Июнь 2017

Жыртық шалбар кию неге зиянды?

жыртық шалбарБірер жыл болды, жас қыз-келіншектер арасында жыртық шалбар кию сәнге айналды. Әр уақыттың өз сәні, киім үлгісі болады, ол түсінікті. Десе де, киім әрдайым адамның сырт келбеті мен бітімін ашып, көрікті етіп көрсететін және суық пен ыстықтан қорғайтын, жүріп-тұруға кедергісін келтірмейтін ыңғайлы болуы шарт. Киімнің жұрт біліп, онша назар аудара қоймайтын бұдан басқа да функциялары бар…

Бұрын әйелдер неге ұзын көйлек киген?

Ютубтен Вайрагя (бұл оның рухани есімі) деген орыс жігітінің рухани тақырыптағы түрлі видеоларын көріп тұрамын. Бұл жігіттің бойында тылсым қасиет бар, яғни ол жұрт көре алмайтын нәрселерді көреді екен. Медитациямен айналысатын ол өзге тылсым әлем жайында ақпарат алып, соны бөлісіп отырады.

Прочитать остальную часть записи »

Адамға табынудың астарында не бар?

тәубеАдамның бойында туған кезден бастап табыну сезімі қалыптасады. Табыну деген құлшылық ету, сыйыну ғана емес, ол қатты құрмет тұту,  еліктеу, бүгінде жиі қолданылатын жалпақ тілмен айтқанда кумир тұту. Адамның табиғаты Алланың мәңгі құлы болғандықтан, ол әйтеуір біреуге табынып, оны кумир тұтуға бейім тұрады.

Жеке басқа табыну

Сталиннің кезінде жеке басқа табынушылық өзінің нағыз шарықтау шыңына жеткенін жақсы білеміз. Көзі тірі ет пен сүйектен тұратын Сталинді құдай санап, соған табыну, ол туралы нешетүрлі алыпқашты аңыз әңгімелер туғызу, портретін төрге іліп қойып, оны Тәңірісіндей көріп қошеметтеу – бәрі болған. Көзі тірі Сталиннің атындағы қалалар мен елді мекендер атауы беріліп, ескерткіштер орнатылды.

Кеңес заманында Алматының жоғары партия мектебінің бір жақ қабырғасын алып (төрт қабатты ғимарат) Брежневтің суреті тұратын. Енді бүгінде Н.Назарбаевтың портреттері елді мекендерде баннер түрінде ілініп, шенеуніктердің кабинетінің төрінен орын алды. Депутаттар қайта-қайта басқа әңгіме құрып қалғандай Астананы Нұрсұлтанқала деп атайық деген бастама көтерумен Прочитать остальную часть записи »

Сектанттар жайлы не білеміз?

102Сектант терминін дінтанушы мамандар  дәстүрлі емес, конфессиядан тыс деген мағынада қолданып жүр. Яғни, сектанттар өз бастауын Жаратқаннан алатын пайғамбарлар арқылы қасиетті кітап берілген дәстүрлі діндерден бөлек, ет пен сүйектен жаратылған өзіміз сияқты пенделердің ойдан шығарған дін жолы. Сайтанның тіліне еріп, Жаратқаннан бастау алатын дәстүрлі діндерден жырылып, бөлектену жағдайлары сонау ерте заманда-ақ басталғандығы белгілі. Батыстың бір дінтанушысы жер бетінде қазіргі таңда 2636 христиандық бағыттағы діни ағымдар бар деп жазды. Ислам дінінің діни ағымдарының саны да қазір жүзге жетіп жығылады. Иудеизм, индуизм және буддизм сияқты дәстүрлі діндер де жырымдалып түрлі ағымдарға бөлшектеніп кетті. Бірақ, солай бола тұра дәстүрлі діндердің бәрінде де алғашқы Жаратқаннан берілген таза бастауды сақтап қалған негізгі ағымдар жұмыс істейді. Алланың мейір-шапағатымен сол алғашқы таза бастауды ұстанған жандардың бәрі  күнәдан арылып, екі дүниенің де игілігін татулары үшін дәл қазіргі заманда да мүмкіндік бар.

Байығың келсе дін ойлап тап

«Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген саентология шіркеуінің негізін қалаушы Рональд Хаббардтың сөзін қасиетті кітапта «аса алдаушы» деп аталған адамзаттың жауы – сайтанның пенделерді алдап, азғындыққа салу үшін ойлап тапқан амал-айласының бір парасы Прочитать остальную часть записи »

Өлімнен кейінгі өмір

ажал1Адамдардың көбі өлім жайлы және өлгеннен кейін не болатындығы туралы бас қатырып онша ойлай қоймайды. Шындығында міндетті түрде келетін ажалдың ащы дәмін әркім де татады. Күн сайын біреулердің өліп жатқанын көре, біле, ести жүре адамдардың ажал туралы ойламайтындықтары қайран қалдырады.

Ажалдың арғы жағында

Қаласын, қаламасын адамдар әйтеуір өлім, онан кейнгі ахуал туралы аздап болса да ойлайды. Біздің көбіміздің түсінігіміз: өлген соң діни сенім-нанымға сай қабір өмірі болады, күнакарларды ажал періштелері азапқа салады, содан кейін қиямет сотына тартылып, күнәсі көптер мәңгі тозаққа құласа, күнәсі аздар мәңгі жұмаққа еніп рахатқа кенеледі. Шындығында, мұндай жайға бүгінгі ғылым мен техника қарыштап дамыған заманда өмір сүретін адамдардың көбі онша сене қоймайтыны рас.

Прочитать остальную часть записи »

Адамның мүмкіндігі шектеулі ме?

өзін жетілдіруАдамдардың көпшілігі өз мүмкіндіктерін шектеулі санайды және сол алдын ала белгіленген шектен асу мүмкін емес деп ойлайды. Адамдардың көбінің өмірде биік нәтижелерге жете алмай, тіпті жетемін деп еш талпынбастан өмірін өткізу себебі де осы мүмкіндіктің шектеулілігі жөніндегің түсінікте болса керек.

Мүмкіндік шегі туралы не білеміз?

ХХ ғасырда өмір сүрген психолог ғалым Уильям Джеймстің тұжырымынша, адамдар өз мүмкінідктерін толық пайдаланбайды. Сіз өз ішіңізде қандай мүмкіндіктердің жасырынып жатқанын білесіз бе? Жоқ. Биік нәтижеге жеткендерге жұрт «олар туған кезден бастап бойларына Жаратқан берген таланты бар болған» деген түсінікте қарайды. Шындығында, адам мүмкіндігі шексіз және ол мүмкіндікті кез келген адам пайдаланып, таңғаларлық нәтижеге жете алады дейді ғалым.

Прочитать остальную часть записи »

Шындыққа тура қарап үйрен

Адамдардың көбі жалғандықты ажырамас серігі етіп, сонымен өмір ақылкешеді. Олар тіпті, өздерінің жалған айтып, жалғандыққа байланғандарын да сезбейді. Басқа түгілі, өздеріне өздері жалған айтып, сол жалғандықты шын деп сезінеді. Бір қарағанда, ондайлардың өмірі жеңіл сияқты сезілгенмен, шындығында ауыртпалықтан көз ашпайды және ең өкініштісі, бір жасаған қателіктерін мың рет қайталаумен өтеді.

Шындық адамға не береді?

Өзіңіздің абырой-беделіңізден айрылып қалармын немесе басқа да залалдары тиер деген оймен айналаңыздағыларға жалған айтқаныңызды түсінуге болар, ал өзіңізге өзіңіз жалған айту – бұл енді құрдымға құлаудың ең қатерлі жол.

Енді осы  өзіне өзі жалған айтатындардың өздеріне қаншалықты залал келтіретініне келейік. Мәселен, арақ ішіп, соның кесірінен достарынан, қызметінен, отбасынан айрылып немесе оларды ренжітіп жүретін адамның өзгелерді де, өзін де алдайтын уәждері болады. Ол: «арақты көп Прочитать остальную часть записи »

Адамдар неге қатыгезденіп барады

азғындықКүні кеше фейсбукте жетпістен асқан 14 бала тәрбиелеп өсірген ананы балаларының ұрып-соғып ақшасын, үйін тартып алғаны, өзін аш қамап ұстайтыны туралы пікір жазылды. Бұрын өзге ұлттардың арасында кездесетін ата-анаға, туыс-бауырға деген қатыгездік көріністері соңғы жылдарда қазақтардың арасында да белең алып бара жатқаны сезіледі. Бұның себебі неде?

Құдайдан қорықпағаннан қорық

Адамның қатыгез болуының ең басты және негізгі себебі – имансыздық екені дау туғызбас шындық. Иманды адам ешқашан шариғатқа қайшы келетін нәрсені жасамайды, ол Алланың қаһарынан қорқады, бұл дүниесін ғана емес, о дүниедегі жайын да әрдайым ойлап жүреді.

Осыдан болар, қазақ «құдайдан қорықпағаннан қорық» деген. Иә, құдайдан қорықпайтын, о дүниенің жайын ойламайтын дінсіз адамның ой-арманы осы дүниенің қызығын көріп, соған Прочитать остальную часть записи »

Сіз қандай ақпарат тұтынасыз?

жарнамаАмерикандық әлемге танымал өзін-өзі жетілдіру курстарының авторы Брайан Трейсидің пайымынша, 2020 жылдан кейін әрбір 72 сағатта әлемдеге ақпарат көлемі екі еселеніп отырады. Яғни, қазіргі ақпарат көлемі енді 72 сағаттан соң екі есеге көбейеді. Міне, сонша ақпараттар тасқынының астында қалған біздер ағылған ақпараттың қайсысын таңдап, қандайын тұтынуымыз қажет? Шын мәнінде, өмірде бақытты, не бақытсыз, жолы болғыш, болмаса қырсықтан көз ашпайтын, қайрымды немесе қатыгез болуымыздың себебі де қандай ақпарат тұтынуымызға байланысты болады екен.

Ақпараттың санаға әсері

Кеңес заманында жарнама деген жоқтың қасы болатын. КСРО қираған  соң, нарыққа көшумен бірге жарнама деген ағыл-тегіл келе бастады. Ақпарат құралдарын былай қойып, көшеде ілінген үлкен бибордтар мен плакаттардан көз сүрінеді. Қызығы сол, жарнамалардың көбі жұртты тарту үшін жалаңаш әйелдерді пайдаланады.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика