Февраль 2018
Қарызға батыратын ысырапшыл тойлар қажет пе?
Әрбір тиынды үнемдеп, орнымен жұмсауды қажет ететін қазіргі нарық заманында ысырапшылдықты әдетке айналдыру өзін-өзі құрдымға құлатумен бірдей. Өкінішке орай, ұлттық дәстүрді желеу етіп, жүздеген адамды шақырып кредит алып той жасайтындар нарықтың осы қатаң заңын бұзамыз деп өмірден таяқ жеп жатады.
Ертеректе бірге қызмет істеген жас жігіт үйленіп, кредит алып дүрілдетіп той жасады. Дегенмен, бір жыл болмай жатып, келіншегімен тіл табыса алмай айрылысып кетті. Шаңырағы шайқалған жігіт пен оның ата-анасы той үшін алған кредиттерін біраз жыл өз қалталарынан төлеп жүрді. Тағы бір танысым қызын ұзату тойын туыс, таныстарын түгел шақырып мейрамханада салтанатпен атап өтті. Үш жүздей адамға арналған мұндай тойды өткізетін ақшасы болмағандықтан, ол үйін кепілге қойып банктен өсіммен кредит алды. Қазір қызы мен күйеу баласы пәтер жалдап қысылып-қымтырылып тұрып жатыр, ал өзі кредит төлеуде. Мұндай жайларды осылайша тізбелеп айта беруге болады.
Әр адамның өз міндеті бар
Әр пенденің дүние есігін ашқан сәттен бастап, ақырғы демі біткенге дейінгі тірлігінде атқаратын жұмыстары, мойындарына жүктелген міндеттері болады. Ведалық ілімде бұны –дхарма деп атайды. Бұл міндеттер ешқандай конституцияда немесе заңда жазылмаса да, діни шарттарда белгіленбесе де , оны әрбір адам өзі іштей түйсінеді.
Міндетті орындамаудың салдары
Пенде мойнына жүктелген табиғи міндеттерін орындамайтын болса, оның зардабын өзі де, айналасындағы басқалар да тартады. Мәселен, әр адамның ең алдымен, өзі тұратын мекендегі көршілерінің алдындағы, отбасы мен туған туыстарының алдындағы міндеттері бар. Егер сіз көршіңізбен тату тұрмасаңыз бұдан көршіңіз де, өзіңіз де зардап шегесіз.
Пайғамбарымыз хадисінде «ең алдымен көршіңе көмектес, содан кейін тағы да көршіңе Прочитать остальную часть записи »
Жылжымалы бухгалтерия
Нақты өмірден бір мысал. Бакалея дүкенінің сатушысы тағдыр тәлкегімен барынан айрылып, жұмыссыз қалған еді. Бухгалтерлік тәжірибесі бар ол қазіргі заманғы іс жүргізу жөніндегі қысқа мерзімді курста оқып, бухгалтерлік есептің уақыт талабына сай өзгерістерімен танысты. Бакалея ісімен де жете таныс ол осыдан кейін жүздеген ұсақ саудагерлермен азын-аулақ ақшаға бухгалтерлік есебін жүргізіп беруге келісім-шарт жасады.
Жаңа идея бірден үлкен сұранысқа ие болып, көп ұзамай кейіпкеріміз пошта таситын жүк автокөлігін бухгалтерлік құрылғылармен арнайы жабдықтап, жылжымалы бухгалтерияға айналдырды. Қазіргі күні ол осындай жылжымалы бухгалтериялық автокөліктерден тұратын бүтін бір паркті иеленеді және қарамағында жүздеген адам қызмет етеді. Осылайша ол енді мыңдаған ұсақ саудагерлерге бухгалтерлік қызмет көрсете жүріп, бұрынғы сатушы болған кезіндегіден ондаған есе көп табыс табатын болды. Ал оның бұндай жетістікке жетуіне арнайы білім мен тәжірибе көмегін тигізген еді.
Бәрі де идеядан басталды.
Бұрын саудамен айналысқан жұмыссыз бір адамға осы идеяны ұсынғандықтан, бұдан да көп табыс әкелетін басқа да идеялардың жұртшылыққа ұсынуыма моральдық құқым бар деп ойлаймын.
Тойшылдық қажет пе?
Бай-кедей болып аражігі ашылған, тамақ тауып, күнкөрудің өзі үлкен өзекті мәселеге айналған қазіргі шақта мыңдап-миллиондап шашып той жасау қисынға салсақ, ақылға симайтын шаруа. Өкініштісі сол, адамдар, оның ішінде қазақтар, қит етсе той жасап, ашылып-шашылуды берік дәстүрге айналдырып алған сыңайлы.
Тойда адам жалғыз мақсатпен: мақтаныш үшін жасайды
Адамзат баласының сонау ескі заманнан бері санасына сіңген түрлі салт-дәстүрлері болса, олардың бәрінің астарында мән болады. Ертедегі қазақтардың қыз ұзату, шілдехана, ұлыстың ұлы күні сияқты атап өтетін салт-дәстүрлерінің бәрі өмірлік қажеттіліктен туындаған және астарында адамдарды жақындастыратын, отбасылық өмірге дайындайтын, т.б. мәні бар шаралар болды. Ал қазіргі тойлардың астарында жалғыз ғана мән бар: ол мақтаншылық.
Өзіндік оқу
Егер өмірде бір игілік жеңіл немесе арзан бағаға алынса, ол қадірлі болып саналмайды және бағаланбайды, сондай-ақ үлкен сенім де тудырмайды. Содан болар, біздер тегін білім беретін жалпы білімге арналған мектептерден жеткілікті білім алмайтынымыз. Шындығында, бұл адам үшін үлкен мүмкіндік қой.
Арнайы білім беру жүйесіндегі өзін өзі бақылау бағдарламасынан өту арқылы адам жалпы білім беретін мектептерде жол берген олқылықтарын түйсініп, көптеген пайдалы мүмкіндіктерді кәдеге асыра алады. Осы арада сырттай оқытатын бизнес мектептеріне баруға кеңес берер едім. Ондай оқу орындарында білім алу бағасының төмендігі сондай, бірден есеп айырысу ұсынылады. Ақшасын төлеген студент жақсы оқи ма, нашар оқи ма оған қарамастан білім алуды жалғастыруға мәжбүр болады. Бұндай оқу жүйесінің пайдалылығы мынада: ақшасын төлеген студент бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, яғни оқуды бітіріп шығуа мәжбүр болады және ақы төлеген соң оқуға жауапкершілікпен қарайды, өз бетінше шешім қабылдауды үйренеді.
Әлеуметтік желі: пайдасы мен зияны
Фейсбук, Вконтакте, Истаграм, Однокласники – бүгінде осындай әлеуметтік желілерге байланып, бар уақыты мен күш-қуатын, ақшасын жұмсап жататын адамдар көп және олардың бұл әрекетіне ешкім онша таңырқай қоймайды. Әлеуметтік желілердің жеке адамға, жалпы қоғамға, мемлекеттерге ықпалы барған сайын күшейіп барады. Иран, Ауғанстан сияқты ислам елдерін былай қойып, көрші Қытай да әлеуметтік желілерді бұғаттап, өз азаматтарының оны пайдалануына тиым салды.
Әлеуметтік желілердің пайдасы неде?
Ең алдымен, бұрын танымайтын, білмейтін адамдармен араласып танысуға, пікір алмасуға және өз пікірлестеріңді табуға жәрдемдеседі. Кез-келген сәтте танысыңмен байланысқа шығып, тегін пікір алмасып, хал-жағдай сұрасуыңа, соңғы жаңалықтармен бөлісуіңе мүмкіндік бар.
Алло! Білім?
Ең алдымен сіз өзіңізге білімнің қай саласы және не үшін қажеттігін анықтап алуыңыз шарт. Егір сіздің ниетіңіз дұрыс болса және жоспарыңыз алыс болашаққа арналып жасалса, онда ойыңызға алған мақсатыңыз қай бағытта даму қажеттігін айқындауға көмектеседі. Одан әрі білім беру көзінің сенімділігіне назар аударыңыз. Мұнда ең алдымен мына жайларға көңіл бөлген жөн:
1 Сіздің жеке өмірлік тәжірибеңіз бен білім;
2 Басқа ақылды адамдармен араласа жүріп алған тәжірибеңіз бен біліміңіз;
3 Колледждер мен университеттерден оқып алған білім;
4 Кітапханалардан алған білім (кітаптар мен мерзімдік басылымдарда адамзат баласы жинақтаған барлық білім шоғырланған);
5 Арнайы оқу курстары (кешкілік мектептер және үйде оқылатын ақылы сабақтар).
Білім өз бетінше ешқандай да құндылыққа ие емес. Сондықтан алған білімді жүйеге түсіріп, ойыңызға алған мақсатыңызға жеткізетін нақты қадамдар жасауға жарамды етуіңіз қажет. Ал бұл үшін кітабымызда бұдан бұрын айтып кеткеніміздей, сіздің нақты әрекетке арналған жоспарыңыз болуы керек.
Әлемдегі ең бай адамдар
Байлық Алланың адамдарға берген сынағы және ол Жаратқанның қуаты. Сынақ болатыны –екінің бірі байлықты көтере алмайды, асып-тасып ақыл-естен айрылады, нәпсіге құл болады, байлығымнан айрылып қалмайын деп қорқыныш пен үрейге салынады немесе байлығыма байлық қосамын деп ашкөздікке ұрынады және ондайлар айналасындағылардың қызғаныш отына өртенеді. Бұның бәріне төзіп, ақыл-есін жоғалтпай, нәпсіге берілмей, байлықты орнымен жұмсап, АДАМ деген атақты өмірінің соңына дейін сақтап өтетіндер аз. Байлықтың Жаратқанның қуаты болатыны – ол адамдардың мына фәниде қалағанын алып, қалауынша өмір сүруіне жағдай жасайды.
Байлық адамға қалай келеді?
«Биік шыңға тырмысып жылан да, шарықтай ұшып қыран да шығады» дейді халық даналығы. Біреулер байлыққа атадан мұра болып қалған игілік арқылы соны ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра көбейту жолымен ондаған, тіпті жүздеген жылдарда жетсе, енді біреулер қысқа мерзімде Прочитать остальную часть записи »