, жалғыз орыс тілімен ғана шектелген. Осы арада мынадай сұрақ туады: екі тіл білетін адам мен бір тіл білетін адамның айырмасы бар ма?

Үш тұғырлы тіл саясаты

Иә, біздің Елбасымыздың ұстанып отырған үш тұғырлы тіл саясаты, яғни әр қазақстандық жас буын өкілдері қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгеруі қажет деген ұстанымның дұрыстығын бүгінгі өмір анық көрсетіп отыр.

Қытайға барып келген бір танысым ондағы қытайлықтар саған алдымен қытайша сауал қояды, ал білмесең ағылшыншаға көшеді, оны да білмесең, мылқау адам сияқтанып шет қаласың дегенді айтты. Шетелге барғанда ең қажетті тіл – ағылшын тілі. Қазір әлем елдерінің 70 пайыздайы осы тілде сөйлейді екен. Оған қоса, ағылшын тілі – интернет тілі.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика