Июль 2017

Өлім туралы ойланып көрдіңіз бе?

ақиқат«Өзекті жанға бір өлім» дегендей, тірі пенделердің бәрі міндетті түрде ажалдың дәмін татады. Ажал адам дүниеге келген күннен бастап көлеңке сияқты қыр соңынан қалмай жүріп, уақыты келгенде алып тынады. Одан қашып құтылушы жоқ. Бәріміздің басымызға келетін осы құбылыс туралы бірақ бәріміз бірдей ойлап, оның астарында не бар дегенге көңіл бөлмейтініміз өкінішті.

Ажалдың жойқын күші

1985 жылы әкем қайтыс болды. Мен ол кезде университетте оқып жүрген жас жігіт едім. Сол тұста тұңғыш рет ажалдың адамды езіп-жаншып тастар жойқын қуатын анық сезінгендей болып едім. Иә, ажал небір мықтымын деп шіренгендерді де тұқыртып, кеудесін басып, жаншып тастайтын құдыретті күш.

Жанашыр жақынынан айрылған әрбір пенде ажалдың осындай жойқын қуатын анық сезінеді. Сөйтеді де, қашып құтыла алмайтын бұл құбылыстың алдында өзінің дәрменсіздігін түйсініп, амалсыз оған мойынсұнады.

Прочитать остальную часть записи »

Фәни дүниедегінің бәрі ескіріп, тозады

дінЕртедегі бір ғұламаның «адам уақыттан, уақыт пирамидадан қорқады» деген сөзі бар екен. Мыңдаған жылдардан бері күннің аптап ыстығына, желдің өтіне, жауын-шашынға төтеп беріп, шөл далада қасқайып тұрған пирамида мәңгілік деп ойласа керек, әлгі ғұлама. Бірақ та, Египет пирамидасының қазіргі кейпіне қарап, уақыттың пирамиданы да езіп, мүжіп, шөктіріп бара жатқанын бағамдау  қиын емес. Таулар мүжіліп құмға, теңіздер тартылып батпаққа айналатындығы, мемлекеттер де, адамзаттың түгел бір нәсілдері де жер бетінен құрып жоғалып жататыны тарихтан мағлұм.

Ендеше, осылардың бәріне қарап, мынадай тұжырым жасауға болар еді: мына фәни жалғанда бәрі де өткінші, бәрі ескіреді, тозады, ақырсында құрып жойылады. Бұл – өзіміз ғұмыр кешіп жатқан фәни әлемнің айнымас заңы. Бұл заң тек өлі, тірі табиғатқа ғана қатысты емес, ол сондай-ақ, ғылым-білімге, оның ішінде дінге де қатысты.

Егер қасиетті Құранға ой жүгіртіп қарар болсаңыз, жер бетіндегі көптеген нәсілдердің болғандығын, олардың күнакарлыққа салынуы себепті Алланың қаһарына ұшырап, опат Прочитать остальную часть записи »

Бақытқа бастар 10 қадам

өзін жетілдіруБақытты болуды әркім әртүрлі түсінеді десе де, ең басты бақыт – ойыңа алған арман-мақсаттарыңа жету екені анық. Әрдайым арман-мақсаттарының биігінен көрінетін адам ең бақытты адам. Ал мақсатқа жетуге не кедергі? Оған қалай жетуге болады? Назарыңызға ұсынып отырған өзін өзі жетілдіруге арналған қарапайым  он кеңес арман-мақсаттарыңызға жетуге игі ықпалын тигізері даусыз.

Ерте тұрудың пайдасы

Бүгінгі ғылым ересек адам үшін толыққанды демалуға 6 сағаттық ұйқы жеткілікті екенін анықтап отыр. Өкініштісі сол, көп адамдар 8, одан да көп сағат ұйықтайды және сорақысы сол, түні бойы теледидар көріп, немесе қонақта болып түс ауғанша ұйықтайтындар көп. Бұның денсаулыққа ғана емес, адам санасына да айтып жеткізгісіз зардабы бар дейді ғылым.

Сондықтан, деніңіз сау, өзіңізді сергек сезінгіңіз келсе, ең бастысы санаңыз ашық болсын десеңіз, ерте жатып, ерте тұрыңыз. Таңғы сағат 6-ға дейін оянып кетуге тырысыңыз. Ерте тұру сізге күнұзақ сергектік сыйлайды, екіншіден, ерте тұрғандықтан сол күні істейтін шаруалараыңызды пысықтап, жоспарлап алуға мүмкіндігіңіз болады. Ал, бұл мақсатқа жетудің ең басты және негізгі Прочитать остальную часть записи »

Діндегі бұрмалаушылықтар қайдан шығады?

исламҚұранда Мұса пайғамбардың Синай тауының басына шығып, Алладан аманат ретінде діни шарттарды алған уақытында  Оның інісі Һарұнға мойынсұнбаған иудейлердің бір тобы қайтадан бұзауға табына бастағандығы айтылады. Мұның бәрі иудейлерді пірғауынның құлдығынан босатып, теңізден жол ашып, тастан бұлақ шығарып, аспаннан манни сәлуа түсірген таңғажайыптарды көздерімен көріп, куәсі болан адамдардың арасында болғандығын айта кеткен жөн.  Алланың құдіретімен болған сонша ғажайыпатарды көздерімен көре жүре иудейлердің пайғамбардың көзі тая сала қайтадан пұтқа табына басатауы – адам санасындағы дінсіздік, күнәкарлықтың терең орнығып алғандығын, онан арылу үшін көп күш жұмсап, Аллаға құлшылық ету қажеттігін көрсетпей ме.

Бірінші сыныпқа барған балалардың бәрі оқуларын бір жағдайда, бір деңгейде бастайды. Оларға сабақ беретін мұғалім бір, оқулық та бір, оқыту бағдарламасы да бірдей, бірақ соның бәріне қарамастан, уақыт өте келе біреу жақсы, біреу өте жақсы, енді біреу орташа оқыса, біреулер үлігірімі нашар болып, көш соңында қалады. Неге? Мұның астарында адамның бәрі бірдей болмайтындығы, олардың қабілеті мен таным деңгейі, алғырлығы, көзқарасы, ұстанымы әртүрлі болатыны жатқаны анық. Дінді бұрмалаушылар негізінен жүректерінде Аллаға деген сенімі аз, Прочитать остальную часть записи »

Құлазу адамды құрдымға құлатады

интуицияОн жыл мектепте оқып, онан кейін тағы да бес-алты жыл жоғары оқу орындарында білім алатын, онан әрі магистратура және басқа оқу орындарында білім алуын жалғастырып, өмірінің жартсын оқумен өткізетін бүгінгі заманда, дегенмен адамдарға сезімнің әртүрлі қасиеттері мен деңгейлері жайында ештеңе оқытылмайды. Шындығында, бұны білу адамдарды өмірде кездесетін түрлі қатерлерден қорғап, ойға алған арман-мақсаттарына жетулеріне ықпалын тизізбек.

Жамандықты ойласаң, жамандыққа тап боласың

Бүгінде әлемдік бестселлерге айналған «Секрет» фильмінде адам өз ойлары арқылы жақсылық пен жамандықты магнит сияқты өзіне тартатыны жайында ғылыми негізде тұжырымдалады. Бұны бүгінгі ғылым да теріске шығармайды. Яғни, адамның өмірде түрлі жайларға тап болуы кездейсоқтық емес, бәрі өз ойларының нәтижелеріне байланысты орын алатын жайлар.

Прочитать остальную часть записи »

Ислам экстремизмі

102Араб халифаты ыдырап, мұсылман елдері бөлшектенгеннен кейін олардың көбі ағылшындар мен француздарың отарына айналды. Алғашында отаршылдыққа қарсы күрес түрінде бой көтерген ислам елдерін біріктіру идеясы кейін 19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырда саяси топтардың мүддесіне қызмет ететін иаслам экстремизмі түрінде көрінді.  Ауғанстан, Пәкстан, Иран, Түркия, Сауд Арабиясы, Египет елдерінде көрініс беріп отырған әсіре діндарлардың эксстремистік көзқарастары бойынша пайғамбар заманындағыдай ислам дінін мемлекеттік ресми дінге айналдырып, ислам халифатын құру басты мақсат болып саналады. Бұл жолда олар жазықсыз адамдардың қанын төгетін лаңкестік әрекеттерден де тайынбайды, қажет болса Ауғанстандағы, Сириядағы сияқты қанды соғысқа баруға да сақадай сай әзір.

Ірі экстремистік ұйымдардың бірі болып саналатын «Мұсылман бауырлар» ұйымының негізін салушылардың бірі С.Кутб мұсылман дінін ұстамайтын елдерді түгел «кәпірлер» деп атап, барша әлемге ислам үстемдігін құруға шақырады. Кейінірек көшбасшылық тізгінін қолына ұстаған «Аль Прочитать остальную часть записи »

Ақылға сыйымсыз сот шешімдері

сурет2Ақша билеген нарық қоғамында ақша табу үшін адамдар неше түрлі қулыққа, ақылға сыйымсыз әрекеттерге барып жатады.  Сырт қарағанда мұның өзі күлкілі ғана емес, есуастық та болып көрінері анық. Десе де, саналарын ақша билеген пенделер оның күлкілі, ақылға сиымсыздығын, оғаштығын естен шығарып, сол әрекет арқылы табыс табуға болатындай көретіні таңғалдырады. Сотқа адамдар әдетте әділдік іздеп, бұзылған құқығын қорғау үшін шағымданады. Ал, саналарын ақша билеген кейбіреулер сот арқылы ауадан ақша тапқысы келетін жайлары әлемнің әр елдерінде аракідік болып тұрады екен.

Мысықты пісіруге болмайды

Микротолқынды пеш шығаратын компанияны сотқа берген американдық кемпір өндірушіні  құрылғының нұсқаулығында онда мысықты пісіруге болмайтыны туралы жазбады деп айыптаған. Кемпірдің пайымынша, нұсқаулыққа «пеште мысықты пісіруге болмайды» деп жазып қоюы қажет екен. Ақылға сыйымсыз болып көрінген осы істі қараған сот қандай шешім шығарды дейсіз ғой? Судья кемпірдің өтінішін қанағаттандырып, пеш шығаратын компания нұсқаулықта Прочитать остальную часть записи »

Сайтан адамды неге азғырады (жалғасы)

25Материалдық элементтерден тұратын дөрекі тәні жоқ ақыл, зерде және жалған эгодан тұратын нәзік тәнді сайтан үшін тіршілік қорегі, яғни тамағы – төменгі өлшемдегі лас эмоциялық қуат болып табылады. Мұндай қуатты өндіруші бірден-бір нысан – адам. Сондықтан, сайтан үшін адам тіршілік негізі, қорек көзі.

Сайтан адамды қалай алдайды?

Буддашылар мен иогтардың – өзін-өзі тану жолына түсіп, рухани практикамен айналысатындардың арасында «толымды сана» деген түсінік бар. Мұндай рухани практиканың ең соңғы нәтижесі де сол толымды санаға қол жеткізу болып саналады. Ал толымды сана дегеніміз не?

Барша әлемді жаратушы Алланың білім нұры әлемдегі жанды, жансыз заттардың бәрін көктей өтіп, оларды өз уысында ұстап тұр. Ол жанды-жансыз заттар арқылы қиқымдалып бөлшектеніп кеткен сияқтанғанмен, шын мәнінде бүтін қалпын ешқашан жоғалтпайды. Білім нұры – бұл тіршілік жаратылған кездегі әу бастағы таза сана.

Прочитать остальную часть записи »

Сайтан адамды неге азғырады?

нәпсіАдамдардың көбі еркінен тыс өзіне де, өзгелерге де залал келтіретін теріс әрекеттер жасап жатады. Ондайға етіміз өліп кеткені сонша, ақылға сыйымсыз мұндай әрекетті ол не үшін жасады деп те ойланбаймыз. Мұндай әрекеттердің астарында сайтанның азғыруы жататынын білгіміз келмейтіні өкінішті.

Сайтан бар және оны бүгінгі ғылым да жанама түрде растайды

Қасиетті Құранда, Інжілде аса алдаушы деп аталған адамдарды жамандыққа азғыратын тіршілк иесінің барлығы анық жазылған. Десе де, материалистік ғылым ұзақ жылдар бойы сайтан деген адамдардың ойдан шығарылған нәрсесі деп санап келді. Бірақ, уақыт өткен сайын ғылым дәлелдей алмайтын адамдарыд еріксіз есуастыққа итермелейтін күштің барлығын дәлелдейтін оқиғалар жер-жерде көбейе түсті.

Прочитать остальную часть записи »

Экстремистер мұсылмандарды да аямайды

102Сириядағы соғыс ислам экстремистерінің шынайы бет-бейнелерін анық ашып берді. Соғыс болған бес жылдың көлемінде 300 мыңдай жергілікті тұрғын қаза тауып, миллиондаған адам Батыс елдеріне босып кетті. Қаншама қалалар мен елді мекендер қиратылды. Интернет арқылы жастарды алдап, Сирияда мұсылмандарға қысым жасалып жатыр-мыс деген желеумен шақырып алып, оларға қару беріп, қырғын соғысқа жегіп жатқан эккстремистердің көсемдері жап-жас жігіттердің өмірін ойыншыққа айналдырып, қажет болған жерде жихад етіп, өлімге айдайды.

Қауғитып сақал қойған, өздерін ислам дінінің ұстынымыз деп жүрген экстремистер қатарында үш жүзге жуық қазақастандық та бар екен. Өзбекстан, Қырғызыстан, Тәжікстан сияқты елдерден барғандар да жат елдегі есуас соғыстың құрбаны болып, сүйектері далада көмусіз қалуда. Жалпы, бүгінгі күні Сирияда әлемнің сексенге тарта елінен барған қырық құрау экстремист әскері соғысып Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика