Октябрь 2017

Алланың тұрпаты бар ма?

дінХристиан және ислам діндеріндегі ең үлкен бұрмалаушылықтар – бұл Алланың сипаты мен тұрпатына байланысты ұғымдардан көрінеді. Христиан діні жоғарыда айтып кеткеніміздей, бір құдайды үшке бөліп, Құдай әке, Құдай ұл және Киелі рух деп өзгертіп алды. Иса пайғамбар ешқашанда өзін құдаймын демесе де, кейінгі христиандар оны құдай деп танып, Иса пайғамбарға құдайға сыйынатындай сыйынатын болды. Шіркеулерде салған суреттерге қарап, христиан дінінің өкілдерінің Құдай туралы түсініктерін түсінуге болады. Бұл суреттерде әдетте Құдай әке сақалы омырауына түскен қария кейпінде бейнеленеді. Рас, қария деген ақыл-ойы толысқан, тәжірибесі мен көрген-түйгені мол адам болып саналады. Дегенмен, қарттықтың бір қолайсыздығы – күш-қуаттың азайып, ауру-сырқау дендейтіндігі, бет-ауызды әжім басып, көркінен, тартымдылығынан айрылатындығында. Қарт адамды сұлу, кейіпті деп айта алмайсыз. Бет-аузын әжім айғыздаған, сақал-шашы әппақ қудай, көзінен жасы, мұрнынан сорасы ағып, белі еңкіш тартқан, таяқ ұстап, әудемжерге сүйретіліп әзер жететін қарттықты ешкім де жақсы деп айта алмасы анық. Ендеше, Прочитать остальную часть записи »

Атақ, мансап, байлық адамға қажет пе?

ақшаМына өмірді адамдарға сонша қызықты етіп және ертеңгі болашаққа еліктіре ынталандырып қоятын құдыретті күштердің басында АТАҚ, МАНСАП және БАЙЛЫҚ тұратыны даусыз. Осы үшеуін уысына түсірген адамды баршамыз бақытқа жетті деп сырттай қызыға, ал көбіміз іштей қызғана қарайтынымыз рас. Ал, бұл мәселеге байыппен ой жүгірте қарасақ, бақытқа жеткізеді деп білетін бұл үш игіліктің көп адамдарға ешқандай жақсылық әкелмейтінін бағамдауға болар еді.

Атақ, мансап, байлық – Алланың құдыретті қуаттары

Егер сіз жүз келі салмақты көтеремін десеңіз, онда біраз уақыт денеңізді жаттықтыруыңыз қажет болады. Әрине, табиғат берген күші бар адамдар жүз келіні еш жаттығусыз оңай көтере алады, дегенмен пенделердің көбі мұндай салмақты көтеру үшін денесін біраз уақыт жаттықтырып, содан кейін ғана көтере алады. Бес-он шақырымға жүгіру үшін де сондай жаттығудан өту қажет. Жалпы, мына фәниде кез-келген үлкен жетістікке жету үшін еңбектеніп, сол жетістікке лайықты дәрежеге көтерілу керек болады.

Прочитать остальную часть записи »

Біткен іске сыншы көп

71«Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді» деген сөз бар. Кез-келген істе олқылық, кемшілік орын алуы мүмкін. Соның бәрін көзге шұқып сынап жату ешкімге абырой әкелмейтіні өз алдына, өмір жолын жауып, санасын ластандырады, өміріне залалын тигізеді. Шығыстанушы, халық емшісі Олег Торсуновтың айтуынша, біреуді сынау арқылы адамның санасы ластанып, бойына түрлі дерттер орнығады және өмір жолы жабылады екен.

Алдымен өзіңді түзе

Қытайдың ұлы ойшылы Лао Цзыдан бір патша «елімді түзу жолға салғым келеді, ол үшін не істеу қажет?» деп сұрайды. Сонда ғұлама «еліңді түзеу үшін алдымен өзіңді түзе» деп жауап беріпті дейді. Яғни, әр адам бақытты, бақуатты, денсаулығы жақсы болып, ұзақ ғұмыр сүруі үшін ең алдымен өзін түзеуі қажет дейді шығыс даналығы.

Өзгенің бойындағы кемшілікті көргіш және сынағыш адамдар өз бойларындағы кемшілікті көруден, сезуден қалады. Ондай сынағыштар әдетте, өзінің бақытсыздығы үшін әрдайым өзгелерді кіналап, бір жасаған қателігін мың жасаумен болады. Яғни, өзгені сынағыштар ешқашан дамымайды, өмірде жолы болмайды және өз олқылықтарын ешқашан жоюға талпынбайды.

Прочитать остальную часть записи »

Хоопонопоно (жалғасы)

хопонопБлогымызда бұдан бұрын адамның жолын ашып, өзіне де, өзгелерге де жақсылық жасауына жағдай туғызатын қарапайым тәсіл – хоопонопоно туралы бір мақала жазылған болатын. Егер мақаланы оқысаңыз, бұл сыйқырлы тәсілді қалай пайдалануға болатыны туралы негізгі ережелермен таныса аласыз. Енді біз осы жолыңызды ашатын, ойыңызға алған арман-мақсаттарыңызға жетуге жағдай жасап, түрлі дерттерден айықтыратын қарапайым да қолжетімді тәсілмен қалай айналысуға, қандай нәтижелерге жетуге болатыны жайында айтпақпыз.

Сыйқырлы тәсілмен кімдер айналыса алады

Гавайлық тәсілді кез-келген адам пайдасына жаратып, дертінен айығуға немесе ойына алған мақсатына жетуіне, болмаса жақын туыстарын емдеп, жолын ашуға көмегін тигізулеріне болады. Өткен жолғы мақалада айтылған сыйқырлы төрт сөзді қайталаудың қаншалықты Прочитать остальную часть записи »

Жан-жануарлардың жаны жоқ па?

мал союХристиан және ислам діні өкілдерінің түсінігіндегі тағы бір бұрмалаушылық – бұл адамнан басқа тіршілік иелерінің жаны жоқ деген түсінік. Жаны жоқ болса, жан-жануарлар, аңдар, құстар қалай жүріп-тұрады, ұшады, тіршілік етеді? Жан дегеніміздің өзі не? Жалпы, бұл туралы Інжілде,  Құранда не айтылған? Інжілде жан туралы бір ауыз сөз айтылмайды, ал Құранда жалыз ғана  аят бар, онда: «Мұхамед (с.ғ.с) адамдар сеннен жан (рух) туралы сұрайды. Оларға айт: Бұл Алланың әмірінен, ол туралы сендерге кемшін ілім берілді де» деп айтылған. Осыдан көріп отырғанымыздай, ислам діні өкілдерінің үзілді-кесілді  жан-жануарлардың жаны жоқ деп түсіндіруінің еш негізі жоқ. Өйткені, мұсылмандарға да, христиандарға да жан туралы толымды ілім берілмеген. Сонда олардың жан туралы осылай өз беттерінше тұжырым жасауына не себеп?

Енді рейнкарнацияны мойындайтын индуизм діні өкілдерінің түсінігіне назар аударып көрелік. Онда адамдар өлген соң жасаған күналары себепті келесі өмірінде иттің, не мысықтың тәнін алуы мүмкін дейді. Онан әрі пенде эволюциялық даму жолымен басқа да түрлі жануарларға Прочитать остальную часть записи »

Мемлекет азаматтарын қорғауға қауқарсыз болып барады

34Кез-келген мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі – өз азаматтарының қауіпсіздігін сақтау. Тапқан табысының бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беріп отыратын азаматтар сол үшін мемлекеттен өздерінің тыныштығын, қауіпсіздігін сақтап, қорқынышсыз, үрейсіз өмір сүрулеріне жағдай жасауды талап етеді. Дегенмен, қазіргі күні әлемнің көптеген елдері өз азаматтарының алдындағы осындай басты міндеттерін орындауға қауқарсыз болып отыр. Бұған ең алдымен, заңның осалдығы әсерін тигізуде.

Қылмыстың жазасы қандай болуы керек?

Әлемнің барлық елдерінде қазір қылмысты жазалауға арналған заңдар бар. Дегенмен,  әртүрлі қылмысқа қолданылатын жаза да әр елде әрқалай болып келеді. Тіпті, АҚШ мемлекетінің бір штатында кісі өлтірген адамды өлім жазасына кесетін болса, басқа штатында ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырады екен.

Прочитать остальную часть записи »

Өзіндік даму

ажал1Бүгінде мектептерде оқытылатын өзіндік даму пәні шын мәнінде адамның физикалық, интелектуалдық және рухани жағынан жетілуіне игі ықпалын тигізетін маңызды пән деңгейінде емес. Онда аннан бір, мұннан бір алған жас баланы дамытуға оншалықты әсері жоқ жайлар баяндалады. Ал, шынайы өзіндік даму немесе өзін өзі жетілдіру – бұл адам өмірінде зор маңызы бар тек пән ретінде ғана оқып қоя салмай, өле-өлгенше айналысуды қажет ететін ой және дене әрекеті.

Өзіндік дамудың қажеттілігі

Өмірдің өзі барша тіршілік иелерін үнемі жетілуге, тірлік соқпағымен үнемі биіктерге ұмтылуға мәжбүрлейді. Тарихқа назар аударып қарасаңыз, адамзат қоғамының бір орнында тұрмай үнемі алға қарай дамып отырғанын бағамдауға болады. Осыдан жүз жыл бұрынғы заманмен қазіргі күнді салыстыруға бола ма? Жоқ. Біз бала кезімізде телевизорсыз, компьютерсіз, ұялы телефонсыз өмір сүрдік. Ал бүгінгі күні бұл аталған заттардың бәрі адам үшін ауадай қажеттілік болып алды.

Прочитать остальную часть записи »

Діндар адам қандай болуы керек?

шәйтанДінді ұстанып, діни шарттар мен парыздарын орындап жүретін адамды жұрт діндар немесе тақуа адам деп санайды. Ал енді сондай діндар адам, яғни діни парыздарын орындап, шариғат жолымен жүріп жүрген жанның бойынан басқа жұрт өзі ұстанатын дін талаптарына сай жақсы және жағымды қасиеттердің  болуын күтеді. Өкінішке орай, қазіргі күні дін жолын ұстанатын пенделердің бойынан жұрт күткен қасиеттер табылмайтыны өз алдына, керісінше жаман қасиеттер жария болып жататын жайлар жиі кездесетін болып барады.

Діндар адам және зинақорлық

Тақуалық пен зинақорлық от пен су сияқты бір адамның бойына сыймайтын кереғар құбылыстар. Егер сондай жаман әдет, яғни зинақорлық діндар адамның бойынан табылып жатса, оның діндар екендігі жалған болып шығады. Өйткені, діни парыздарын орындаған, жүрегіне иман ұялаған адам ешқашан шариғатқа қайшы келетін және күна саналатын теріс әрекетке бармайды.

Прочитать остальную часть записи »

Алла әділетті ме?

мүгедекРейнкарнацияны мойындамай, тіршілік бір-ақ рет жаратылды деп санайтын христиан және ислам діні өкілдерінің «Алла әділетті» деген түсінігі өз ұстанымдарына тағы да қайшы келіп жатыр. Неге десеңіз, жоқтан бар жасап, дүниеге алғаш рет адам болып келген пенделерін алалап, біреуіне ақыл мен білім, талант пен бақ беріп, екіншілерін бәрінен жұрдай етіп қоятын, біреулерін сұлу, сымбатты қылып, екіншілерін туабітті мүгедекке айналдыратын Алланың әділдігі қайда?

Туабітті бір бүкір жігітті білуші едім. Әлгінің бойының ұзындығы бір метрден сәл ғана асатын. Кейін ол үйленді. Әйелі бүкір жігітті менсінбей, бөтен еркектерді үйіне әкеліп, солармен арақ ішіп, зина жасайтын. Соның бәрін көре жүре, байғұс бүкір жігіт амалсыз көнуіне тура келді. Өзі әлжуаз, қалт-құлт етіп әзер жүретін әлгі бір күні кештетіп үйіне қайтып келе жатқанда арақ ішкен жас жігіттер темекі сұрайды. Оның «жоқ» деген жауабын естіп, еріккен жігіттің біреуі тұмсығынан аямай соғып жібереді. Шалқасынан құлаған бүкір байғұстың миына қан құйылып, содан қайтыс болды. Кеңестік мектепті бітіріп, атеистік тәлім алған әлгі құдайға сенбейтін және өмірінде намаз оқып, ораза да ұстамаған. Тірліктен жақсылық көрмей, қор күйде өткен бұл бейбақтың осындай әлжуаз, кемтар тән алуына не себеп болды?

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика