Август 2017
Үміт және оның екі қыры
Өмірде кездесетін ауыртпалықтар мен қиындықтарда болашақтан түңіліп, алдын ала жеңілгенді мойындамау үшін және кедергілерді жеңіп, ертеңгі жарқын болашаққа тынбай талпыну үшін қажетті күшті адамға үміт береді. Сондықтан үміттің адам өмірінде алатын орны ерекше. Өкінішке орай, ол жайында дүниәуи ғылымдардың ешқайссы ештеңе айтпайды және үміт дегенді табиғи құбылыс нысаны ретінде ғылыми негізде зерттеу де қолға алынбаған.
Жалған және шынайы үміт
Адамдардың бәрін ертеңгі болашаққа ынталандыратын күш – үміт болса, ол адамдардың бәрінде бар. Бірақ, мына екі қырлы дүниеде күн мен түн, жарық пен қараңғы, жаз бен қыс, жақсылық пен жамандық болатыны сияқты, үміттің де екі қыры бар. Ол: жалған және шынайы үміт. Енді осы екеуіне жекелей толығырақ тоқталайық.
Христиан дініндегі ағымдар
Дерек көздеріне назар аударып қарасақ, қазіргі күні христиан дінінде үш мыңға тарта ағымдар бар екен. Яғни, христиан діні сонша ағымдарға жіктеліп кеткен. Сорақылығы сол, бұл ағымдардың арасында негізгі христиан ағымдарын мүлдем мойындамайтын және осы дінге онша сәйкес келмейтін жоралғыларды жасайтындары да кездеседі. Олардың кейбіреулері тіпті, христиандардың басты қасиетті кітабы – Інжілді де өз қалауларынша өзгертіп, басқа нұсқасын шығарып алған.
Мәселен, Иегов куәгерлері деген әлемнің барлық елдеріне кең таралған христиан ағымы Інжілді өз талаптарына сай өзгертіп, басқа нұсқасын жасап алған. Бұл ұйым назар салып қарасаң, діни ұйымнан гөрі, ақша табуға негізделген бизнес компания сияқты әсер қалдырады. Олардың миллиондаған дана болып шығатын «Күзет мұнарасы» деген журналын қоғам мүшелері үй-үйді жағалап жүріп таратады. Иегов куәгерлері күн сайын бірнеше адамға уағыз айтып, сол жайында есеп беріп отруы тиіс екен. Бұл қоғамның мүшелері қан тапсырмайды, жас жігіттері әскерге бармайды. Христиан дініндегі өлгеннен кейін адамдар қиямет қайымда қайта тіріледі, күнакарларға сот болады деген тұжырымды Иегов куәгерлері бұрмалап, өз беттерінше түсіндіреді. Олардың түсінігі бойынша, Қайрымды құдай қияметте адамдардың бәрін тірілтіп, Прочитать остальную часть записи »
Бай адамдар ұстанатын 9 ереже
Ақшадан қысылғанда банктен кредит алу қазақтың әдетіне айналып кеткелі қашан. Бір қарағанда ақша табудың оңай жолы сияқтанатын кредитті пәлен пайыз өсімімен қайтаратынын адамдар көп ұғына қоймайды. Той жасаса да, қайтыс болған жақынына ас берсе де, тіпті, қажет заттарды сатып алғанда да өсімімен несие алатындар көп. Сөйтіп, ондайлар тапқан жалақыларының бәрін түгел несиелерін қайтаруға жұмсап, өмірлерін өткізеді. Ондайлар әдетте ешқашанда дәулет жинап, бақуаттылыққа қол жеткізе алмайды. Ал бақуатты болу үшін не істеу қажет? Американдық өзін-өзі жетілдіру ғылымының данышпаны саналатын Брайан Трейсидің айтынша, бақуатты болу үшін бар болған бай адамдар не істесе, соны қайталау жеткілікті дейді. Сонымен, сіздің назарыңызға бай адамдар ұстанатын 9 ережені ұсынамыз Бәлкім оның пайдасы тиіп, бақуаттылыққа сіз де қол жеткізіп қаларсыз.
Бай адамдар пайдаланылған тауарларды сатып алады
Олар қымбат заттар сатып алып, бос даңғазалыққа бой алдырмайды. Дәулетті адамдар үшін киім, жиһаз, автокөлік секілді қолданылған заттарды сатып алудың ешқандай да сөкеттігі жоқ. Егер оның жаңа заттан айырмасы болмаса және пайданалуға жараса, онда артық төлеп не керек? Бай Прочитать остальную часть записи »
Жолы болғыш адам мен қырсық айналдырған адам
Біреулер өмірде ойлаған мақсаттарына жетіп, үнемі биіктерден көрініп жүрсе, енді біреулер қырсықтан құтыла алмай, жолы болмай үнемі бақытсыздық басынан арылмай жатады. Бұның бәрін адамдар – тағдыр солай деп белгісіз күшке артып, оның астарын білуге және өз өмірлерін өзгертуге еш құлық танытпай, «тағдыр салды біз көндікпен» өмірлерін өткізеді.
Табысты адам деген кім?
Жолы болғыш, бақыт құсы басына қонақтаған табысты адам кім? Неге ондай адамдардың жолы болғыш келеді және ойларына алғандары әрдайым орындалып жатады? Бұның сырын білу үшін сондай табысқа жеткіш адамдардың мінез-құлқы мен сөзіне, іс-әрекеттеріне, өмірлік ұстанымдарына назар аударсақ құпияның бетін ашу қиын болмайды. Табысты адамдар қалай ойлайды, қалай сөйлейді, не істейді, мінез-құлықтары қандай? Енді осыған нақтырақ назар аударып көрелік.
Дін және сенім
Бүгін ютубтан өзін аура руса деп атаған біреудің дін мен сенім жайындағы бейнебаянын тыңдадым. Оның ұстанымында көкейге қонатын біраз шындық бар секілді. Ойдан шығарылған діни ағымдарды былай қойғанда, барша адамзат ұстанатын бес дәстүрлі дін: христиан, ислам, иудей, буддизм және индуизм діндерінде сенім мен дін екі бөлек қарастырылады. Дәстүрлі діндердің уақыт өте келе бұрмаланып, бөлшектенуінің ең басты және негізгі себебі де осында сияқты.
Дін – Жаратқанның заңдары
Егер ақылмен жан-жағыңызға байыптап қарайтын болсаңыз, мына әлемнің әміршісі – заң екендігіне көзіңіз жетер еді. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуы, жан-жануарлар, өсімдіктер мен адамдардың тірлігі, мемлекеттердің өмір сүруі – бәрі белгілі бір заңдар арқылы жүзеге асуда. Бұл заңдардың авторы, яғни иесі кім? Алла. Ендеше, дін де Алланың адамдарға арнаған заңдары. Бұл заңның табиғат заңдарынан ерекшелігі – онда саналы адамдардың Прочитать остальную часть записи »
Қария – ақылы кең дария
Қазақта «алпыстан асқаннан ақыл сұра» деген сөз бар. Өкінішке орай, ертеректе шындық болған бұл нақыл өзінің алғашқы мәнінен қазір айрылып қалғандай. Керісінше «алпыстан асқаннан ақыл сұрама» деген жай орын ала бастаған сияқты. Жастарға ақыл айтады дейтін қарияларымыз арақ ішіп, зина жасап, сақал-мұрттарын қырып, шолақ дамбал киіп, көздеріне қара көзілдірік тағып – жастарына мүлдем жараспайтын әрекеттер жасайтын болды.
Пікіріңізді айтыңыз – сіздің кім екендігіңізді айтайын
Ертеректе бір қария немересін ертіп данышпан ғұламаға келеді. «Мына немерем қандай, болашағы не болмақ, соны айтып беріңіз» дейді ол. Сонда ғұлама: «немереңіздің достарын ертіп әкеліңіз, сонда оның кім екенін, болашақта кім болатынын айтып беремін» деген екен дейді.
Христиан дінінің құлдырауы
Феодализмнің орнына келген капиталистік қоғам билік басындағы ақсүйектерді де, шіркеуді де ығыстырып, ақша билеген тексіз қоғамды билік басына әкелді. Нарық барша әлем халықтарын мидай араластырып, материалистік түсініккке негізделген ғылымды бірінші орынға шығарды. Шіркеудің құлдыраған беделі онан әрі түсіп, христиан елдері арасында атеистік, яғни құдайсыздық түсінік белең алды. Дарвиннің эволюциялық теориясы дінге аса ауыр соққы болып тиді. Ол өзінің теориясында тіршілік кездейсоқ пайда болып, тіршілік үшін күрестің негізінде қарапайымнан күрделіге қарай эволюциялық жолмен дамыған деп тұжырымдаған еді. Бұл ғылыми түсінік енді барлық мектептерде, оқу орындарында оқытылып, дінді онан әрі қоғамнан ығыстыра түсті.
1960-шы жылдардың ортасында АҚШ-қа вайшнавизмді насихаттау үшін барған үнді теологы Шрила Прабхупада өзінің кітабында католик шіркеулерінің қаңырап босап қалғандығын, оған ешкім бармайтындығын, даңғарадай ғимаратты ұстау қиын болғандықтан шіркеулерді арзан бағаға сату жаппай белең алғандығын жазады. Мұндай жағдай Батыс елдерінің бәрінде орын алды. Орта ғасырларда қаптап салынған зәулім шіркеулер адам бармай қаңырап босап қалды. Прочитать остальную часть записи »
Арсыздыққа бастайтын аш нәпсі
Өткен жылы мектепте оқитын туған қызын үш жылдай зорлап келген азамат сотталды. Ал таяуда тоғыз жастағы ұлын екі жылдан бері зорлап келген мектеп директоры тұтқындалды. Үш, бес жастағы сәбилерді зорлап жатқан арсыздықтар еліміздің әр өңірінде көрініс беріп жүр. Бұндай шектен шыққан арсыздықтар қайдан шығады, оның себебі неде?
Нәпсі адамды ақыл-естен айырады
Нәпсі тек адамда ғана емес, хайуанда, аң-құста да бар. Бірақ, зердесі жоқ хайуан нәпсінің ықпалына түскенімен, шектен шықпайды, яғни Жаратқанның нұсқаған жолымен жүріп, табиғат заңының ықпалында болады. Ал, зердесі бар адам нәпсінің ықпалымен табиғат заңына қайшы келетін, тіпті ақылға сыймайтын шаруаларды да жасай береді.
Жемқорлық жайлаған ел
Биылғы жылдың алғашқы алты айында жемқорлыққа қарсы күрес органдарының мәліметінше еліміздің лауазымды тұлғалары 150 миллиард теңге қазына қаржысын ұрлапты. Ал енді осы қаржыға 100 мектеп немесе 40 аурухана салуға болады екен. Осыған қарап, еліміздегі жемқорлықтың қаншалықты асқынып тұрғанын бағамдау қиын емес.
Жемқорлықтың екінші атауы – ұрлық
Жемқор деп атап, айдар тағып айтып жатсақ та, оның шын атауы – ұрлық екенін жұрт жақсы біледі. Сондықтан, галстук тағып, кәстөм киген жемқор шенеунік те, көшедегі жұрттың қалтасына түсетін баукеспе ұры да бір. Жемқор да баукеспе сияқты жеке адамдардың да, мемлекеттің де қалтасына түседі және баукеспе ұсақ-түйек алса, жемқор миллиондап, тіпті миллиардап ұрлайды.
Ұрының екінші атауы – қылмыскер. Иә, ұрлықты кәсіп еткен баукеспе де, жемқор да – қылмыскер. Осы тұрғыдан алып қарағанда, түрмеде жазасын өтеп жатқан ұрлық істеген қылмыскерлерді де, миллиардтап пара алған немесе қазына қаржысын ұрлаған бұрынғы лауазым Прочитать остальную часть записи »