18.02.2018

Жылжымалы бухгалтерия

табандылыкНақты өмірден бір мысал. Бакалея дүкенінің сатушысы тағдыр тәлкегімен барынан айрылып, жұмыссыз қалған еді. Бухгалтерлік тәжірибесі бар ол қазіргі заманғы іс жүргізу жөніндегі қысқа мерзімді курста оқып, бухгалтерлік есептің уақыт талабына сай өзгерістерімен танысты. Бакалея ісімен де жете таныс ол осыдан кейін жүздеген ұсақ саудагерлермен азын-аулақ ақшаға бухгалтерлік есебін жүргізіп беруге келісім-шарт жасады.

Жаңа идея бірден үлкен сұранысқа ие болып, көп ұзамай кейіпкеріміз пошта таситын жүк автокөлігін  бухгалтерлік құрылғылармен арнайы жабдықтап, жылжымалы бухгалтерияға айналдырды. Қазіргі күні ол осындай жылжымалы бухгалтериялық автокөліктерден тұратын бүтін бір паркті иеленеді және қарамағында жүздеген адам қызмет етеді. Осылайша ол енді мыңдаған ұсақ саудагерлерге бухгалтерлік қызмет көрсете жүріп, бұрынғы сатушы болған кезіндегіден ондаған есе көп табыс табатын болды. Ал оның бұндай жетістікке жетуіне арнайы білім мен тәжірибе көмегін тигізген еді.

Бәрі де идеядан басталды.

Бұрын саудамен айналысқан жұмыссыз бір адамға осы идеяны ұсынғандықтан, бұдан да көп табыс әкелетін басқа да идеялардың жұртшылыққа ұсынуыма моральдық құқым бар деп ойлаймын.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика