Январь 2018
Байлыққа жеткізетін төртінші қадам: арнайы білім
Білім – бұл сіздің өзіңіз жасаған бетбейнеңіздің көрінісі. Адам өзіне қажет білімді өзі іздеп табады. Қарапайым жоспар бойынша әрекет етіңіз – сонда сіз бәрін қайта басынан бастамайтын боласыз.
Білімнің екі түрі бар: бастауыш білім және арнайы білім. Бастауыш, яғни жалпы білімнің, тіпті ол сан қырлы және сан салалы болса да, сізге ақша табу үшін еш қажеті болмайды. Ірі университеттерде қазіргі өркениетке қажетті барлық салалар бойынша бастауыш білім бар. Десе де, сол оқу орындарында сабақ беретін профессорларды бай-бақуатты адамдар қатарына жатқыза алмайсыз. Олар өз білімдерін жастарға берумен, яғни үйретумен айналысады. Бірақ та, ешкім де профессорлар сол білімдерін нақты өмірде пайдалану мәселесін үйретеді деп айта алмайды.
Білім, мейлі ол қай салаға қатысты болмасын, нақты жоспармен, белгілі бір бағдар бойынша саналы түрде мақсатты айқындап, яғни ақша жинауға бағдарлай әрекет етілмесе, байлық әкелмейді. Бұл қарапайым ақиқат бүгінде миллиондаған адам құлай сенетін «білім – күш» деген сөздің адасушылық екендігін дәлелдейді. Шындығында, білім – бұл әлеуетті қуат қана. Ол шын Прочитать остальную часть записи »
Болашақты бағамдап үйрен
Адамның хайуаннан артықшылығы – қарны тойғанға мәз болып, бүгінгі күннің өлшемімен ғана өмір сүрмей, өткенді еске алып, болашақты бағдарлай білетіндігінде болса керек. Дегенмен, адамдардың бәрінде сондай қасиет бар деп айтуға болмас, көп пенделер хайуанша тірлік кешеді, яғни қарны тойғанға қанағат тұтып, қазіргі жайын ғана ойлап, болашағын қаперден шығарады.
Мамандығыңыздың болашағы бар ма?
Елбасының өткен жылғы халыққа арнаған жолдауында қазіргі қолданыстағы мамандықтардың жартсы енді бес-он жылда жоғалып кетеді деген болжамды ой айтты. Әлем елдерін аралап, дамудың қазіргісі мен өткенін елеп-екшеп, болашағына ой жүгіртіп жүретін саясаткердің бұл сөзінің астарында үлкен шындық бар.
Ынта сізді биіктерге бастайды…
Алғашында әрине, сізде мол ақша тауып, бақуатты болсам деген қиял-арманнан басқа нақты жоспар болмайды. Сіз жоспар жасауға асықпаңыз, ақша туралы ойлаңыз, өйткені дәл сондай ой түйсігіңізге әсер етіп, ой-арман санаңызда орнығады. Сіз үшін ендігі міндет – дайын болу. Ақша табу жөніндегі идея жарық еткен жарық сәуледей, ынта түрінде өзі келеді. Сөйтіп сіз ынталаныңыз да, іске білек сыбанып кірісіңіз.
Ұсынылған алты ұсыныстың төртіншісін орындауға кіріскен кезіңізде (Тілегіңізді орындауға арналған нақты жоспар жасап, оны орындауға бірден кірісіңіз), Құдай үшін, салқынқанды ақылға сенім артпаңыз. Салқынқанды ақыл жалқау ғана емес, егер оған толық иек артсаңыз, табиғатына сай сізге қызмет етуге емес, керісінше көңіліңізді қалдыруға бейім тұрады. Көзіңізді жұмып отырып ақшаны елестеткен кезіңізде, оны қайда, қандай мақсат үшін жұмсайтыныңызды да жоспарлап алыңыз. Міне, сонда ақша сізге келеді. Бұл өте маңызды.
Түйсік жұмысқа кірісті
Енді міне, өзін өзі сендірудің осы және өткен тарауларда сөз болған «алты ұстаныммен байланыса әрекет ету тәсілін баяндайтын уақыт жетті:
Жемқорлық жайлаған әлем
Біздің балалық және жастық шағымыз өткен кеңес заманында да жемқорлық бар болатын. Дегенмен, ол кезде жемқорлық қазіргідей көзге ұрып көрінбейтін және бүгінгідей қатты белең алмаған еді. Содан болар, кеңес қоғамында жемқорлық бүгінгідей ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін аса қауіпті құбылыс деп саналмайтын.
Әкімге тоқал болғым келеді
Таяуда әлеуметтік желіде жас, сымбатты, көрікті қыз видеожарияланымында әкімге тоқал болсам деген арманын айтты. Неге әкімге? Неге қалталы бизнесменге немесе бай әншілердің біріне емес? Бұл арада гәп – адамның бақуаттылығында емес, шексіз байлықты табуына жағдай жасап отырған қызметінде болса керек.
Байлыққа жеткізер үшінші қадам: өзіңді сендіру
Өзіңіз үшін санаңыздың терең иірімдерін жұмыс істет – міне, сол кезде Сіз таңғаларлық нәтижеге қол жеткізетін боласыз. Түйсігіңізге сезім арқылы ықпал етіңіз. Ал бұл екеуінің әрекеті таңғаларлық.
«Өзіңді сендіру» түсінігі санаңызға сезім арқылы әсер ету мен бақылаудың барлық түріне қатысты. Бұл саналы және сананың терең иірімдері, яғни түйсікті басқарудың орталығы іспетті.
Өзіңізді сендірудің көмегімен сіздің үстем ойларыңыз санаңыздың терең иірімдерін еніп, оған әсерін тигізеді. Табиғат адамның құрылымын бес сезім органы арқылы түйсікке енген ойлар әрдайым бақылауда болатын етіп жаратқан. Дегенмен бұл адам барлық уақытта оған бақылау жасай алады дегенді білдірмейді: егер нақтырақ айтсақ, көп жағдайларда басқара алмайды және бұны адамдардың басым көбінің қайыршылықта өмір кешуі анық дәлелдйді.
О дүниеде болып қайтқан жігіттің әңгімесі
Қазақта «өзекті жанға бір өлім» деген сөз бар, яғни, әрбір тірі жан міндетті түрде ерте ме, кеш пе ажалдың дәмін татады. Ажалдан қашып құтылушы жоқ. Біз өзімізді ешқашан өлмейтіндей, мәңгі жасардай сезінгенімізбен, ажал түптің түбінде міндетті түрде келіп, өмірімізді де, бар жиған-тергеніміз бен тапқан-таянғандарымызды да жоқ етеді. Өкінішке орай, бәрімізге келмей қоймайтын ажал, о дүние жайында ешқайссымыз, ешқашан ойламай, алаңсыз күн кешеміз.
Атейс жігіттің ажалы
Бұл оқиға жайында мен ютубке салынған видеобаяннан естіп тыңдадым. Ресейді туып өскен бір жас жігіт ойламаған жерден көз жұмып, бақи дүниеге аттанады. Әлгінің айтуынша, кешкісін жұмысынан келіп әдетінше біраз теледидар көргесін төсегіне жатады. Түн ортасында оның жаны тәнінен шығып кетеді. Ажалына не себеп болғанын кім білсін, әйтеуір ол өзін таңғажайып жағдайда көреді.
Дін неге бұрмаланады?
Ойдан шығарылған секталарды былай қойғанда, бүгінгі күні әлем халықтары ұстанып отырған негізгі бес дәстүрлі дін: ислам, христиан, иудейзм, буддизм және индуизм – бәрі де бұрмаланып, әр адам діни шарттарды өз бетінше түсінетін заман болды. Мына фәни әлемдегі уақыт соққысына шыдамай ескіріп тозатын барлық заттар сияқты дін де уақыт салдарынан тозып, ақырсында жоғалады екен.
Әйелді сабауға бола ма?
Күні кеше әлеуметтік желілерді шулатқан діни жоғары білімі бар, онан қалды докторантурада оқып жүрген ислам дінінің білгірі саналатын дін қызметкерінің «әйелді сабауға болады, тек еш жерін сындырмай, мертіктірмей ұру керек» деген сөзі жұртшылықтың көбінің ашу-ызасын туғызды. Ау, сонда Пайғамбарымыздың айтқан «жұмақ әйелдің аяғының астында» деп әйел-ананы құрметтеуге шақырған хадисі қайда?
Кивикошелекті қалай ашуға болады
Жыл өткен сайын электронды ақшаны қолданушылар қатары көбейіп келеді. Біздің елімізде де криптовалюта туралы заң қабылдау қажеттігі жөнінде мәселе әредік көтеріліп қалады. Криптовалютаны қолдануға әлі біраз уақыт керек болатыны сөзсіз, ал біздің әңгіме етіп отырғанымыз: бұл электронды кошелек арқылы кәдімгі ақшаны пайдалану жайы. Бүгінде біздің елімізде жиі қолданылып жүрген кивикошелекті қалай ашуға, оның қызметін қалай пайдалануға болады? Осы жайында толығырақ әңгімелемекпіз.
Кивикошелек не үшін керек және қалай пайдалануға болады?
Бүгінде вокзалдарда, дүкендерде, басқа да көпшілік орындарда қаптап кеткен терминалдардың арасында ағылшын әріпімен жазылған Q әріпімен таңбаланған кивикошелек те кездеседі. Адамдардың көбі дегенмен, оның не екендігін және қалай, қандай мақсатта пайдалануға болатындығын онша жетік біле бермейді.
Ең маңызды сұрақ
Кеудесінде жаны бар әрбір адам үшін өмірдегі ең маңызды сұрақ: «Өмірдің мәні неде? Немесе «Мен не үшін өмір сүремін?» екендігі анық. Дегенмен, бұл сауалды өзіне немесе көпті көрген, оқыған-тоқығаны мол ғұламаға қойып, соның жауабын түсінуге мың адамның бірі ғана талпынады екен. Ал басқалар көздерін жұмып өмір өзенмен қашан жағалауға жаңқа сияқты шығып қалғанша аға береді.
Адам не үшін өмір сүреді?
Адам деп аталатын екі аяқты ет пен сүйектен тұратын пенденің өмір сүруі үшін өте көп қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Ең алдымен, ауа, белгілі ылғалдылық пен температура, кеңістік, азық-түлік, су, ауа қысымы, т.б. толып жатқан қажеттіліктер болуы керек. Егер соның бірі болмаса, адам өміріне үлкен қатер төнбек.