Ноябрь 2017

Зердесіз адам – бақытсыз

маскүнемдікАдамдар неге қателік жасайды және  бір жасаған қателіктерін неге қайталайды және сондай қателік жасаған адамдардың тауқымет тартып жатқандарын көре тұра неге сондай теріс әрекетке барады? Бұндай көзге көрініп тұрған қателіктер жасап, бақытсыздыққа ұрынып жатудың ең басты және негізгі және бірден бір себебі – зердесіздіктен.

Зерде деген не?

Біздің бүгінгі аспан мен жерді, жердің астындағыларды түгел зерттеген ғылым адамның өзін, оның психологиясын толымды зерттемейді, соған орай бұл жөніндегі толымды білімдері де жоқ. Адам психологиясын  дін, оның ішінде дәстүрлі  діндер ғана зерттейді.

Бһагавад Гитада зерде ақылдан да, сезімнен де (чувства, ум, разум) биік тұратыны айтылып, оның үш функциясының барлығы тұжырымдалады. Ең алдымен, зерде пайдалы және залалды әрекетке Прочитать остальную часть записи »

Әлемнің әміршісі сайтан ба?

жақсы мен жаманІнжілде Иса пайғамбарға пайғамбарлық қонар алдында оның қырық күн бойы шөл далада ораза ұстап, сайтанмен күрескендігі, ібілістің оны азғырып, жер дүниені көрсетіп, оның бар байлығы мен билігін беремін, маған табын дегені, бірақ Иса пайғамбардың әзәзілдің арбауына түспей, оның ұсынысынан бас тартқаны жайында әңгіме бар. Осыған қарап, сайтан мына фәни жалғанның әміршісі ме деген ойға қаласың.

Қасиетті Құранда Алла қарғысқа ұшыраған сайтанға жерге түс, саған қиямет күніне дейін мұрсат берілді, соған дейін алдауыңа еретін күнакарларды азғырасың дегені жайында аят бар. Бұдан сайтанның қиямет қайымға дейін адамдарды азғырып, күнакарлыққа тартатыны анық аңғарылады. Әрине, адамдарды азғырып, теріс жолға түсіру үшін ібілістің қызыл тілінен басқа қолында осы әрекетін жүзеге асыруға көмектесетін біршама құралдары болуы тиіс екендігі белгілі. Ондай құралдар: ақша, байлық, арақ-шарап, зинақорлық, құмар ойындары, алдау, қылмыс, ұрлық, мансап, атақ-даңқ сияқты фәни дүниенің бес күнгі қызық-шыжықтары болатыны анық. Қазір біз айналамызға ақылмен байыптап қарасақ, адамдарды арбаудың бұл құралдарының қаншалықты мүлтіксіз жұмыс жасап жатқаныдғын көрер едік.

Прочитать остальную часть записи »

Қытымыр басшылар қоғамға қатер

ашуҚазақта «тырнадан басшы қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес» деген сөз бар. Қолына билік тисе болғаны бағыныштыларына тізесін батырып, айқайға басып бетіне жан келтірмей «қатал бастықтың» рөлін ойнайтындар көп. Ақылы аз мұндай пенделер айқаймен жұртты ықтырып, өздерін мықты іскер басшы етіп көрсетеміз деп ойлайды.

Қытымырлық қатынасты қиындатады

Таяуда облыстық әдеп кеңесінде бір басшының қарамағындағыларға қатты мінез көрсетіп, ар-намыстарына тигендігі жөніндегі іс қаралды. Әлгі бастық бұл әрекетін жұмыс бабына сай қатаң талап қоюшылық деп түсіндіруге тырысты. Бір жылдай бұрын жаңа ұжымға келген әлгі аса қаталдықпен тәртіпті нығайтып, жұмыста жолға салғысы келген сияқты.

Прочитать остальную часть записи »

Дәрігерге сенуге бола ма?

ниши жаттыгуыБәрі ақшаға сатылатын нарық билеген қазіргі заманда бірнеше жоғары білімі, ғылыми атағы бар, оқыған-тоқыған лауазым иелерінің көбі пара алып, мемлекет қаржысын ұрлап, жемқор атанып сотталып жатыр. Қазір қай салада болмасын, жемқорлық деген белең алып, арыны қатты асау аттай бой бермей тұр.

Гиппократ антын аяққа таптағандар

Осыдан біраз жыл бұрын құлағым ауырып, емханаға бардым. Күп болып ісіп кеткен құлағымды көрген дәрігер орыс келіншегі «ота жасау керек» деді. Сөйтіп, қағаз жазып беріп, медкомиссиядан өтесің деп жіберді. Құлағым ауырып түні бойы ұйықтай алмай жүрген мен амалсыз кезекке тұріп үш күн медкомиссиядан өттім. Ол аз дегендей, әлгі келіншек маған тубдиспансерден және бір мекемеден барып анықтама әкел деп және жұмсады. Содан қаным басыма шапқан мен бас дәрігерге барып болған жайды айтып едім әлгі өзіме дүрсе қоя берсін. «Не, сен дәрігердің үстінен шағым жасамақпысың қалай емдеуді ол өзі біледі» дейді.

Прочитать остальную часть записи »

Ақылменен ақша тап

Байлық санаңда өсіп жетіледі

кілтҮлкен бизнестегі дәл жаңа ғана сіздің көз алдыңыздан өткен драмалық оқиға – біз кітабымызда тілге тиек еткен баюдың тәсілінің тамаша үлгісі екендігі анық. Ол тәсіл тілекті нақты шындыққа айналдыру деп аталады.

Алпауыт ұйым ең алдымен бір адамның санасында пайда болып, қалыптасты. Болат өндірісі кәсіпорындарын тарту арқылы оның қаржылық операцияларын қамтамаыз ету жайы да сол бір адамның санасында туып, жетілген еді. Оның нәтижеге жететініне деген нық сенімі, таудай талабы мен ыстық ынтасы, ең соңында, алдына қойған мақсатына жетуге деген табандылығы – осының бәрі «Юнайтед Стейтс Стил» сияқты алып корпорацияның дүниеге келуіне жағдай жсады. Кәсіпорындар, құрылғылар – бәрі де біз өндіріс құралдары деп атайтын бұл дүниелер  ыстық ынта мен арманнан туған мақсат нақты жүзеге асқаннан кейін  ешқандай да рөл атқармады.  Дегенмен де, бұл істі жан-жақты талдау көрсеткендей, сатып алынған барлық құрал-жабдықтардың құны 600 миллион доллар болғаныдғын айғақтайды.

Прочитать остальную часть записи »

Жағымпаз адамнан сақтан

жағымпазЖағымпаздық деген жаман қасиеттің қашан, қалай пайда болғанын кім білсін, ол адамзат баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқандай. Жағымпаз адамдар қай заманда да, қандай қоғамда да болған және бола беретін сияқты. Өйткені, жағымпаздықтың астарында адамның әлсіздігі, табансыздығы, тұрақсыздығы және ең алдымен, арсыздығы тұрады.

Жағымпаздықтың негізі – әлсіздікте

Әлсіз, әлжуаз, өз күші мен қабілетіне сенбейтін, өзін дамытып, биіктерге жетуге құлшынбайтын пенделердің бойында міндетті түрде жағымпаздық қасиет орнығады. Өйткені, өмір сүру қажеттілігі ондай пендені күшті, өз пікірі, ұстанымы бар және үнемі өзін өзі жетілдіріп, биіктерге құлшынатын, сондай биіктерге үнемі жетіп, шыңдарды бағындырып жүретін жігерлі адамдардың қолтығының астын паналап, соларды пайдалануға, солар арқылы биіктерге жетуге  ынталандырады. Әлжуаз жанда одан басқа амал да болмайды.

Прочитать остальную часть записи »

Алу үшін беру керек

ақшаНапалеон Хиллдің «Ойлан да байы» кітабын аударуды онан әрі жалғастырып, назарларыңызға мол пайда алу үшін мол қаржы салу қажеттігін дәлелдейтін кітап тарауын ұсынып отырмыз. Әрине, ақшаны білікті маманның ақылымен тиімді іске ғана салуға болады. Сонда ғана салған бес теңге, елу, жүз теңге болып оралады.

Белсенді бизнесте сенім, ең алдымен өзіңе деген сенім мен өзгелерге сенім білдірусіз нәтижеге жету мүмкін емес. Осыған орай, біз кәсіпкерлікпен айналысып, табысқа жетушілердің ұстанатын негізгі ұстанымы туралы айтпақпыз. Ол ұстаным мынадай: алу үшін ең алдымен беру қажет.

Бұл ұстанымның өміршеңдігін дәлелдеу үшін 1900 жылдары құрылған «Юнайтед Стейтс Стил» корпорациясының тәжірибесін негізге алсақ жеткілікті. Бұл жайында оқи отырып, корпорацияға шексіз байлық әкелген шарттарды санаңызда ұстаңыз. Байлыққа қалай жетуге болатыны туралы армандайтындар үшін бұл корпорацияның тарихы үйренуге тұрарлық. Егер сіздің санаңызда Прочитать остальную часть записи »

КӨЗІЛДІРІККЕ БАЙЛАНҒАН ШЕРМЕНДЕЛЕР

көзілдірікБүгінде көзілдіріксіз өмірді көз алдымызға елесете алмайтындай болдық. Оны бес жастағы баладан бастап, тоқсандағы қарияларға дейін киеді. Біреу сән үшін, енді біреу күн көзінен қорғайды деп, ал басқалары көру қабілетінің нашарлығынан киеді. Қалалар мен үлкен елді мекендерде қаптап кеткен оптикаларды былай қойғанда, көзілдірік сатып тұрғандар қара базарларда да жыртылып айрылады. Ағы, қарасы, көгі, жасылы дейсің бе, көркі көз жауын алатын бірінен бірі өтетін тамаша көзілдіріктерді көргенде еріксіз қызығасың. Қызығасың да бағасы онша қымбат емес сондай көзілдіріктің бірін сатып аласың. Бірақ, оның ақырының денсаулығымызға қаншалықты қатер төндіретіндігін екінің бірі елеп, ескере бермейді.

Ғалымдардың айтуынша қазір өткен ғасырға қарағанда көзге түсетін салмақ 40 пайызға артқан. Ұйқыдан көзін аша сала теледидарды қосып, жаңа күнін қаптаған телеканалдардан беріліп жатқан түрлі хабарларға қадала қараудан бастайтын адамдар көздеріне  қаншалықты салмақ Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика