Декабрь 2017

Жауапкершілік

ақиқатАдам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап оған көптеген жауапкершіліктер жүктеледі. Ата-анасының алдындағы, туыс-бауырларының, ауылдастарының, жора-жолдастарының, туған елінің, ақырсында жалпы адамзат қоғамының алдындағы жауапкершілік болады. Оны біз қалаймыз ба, жоқ па, мойындаймыз ба, мойындамаймыз ба, оған қарамайды. Әр пенденің мойнына жүктелген жауапкершіліктері өле-өлгенше сақталады.

Байзақованың кінәсі неде?

Еліміз тәуелсіздігін атап өтіп жатқан қасиетті кеште Айжан Байзақова деген әлеуметтік желі блогері түнгі клубта 50 мың теңге ақша үшін қазақ қызын анадан туғандай тырдай жалаңаш шешіндіргені жайында әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылды. Көп адамдар жасы жиырмадан жаңа асқан, өзін әлеуметтік желілерде «секс жұлдыз» сияқты ұстап, жартылай жалаңаштанып неше түрлі анайы әрекеттер жасауымен әйгілі болған бойжеткеннің бұл әрекетін кіналаса, оны жақтап, ақтап жатқандар да бар.

Прочитать остальную часть записи »

Ашу – дұшпан, ақыл – дос

71Ғарыштық жылдамдықпен дамып бара жатқан бүгінгі ғылымның сан түрлі салалары бар екен. Дегенмен, сол сан салалы ғылымда адамның тікелей өзіне қатысты психологиялық немесе көңіл-күй ахуалдары жайында зерттейтін ғылым саласы жоқтың қасы. Бұнымен жалғыз психология ғана айналысады, оның өзі толымды емес.

Ашу тұрған жерде ақыл тұрмайды

Қазақ «ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңыңа ақыл қос» деп тектен текке айтпаған. Ашуға бой алдырған адам шын мәнінде өзіне қаншалықты ауыр зардап әкелетін дұшпанның соңына ергенін мүлдем сезбейді. Тек маңдайы тасқа тиіп, ашу – дұшпанның кесірінен орны толмас өкінішке ұшырағанда ғана бармақ тістеп өкініште қалып жатады.

Прочитать остальную часть записи »

Ақылменен ақша тап

өзін жетілдіруНапалеон Хилдің осы аттас кітабын аударуды онан әрі жалғастырудамын. Кітаптан сіз ойыңызға алған арман-мақсаттарыңызға жетудің нақты амал-әдістері туралы оқып үйрене аласыз. Кітаптың құндылығы мынада: ол жәй бос сөзге, болжамға құрылған дүние емес, нақты өмірде тәжірибе жүзінде қолданып, нәтижеге жеткен адамдардың әрекеттеріне негізделген.

Байлыққа бастар үшінші қадам: өзіңізді сендіру

Санаңызға тереңдей еніп, оны өзңіздің мүддеңіз үшін жұмыс істеуге мәжбүрлеңіз, сонда таңғажайып жетістіктер сіз үшін қолжетімді болады. Иә, түйсігіңізге сезім арқылы көмектесіңіз. Түйсік пен сезімнің бірлесе әрекет етуі таңғажайып жетістіктердің кепілі болмақ.

Прочитать остальную часть записи »

Сайтқа мақаланы қалай салады

скрин7Интернеттің жұрттың бәріне қолжетімді болуына орай, сайт қызметінің ауқымы жыл санап кеңейіп келеді. Бүгінде мекемелер мен ұйымдар ғана емес, жеке адамдар да өздерініңс айттарын, жеке блогтарын ашып, жұмыс жасап жатыр. Сайт арқылы әр адам өз ой-пікірлерін халыққа жариялап, пікірлестерін жинауға мүмкіндік алады. Одан қалды, сайт арқылы жақсы табыс табуға да болады. Бәлкім сіз де, алдағы уақытта өз сайтыңызды ашқыңыз келетін шығар. Бұндай жағдайда сайтқа мақаланы қалай жариялайтыны жөніндегі суреттерімен қадамдап түсіндірілетін мақала сіз үшін таптырмас әдістемелік құрал болады.

Сайтқа мақаланы жариялау

Сайт түрлі дайын бағдарламалар арқылы жасалады немесе қолынан келетін бағдарламашы болса, оның бастан-аяқ штмл немесе сс деп аталатын сайт құрылымы арқылы жасап шығаруына болады. Өз басым вордпресс бағдарламасын пайдаланып, сайт жасаймын. Ол қолжетімді және қарапайым. Бұл бағдарламаны пайдаланып кез-келген адам өз сайтын жасауына болады.

Прочитать остальную часть записи »

Қазақы мінез

28Әр ұлттың, халықтың өзіне тән мінез-құлқы, дәстүрі болады. Қазақ халқына қонақжайлылық, қолдың ашықтығы мен ойын-тойға деген құмарлық тән. Ұлттық мінез-құлықтың қалыптасуына да осы жайлар елеулі әсер еткені секілді. Бұндай мінездің жағымды жағымен бірге, жағымсыздығы да бар екендігін өмір көрсетіп отыр.

Қонақжайлылықтың астарындағы ысырапшылдық

Қонағына жалғыз қойын сойып беретін қазақ осы деген мазмұндағы ақын Қадыр Мырза Әлінің өлеңіндегі қазақи мінез бүгінде біраз өзгеріп, ол ысырапшылдық,  бәсекелестік деген сияқты жаман әдеттермен астасып кеткен сияқты. Бір-бірімен жарысып өзгелерден қалмайын деп кредит алып той жасап жатқан қазақтар көп.

Прочитать остальную часть записи »

Тағы да сыйқырлы тәсіл туралы

хопонопБлогымызда хоопонопоно – адамның жолын ашатын гавайлық сыйқырлы тәсіл туралы екі мақала жазылған еді. Мен осы тақырыпқа орай оқырмандардан бірнеше хат алдым. Олардың бәрі әмбебап гавайлық тәсіл туралы кеңірек жазсаңыз деп өтінеді. Осыған орай сыйқырлы тәсіл жайындағы үшінші мақаламды жазып отырмын.

Адам ақыл өлшемінде өмір сүреді және барлық әрекеттері үшін жауапты

Таңертең ұйқыдан оянғаннан кейінгі барлық әрекеттеріміз тән арқылы жасалып жатқан сияқтанғанымен, шын мәнінде бәрі ақыл өлшемі деңгейінде жүзеге асырылады екен, ал адамның шын «Мені» компьютердің сыртында отырады. Ақыл дегеніміз – бұл табиғи элементтер арқылы жасалған бағдарлама, яғни программа. Ол компьютерлік бағдарламаларға өте ұқсас.

Прочитать остальную часть записи »

Арсыздықтың астарында не бар?

гей1Таяуда БАҚ өз ұлын зорлаған Алматы облысындағы бір ауыл мектебінің директорының  сотталғандығы туралы айтып, жазды. Кәмелетке толмаған өзінің туған ұлын зорлаған арсыздық оқиға біздің елімізге де жетіп отыр. Жас балалар мен қыздарға көздерін сүзетін педофиль деп аталатын бұндай арсыздық  өздерінің өркениеттерімен әлемге мақтанатын Батыс елдерінде әлдеқашан белең алып, қоғамның ажырамас бөлшегіне айналғаны белгілі. Міне, сол жаман әдет енді  қазаққа да жетіп отыр.

Құрдымға құлаған сайтани қоғам

Дінді қоғамнан әлдеқашан аластап, ғылымды бірінші орынға шығарған қазіргі зайырлы қоғамның даму бағдарына қарап, азғындықтың құрдымына жыл санап құлдырап құлап бара жатқанымызды аңғару еш қиын емес. Басқаны былай қойып, өзім көріп, куәсі болған өткен ғасырдың 60-70-80-ші жылдарын алып қарайықшы. Коммунистік түсінік үстемдік еткен сол заманның өзінде адамдар дәл қазіргідей азғындыққа салынбаған еді.

Прочитать остальную часть записи »

Оқымаса ой тоқырайды

интуицияАдам ағзаларының бәрі ұдайы жұмыс істеп, өзіне жүктелген міндетті орындауға бейімделген. Ал ол міндетті орындамаған ағза көп ұзамай семіп, жұмыс жасау қабілетінен айрыла бастамақ. Адам ағзасының ішіндегі ең күрделі жұмыстарды атқаратын және ең көп жұмыс жасайтын – ми. Егер мидың сондай шексіз мүмкіндіктерін пайдаланбай, оны жетілдірмесе, ми қатып-семіп өз міндетін орындау қабілетінен айрылмақ.

Не биікке көтерілесіз, не төмен құлдырайсыз

Адам миы кез-келген ең жаңа қуатты комппьютерден жүздеген, мыңдаған есе күрделі және жұмыс істеу мүмкіндігі де жоғары. Үш миллиардқа жуық клеткалардан тұратын адам миының мүмкіндігі шынын айтқанда шектеусіз. Онсындай өте күрделі және мүмкіндігі жоғары «компьютерді» қаңтарып бос қою ақылға сыйымда ма?

Прочитать остальную часть записи »

Адам жеке дара тіршілік иесі

ақыл«Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан» деп адамдар Алланы ғана жалғыз санап, қарапайым пенделер екі дүниеде де жақын жуықтарымен топтасып, бірлесіп өмір сүреді деп ойлайды. Шындығында, адам Інжілде айтылғандай Алланың кішкентай көшірмесі, яғни адамның табиғаты да Жаратқанның табиғаты сияқты рухани немесе мәңгілік. Сондай-ақ, адам да мейлі ол өмірде туған туыс бауырлары мен жақындарының арасында өмір сүргеніне қарамастан, жалғыз тіршілік иесі. Яғни, адам дүниеге жалғыз келіп, жалғыз кетеді.

Ақыл-естен, айыратын құдыретті қуат

Бһагавад Гитада мына фәни жалған Жаратқанның құдыретті қуаты – маяның, яғни елес қуаттың ықпалында болады деп айтылады. Сол қуаттың ықпалымен адам өзін ет пен сүйектен жаратылған тәнмін деп ойлайды және «мынау менің ата-анам, туысым, отбасым» деп өзі тәрізді жеке дара жандарды жақын тұтады. Шындығында, әр адам жеке дара жан және оның ешқандай ата-анасы да, туысы да жоқ. Ол – жалғыз.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика